7


  • Учителю
  • Тәрбие сағатының тақырыбы 'Күз елі'

Тәрбие сағатының тақырыбы 'Күз елі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күз елі.

Мақсаты: Оқушыларға ертегіні сахналата отырып,күз мезгілі туралы мәлімет беру,рөлдерді сомдауға үйрету,ұйымшылдыққа табиғатты қадірлеуге тәрбиелеу.

Мұғалім: Саламатсыздарма құрметті ата-аналар ,ұстаздар, оқушылар! Құрметті қонақтар бүгінгі біздің мерекемізге қош кедіңіздер!Бүгінгі біздің сыныбымыздың күзге байланысты ертегісін тамашалаңыздар.

Бастаушы: Сәлем Дильназ!

Бастаушы:Сәлем Бақыт!

Бастаушы:Дильназ сен білесің бе, қазір жылдың қай мезгілі екенін?

Бастаушы:Әрине, барлығы алтын күзм екекесін тойлап жатырған жоқпа.Қазір күз мезгілі.

Бастаушы:Сен күз туралы өлеңдер білесің бе?

Бастаушы:Әрине күз туралы өлең көп қой.

Мысалы:

Алтын сары,қызыл,көк

Алуан-алуанжапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап

Күн шуаққа маужырап

Жатыр енді атырап

Ағаштардан жамырап

Ұшты кенет жапырақ


Бастаушы:тамаша!

Бастаушы:Ал,Бақыт сен өзің білесің бе?

Бастаушы:Ия,әрине.Оқып берейінбе?

Бастаушы:Өзіңе ұнайтын біреуін оқы.

Бастаушы: Күз

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып,дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма,тоңғаны ма,

Жылқы ойнап,бие қашқан,тай жарысқан.

Жасыл шөп,бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес,жүгірмес балашулай.

Қайыршышал-кемпірдей түсік етіп,

Жапырағынан айрылған ағаш,қурай.


Бастаушы: Тамаша.


Бастаушы: Дильназ ,сен бұрын соңды күз туралы ертегі көрдің бе?

Бастаушы: Жүр ендеше біздің сынып оқушылары күз туралы «Жылауық ханша» ертегісін көрсеткелі жатыр.

Бастаушы: жүр,жүр не істеп тұрық ? Қалып қоямыз.

Автор: Ерте,ерте,ертеде бір Күз деген хан болыпты.Оның жалғыз қызы бар екен.Жалғыз қызы жылауық болыпты.(жылаған дыбысестіледі) Ханның қызын күлдірту үшін істемегені қалмапты.Күндердің бір күнінде Хан ақылшылары мен уәзірлерін жинап,былай депті.

1.Хан: Жар салыңдар! Менің қызымды кімде кім күлдіртсе,сол адамға ат басындай алтын жәнеде қызымды берем. Айтқаным айтқан. Мен уәдеме берікпін.

Уәзір: Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар! Хан иемнің жарлығын.

Егерде кімде кім өз өнерімен Жылауық ханшайымды таңқалдырып, жылауын тоқтатып,күлдіртсе.Сол күлдірткен адамға ханымыз ат басындай алтын береді. Жәнеде қызын қосып береді. Келіңіздер,келіңіздер хан сарайына келіңіздер!

Автор: Жарлықты естіген жұрт сарайаға жиналады. Бірінші болып Жаз елінң бекзадасы келеді.

2.Жаз елінң бекзадасы :Сәлеметсіздерме,сәлеметсіздерме.Мен жазелінің бекзадасымын.Мен ханшайымды қуанту үшін өзімнің әншілерімді ерте келдім.

Хан: Кіргізіңдер әншілерді!

Ән:Гүлдерайым.

(ханша жылайды)

3.Зергер:. Сәлеметсіздерме.Мен шебер зергермін.Ханшайымды қуанту үшін өзімнің қолдан жасаған зергерлік бұйымдарымды әкелдім .(Зергерлік бұйм көрсетеді)

(ханша жылайды)

4.Сыйқыршы: Сәлеметсіздерме.Мен сыйқыршымын.Мен ханшайымды қуанту үшін өзімнің сыйқырлы өнерімді көрсетемін.(сыйқыр көрсетеді)

(ханша жылайды)

5.Тігінші:Сәлеметсіздерме,мен тігіншімін. Мен тіге алмайтын киім жоқ,кез-келген матадан,басқа да нәрселерден киім тігемін.Мен ханшайымды қуанту үшін өзімнің тіккен көйлегімді әкелдім.(көйлекті көрсетеді)

(ханша жылайды)

6.Әнші:Сәлеметсіздерме,мен әншімін.Мен ханшайымды қуанту үшін ән шырқаймын.

Ән:Қошақаным.

(ханша жылайды)

7.Аспаз:Сәлеметсіздерме,мен шебер аспазбын. Мен жасаған тағам тіл үйіреді.Мен ханшайымды қуанту үшін «Күзгі сый»деген тағам әзірлеп әкелдім. Дәм татыңыз ханшайым.(тағамнан дәм татқызады)

8. Оқымысты:Сәлеметсіздерме,мен Оқымысты адаммын. Мен білмейтін мәлімет жоқ. Кез-келген сұраққа жауап беремін..Мен ханшайымды таң қалдыру үшін өз біліміме сеніп келдім.

-Ханшайым,сұрақ қойыңыз.

Ханшайым: Жарайды.Қане ақылшыларым .

1ші ақылшы:Неліктен халық күзді «Қоңыр күз»деп атайды?

Оқымысты:Өйткені күзде көктемде келген құстар туған жерін қимай,қоңыр әнге салып,жылы жаққа ұшып кетеді.

2-ші ақылшы:Неліктен халық күзді «Жемісті күз»деп атайды?

Оқымысты:Күз біздер үшін жеміс-жидектерін,түрлі көк өністерді қамбаларға толтырады.Сондықтан ,күзді «Жемісті күз» депте айтады.

1ші ақылшы:Неліктен халық күзді «Жылауық күз»деп атайды?

Оқымысты:Күзде жаңбыр көп жауғандықтан «Жылауық күз»деп атайды.

2-ші ақылшы:Неліктен халық күзді «Жомарт күз»деп атайды?



Оқымысты:Мереке басы-ән болар дейді халқымыз.Күз көктемде еккен мол астықты жинап қамбаларды дәнге толтырады.Сондықтан ,күзді «Жомарт күз» деп те айтады.

1ші ақылшы:Жақсы,оқымысты.

2-ші ақылшы:Қалай ханшайым?

(ханша жылайды)

9.Сайқымазақ:Сәлеметсіздерме,мен сайқымазақпын. Менің күлдіртпеген адамым жоқ.Мен ханшайымды қуанту үшін өз өнерімді көрсетейін.(өнер көрсетеді)

(ханша жылайды)



10.Биші:Сәлеметсіздерме,мен Бишімін.Мен ханшайымды қуанту үшін би билеп беремін.

Би:Күгі танго

(ханша жылайды)

11.Тазша бала:Сәлеметсіздерме,мен Тазшамын..Мен ханшайымды қуанту үшін Өтірік өлең айтып беремін.



(ханша куледі)

Автор:Осылай Тазша бала ат басындай алтын алып .Ханның қызына қосылады.Бұл ертегіні көрген де арманда,көрмеген де арманда.

Бастаушы: Дильназ саған ертегі ұнадыма?

Бастаушы: ұнады.

Бастаушы: Ертегіні бізбен бірге тамашалағандарыңызға рахмет.Қош, сау болыңыздар!



Класс сағаты.

Тақырыбы: «Күз елі»

2 «Б» класы.



Ақтөбе қаласындағы

№35 орта мектебінң

бастауыш класс мұғалімі

Ибатуллина Гаухар.




Ақтөбе, 2015





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал