- Учителю
- Разработка Әліппе 'Т дыбысы мен әрпі'
Разработка Әліппе 'Т дыбысы мен әрпі'
Автор публикации: Таукебаева Р.М.
Дата публикации: 10.10.2015
Краткое описание:
предварительный просмотр материала
Сабақтың атауы | Т дыбысы мен әрпі |
Мақсаты | : Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. 2) Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын молайту, қызығушылығын, белсенділігін дамыту, сауатты жазуға баулу. 3) Тәрбиелік: Әдептілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу Сабақтың көрнекілігі: әліпби,суреттер, текшелер, торсық, торғайдың суреті. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын, түсіндіру
|
Күтілетін нәтиже |
Орындалатын жұмыстар | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
+Психологиялық ахуал | Қуан, шаттан, алақай! Қуанышты күн келді. Күліп шықты күн бүгін. Қайырлы таң, Қайырлы күн Балақай! | Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
Қызығушылықты ояту | А қандай дыбыс? А) дауысты, б) дауыссыз А а дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? А) ортасында Ә) басында Б) барлық буында Мысал Ай, тай, Дала Жаңа сабақ: Жұмбақ жасыру: Өзі айлакер, өзі бір қу, Жүрген жері айғай да шу. /түлкі/ 1. Кеспе әріптен өткен дыбыстарды тауып, текшеге тізу. а) ас - осы буынға "т" дыбысын қосу арқылы сөз құрату "тас".
| Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі. |
Мағынаны тану | - Ненің суреті? Не байқадыңдар? - Тау. - "Тау" сөзінің басында қандай дыбыс естіледі? Тт - дауыссыз дыбыс. Сондықтан әліпби көк түспен белгіленеді. а) Кеспе әріптен "т" дыбысын тауып, өткен дыбыстарды қосу арқылы буын, сөз құрғызу. -та; -то; -ту; -ти. ә) тай, тас, тос, тон т. б. 4. Ойын: "Т" дыбысын тап. АӘБИТШЗТНКД 5 Дәптермен жұмыс. Әдемі, сауатты орындату а)Т әрпінің баспа түрімен таныстыра отырып, қолдарын жазуға даярлау: ә) Т әрпін ayада жазу. б) Т әрпін қолымен үстінен бастыру. в) Т әрпін жаздыру. 6. Торсықпен жұмыс. а) "Тор-сық" буынға бөлгізу. ә) Дыбысын тапқызу. б) Торсықтың қасиетімен таныстыру. 7. Торғайдың суретін көрсету: Тіл дамыту Торғай, торғай, торғайсың, Таяу келіп қонғайсың. Жем шашайын тойып-ал, Сонда аязға тоңбайсың. а) Торғайдың суреті арқылы қасиетін түсіндіру. ә) Торғай қалай ұшады? б) Қанатын қалай сермейді? |
Сергіту сәті | Шаршасаңдар, балалар, Қолдарыңды созыңдар. Саусақтармен ойнаңдар, Қолдарыңды сермеңдер. Денелерiң шынықсын, Саналарың тынықсын. | Ой сергітеді,шаршағандары басылады |
Ой толғаныс | 1) Көз жұма отырып т дыбысын жаздырту 2) Тіл ұстарту. Жаңылтпаш, өлең жаттап айтқызу 3) Ермексаздан т дыбысын жасау Балаларға: тақия, торсық,тостаған сөздерін анық және дұрыс айтқызу. Топпен жұмыс 1 топ: Торғайдың суретін салады 2 топ: Т дыбысыта байланысты жанылпаштар тақпақтар айтқызу 3 топ: Т дыбысы бар сөздер айтқызу. |
Үйге тапсырма | Әріпті айтып,жаттығу | Күнделіктеріне жазып беремін |
Бағалау |
| Бағалау парақшасын толтырады. |
Кері байланыс | | Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |