- Учителю
- 4-сыныпқа арналған 'Қызықты грамматика' бағдарламасы
4-сыныпқа арналған 'Қызықты грамматика' бағдарламасы
«Жалтыр жалпы орта білім беретін мектеп» ММ
Бекіітілді _________ Келісілді___________ Қаралды_______
Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі ӘБ жетекшісі
А.Жаныгулова Э.Базылбаева А.Тайлакова
Бағдарлама
Қызықты грамматика
4 - сынып
2014-2015 оқу жылы
Құрастырған: Жалтыр жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Г.С.Заирова
Бұл бағдарлама әдістемелік бірлестікте қаралды.
Хаттама № 1 5 қыркүйек 2014 жыл
ТҮСІНІК ХАТ
Осы бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді.
«Қызықты грамматика» таңдау курсының бағдарламасы 4 - сыныпқа арналып құрастырылған. Бағдарлама қазақ тілі пәнінің морфология саласын терең меңгертіп, тәжірибеде талдау жұмыстарын жүргізіп, қазақ тілінен алған білімдерін жетілдіре түседі. Оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың өз ойларын еркін және дәлелді түрде ауызша да, жазбаша да сауатты жеткізе білуін жетілдіруге бағытталады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандартының талаптарын қамтамасыз етеді.Қоғамның қазіргі кезеңінен туындап отырған сұранысқа орай анықталған мақсаттар мен міндеттер таңдау курсының «Қызықты грамматика» бағдарламасында басшылыққа алынды. Бағдарламаның қысқаша курсында грамматикада тіл құрылысын үйрету, екпін, көмекші сөздер, сөздердің орнын дұрыс қолдануға машықтандыру жұмыстарын орындау міндеттелген. Аталған жұмыстарды орындау барысында тиісті нәтижелерге жету үшін оқытудың бірнеше формалары ( жеке, жұптық, топтық) мен тиімді әдіс-тәсілдері (дидактикалық ойын, көрнекілік, сөйлеу, түсіндіру, сюжеттік-рөлдік ойын, иллюстративтік) ұсынылады.
Өзектілігі:
- оқушылар қоршаған ортаны тануы;
- естігенін жадына бекітуге, көре білуге үйренуі;
- оқушының оқу мен жазу дағдыларын жетілдіру, пікірі мен өз ойын еркін жеткізе алатын тұлға тәрбиелеу.
Мақсаты: оқушыларға морфология саласын тереңірек меңгерту. Оқу қабілеті төмен оқушылар үшін түзету тапсырмаларын орындату, оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту, ой-өрісін жетілдіріп, олардың жеке тұлға ретінде қалыптастыру.
Міндеттері:
-оқушының танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттыру;
-сөйлеу туралы түсініктерін кеңейте отырып,өз ойын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету;
-грамматикалық білім, білік дағдыларын игерту, көркем,сауатты жазуын қалыптастыру.
- морфологиялық талдау жұмыстарын жетік меңгерту.
Күтілетін нәтижелер:
- Ауызша және жазбаша тілін дамып, ой-өрісі жетілдіріледі;
- Сауатты , көркем жазуы қалыптасады;
- морфология саласы бойынша ережелерді, талдау жұмыстарын толық меңгереді.
Ұсынылып отырған таңдау курсының бағдарламасы 4-сыныпқа арнап жасалған. Аптасына 1 сағаттан, жылына 34 сағат.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Қазақ тілі. Қызықты жаттығулар мен тапсырмалар. Алматы: Өлке баспасы, 2013 ж.
-
Бастауыш сынып журналдары.
-
Қызықты грамматика. Жұмыс дәптері. Алматыкітап баспасы, 2011 ж.
28
Одағай сөздер
1
29
Қорытынды сабақ
1
Оқу бағдарламасы
(Аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат)
I-бөлім. Зат есім - 9 сағат.
Жалқы және жалпы есім. Негізгі және туынды зат есім. Зат есімнің жекеше және көпше түрі. Зат есімнің тәуелденуі. Зат есімнің септелуі. Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі. Зат есімнің жіктелуі.
II-бөлім. Етістік -8 сағат.
Негізгі және туынды етістік. Болымды және болымсыз етістік. Дара және күрделі етістік. Етістіктің жіктелуі. Етістіктің шақтары.
III- бөлім. Сын есім - 4 сағат
Негізгі және туынды сын есім. Қарсы мәндес сын есім. Дара және күрделі сын есім.
IV-бөлім. Сан есім - 3 сағат
Дара және күрделі сан есім. Сан есімнің түрлері.
V-бөлім. Есімдік- 4 сағат
Жіктеу есімдіктері.Жіктеу есімдіктерінің септелуі.
VІ. Үстеу. Шылау. Одағай сөздер - 6 сағат.
Шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуы
«Қызықты грамматика » курсының күнтізбелік жоспары
Барлығы 34 сағат \аптасына 1 рет\
Бөлімі
№
Тақырыбы
Сағат
саны
мерзімі
І. Зат есім
1
Жалқы және жалпы есім
1
2
Негізгі және туынды зат есім
1
3
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
1
4
Зат есімнің тәуелденуі
1
5
Зат есімнің септелуі
2
6
Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі
1
7
Зат есімнің жіктелуі
1
8
Өзіңді өзің тексер
1
ІІ. Етістік
9
Негізгі және туынды етістік
1
10
Болымды және болымсыз етістік
1
11
Дара және күрделі етістік
1
12
Етістіктің жіктелуі
2
13
Етістіктің шақтары
2
14
Өзіңді өзің тексер
1
ІІІ. Сын есім
15
Негізгі және туынды сын есім
1
16
Қарсы мәндес сын есім
1
17
Дара және күрделі сын есім
1
18
Өзіңді өзің тексер
1
ІV. Сан есім
19
Дара және күрделі сан есім
1
20
Сан есімнің түрлері
1
21
Өзіңді өзің тексер
1
V. Есімдік
22
Жіктеу есімдіктері
1
23
Жіктеу есімдіктерінің септелуі
2
24
Өзіңді өзің тексер
1
Үстеу. Шылау. Одағай сөздер.
25
Үстеу
2
26
Шылау
1
27
Шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуы
1