- Учителю
- Ашық сабақ 'Менің бөлмем' 3сынып
Ашық сабақ 'Менің бөлмем' 3сынып
Сабақ жоспары
Сыныбы: 3 «В»
Сабақтың тақырыбы: Менің бөлмем
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балаларға өтілген тақырып бойынша бөлмеге қатысты сөздерді қайталау. Тәуелдік жалғауын еске түсіру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, ой-өрісін, тілін дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекіліктері: кесте, суреттер, слайд.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру.
1.Сәлемдесу.
2.Түгендеу.
3.Оқушылардың назарын сабаққа бейімдеу,ыңғайлау.
4.Сабақтың мақсаты мен барысын таныстыру.
II.Өткенді қайталау.
1.Үй тапсырмасын сұрау.
2. «Менің бөлмем» тақырыбында салған суреттерін тексеру.
3.Салған суреттері бойынша 2-3 сөйлем құрастыру.
4.Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін бақылау.
III.Жаңа сабақ.
-Балалар, біз бүгін бөлмеге қатысты сөздерді еске түсіре отырып, слайдқа назар аударайық.
Жаңа сөдермен жұмыс.
а) сөздік дәптерге жазу.
ә) қайталап оқу.
б) сөйлем құрау.
Шам-лампа кереует- кровать
Жатыр-лежит кілем-ковер
Тұр-стоит еден-пол
Үстел-стол
Осы берілген жаңа сөздермен сөйлем құрайды.
Сергіту сәті.
Жаңа сабақты бекіту: Ауызша.
1-тапсырма. «Менің бөлмем» мәтінді мәнерлеп оқу,аудару.
2-тапсырма. Суретпен жұмыс. Слайдқа қарап , оқушылар бөлме туралы әңгімелейді.
Дәптермен жұмыс. «Бұл кімнің бөлмесі?» деген сұраққа жауап бере отырып, «бөлме» сөзін үш жақта тәуелдеп жазады.
Жекеше көпше
I менің бөлмем
II сенің бөлмең
II сіздің бөлмеңіз
III оның бөлмесі
5-тапсырма. Сөйлем құрап үйрен. Ауызша.
Бөлме, ойыншық.
1.Ойыншық.
2.Әдемі ойыншық.
3.Менің әдемі ойыншығым бар.
4. Менің көп әдемі ойыншығым бар.
Жазбаша жұмыс. 6-тапсырмада көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазу.
Мынау-менің бөлмем. Бөлменің...үстел тұр. Үстелдің...орындық,...ыдыс,...доп жатыр.
Керекті сөздер: қасында, үстінде, астында, ішінде.
Сабақты қорытындылау:
1.Сабақты оқушылардың өздеріне қорытынды жасату,сөйлету.
2. Сөйлеу тілін дамытуға бейімдеу арқылы әр оқушыға парақшалар таратылады.
3. «Бөлме» сөзіне кластер жасай отырып, сабақты қорытады.
Үй тапсырмасын беру:
1. Жаңа сөздерді жатқа айту.
2. Мәтінді әңгімелеу.
Бағалау: Ескерту, мақтау айта отырып, белсенді оқушыларды бағалау.
Кері әсер: Балалар, бағаларыңа ризасыңдар ма? Сабақ ұнады ма? Сау болыңдар!