7


ҚМЖ 'Астана –бас қала. ' (

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы «3а»

Пәні: Әдебиеттік оқу

Мұғалімі: Каримова.Ш.Е.

Сабақтың тақырыбы:

Астана -бас қала.

Мақсаты:


Астана қаласы туралы оқушылардың түсініктерін кеңейту; Астана қаласының тарихы туралы мәлімет беру, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту; отансүйгіштікке,өз елінің дамуына үлес қосуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:


1.Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын топта талдайды, мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмалармен жұмыстанады.

2. Сыни ойлауға, еркін сөйлеуге , өз пікірін дәлелдеуге үйренеді.

3. Топтық әрекетте диалогтік тәсілді пайдалана отырып, әңгімелеп айтуға, сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлануға үйренеді.

Сабақтың түрі, әдісі:

Жаңа білімді хабарлау, топпен, жұмыс, ОүБжОБ;ОБжК;ОмОЖТ; ЖЕСОмО; СТО, диалогтік оқыту, АКТ электрондық оқулық, ТЖДБО; эссе жазу,ИНСЕРТ әд.

Керекті жабдықтар:

Ресурстар, маркерлер, стикерлер, автор туралы мәлімет, интербелсенді тақта;

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе




Психологиялық дайындық

Күлім қағып қолымды,

1,2,3 деп соғайын .

Қарап тұрған көршіме ,

Қолымды мен бұлғайын.

Ыстық алақаныммен қолыңды бер қысайын.

Қайырлы таң достым,қайырлы күн болсын.

Аптаның әр күні сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз, кілең бестік болсын.

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Шеңберде тұрып өлең жолдарын айтады, бір-біріне жақсы тілектер тілейді.

Қима қағадар арқылы үш топқа бөлінеді.

Топ басшылары сайланып , топ ережесін сақтайды.

Бүгінгі біздің келісім шартымыз,

Бір-бірімізді тыңдаймыз,

Басқаның пікірін сыйлаймыз.

Тақырып көлемінде сөйлеп,

Бір жауапты қайталамаймыз,

Уақытты әрқашан бағалаймыз.

Тұсаукесер


Тест сұрақтары арқылы өткен сабақты қорытындылау.

-Бүгінгі сабақта жаңа бөлімді бастаймыз,Туған елім, туған жерім деп аталады.

Астана қаласы туралы бейнежазба көрсетіледі.

-оқушылар бейнежазбадан не түйдік, не түсіндік?

(жауаптарды тыңдау, толықтыру)

Бәйтерек Астана пирамида

Есіл өзені бойында Президент сарайы

Парламент үйі

1998ж.Астана қаласы

Президенттік мәдени орталық Конгресс-холл

Л.Н.Гумилев атындағы Евразия университеті т.б.ғажап құрылыстар бой түзеген.

Оқушылар ойланып,сұрақтарға жауап беріп, дәптерге дұрыс жауаптарды белгілейді.



Астана қаласы туралы білетіндерін әңгімелейді.



Интербелсенді тақтаға Астана сөзін топтастырады.

Негізгі бөлім


Оқушылар өз беттерімен мәтінді түсініп оқып, топта талдайды.

Қосымша мәлімет:

Қазақстанның тарихи даму барысында бірнеше қала Астана қызметін атқарған. 1920-1924 жылдары Орынбор қаласы,1924-1928жылдары Қызылорда,1928 жылдан Ақмола астана болғанша Алматы осы міндетті атқарды.

Ақмола қаласы 50-жылдардың ортасында тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде дами бастаған солтүстік облыс орталықтарының бірі болды.1996ж.6-шілдеде астананы Алматыдан Ақмолаға көшіруге шешім қабылданды. 1997жылы 10-желтоқсаннан бастап Ақмола Қазақстанның астанасы болып ресми түрде жарияланды. Ал 1998жылы 6-мамырда Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998жылы 10-маусымда ресми түрде жаңа астананың тұсау кесер тойы болып өтті.

Сөздік жұмыс: ЮНЕСКО-Білім беру ғылым және мәдениет жөніндегі арнайы ұйым.1946жылы Париж қаласында құрылған; Конгрес холл-ағылшын тілінен аударғанда жиналыс бөлмесі; Пирамида-тастан салынған Мысыр перғауындарының мазары; руда-кен;

Оқушыларға жеке орындауға тапсырмалар беріп, жұмыстануларын қадағалаймын.

Аяқталған жұмыстарды тексеріп, формативті бағалаудың «қол шапалақтау» түрі арқылы бағалау.



Мәтін мазмұны бойынша барлық топ оқушылары постер қорғайды.

Топтар бірін-бірі формативті бағалайды.

1-топ:Қол шапалақтау арқылы

2-топ: Смайликтер арқылы

3-топ:Қол белгілері арқылы

Жұптық жұмыс: Мәтіннен Қазақстанның тауларын, көлдерін, кен байлықтары мен атақты адамдарын дәптерге жазады.

Деңгейлік тапсырма

А: Қазақстанның табиғаты туралы не айтасың?

В:Мәтіндегі негізгі сөзді пайдаланып, Бес жолды өлең құрастырып жаз.

С:Ойпат, өзек, ылғал, алып, қойнау сөздеріне мағынасы жуық сөздер ойлап жаз.

Өз бетіңше талдау жаса, қорытынды пікіріңді айт.





Қорытынды




-Бүгінгі сабақта не үйрендің? Қандай тапсырманы орындау сен үшін қиын болды?

«Иә» және «жоқ» тест арқылы сабақты қорытындылау.

Оқушыларды формативті бағалаудың «уәж айту» түрі арқылы бағалау, мадақтау, ынталандыру.

Үйге: Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын әңгімелеу ,Астана қаласы туралы қосымша мәліметтер жинау ұсынылады.

Рефлексия.

Бағдаршам түстері арқылы сабақты қорытындылау, бағалау парағына өзін-өзі бағалайды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал