- Учителю
- 4-Сынып математика пәнінен '10-ға, 100-ге, 1 000-ға көбейту және бөлу' тақырыбына сабақ жоспары
4-Сынып математика пәнінен '10-ға, 100-ге, 1 000-ға көбейту және бөлу' тақырыбына сабақ жоспары
Тақырыбы: 10-ға, 100-ге, 1 000-ға көбейту және бөлу.
Мақсаты:10-ға, 100-ге, 1 000-ға көбейтудің тәсілдерімен таныстыру; сәйкес қалдықпен бөлу; қозғалысқа берілген жай есептерді шешу, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру.
Сабақтың түрі: жаңа.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.
Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар
ІІ. Өткенді пысықтау: Ауызша жұмыс. Зейінділік ойыны:
-987 245 те қанша бірлік бар
-Осы санның алдыдағы санды ата
ІІІ. Жаңа сабақ: 1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.
Оқулықпен жұмыс
№ 1.ауызша түсіндіріп шығару.
10-ға көбейту кезінде санның оң жағына бір нөл қосылып жазылады.
100-ге көбейту кезінде санның оң жағына екі нөл қосылып жазылады.
1000-ға көбейту кезінде санның оң жағына үш нөл қосылып жазылады.
3 *
30
300
3 000
40 *
400
4 000
40 000
500 *
5 000
50 000
500 000
5000 *
50 000
500 000
5 000 000
10-ға бөлу кезінде санның оң жағынан бір нөл алынады
100-гебөлу кезінде санның оң жағынанекі нөл алынады
1000-ға бөлу кезінде санның оң жағынан үш нөл алынады
3 000/
300
30
3
40 000/
4 000
400
40
500 000/
50 000
5 000
500
5 000 000/
500 000
50 000
5 000
№2 №3
98/10=9 (қалд. 8) 8<10 3780, 3700 3700, 3000 3000, 4000.
987/100=9 (қалд. 87) 87<100 3000, 4870, 4800, 4000.
9876/1000=9 (қалд. 876) 876<1000 4800, 4000.
№4 «Кім жылдам?» ойыны
48/10 =4 (қалд. 8) 8<10 438/10=43 (қалд. 8) 8<10 4839/100=48 (қалд. 39) 39<100
76/10=7 (қалд. 6) 6<10 765/10=76 (қалд. 5) 5<10 7658/1000=7(қалд.658) 658<1000
ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау: Есеп шығару:
№5. Нұсқауға сәйкес орындалады.
Қорытынды. Егер сан 10-ға қалдықпен бөлінетін олса, онда қалдық бір таңбалы сан немесе 10-нан кіші сан болады.
№6. №7
360/5=72 м. - бір орамдағы шыт 240/4=60 км/сағ
108/2=54 м. - бір орамдағы сәтен 60 км/сағ * 5=300 км
72-54=18 м. - бір орамда 18 метр артық шыт бар.
Ү. Бекіту. Шығармашылық тапсырма.
5 г 400 дән болса, онда 100 гр ішінде 5 грамнан 20 рет бар. Демек 400*20=8000 дән.
ҮІ. Үйге тапсырма: № 8, 9118 - бет.
Бағалау