7


қОсу және азайту 26+30 56 -30

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: екі таңбалы сандарды қосу және азайту жағдайларын түсіндіру, қосуды азайтумен тексере білуге ү йрету№1 Оқулықтағы суреттер бойынша түсіндіру жұмысы ұйымдастырылады.Оқушылардың өздігінен екі таңбалы санға ондықтарды қосудың және азайтудың ерекшеліктері туралы қ
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Қосу мен азайту 26+30, 56-30

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік. Ондықтарды ондықтарға қосуға және ондықтардан ондықтарды азайтуға негізделген есептеу тәсілдерімен таныстыру;

2. Дамытушылық. Екі амалмен шығарылатын есепті және ондықтан аттап қосу мен азайту тәсілдерін енгізуге дайындық жүргізу; амалдардың орындалу ретін анықтауға машықтандыру, теңдеуді шешудің «сынап көру» тәсілін пысықтау.

3. Тәрбиелік. Оқушыларды есептерді шапшаң, тез шығаруға тәрбиелеу.

Сабақтың жоспары: І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ Жаңа сабақ

ІV Бекіту кезеңі

V Қорытынды

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі


ІІ Үй тапсырмасын тексеру

Тірек білімді еске түсіру

а)-1-ден 30-ға дейін санау(тура және кері)

-Саннан (28, 43, 54) кейін келетін санды ата.

-Санның (30, 55, 79) алдындағы санды ата.

-Санның (50, 76, 94) көршілерін ата.

-Сандар қатары (21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30) берілген.

-Сандардың жаңа қатарын құрыңдар, сонда сандардың ондықтары 3, ал бірліктері алдыңғыдағыдай болсын.

-Не шықты? Сандардың жаңа қатарын атаңдар(31, 32, ..., 40).

-Екінші қатардың сандарын неше бірлікке арттырдық?

ә) Зейінділікке есеп.

Үстел үстінде 10 алма жатыр еді. Олардың екеуін кесіп бөлдік. Үстел үстінде неше алма жатыр?


III Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс

№1 Оқулықтағы суреттер бойынша түсіндіру жұмысы ұйымдастырылады.Оқушылардың өздігінен екі таңбалы санға ондықтарды қосудың және азайтудың ерекшеліктері туралы қорытынды жасауы қажет.

Ондықтарға ондықтарды қосады.

Ондықтарды ондықтардан азайтады.

№2. Тақтада әр амалды түсіндіріп, қадамдап орындайды. Екі таңбалы сан мен ондықтарды ауызша қосу мен азайту алгоритмдерін бекітеді.(53+30, 83-30).

Мысалы:

-53 және 30 сандарының қосындысы;

-Бірліктерге бірліктерді қосу;

-Нәтижені сол жақтан екінші орынға жазу;

-Ондықтарды ондықтарға қосу;

-Нәтижені сол жақтан бірінші орынға жазу;

-Қосындының мәні 83.

Сергіту сәті


№3. Өзіндік жұмыс.Амал компоненттерін еске түсіріп, шешуін дәптерге орындап,тексергенде кеткен қателерді талдайды.


ІV Бекіту кезеңі

№4. Оқушылар есептің негізгі белгілерін ажыратады.Жеткіліксіз компоненттерді қалпына келтіріп, бірінші есепті тақтада жазады. Кері есептерді өздігінен құрып орындайды.Қысқаша жазуды сұлба бойынша орындаған қолайлы.

Болғаны-? 12 12

Бергені-2қ. 2 ?

Қалғаны-10қ. ? 10

10+2=12(қ) 12-2=10 (қ) 12-10=2(қ)

Жауабы: 12 қ болды. Жауабы: 10қ қалды. Жауабы: 2қ берді.


№5.Көрнекілікке сүйеніп,уақытты ауызша анықтайды.


Рефлексия.Шығармашылық жұмыс

Үй тапсырмасы. 57-бет. №6



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал