7


'ТРИЗ технологиясы' доклад

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелірінің мұғалімдеріне,педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға,педагогикалық процесті кез-келген үлгімен, ті
предварительный просмотр материала


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелірінің мұғалімдеріне,педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға,педагогикалық процесті кез-келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. Осыған сәйкес және оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына сүйене отырып, Генрих Саулович Альтшуллер жасаған ТТШТ (ТРИЗ)технологиясы.

ТТШТ-ның ұраны «Барлығын айтуға болады?»

1946 жылы Г.С Альтшуллер шығармашылық әдіснама бойынша жұмысын бастады. ТТШТ атауы кейінірек 70жылы пайда болады. ТТШТ технологиясын Г.С.Альтшулер ойлап тапқан. Шығармашылық тапсырмаларды орындау теориясы адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамытудың жаңа әдістемесі үшін негіз болып табылады. Шығармашылық мүмкіндіктердің көріне бастауының себебі - балалық кездегі елестету деңгейінің жоғарлығымен, балалардың ойлауын танымдық бағытының дамуымен түсіндіріледі.

Мектепке дейінгі балалық шаққа бейімделген ТТШТ технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауды үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттілікті дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып, шығармашылыққа жүйелі түрде жетелеуге мүмкіндік береді.

ТТШТ және оның принциптері тек техникалық қана емес, сонымен қатар басқа да шығармашылық тапсырмаларды шешуге қолайлы.

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған әдіс-тәсілдер төмендегідей:

· Жүйелік жақындау

Компоненттік, құрылымдық, функционалды және генетикалық жақындаудың элементтер негізінде қоршаған ортаның жүйелік көріністерінің бастауларын қалыптастыру. Бір-бірімен тығыз байланыста болатын бөлімдерден құралған жүйені біртұтас ретінде түсінік беру, объектінің осы шақтағы, өткен шақтағы және келер шақтағы жағдайын бөліп ала отырып, уақыт және кеңістік туралы ұғым беру.

· Каталог әдісі

Балаларды кез-келген таңдалған сөздің белгілерді екінші бір кез-келген басқа кітаптан алған сөзге ауыстыруға үйрету.

· Қарама-қайшылықты шешу әдісі - ұсынылған заттар мен құбылыстарды әр қырынан қарау;

· Сиқырлы объектілер әдісі - балаға таныс объектінің сипаттарын екініші бір объектіге таңып айту, қолдану;

· Салыстыру әдісі - заттар мен объектілердің ұқсастық, ерекшеліктерін анықтау.

Осы әдістерді жүзеге асыру үшін келесі ойындарды қолдануға болады.1-10 дейінгі өткен және өтетін сандарды бекітуде «Не жетпейді?» «Ертегі түстері», «Бейне құрастыр» ойындары кең қолданылады. Балаларға математикалық бойжазарлар, соның ішінде цифрлар туралы да қызықты болады. Мысалы: Мұрны таяқ. Қандай сан?(1) Қай цифры жүйрік? ( 3) Қай сан көтергіш кранға ұқсайды?(7) Оқу жылында балалар заттар қасиетін: түсін, пішінін, өлшемін ажыратуды үйренеді. Ол үшін ұқсас және өзгеше қасиеттерін анықтауға жаттығулардың мәні зор: «Фигуралар несімен ұқсас және қандай айырмашылықтары бар?» «Не өзгергенін анықта?» «Фигураларды аяқта» «Артық затты тап» «Нүктелер жаттығуы»

Бала тілін дамытуда ТТШТ технологиясын қолдану арқылы балалардың түсінігін кеңейтіп, сөздік қорын молайтып, ұғымын байыту мен қатар ойлау белсенділігін арттыру, тілдерін ширатып, өз бетімен жұмыс жүргізуін дамыту мен

сөз таптарын меңгертуі мен өз ойын еркін жеткізеді. Сондай-ақ, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда ТТШТ технологиясын технологиясын қолдану арқылы байланыстыра сөйлеуге, сөздік қорын молайтуды дамыту.

Мектепке дейінгі шақ адамзат өміріндегі ең шешуші кезең болып келеді. Өйткені осы кезеңде баланың бойындағы табиғи бар дарындылықты жан - жақты дами бастайды. Сондықтан да осы шақтағы баламен анағұрлым жан- жақты дамытушылық әрекеттер жүйелі жүргізілсе, соншалықты жұмыс нәтижелі болады. Міне осыған сәйкес жеке тұлғаны дамытуда «Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясы» технологиясын қолданудың маңыздылығы зор.

ТТШТ авторы Г.С.Альтшуллер. Ол адам техникалық проблемаларды шешу әдісін жасап шығарған. ТТШТ-ны ұзақ қолданса, өнертапқыш баланың ойлау қабілетін жетілдіреді. Кейбір психологтар шығармашылықты былай деп бағалайды: ол яғни,алғырлық, білімпаздық, жүйелілік, тұп нұсқалық. Ал тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясының мақсаты - ойлау стилін жетілдіру, ереже қылу.

Яғни адамның өмірге деген көзқарасынан шығармашылық туындайды, ол өмірдегі өзгерістерді, дамуды қабылдауына байланысты болады. Баланың шығармашылық потенциалының тұлға ретінде даму мәселелері білім мақсатының біріне жатады.

Балалардың шығармашылық қабілеттерінің дамуы түрлі бағыттағы қызметті болжайды. Бұл жұмыс баламен педагогтың бірлескен шығармашылық саласын және құрдастарымен араласуды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар ТТШТ - ақылдылардың, құрастырушылардың, ізденушілердің символы, яғни балалардың қаншалықты абстрактылы ойлауын, қиялдауымен бақылағыштығын, зейіндерін ертерек дамытудың жолы. Ал, бүгінгі күні мен осы Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясы арқылы мектепке дейінгі балалардың тілдік құзіреттіліктерін дамыту арттыру жолын қарастыруды жөн көріп отырмын. Бұл теорияның тілдік қабілеттілерді дамытудағы өте бір маңызды орынды алатыны айқынды.

Тақырыптың өзектілігі:

Бала тілін дамытуда ТТШТ технологиясын қолдану аса маңызды, жүйелі пайдалана білген әрбір тәрбиеші баланың санасын арттыра отыра, түсінігін кеңейтіп, сөздік қорын молайтып, ұғымын байытады.сонымен қатар баланың ойлау белсенділігі артады, тілдері ширап, өз бетімен жұмыс түрі дамиды, сөз таптарын меңгереді, өз ойын еркін жеткізеді.

Жұмыстың мақсаты:

Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда ТТШТ технологиясын қолдану арқылы байланыстыра сөйлеуге, сөздік қорын молайтуды дамыту.

Жұмыстың міндеттері:

- Жан - жақты шығармашылық дамуын қамтамасыз ету және білім беру тәрбиесін құру;

- Өзге адамдарға деген сүйіспеншілік және силау қасиеттерімен, төзімділікке тәрбиелеу;

- Ұлттық мәдениетке, ұлттық шығармашылыққа, салт - дәстүрге деген қызығушылық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Мақсатқа жету жолдары:

1. Ойын түрлерін жүйелеу

2. Бағдарламаны құрастырып, тудыру

Педагогтың міндеті:

- Баланың ойлауын, шығармашылығын жүзеге асыру

- Жеке тұлға дамуында заманауи инновациялық әдістерін қолдану

- Балаларды адамгершілікке, байқағыштыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу


Дарындылық - ол балалық шақтан бастап шығармашылық қабілеті артылған және мәселелерді шешу, қоршаған ортаға ерекше көзқараспен қарайтын тұлға.

Шығармашылық - ол бала өз бетінше жаңа бір бейне құрумен сипатталады, яғни іс - әрекеттің қандай түрінде болсын жаңалық ашу арқылы, өзіндік және даралық дамудың бір көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі.

Ең маңыздысы - балалардың қиялдау, бейімделу, қозғалу, жүйелеу, диалектикалық ойлау қабілеттері дамып, екінші жағынан іздену белсенділіктері, жаңалыққа талпынуы, сөйлеуі, қиялдау қабілеттері жетіледі.

Қорыта айтқанда заманымыздың болашағы - жас ұрпақтың ой - өрісін жоғарлату, тілдік, шығармашылық, әлеуметтік, таным және денсаулық құзіреттіліктерін арттыру, рухани байлығын, тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясының негізгі түсініктерімен таныстыру, проблемалық жағдайдан шығу жолын іздеуде алған білімдерін қолдануға үйрету, әрбір тәрбиешінің міндеті деп ойлаймын.

Қолданылғын әдебиеттер:

1. «Солнышко» С.В. Железнова, Н.Р.Богомолова

2. Программа развития, обучения, и воспитания детей дошкольного возраста на

основе ТРИЗ иРТВ. Г. Обнинск 1997

3. Г.С.Альтшуллер Найти идею. Новосибирск Наука, 1986г

4. Триз для детского сада В.А. Ломова

Тақырыбы: Қоянның дене мүшесін айтып сипаттап беру

Мақсаты:байланыстырып сөйлеуге үйрету.

  1. Түстер арқылы кейіпкердің мінезін көңіл-күйін жеткізуі.

  2. Шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.

  3. Орманға деген қамқорлыққа тәрбиелеу.

Көркемділігі: үлгі суреттер, ТТШТ технологиясы (елестету), жұмбақ, қоян.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс әрекеті

Баланың әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Балалар шеңберге тұрып қол ұстасады, бір -біріне жылы мейірімді жүзбен қарап

І.Жұмбақ жасыру: Далада жүр шапқылап

Өзі сондай саққұлақ?

Тәрбиеші:-Ол не балалар?

(Қоянның келуі)

ІІ. Топқа бөліну.

І. Топ - «Сәбіздер»

ІІ. Топ - « Қояндар»

І.топ:Балалар қоянның түсі қыста қалай өзгереді?

Балалар ол ақ түсімен неге ұқсайды?

Ал егер қоян түсін өзгертпесе не болуы мүмкін?

ІІ.Ойын: «Сипатта»

Мақсаты: қоянның дене мүшесін айтып сипаттап беру:

Қоянның құлағы қандай?

Қоянның құйрығы қандай?

Көзі кандай?

ІІІ. Ойын: «Жаңылма»

Мақсаты: қапшықтағы көкөністерді дұрыстап беру.

-Сәбіз қандай?

-Қызанақ қандай?

-Қызылша?

-Қияр қандай?

Ал балалар демалып , бойымызды сергітіп алайық

қоян

- Қоян ақ түсті болады.

-Қарға ұқсайды

Қоянды түлкі немесе қасқыр тез тауып алып жеп қояды .

Ол қарда тығылады.

Құлағы ұзын

Құйрығы қысқа


Көзі қитар.

Ұзын , тоқсары

Домалақ , қызыл

Қызыл домалақ

Жасыл ,сопақша

Сергіту сәті:

Сұр қояным отырды

Сұр қояным құлағын қозғалтты

Былай , былай қозғалтты

Тонып қалды қояным

Сондықтан ол секірді

Қоянды біреу үркітті

Қоян қашып үлгерді

Балалар қоян, бірдемеден қорқып тұрған секілді.

Менің құлағыма сыбырлап айтып жатыр. Қоянның күнделікті өмір сүретін орманы сиқырлы болып өзгеріп кетті.

Қоянмен бірге барып, сиқырлы орманды бізде көрейік.

Төрт жол бағыты 1.қара

2.сұр жол

3.қызыл

4.жасыл

Балалар қарандаршы орман қандай болып кетті?

-Қара.

-Ондай орманды қандай дейміз? (Қорқынышты, қараңғы, қатал)

Ш-ш-ш (имитация)

-Ал қоянның өзі ол орманда өзгеріп қандай болады?

-Қоян қатайып, қатал болып кетті. Қабағын қалай түйеді?(имитация)

-Ондай қатал болған қоянға ұнай ма?

-Балалар көзімізді жұмайық бұл орманнан шығайық.

2 жолға түсу,(сұр жол)

Орманның түсі енді қандай болды?

-Ол орманды қандай деуге болады?

Айналада жаңбыр жауып тұр.


-қоянның үсті су болып дір дір етеді.


-Олай болса ары қарай жүріп көрейік.

Бұл қандай жол?

-Балалар ол орманға не болды?

-Ондай орманды қандай дейміз? (үрейлі, қорқынышты,ыстық)

-Қоян орманда қалай өзін сезінеді?

Қоянға ондай үрейлі орман ұнай ма?

Ендеше тезірек ол орманнан қоянды алайық.

(4 жол жасыл)

-Балалар орманның түсі қалай өзгереді?

(қуанышты, көңілді орман)

-Қоян ол орманда қандай болады?

Қоянға көңілді болған ұнай ма?

(көңілді қоянның қимылын келтіру.балалар орманда тағы қандай аңдарды кездестіруге болады?)

  1. Ойын: « Үлкен-кіші»

Мақсаты : антоним сөздерін айта білу;

Кірпінің аяғы кішкентай...

Кірпінің тұмсығы кішкентай...

Кірпінің көздері кішкентай...

Кірпінің басы кішкентай...

Сонымен балалар біз бүгін не істедік?

Қандай аңға көмектестік?

Қоянға қай орман ұнады деп ойлайсыңдар?

Рахмет балалар, ойынды жақсы ойнадыңдар.

Балалар имитация жасап, бойларын сергітеді.


-Ағаштарда қатал болып шуылдайды.

-Жоқ ол көңілсіз, оған ұнамайды.

-Орман сұрланып кетті.

Бұлтты, күні, жаңбыр жауғанда. (балалар саусақтарымен келтіреді)

(қоянның дірілдегенің көрсетеді)

-Қызыл.

-Орман жанып жатқанда қызыл болады.

(қорқып тұрған қоянды келтіреді)

-Жоқ, ұнамайды,ондай орманда ол жанып кетуі мүмкін.



Орман жап- жасыл болып кетіпті

(көңілді,ерке)

Ия ұнайды

(түлкі, қасқыр .аю,кірпі)


ал аюдың аяғы үлкен.

ал аюдың тұмсығы үлкен.

ал аюдың көздері үлкен.

ал аюдың басы үлкен.


қоянға

жасыл орман ұнады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал