7


  • Учителю
  • Ана тілі. 1- класс. Тақырыбы: Мәтінмен жұмыс.

Ана тілі. 1- класс. Тақырыбы: Мәтінмен жұмыс.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Пәні:Ана тіліСыныбы:1-аМерзімі: 30 сәуір 2013 жылТақырыбы: «Мәтінмен жұмыс» Мақсаты: Білімділік:Оқушылардыңмәтін туралы ұғымдарын кеңейтіп, суреттерге қарап мәтін құрастыруға үйрету.Дамытушылық. Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін,есте сақтау, сөйлеу тілін дамыт.
предварительный просмотр материала

Пәні: Ана тілі Сыныбы: 1-а

Мерзімі: 30 сәуір 2013 жыл

Тақырыбы: «Мәтінмен жұмыс»

Мақсаты: Білімділік:

Оқушылардың мәтін туралы ұғымдарын кеңейтіп, суреттерге қарап мәтін құрастыруға үйрету.

Дамытушылық.

Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін,есте сақтау, сөйлеу

тілін дамыту.

Тәрбиелік.

Оқушыларды дұрыс оқып,сауатты жазуға,табиғатты сүюге,

қорғауға тәрбиелеу.


Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ- жауап,интерактивті оқыту.

Көрнекілігі: сызбалар,сөйлемдер,аңдар суреттері.

Пәнаралық байланыс: дүниетану,музыка.

Қажетті құралдар: интерактивті тақта,видео,слайд шоу.

Технологиясы: СТО элементтері.

Барысы: 1.Психалогиялық дайындық.

Мұғалім: Армысыздар балалар!

Дайынбыз ба сабаққа

Ана тілі сабағы

Сай келейік талапқа

Барма үйден дайындық

Тапсырмамыз дұрыс па?

Оқымасақ уайым жеп

Тығылмайық қуысқа

Ойымызды айтайық.

Білімімізді бастайық.

Мына отырған ұстаздар.

Қалсын бір сәт марқайып.

Оқушылар: Қайырлы таң досым,

Сәрсенбінің әр күні.

Сәттілікке толсын.

Біздің олар бағамыз.

Кілең бестік болсын.


Үй тапсырмасын тексеру


«Бұғы»мәтіні: Мәтінді оқу,түсінгендерін айту,шығармашылық жұмыстарын тексеру.

Бекіту сұрақтары:

-Бұғы қандай тұяқты?

-Қай өңірде өмір сүреді?

-Қандай өсімдіктермен қоректенеді?

-Мүйіздері қандай?

Мағынаны тану.

Тақтадағы сөйлемдерді оқу.

1.Сен не ғып жүрсің?Біздің Нұрмашты қайда алып барасың? «Тымақ»әңгімесі.

2.Әжей «Құйыршық»ертегісін бастады.

3.Әй, балам,жер сенің асыраушы анаң-ғой?

-Сұрақтар.

Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілер қойылған.

Ал енді балалар мына тақтаға қарайық.Қазір суреттер өтеді. Соларға сөйлемдер құрайық.

Қар еріді.Жылғалардан су ақты.Бәйшешек гүлдей бастады.Жылы жақтан құстар келді.Балалар құстарға қамқорлық жасады.

-Ал енді балалар сөйлемдерді салыстырайық.

-Сол жақтағы үш сөйлемдердің мағыналары әр түрлі екенін білдік.

.Сонда мәтін дегеніміз не?

-Егер сөйлемдер бір-бірімен мағына жағынан байланысқан болса біз оны мәтін дейміз.

Мәтін

/ | \

Басы,аяғы ортасы тақырыбы

әңгімелеу сипаттау пайымдау

не істеді? Қандай? Неліктен?

-Әңгімелеу мәтіні қандай бір оқиғаны баяндап не істеді сұрағына жауап береді.

Сипаттау мәтіні бір нәрсені,затты сипаттайды және қандай сұрағына жауап береді.

-Пайымдау мәтіні бір пікірді түсіндіреді,дәлелдейді және не үшін сұрағына жауап береді.

Сергіту сәті.

Жаңа сабақ.

Сурет тарату, неге ұқсайды,жалғастыру.

-Олай болса бірінші өтетін мысық тұқымдасына жататын «Сілеусін» мәтіні.(оқу,видео көрсету)

Көркем жазу. С С сабақ

Сілеусін

/ / / \ \ \



Тырнақты теңбіл шұбар, ұшы шашақты,көзі өткір, сақ, аяқтары азулы.

Мықты қауіпті аң. Балғадай.

-Мәтінге басқа қандай ат қоюға болады?

Жұмбақ жасыру

-Ол кім? -әже. Ендеше өз әжелерің туралы шағын мәтін құрастырыңдар.

Әже туралы өлең жазу.


Айтқаныңды тыңдаймын

Мерекеде гүл сыйлаймын,

Маған алғыс айтады.

Мейірімді ақ әжем

Бекіту

-Бүгін қандай мәтінмен таныстық.

-Мәтін дегеніміз не?

-Мәтіннің неше түрі бар?

-Мәтіннің түрлерін атаңдар

Ақыл- ой тежелісі бар оқушылармен жұмыс.

Суретпен жұмыс.

Үйге тапсырма: Балалар сендердің үйлеріңде жұмбақ жасыру.

Пеш түбіндеқұмған

Екі көзін жұмған.

Ол не? (Мысық)

Олай болса үйден мысыққа мәтін құрастыру суретін салу.

Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал