- Учителю
- Сабақтың тақырыбы 'Тіл және сөйлеу түрлері'
Сабақтың тақырыбы 'Тіл және сөйлеу түрлері'
Пәні: қазақ тілі
Күні:
Тақырыбы: Тіл және сөйлеу түрлері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сөйлеудің қажеттілігі, сөйлеу түрлерімен таныстыру; сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу тілдерін дамыту; адамгершілік, еңбек тәрбиелеріне, үлкендерді құрметтеуге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену
Сабақтың көрнекіліктері: тірек-сызба, сюжетті суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 1. 5-жаттығу тексеру, оқу, талдау. 2.Ауызекі сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің қайсысы бұрын пайда болды? Жазбаша сөйлеуді қай кезде қолданады деп ойлайсың? Ауызекі сөйлеуді ше?
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Жазбаша сөйлеуді кішкентай бала жүзеге асыра алады ма? Неліктен? Ауызекі сөйлеуді сәби кімнен үйренеді?
Ү.Жаңа материалмен жұмыс:
а)оқулықпен жұмыс. 6-жаттығу. Берілген сөйлеу мәнерлері кімдерге тән екенін анықтау. Мысалы: Аузыңды аш, «а-а» де. (дәрігер). Ыстық самса алыңыз. (сатушы). Ойыншықтарыңды тағы шашып тастағансың ба?! (ана)
ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.
7-жаттығу. Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқу, жалғастыру. Сендердің де ата-әжелерің алыста тұрады ма? Оларға хат жазып көрдің ба? Хат жазу сөйлеудің қай түріне жатады? Шығармашылық тапсырма: өзінің досыңа 4-5 сөйлемнен құралған хат жазып көр.
8-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқу, мағынасын ашу. Ата тілегін көшіріп жазу.
9-жаттығу мақалдардың мазмұнын ашу, жатқа жазу.
10-жаттығу. Суретпен жұмыс. Хат иесінің жазғанын қатесіз жазу.
в) сергіту жаттығуы.
11-жаттығу. Жұмбақты оқы.Шешуін суреттердің көмегімен тауып көр.
Жұмбақты жатқа жаз.
ҮІ. Бекіту: «Кім жылдам?» ойының өткізу. Ойынның шарты: тірек сөздерді пайдаланып жазбаша және ауызекі сөйлеу жасау. Тірек сөздер: ойын, дала, қызық.(ауызекі) Тірек сөздер: ауа-райы, бізде, ата. (жазбаша)
ҮІІ.Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік?
ҮІІІ.Үйге тапсырма: Досыңа шағын хат жаз.
ІХ.Оқушыларды бағалау