7


  • Учителю
  • Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға көмектес септігі туралы білім беру. Зат есімнің септелуі туралы түсініктерін кеңейту, жаттығулар, ойындар арқылы септік жалғаулары мен сұрақтарын пысықтау. Дамытушылық: бірнеше тапсырмалар жүйесі арқылы ойлау, есте

Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға көмектес септігі туралы білім беру. Зат есімнің септелуі туралы түсініктерін кеңейту, жаттығулар, ойындар арқылы септік жалғаулары мен сұрақтарын пысықтау. Дамытушылық: бірнеше тапсырмалар жүйесі арқылы ойлау, есте

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін: М. Жақсылықов

Күні: 20.01.2015ж

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 4

Сабақтың тақырыбы: Көмектес септік

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға көмектес септігі туралы білім беру. Зат есімнің септелуі туралы түсініктерін кеңейту, жаттығулар, ойындар арқылы септік жалғаулары мен сұрақтарын пысықтау.

Дамытушылық: бірнеше тапсырмалар жүйесі арқылы ойлау, есте сақтау, танымдық қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайту. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру және пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: сауатты, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру. Мәдениетті сөйлей білуге, тапқырлыққа, алғырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың технологиясы: Ойын технологиясы, ДОТ элементтері

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, жаттығу, кестемен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі.

Көрнекілігі: оқулық, интераактивті тақта, (ребус, кестелер, тапсырма суреттері).

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлеу.

  • Балалар, біз бүгін қазақ тілі ауылына барамыз. Ол жерде барлық заттың атауын білдіретін сөздердің басын қосып, олардың қалай аталатынын айтып, қай жерде жүретініне басшылық жасап, жол көрсетіп, ақыл айтып отырған ақылгөй дана болыпты. Оны «септіктердің данасы» деп атапты. Ауылдың адамдарының бәрі сол данадан ақыл - кеңес сұрапты.

Бірде ешқандай баласы жоқ кедей, сол данаға барып перзент сүйгісі келетінін айтады. Сонда қария батасын беріп тұрып, - «Үш күннен соң түс көресің, жеті мүшеңе жеті құт берем» - дейді. Сөйтсе, жеті құт дегені жеті перзент екен. Көп күндер, айлар өтіп, кедейдің әйелі жеті ұл табады. Енді оларға қалайша ат қойсам екен деп, қайтадан данаға келіп ақыл сұрайды. Сонда қария:

  • Тұңғышыңның атын Атау деп қой, аты аталып, даңқы жер жарсын.

Одан кейінгісін Ілік деп қой, інілерін ілестіріп қиын кезде тастамасын.

Содан кейінгісін барыстай ер жүрек болсын деген ниетпен Барыс деп қой.

Содан кейінгісін көп білім, оқу іздеп, іздегені табылып табысқа жетсін деген ниетпен Табыс деп қой.

Одан кейінгісін жатып ішер жалқау болмай, еңбек етсін деп Жатыс қой.

Төрт дүниеміз тең болсын, шығысымыз батыс болсын деп Шығыс қой.

Соңғысы барлық ағаларына көмекші болсын деп Көмектес қой, - деген екен...

Жаңа сабақтың тақырыбын анықтау үшін математика сабағымен байланыстыра отырып, «Ойлан тап» көбейту кестесінің сырын ашып көрейік.

7*8═56 8*6═48 8*8═64 9*8═72

6*5═30 9*6═54 7*5═35 6*7═42

42-К

30-Ө

56-Е

72-С

48-Т

42-К

56-Е

54-М



35-І

48-Т

64-П

56-Е

72-С

42-К

  • Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы, яғни кедейдің соңғы баласы - КӨМЕКТЕС СЕПТІК.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасы «Тиістісін қой» ойыны бойынша тексеріледі.

74 - жаттығу.

күн

Өз отаным - маған ____________,

басқаны

Мен _____________ ұқпаймын.

анамның

Әкем менен _________________

Айтқанынан шықпаймын!

анамның

күн

басқаны



ІІІ. Өткен тақырыптарды еске түсіру, пысықтау.

  • Балалар, септік жалғаулары деп нені айтамыз?

  • Сөйлемдегі сөздерді бір - бірімен байланыстыру үшін жалғанатын жалғауларды айтамыз.

  • Ал, зат есімнің септелуі дегеніміз не?

  • Зат есімнің септік жалғаулары арқылы өзгеруі.

  • Дұрыс айтасыңдар, ендеше қазақ тілінде неше септік бар еді?

  • 7.

  • Біз олардың нешеуімен таныстық?

  • 6.

  • Ендеше, сол өткен алты септікті есімізге түсірейік.

Септіктердің аты

Сұрақтары

Жалғаулары

1.

Атау септік

Кім? Не? Кімдер? Нелер?


2.

Ілік септік

Кімнің? Ненің? Кімдердің? Нелердің?

-ның, - нің, - дың, - дің, - тың, - тің

3.

Барыс септік

Кімге? Неге? Кімдерге? Нелерге? Қайда?

-ға, - ге, - қа, -ке

4.

Табыс септік

Кімді? Нені? Кімдерді? Нелерді?

-ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті

5.

Жатыс септік

Кімде? Неде? Кімдерде? Енлерде? Қайда?

-да, - де, -та, -те

6.

Шығыс септік

Кімнен? Кімдерден? Неден? Нелерден? Қайдан?

-нан, - нен, - дан, - ден, -тан, -тен

7.

Көмектес септік

ІҮ. Жаңа сабақ.

  1. Жаңа материалды түсіндіру.

Мысалы: Жансая анасымен кіммен? базарға барды. Ермек қарындашпеннемен? сурет салғанды ұнатады. Кішкентай Мақсат қоңызбеннемен? қорықпай ойнады.

Көмектес септігі атау септікке -мен, -бен, -пен жалғаулары жалғану арқылы жасалады. Бұл жалғауларды көмектес септік жалғаулары деп атайды.

Көмектес септіктегі зат есімдер кіммен? немен? кімдермен? нелермен? деген сұрақтарға жауап береді.

  • Жұмбақ жасыру

Отпен кіріп,

Күлмен шығып,

Көрген емес

Белін бүгіп. (Көсеу)

  1. Дәптермен жұмыс.

а) Дәптерге күннің ретін және жаңа сабақ тақырыбын көркем етіп жазу.

  1. Оқулықпен жұмыс.

80 - жаттығу.

  • Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Қай септіктің сұрағы екенін анықта.

Атасы Бекзатпенкіммен? ұзақ әңгімелесті. Нағашы әжемнің үйіне пойызбеннемен? бардық. Сәкен шалғыменнемен? шөп шапты.

  1. Суретпен жұмыс.

81 - жаттығу.

  • Берілген суретке байланысты мақалды тап. Мақалдарды жатқа жаз. Мақалдардың мағынасын түсіндір. Немен? сұрағына жауап беретін сөздерді тауып жалғауларды тиісті белгімен белгіле.

  1. Оқу -- құдық қазғандай.



  1. ойнама -- батарсың.



ойнама -- күйерсің.



  1. Ойын: «Адасқан сөздер».

82 - жаттығу.

  • Адасқан сөздерді өз орындарына қойып сөйлем құра. Сөйлем ішінен көмектес септікті тауып, қай сұраққа жауап беретіндігін айт.

Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық. Хат Астанамен келіпті. Асыл Жанармен сөйлесті. Отпен ойнауға болмайды.

Сергіту сәті

Зат есім 7 түрге септеледі.

Бір - бірімен шатастырып алып жүрме.

Жалғанатын жалғаулары сан түрлі ғой,

Жатта соны, ойнап күлме, босқа жүрме.

Атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес,

Жаттап алсаң балақай, зат есімді септе тез.

  1. Ойын: «Кім шапшаң?».

Тақтаға зат есім сөз жазылған екі парақ ілінеді. Екі қатардан бір - бір оқушыдан шығып, тақтада өзіне берілген парақтағы зат есімді жылдам әрі қатесіз 7 септік бойынша септеп беруі керек.



Септіктердің аты

Қобыз

Атау септік

қобыз

Ілік септік

қобыздың

Барыс септік

қобызға

Табыс септік

қобызды

Жатыс септік

қобызда

Шығыс септік

қобыздан

Көмектес септік

қобызбен

Септіктердің аты

Әнші

Атау септік

әнші

Ілік септік

әншінің

Барыс септік

әншіге

Табыс септік

әншіні

Жатыс септік

әншіде

Шығыс септік

әншіден

Көмектес септік

әншімен


84 - жаттығу.

  • Мәтінді түсініп оқы. Мәтінге ат қой. Көмектес септікте тұрған сөзді тауып, өз пікіріңді сызбаны пайдалану арқылы дәлелде.

Аралдың пайда болуы

Құрлықтың айнала сумен қоршалған бөлігі арал деп аталады. Бір - біріне жақын жатқан аралдар тобы аралдар семьясын құрайды. Оны архипелаг дейді.

Теңіз толқындары жүздеген жыл бойы жағаны шайып бұзады, одан құрлықтың белгілі бір өңірін бөледі. Әуелі әлгі жер бөлігі материкпен жңішке мойнақ арқылы жалғасып жатқан болады да, түбек деп аталады. Бірте - бірте мойнақты су бұзғаннан кейін арал пайда болады.

немен? сұрағына жауап береді

Бұл - көмектес септіктегі сөз, өйткені

толықтауыш қызметін атқарады

85 - жаттығу.

'''''

,,,

'

,,Екі оқушыға бір ребус таратылады. Бір оқушы ребусты шешіп, қай сөз табына жататынын анықтаса, екінші оқушы оған көмектес септігінің жалғауын жалғап сөйлем құрайды.

  1. Еңбек - Еңбекпен тапқан нан тәтті болады.

,,

,

'

''

'

'''

,

,,,Арыстан - Ормандағы аңдар арыстанмен дос болды.

'

'

'



,,,,

,Ораз - Арман Оразбен бірге тауға барды.

'

  1. Кітап - Ермек кітаппен дос болғанды ұнатады.



Ү. Сабақты бекіту, қорытындылау.

Әр оқушыға жеке - жеке семантикалық карта таратылады. Оқушылар өз бетімен орындайды. Тапсырма соңында тақтаға жауабы шығады. Сол жауап бойынша өз орындарында отырып, тексеріп мұғалімге береді.

  1. Семантикалық картамен жұмыс.

Мысалдар



Септіктер

Атау

Ілік

Барыс

Табыс

Жатыс

Шығыс

Көмектес

Орманда





+



Шебердің


+






Оқулықты




+




Білім

+







Атырауға



+





Пойызбен







+

Аспаннан






+




ҮІ. Сабақты бағалау.

Сабақ төмендегідей бағалау фишкаларымен бағаланады.

Күн - «5»

Қар - «4»

Жаңбыр - «3»

Сабақ арасында алған барлық фишкалары есептелініп, сабақ соңындағы қорытынды бағасы шығады.

ҮІІ. Үйге тапсырма.

83 - жаттығу.

  • Сөйлемдерді көшіріп жаз.

  • Сөйлем мүшесіне талда.

  • Көмектес септікегі сөздер сөйлемнің қандай мүшесі болып тұрғанын анықта.



Септіктердің аты

Әнші

Атау септік


Ілік септік


Барыс септік


Табыс септік


Жатыс септік


Шығыс септік


Көмектес септік

Мысалдар



Септіктер

Атау

Ілік

Барыс

Табыс

Жатыс

Шығыс

Көмектес

Орманда








Шебердің








Оқулықты








Білім








Атырауға








Пойызбен








Аспаннан








Мысалдар



Септіктер

Атау

Ілік

Барыс

Табыс

Жатыс

Шығыс

Көмектес

Орманда








Шебердің








Оқулықты








Білім








Атырауға








Пойызбен








Аспаннан










 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал