7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты 'Аталар мұрасы-халық қазынасы'

Тәрбие сағаты 'Аталар мұрасы-халық қазынасы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Тақырыбы: Аталар мұрасы - халық қазынасы.

Мақсаты:

а. Білімділік: Аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру;

ә. Тәрбиелілігі: Сол сөздерден өнеге алуға баулу.

б. Дамытушылығы: Ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету.

Жоспар:

  1. Аталар сөзі - ақылдың көзі.

  2. Ата өсиеті.

  3. Баталы құл - арымас.

  4. Жарасып тұрдәстүрім.


1 - жүргізуші: «Сәлем сөздің анасы» демекші, армысыздар ағайын!

2 - жүргізуші: Қадірменді көпшілік. Бүгінгі «Аталар мұрасы - халық қазынасы» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!

1 - жүргізуші: Ата бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық, тамаша тәлім - тәрбие берерлік өсиет сөздер өте көп.

2 - жүргізуші: Ендеше, күнделікті өмірде ата - әжелеріміздің, ата - аналарымыздың айтып отыратын, «Аталар сөзі - ақылдың көзі» бөліміне сөз кезегін берейік.

Жігіт:

Ата! Қол бастау қиын ба,

Жол бастау қиын ба,

Сөз бастау қиын ба?

Қарт:Е, балам!

Қол бастау қиын емес,

Көк найзалы ерің болса,

Жол бастау қиын емес,

Соныңнан ерген елің болса,

Бәрінен де сөз бастау қиын.

Тауып айтсаң, мереке қылады.

Таппай айтсаң, келеке қылады.

Жігіт:Дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз.

Қарт: Е,балам!

Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл тас,

Су түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас,

Жел толқытса шығады.

Ой түбінде жатқан сөз,

Шер толқытса шығады.

Қарт: Сөз туралы ұлағатты сөздер өте көп

Әділ төре ел бастар,

Батыр жігіт жау бастар.

Аға жігіт қол бастар,

Шешен адам сөз бастар.

Құсты жисаң,бүркіт жи.

Қыс тоныңды түлкі етер.

Бір жақсымен дос болсаң,

Азбас - тозбас мүлк етер.

Бір жаманмен дос болсаң,

Бүкіл алаңға күлкі етер.


Қарт:Иә, балаларым, сөз кезегін түйіндейтін болсақ

Ақыл - адамды аздырмайтын ем.

Білім - таусылмайтын кен.

Адамның басшысы - ақыл.

Жетекшісі - талап.

Шолғыншысы - ой.

Жолдасы - кәсіп.

Қорғаны - сабыр.

Қорғаушысы - мінез болуы керек.

1 - жүр: Аталар мұрасы - халық қазынасының бірі домбыра.


2 - жүр: Халық әні. «Еркем - ай»


1 - жүр: Әй, тәкапар, дүние!

Маған да бір қарашы!

Танимысың сен мені,

Мен қазақтың баласы.


2 - жүргізуші:

Ізетіңді ине етіп

Иманыңды түйме етіп

Инабатты күйме етіп,

Жүрші балам жамандықты күйретіп, - дегендей біз, яғни еліміздің ертеңі, бабаларымыздың мұрасын, халқымыздың жақсы дәстүрлерін бойымызға сіңіріп, жалғастырып, жамандықтан аулақ, жаны таза елжанды ұрпақ болып өсейік.

1 - жүргізуші: Көрініс «Ата өсиеті.» ертегісі.

Жігіт: Ассалаумағалеукум, ата!

Қарт: Аманбысың, балам!

Балам,бақытты болу оңай ма?

Жігіт:Ата,жары жақсы болса, бақыты жанында

Қарт:Жоқ, балам! Ақыл басыңда болса, бақыт жаныңда болады.

Ақыл адамды азаттанда мазақтан да құтқарады. Өмірде шын бақытты болам десең ақылдықты үйрен, не ақылды қызыңа үйлең.

Қарт: Дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз!

Балам, үйде кім, елде кім қадірлі?

Жігіт: Ата, үйде ана, елде бастық қадірлі.

Қарт: Жоқ, балам үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты қадірлеуді бәрі біледі. Бала - үйдің патшасы, балалы үй базар, баласыз үй мазар деген халқым.

Қарт: Балам, үйдегі алтын қазық кім?

Жігіт: Ата, үйдегі алтын қазық бала.

Қарт: Жоқ, үйдегі алтын қазық - ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана - ақылшың, әке - қамқоршың, ағаң - қорғаушың, інің - сүйенішің, қарындасың - қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағнның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейрімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде болады балам.

Қарт: Ой, қандай керемет сөздер!

Балам, достықты нығайтатын не?

Жігіт: Ата, достық пен жолдастықты ынтымақ, бірлік, теңдік, туыстық, бауырмалдық нығайтады.

Қарт: Дұрыс, балам сенің айтқаның достық пен жолдастықты дамытады. Есіңде болсын, шын достық ақылдыға тән. Өмірде дос болуды ойласаң «Сәлеметсіз бе?», «Кешіріңіз», «Рахмет», «Сау болыңыз», «Сәлем айтыңыз», «Рұқсат па» - деген сөздерді шын көңілмен айтуға үйрен.

Сәлемдесуді білген кешіре де біледі. Жөн сөз - көңілді өсіреді, жөнсіз сөз - үмітіңді өшіреді.

Жігіт: Рахмет, ата, сіздің ғибрат аларлық сөздеріңізді есте сақтаймын!

- Иә барлығымыз сақтаймыз.


2 - жүрг: Домбыра. Халық әні «Еркем - ай»


1 - жүрг: Салт - дәстүр халық педагогикасының бастауы. Елдігіміздің, егемендігіміздің арқасында қайтып оралған салт -дәстүрімізді тұрмыстық негізде қолданып жүрміз. Соның ішінде, бата туралы түсінік бермекшіміз.


Баталы құл - арымас,

Батасыз құл - жарымас.

Батаменен ел көгереді

Жауынменен жер көгереді - дейді дана халқымыз.


2 - жүрг: Бата халықтың рухани күш алатын құдіретті сенім күші. Ол ел сенімін ақтайтын абзал азаматтарға, таланты жастарға, көптің жүгін көтерген, адамдарға, жас сәбиге, немесе үлкендер жақсы ісіне риза болған жағдайларда берілетін ұлы адамдар мен ақсақалдардың ақ тілегі, әрі өмірлік жолдамасы.

Батаның түрлері көп.

Жасұланға бата беру.

Жігіт: Әумин!

Қарт:

Ата сөзі дарып мол,

Ақ уызға арып бол,

Абылайдай алып бол,

Шоқан сынды жарық бол,

Абайға ұқсап милы бол,

Құрманғазыдай күйші бол,

Ақандайын сері бол,

Қажымұқандай ері бол,

Сәкен сынды сұңқар бол,

Бағың жанып әрдайым,

Жақсыларға жақын бол,

Осы айтқаным періште, құлағыңа шалынсын.

Бәрінен де құлыным,

Аман бол, қалқам, аман бол!

Әумин!

1 - жүрг:

Кең даланың ежелгі,

Қазақ деген халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз.

2 - жүрг:

Ата салты ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң

Тістерсің бір күн бармақты.

1 -жүрг:

Тілім бар да, қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.

Кең даладай жиналмаған шалғайы,

Аңқау ашық мінезім бар аңқылдақ - деп ендеше «Жарасып тұр дәстүрім» көрінісін тамашалаңыздар.

Жарасып тұр дәстүрім!

А: Сүйінші, сүйінші! Ауылдан әжем келді.

Е: Сүйінші сұрау шын қуанғандықтың белгісі, қатты қуанып тұр екенсің, мә, сыйлығыңды ала қой.

А: Айбота, артыңа жасырып тұрғаның не нәрсе?

А: Байғазы берсең, көрсетем.

А: Байғазы балалардың жаңа киімі үшін берілетін сыйы.

Байғазы сұрағанның артықшылығы жоқ. Мә, ала ғой, саған моншағымды берейін, көрсетші.

А: (Басына бас киімін киіп) Міне, әжем тігіп берген бас киім. Ал, атам маған жаңа қошақан сыйлады. Қозымды көргілерің келсе, көрімдігін даярлаңдар.

А: Байғазы жансыз дүниеге, ал көрімдік жандыға беріледі.

М: Әйгерім, білесің бе? Менің ағам Түркияға қыдырып кетті.

А: Онда сенің әжең тоқымқағар жасайды екен ғой.

М: Ол не?

А: Жас жігіт алғаш рет жолға шыққанда жасалатын бас қосу. Мал сойылып, ойын - сауық, өлең - жыр айтылады.

М: Егер, ағам маған сыйлық әкелсе, ең жақсысын саған беремін. өйткені сен менің нағыз досымсың ғой.

А: Алыс сапарға шыққан адамдар туыстарына, балаларға, ірілі - ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «Базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі.

М: Жұлдызай, бағанадан үндемей тұрған мына досың кім?

Ж: Бұл - Арайлым. Жақын да көшіп келген көршіміз.

М: Басқа жақтан көшіп келген көршілерге тұрғындар «Ерулік» береді деген әжем. Ендеше, Арайлымды бәріміз қонаққа шақырады екенбіз ғой. Жүріңдер біздің үйге Арайлым мен бірге. (Бәрі шығып кетеді.)

Қорытындылау: Балалар бүгінгі тәрбие сағатынан қандай әсер алдыңдар, ой түйдіңдер, қандай өнеге алдыңдар. өз ойларымызбен бөлісіп бүгінгі тәрбие сағатын қорытындылайық.

Мұғалім: Кешеге күнсіз келешек жоқ. Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата - бабаларымыздың мол мұрасы мен сусындату біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады.

1 - жүрг: Аталар сөзімен өсіп өнген,

2 - жүрг: Бабалар бұлағынан нәр алған,

1 - жүрг: Даналар өсиетінен тәрбие алған,

2 - жүрг: Ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен

1 - жүрг: Ұрпағымыз халықтың ғибрат еткен.

2 - жүрг: Кешіміздің қадірменді қонақтарын ортаға сөз кезегіне шақырамыз.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал