- Учителю
- Дүниетану. Адам - табиғат перзенті. Сабақ жоспары
Дүниетану. Адам - табиғат перзенті. Сабақ жоспары
Сабақтың атауы |
Адам - табиғат перзенті. | |
Мақсаты Күтілетін нәтиже |
Мақсаты мен міндеттері: табиғат, адамды қоршаған орта туралы түсініктері туралы білім жүйесін қалыптастыру.Табиғат тепе-теңдігін сақтау.Адамның табиғатқа әсері. Адамның тіршілік етіп, өмір сүруі табиғатпен тығыз байланысты екенін түсіндіру. Адам мен жануарлардың өмір сүруіне тиімді жағдайларды айтып түсіндіру. Мақал-мәтелдер айтып, олардың мағыналарын түсіндіру. 1.Білімділік: өз бетінше қоршаған орта туралы білім алуға деген талпыныстарын қалыптастыру. 2.Дамытушылық: әңгімелеу, сипаттау, талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту; 3.Тәрбиелік: адамгершілікке тәрбиелеу,табиғатты қорғауға тәрбиелеу:Жылылық сезімін ояту Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы Көрнекіліктер: тірі, өлі табиғат суреттері, адам жасаған заттардың суреттері. Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау,түсіндіру | |
Психологиялық ахуал |
Психологиялық дайындық Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. |
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
Қызығушылықты ояту Оқушыларға «Табиғаттың тамашасы», «Мені қоршаған орта», « Табиғатты аяла» атты тақырыптардан өзі қалаған тақырыбы туралы әңгімелету. Осы тақырыптарға суреттер салғызып, тақтаға іліп қою.
| ||
Мағынаны тану Оқулық бойынша жұмыс 6-7- бет мәтінді оқу, суреттері бойынша жұмыс жүргізу . Абзацты мұғалім оқып шығады да, сұрақтар қояды. Әрі қарай оқушылар кезектесіп оқып, сұрақтарға жауап береді. Суреттерге қарап адам мен жануарлардың тіршілік етуін салыстыру. Мақал-мәтелдер айтып. Олардың мағыналарын түсіндіру.
Өз жұмыстарын әңгімелеуге 1-2 минуттан уақыт беріледі. Қорытынды жасау: Адам-табиғат перзенті.
| ||
Сергіту сәті |
Суда да біз жүземіз, Тауға да біз шығамыз. Шынығамыз жүгіріп, Шынығамыз секіріп, Шынығамыз адымдап, Демаламыз, дамылдап. |
Ой сергітеді, шаршағандары басылады |
Ой толғаныс |
Сұрақтар бойынша жұмыс: 1. Адам табиғаттың бір бөлігі екенін дәлеледе. 2. Адам табиғаттан нені үйренеді? 3. Бір күндегі істейтін іс-әрекетіңді әңгімеле. Табиғатқа қатысы бар ма? | |
Үйге тапсырма |
Мазмұндау |
Күнделіктеріне жазып беремін |
Бағалау |
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау</</p>
|
Бағалау парақшасын толтырады. |
Кері байланыс |
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |