- Учителю
- Ашық сабақ Қосу және азайту
Ашық сабақ Қосу және азайту
Тақырыбы: Қосу және азайту
Мақсаты:
-
Оқушылардың есептер шығару, теңдіктер құрастыру, өрнектерді салыстыру
сандар құрамын анықтай білу дағдыларын бекіту;
-
Логикалық ой - өрісін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру;
-
Оқушыларды ұйымшылдыққа,, шапшаңдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жинақтау, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер,карточкалар, фигуралар,интерактивті тақта.
Сабақтың типі: пысықтау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психолгиялық дайындық
Қайырлы таң достым
Қайырлы күн болсын.
Аптаның әр күні
Сәттілікке толсын!
ІІ. Қызығушылықты ояту
«Өз орныңды тап» ойыны.
-Бұл сандар қалай аталады? (натурал сандар)
-Тақ сандар, жұп сандар қатарын көрсету.
Жаңа сабақ
-Балалар тақтада қандай геометриялық пішіндерді көріп тұрсыңдар?
-Ұшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, шеңбер, шаршы.
Сол пішіндерде жазылған өрнектердің мәнін ауызша табайық.
(слайд)
- Ал балалар, мына суретте қай жыл мезгілі бейнеленген? - Қыс мезгілі.
Дұрыс. Суретте нелерді көріп тұрсыңдар? - Күн, бұлт,аққала, шырша, қоян,құстар, үй.
Осы суреттердің әрқайсысының артында сендерге арналған тапсырмалар бар.
Тапсырмаларды орындауға дайынсыңдарма?
Күннің тапсырмасы: (слайд)
Математикалық диктант
-
Азайғыш 5 азайтқыш 3 айырманың мәні нешеге тең?
-
Қосылғыш 2, қосылғыш 4 қосындының мәні нешеге тең?
-
Ең үлкен бір таңбалы сан.
-
Айдоста 7 шар, Шыңғыста одан 2 шар кем. Шыңғыста неше шар бар?
5.7санынан кейін тұратын сан.
Бұлттың тапсырмасы:
Бұлттарда жазылған сандар:
2, 6, 1, 9, 4, 7, 0 9, 4, 2, 10, 5, 3, 1
1-қатардағы сандарды өсу ретімен, ал 2-қатардағы сандарды кему ретімен жазады.
Сергіту сәті (слайд)
Шыршаның тапсырмасы: (слайд)
Сандар құрамын анықтау.
-
қатар - 8 саны
-
қатар - 9 саны
-
қатар - 10 саны
Қоян тапсырмасы: (слайд)
Сәбіздерді « жинауға көмектесейік» ойыны
10 - 0 7 - 2
8 + 2 6 + 1
3 - 1 8 - 3
Аққаланың тапсырмасы:
сурет бойынша ауызша есеп құрастыру.
Оқулықта берілген суреттер бойынша есептер құрастыру
Теңдіктер, теңсіздіктер құрастыру
4 + 2 = 6 6 - 2 = 4
2 + 4 = 6 6 - 4 = 2
Құстардың тапсырмасы: кестені толтыру
Қосу мен азайтуға берілген кестені әр оқушы жеке орындайды.
(слайд)
ІІІ. Қорытынды
- Балалар біз есептер шығарып отырып, қай жыл мезгілі туралы айттық?
- Қыс.
- Қыс мезгілі сендерге ұнай ма?
- Қыс туралы қандай өлеңдер білесіңдер? Қатысқан балаларды мадақтау