- Учителю
- Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
21.10.2015ж | Дүниетану | 3 «А» сынып | |
Сабақтың тақырыбы: | Сезім мүшелері | ||
Мақсаты: | Сезім мүшелерін еске түсіре отырып, олардың қызметімен таныстыру; олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсініктерін кеңейтіп, өздігінен ізденімпаздық, еңбексүйгіштік, адамгершілік дағдыларын, салыстыру, қорытындылау және ойлау қабілеттерін дамыту. | ||
Күтілетін нәтижелер: | Көз,құлақ,мұрын, терінің маңызы мен қызметін біледі.Денсаулыққа пайдалы қызметті және зиянды әдеттерден сақтануға үйренеді. | ||
Сабақта қолданылатын материалдар: | Үлестірмелі материалдар, постер, маркер, | ||
Оқыту әдістері: | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер АКТ СТО | 1. Диалог 2. Жеке жұмыс 3.Жұптық жұмыс |
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Сабақтың кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3 мин)
Кел, балалар күлейік!
Күлкіменен түлейік.
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!
Көңіл-күйлерін көтеріп,
зейіндерін сабаққа
аударады.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (6 мин)
«Рас па?» стратегиясы. Шарты: егер тұжырым дұрыс болса, онда «+» , ал тұжырым қате болса «-» таңбасын қояды.
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
+
-
-
-
-
+
-
+
+
+
1.Адам организімінің барлық мүшелері бірлесіп жұмыс істейтіні рас па?
2.Жүйке жүйесінде ерекше рөлді тек ми ғана атқаратыны рас па?
3.Қаңқа адам денесінің тек қана тіргеі екендігі рас па?
4.Мұрынның жұмысы тек қана иістерді ажырату екендігі рас па?
5.Жүйкелер сезім мүшелеріне дабыл бермейді рас па?
6.Жүйке жүйесі бұзылмас үшін күнделікті уақытты дұрыс жоспарлау керек рас па?
7.Тағам асқазанда 15 минут қана болатыны рас па?
8.Ми бас сүйекте орналасқаны рас па?
9.Жұлын омыртқа түтігінде орналасқаны рас па?
10. Жүйке тоқтаусыз жұмыс істейді рас па?
«Рас па?» стратегиясын жұппен талдап орындайды.
ІІІ. Жаңа тақырып
Қызығушылықтарын ояту
3 мин
Оқулықпен жұмыс
(12 мин)
- Алдарыңдағы бүтін алма мен лимон бөліктеріне көз салыңдар. Бүтін алманы қолдарыңа алыңдар. Не сездің? Тегіс пе, әлде бұдыр ма? Оны сезуге қай сезім мүшесі көмектесті? /Тері/
Алма мен лимонның дәмін көр. Қайсысы қышқыл, ал қайсысы тәтті? Дәмін ажыратуға қай сезім мүшесі көмектесті? /Тіл/
-Көзіңді жұмып тұрып алма мен лимонды иіске. Ажырата алдың ба? Олардың иісін ажыратуға қай сезім мүшесі көмектесті? /мұрын/
Өз аттарын жазады қандай түспен боялған? /көз/
Өзіңнің сүйікті түсіңді дауыстап айт.Сенің даусыңды естуге қай мүше көмектеседі? Ол қалай аталады? /құлақ/
-Бүгінгі сабақта иіс сезу, дәм сезу және сипап сезу мүшелері туралы тереңірек оқып білеміз.
Өзіңді тексер.Кестемен жұмыс.
ия
жоқ
білмеймін
Тіл-дәм сезу мүшесі
Құлақ-есту мүшесі
Мұрын-иіс сезу мүшесі
Тері -сипап сезу мүшесі
Көз көру мүшесі
1 т. -Тері, 2 т.-Тіл;
3т.-Мұрын; 4т.-Құлақ және көз туралы мәліметтер және маңыздылығы туралы әңгімелейді.
Критерийлер: Нақтылық,
Мазмұнды,
Маңыздылыығын айту,
Оларды күту ережелері.
Неге оларды сезім мүшелері деп атайды?
-
«Мен бүгін жаңа не нәрсе үйрендім?
1 топ
2 топ
3 топ
4 топ
Бірін- бірі тексереді.
Мәтінді оқып, өзара талқылайды.
Жұп болып талқылайды. Ойларын ортаға салады,
қорытынды жасайды.
Берілген сұрақтарға ойланып жауап береді. Дәлелдейді
Ортаға шығып постерларын қорғайды.
Топтар бірін-бірі берілген критерийлері бойынша бағалайды
Ү.Сергіту сәті (2 мин)
Көңіл күйлерін көтеру үшін топпен би билейді.
Ү. Дәптермен жұмыс
(5 мин)
Сезім мүшелерінің аттарын мен олардың қызметі мен маңызы туралы жаз
Топ ішінде талқылап,сезім мүшелерінің аттарын мен олардың қызметі мен маңызы туралы бос орындарды толтырып жазады.
V. Қорытындылау
(10 мин)
1-топ.«Сезім мүшелеріңді күтіп ұста» ойыны. Бір оқушы сезім мүшесін атайды, екіншісі оны таза ұстау,сақтау ережелерін айтады. Үшіншісі бағалайды
2-топ. Топтастыру стратегиясы.енді осы суреттерді топқа бөліңдер. Неше топқа бөлдіңдер?
3-топ. Жұптастыру, сәйкестендіру стратегиясы. Хатқалтаға салынған сөздердің жұбын табу:
Тері
Құлақ
Тіл
Көз
Мұрын
4 топ.
Блиц-сұрақтар: дұрыс, дұрыс емес деген жауаптар болу керек.
1.Құлақты үшкір заттармен тазалауға бола ма?
2.Теледидарды ұзақ көруге бола ма?
3.Өзің білмейтін өсімдіктерді,сұйық не ұнтақ заттарды иіске дұрыс па?
4.Үстелге қоятын шамның жарығы оң жақтан болу керек пе?
5.Теріні күтіп ұстау керек пе?
Жұппен жұмыс (3 оқушы)
Бір оқушы сезім мүшесін атайды, екіншісі оны таза ұстау,сақтау ережелерін айтады. Үшіншісі бағалайды
Қол мен аяқ,кеуде, бас-адамның денесі, ал көз,құлақ, тері,тіл, мұрын-сезім мүшелері
Сипап сезу мүшесі.
Көру мүшесі
Иіс сезу мүшесі
Дәм сезу мүшесі
Есту мүшесі.
Топтағы бір баланы таңдап, алынады сол бала жауап береді.
Тез-тез жауап қайтарады.
V. Үйге тапсырмасын беру (2мин)
Сезім мүшелерінің маңызы туралы түсінгендерін айту.
«Егер сезім мүшелері болмаса? » эссе жазып келу
VI. Бағалау (3 мин)
- Тұжырым шығару топта кім белсенді болды?
Өлшемді және жиынтық бағалау
Өзін-өзі өлшемді бағалау Бақылаушы топтағы әр бала туралы айтады.
VII. Рефлексия
(2 мин )
Балалар сендердің көңіл күйлерің қандай?
Мен не үйрендім?
Мені не таңғалдырды?
Менің сұрағым бар?
Бас бармақтарын көрсетеді.
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу