7


  • Учителю
  • №37 Сабақтың тақырыбы: Бастауыш Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың бастауыш тән белгілері, жасалу жолдары, сөйлемдегі орны туралы білімін кеңейту; 2. Дамытушылық: С

№37 Сабақтың тақырыбы: Бастауыш Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың бастауыш тән белгілері, жасалу жолдары, сөйлемдегі орны туралы білімін кеңейту; 2. Дамытушылық: С

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


№37 Сабақтың тақырыбы: Бастауыш

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың бастауыш тән белгілері,

жасалу жолдары, сөйлемдегі орны туралы білімін кеңейту;

2.Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, есте сақтау

қабілетін арттыру, шапшаңдыққа, байқағыштыққа үйрету.

3.Алғырлық, сабырлылыққа, шығармашылыққа баулу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, дәлелдеу, сұрақ жауап, тест

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек сызбалар, бағалау парағы,

сызба-нұсқалар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Өткенді еске түсіру

Сөйлем мүшелері деген не?

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері?

Бастауыштың сөйлемдегі орны, маңызы қандай?

Бастауышқа тән негізгі белгілер?

Басқа сөйлем мүшелерінен ерекшелігі қандай?

Бастауышсыз сөйлем бола ала ма?

Бастауыштың сұрақтары

ІІІ. Жаңа тақырып Баяндауыш.

Интерактивті тақтадан баяндауыш туралы берілген ұғымды тыңдату, түсіндіру.

Баяндауышқа тән белгілер:

1. Баяндауыш бастауышқа бағынышты сөйлем мүшесі.

2. Баяндауыш сөйлемдегі ойды тиянақтайды.

3. Баяндауыш бастауыштың әр түрлі қасиетін көрсетеді.

а/ ісін, қимылын

ә/ жай-күйін, заттың сандық, сапасын, мөлшерін,

мекенін, мезгілін

б/ іс-әрекеттің сапасын

в/ қасиетін

г/ амалын

д/ кім екендігін, белгісі мен сапа ретін т.б.

4. Сөйлемнің бас мүшесі болады.

Осы белгілеріне қарай ереже шығару: Демек баяндауыш дегеніміз - бастауыштың қимылын, ісін, жайын, күйін, заттық, сындық сапасын, санын, мөлшерін, мекенін, мезгілін білдіреді. Сөйлемнің бас мүшесі.

Баяндауыштың жасалу жолдарын тірек-сызбалар арқылы түсіндіріп өту

35-жаттығу. Өлеңді түсініп оқы. Өлеңдегі қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Бұл сөздер нені білдіреді? Олар сөйлемнің қай мүшесіне қатысты?

36-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазу. Қарамен жазылған сөздердіғң астын сызу, оларға сұрақ қой. Бұл сөздер сөйлемнің қай мүшесіне қатысты екенін сызып көрсет.

37-жаттығу.(ауызша) Берілген сөздерге қатысты қимылды білдіретін сөздерді тауып айт.

Аңдар:

Құстар:

Оқушы:

Су:

38-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы. Көп нүктенің орнына бастауыштың

қимылын білдіретін сөздерді қойып жаз.

ІҮ. Бекіту. Бағалау. Ү. Үйге тапсырма 39-жаттығу, 69-бет





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал