7


  • Учителю
  • ҚАзақ тілі пәнінен 4 сынып оқушыларына арналған олимпиада сұрақтары

ҚАзақ тілі пәнінен 4 сынып оқушыларына арналған олимпиада сұрақтары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала
  1. Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?

а) жуан дауысты д) еріндік дауысты

в) ашық дауысты е) дауыссыз дыбыс

с) жіңішке дауысты

  1. Дауысты қысаң дыбыстар қайсы?

а) ы, і, и д) у, ү, ә

в) а, е, е е) у, ұ, ә

с) ы, ө, ә

  1. Қай дауысты дыбыс жіңішке, ашық, езулікке жатады?

а) ұ д) і

в) ә е) у

с) а

  1. Дауыссыз дыбыс қалай жасалады?

а) езудің қатысына қарай д) үн арқылы жасалады

в) ауаның кедергіге ұшырап шығуынан е) ауа кедергіге ұшыруына қарай

с) үн мен салдырдың қатысынан жасалады

  1. Қазақ тілінде қанша дыбыс бар?

а) 38 д)12

в) 42 е) 26

с) 36

  1. Мақалды тап

а) ердің атын еңбек шығарар д) мақтаулы еңбек ері

в) сырдың суы сирағынан келмес

с) сырын білмес аттың сыртынан жүрме

  1. Қате жазылған сөз

а) байтерек д) даукез

в) жай е) жайдан-жай

с) жәй

  1. Зат есімнің пысықтауыш қызметіндегі сөзді тап

а) дала гүлін терді д) Жанат бүгін келмекші

в) еріншектің ертені бітпес е) Перизат өлең айтты

с) қарағым, кітабыңыз сөреде тұр

  1. Зат есімнің толықтауыш қызметіндегі сөзін тап

а) Сара келді д) гүл үйдің көркі

в) кешегі жұмысты бітір е) батыр жеңді

с) жазықсыз жазалама

10. Туынды етістікті тап

а) күз, ақыл д) мен, оған

в) кел, көр е) сен, саған

с) ойна, санат

11. Сын есімнен жасалған туында зат есімді тап

а) қойшы д) терме

в) жеңілдік е) табақтас

с) үйшік

12. Сын есімдерді көрсет

а) ақ боз ат, ақсақал кісі д) елең-алаң, үстірт

в) сырт-сырт, шыр-шыр е) сырбаз, өнерлі, үп-үлкен, талапты

с) жол-жөнекей, ертелі - кеш

13. Сын есімді тіркесті көрсет

а) қарындасының сәлемі д) екінің бірі

в) менің талабым е) жақсының шарапаты

с) белгінің талабы

14. Рим цифрмен келген сан есімді көрсет

а) қырық үш, екі д) қазмұұ

в) XV ғасыр е) 1997 жыл

с) ондаған

15. Көптік жалғаулы сөз қандай мағынада қолданылған?

Кенекейлер маздатып от жақты

а) даралық д)иелік

в)жинақтау е) болжалдық

с)меншіктік

16. Баяндау, мәлімет беру неге тән?

а) лепті сөйлем д) бұйрықты сөйлем

в)сұраулы сөйлем е) сөз тіркесі

с) хабарлы сөйлем

17. Толықтауышты анықта

а) байлық-қанағат пен еңбекте д) еңбекпен табылған тамақ тәтті

в) ісім өнсін десең, еңбектене біл е) еңбек ер аттандырады

с) ит жоқта, шошқа үреді қорада

18. Сен барғанбысың? Айтылу мақсатындағы сөйлемді анықта

а) хабарлы д) бұйрықты

в) хабарлы әрі сұраулы е) лепті

с) сұраулы

19. Сөз тіркесін көрсет

а) талпынған бала д) жарқ етті

в) тас түйін е) қара ала

с) он бес

20. Сұраулы сөйлемді көрсет

а) тұрмыс құр, балам д)сен бармысың

в) табиғатты аялай білейік е) менімен бірге жүр

с) қалай айтарын өзі білмей отыр


21. Айтылу мақсатына қарай сөйлем түрлері

а) 1 д) 2

в) 3 е) 4

с) 5

22. Етістікті сөз тіркесін тап

а) ақ тиын д) терең сай

в) түрі келісіп тұр е) ақ ешкі

с) қара қыз

23. Бұйрықты сөйлем қандай мағынада қолданылады?

а) жалыныш д) көңіл күй білдіру

в) талап ету е) хабарлау

с)сұрау

24. Қате қойылған тыныс белгісі

а) сен-ақ ала бердің д) ол кінә өзінен іздейтін-ді

в) мектепке қарай бар е) аз-ба, көп-пе

с) сен түгіл өзіне қимайды

25. Түбір сөзге дұрыс жалғанған қосымшаны тап

а) архивге д) архивға

в) архивке е) архифке

с) архивқа



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал