- Учителю
- Конспект вне классного мероприятия «Мен әдепті боламын» (1 класс)
Конспект вне классного мероприятия «Мен әдепті боламын» (1 класс)
Тақырыбы: «Мен әдепті боламын»
Мақсаты: Адам бойындағы жақсы және жаман қасеиттерді ажырата білуге үйрету, әдептілік қасиеттерді оқушы бойына сіңіру, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру, әдептілікке, кішіпейілдікке, адамдармен қарым-қатынас жасай білуге, үлкенді сыйлауға үйрету.
Мұғалім. Бүгінгі саяхат ойын түрінде өтедІ. Ойын: «Жалғыстыр».
- Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.
- Құстарды атуға болмайды.
- Сабақтан кешігуге болмайды.
Не істеу керек?
- Үлкенді сыйлау керек.
- Үлкендерге сәлем беру керек.
- Оқу құралдарын күтіп ұстау керек.
Көрініс: «Әже мен қыз бала». (Әже мен қыз баланың сәлемдесу көрінісі.)
Қыз. Армысыз әже?
Әже. Бар бол, балам.
Қыз. Үй іші, бала-шағаңыз аман ба?
Әже. Тәңірге тәуба, барлығы күйлі-қуатты, аман-есен.
Қыз. Өзіңе де Алланың нұры жаусын, балам!
Сандық ішінен сұрақтар оқылады.
Мұғалім. Біздің аталарымыз өз ойын тұжырымдап, ой қорытындысын мақал-мәтел арқылы жеткізген.
Сұрақ. Әдептілік туралы мақал-мәтелдер.
4-оқушы. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
5-оқушы. Әдепті бала жол сілтейді,
Әдепсіз бала қол сілтейді.
6-оқушы. Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергені.
Сұрақ. Әдепті бала қандай болу керек?
Оқушылар бұл сұраққа жауап ретінде ақындардың әдептілік туралы өлең шумақтарын оқыды.
Сұрақ. Әдептілік, жақсы қасиеттердіқайдан үйренуге болады?
Оқушылар:
- мақал-мәтелдерден;
- кітаптан;
- нақыл сөздерден;
- мектептен;
- ата-анадан;
- жақсы адамнан;
- газеттен;
- журналдан, т.б.
Сергіту. Ойын: «Бір-бірінің жақсы қылықтарын айтып, мақтау». «Сиқырлы бор».
Бір-біріне бере отырып жағымды сөздер айту (Сауле , сенің даусың қандай керемет!Раушан , сен сондай ақкөңіл мінезің ұнайды,Зура , сен сондай салмақтысың, т.б.).
Бұл ойын баланың мінез-құлқын эмоция арқылы танып білуін көздейді.
Сөзжұмбақ шешу «Әдеп»
Ә Жаман адам қайдан пайда болады? Сабақ оқымайтын, ата-анасын, ұстазын тыңдамайтын, еріншек, жалқау, жаман қылықтар жасайтын балалардан шығады.
Д Олар не бүлдіруі мүмкін? Олар ұрлық жасайды. Үлкендерді сыйламайды, кішілерді жылатады, жазықсыз адамдарды ренжітеді, табиғатты бүлдіреді.
Е Сендер қандай адам болғыларың келеді? Біз әдепті жақсы адамдар болғымыз келеді.
П Сендерге жақсы адам бол, еңбек етсең, әдепті болсаң сыйлы, жақсы адам боласың деп кімдер ақыл айтады?
- Әке-шешеміз, мұғаліміміз, туыстарымыз, үлкендер, жақындарымыз, достарымыз.
- Міне, әдеп сөзінің мағынасын түсіндік пе? Осы сөз сендерге ұнай ма? Бұл сөзді сендерге сыйлаймын, ешқашан жоғалтын алмаңдар.
Тәрбие соңында «Балалық шақтың бекеті» әні орындалады.
«Московский орта мектебі»ММ
Ойын: «Жалғастыр»
Өткізген: Санай К.
Бекишева Г .
Аквар Г
2014ж