- Учителю
- Мен жане коршаган орта
Мен жане коршаган орта
Сабақтың тақырыбы: Мен және мені қоршаған орта
Мақсаты: 1) Жан-жақты даму мақсатында талаптануға төзімді болуға
үйрету
2) Дарындылыққа еліктеуге, қоғамдық тәртіпті сыйлауға және оған
бағынуға үйрету
3) Жіберген кемшіліктерін түсінуге, мен деген көзқарасын тәрбиелей
отырып, біз деген көпшілікпен қарым-қатынасын қалыптастыру
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, ұлағатты сөздер
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі:тренинг, баяндау, пікірталас
Сабақтың барысы: І. Өскің келсе өзіңді таны.Кіріспе
ХХІ ғасыр Бейбітшілік пен Адамгершілік жүзжылдығы болу керек
делінген ҚР Прарламентінің қаулысында. Бұл-жаңа ғасыр белесінде
жаңа өмір салты бойынша өмір сүру керек деген сөз, немесе рухани
бай болу керек. Ал руханилықтың өлшемі-адамгершілік, мәні-өмір
сүру, шегі адамдық қалыпқа жету, нәтижесі-жеке тұлға.
Жеке тұлға ортамен қарым-қатынаста болады. Қанша адам болса сонша
мінез бар. Көп нәрсе тіпті керек десең адамның тағдыры да мкейде
мінезге тікелей байланысты. Мінезі қиын адамдармен бірге қатар
жүру, қызмет істеу, өмір сүру ауыр сын. Мінезді әуелі табиғат
береді, кейбір мінез ата-тегінен, тұқым қуалап та келеді. Кейде ол
әрі қарй жетіледі, яғни түзеледі. Немесе азаяды. «Адамның мінезін
түзетуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім» дейтін Абай
атамыздың ұлағатты сөзін еске алайық. Ешкімде адамдармен қарым
қатынас жасамай өмір сүре алмайды. Қарым -қатынас кезінде
адамдардың мінезі көрінеді. Шамаң келгенше сергек, сақ жүріп, жел
жағынан келмеуге тырысу керек.. қай адамға да неғұрлым ілтипат
білдіріп, құрметпен қарасаң, ол да саған оң мінез көрсетеді.
Адамның мінез құлқы қалыптаса келе қасиетке айналады. Адалдық, қарапайымдылық, шыдамдылық, қайырымдылық, әдептілік, байсалдылық, өжеттілік, қайсарлық, табандылық, тұрақтылық, еңбексүйгіштік, намысқойлық, жанқиярлық, мәрттік, жомартық, ізденімпаздық, сергектік, сезімталдық сияқты жақсы қасиеттер, керісінше зорлықшылдық, көрсеқызарлық, өктемдік, менмендік, өзімшілдік, сараңдық, іштарлық, бәтуасыздық, өтірікшілдік, залымдық, жағымпаздық, арсыздық, екіжүзділік, зұлымдық, қатыгездік, өшпенділік, жауыздық дегендей қасиеттер бар. Өзін-өзі тәрбиелеу жұмысын дамыту үшін ,әр адам өзінің түрлі қасиеттері мен қылықтарын талдай алатын, қоғамен ұжым қоятын талаптарды ескере отырып, бұларға сын көзбен қарай алатындай қабілетке ие болуы тиіс... Әлеуметтік тұрғыдан кәмелетке толған адам өз кемшіліктерін,жеке басының мәдениетінің төмендігін,тәрбиесінің нашарлығын,мұндағы барлық жауапкершілікті мұғалім мен ата-анаға үйіп-төгіп,өзін судан таза етіп көрсетуге хақысы жоқ.Әр адам жан дүниесі даму жолының күрделі соқпақтарынан өзі дербес өтіп,өзін-өзі тәрбиелеуі тиіс.Кім жақын адамдарына бақыт әкелгісі келсе...кімде-кім оқуда,еңбекте табыс жеткізгісі келсе,отбасылық өмірде бақытты болғысы келсе сол адам өз бетімен өзін-өзі тәрбиелеу жолында еңбегін сарп еткен жөн...
Тәрбиелену үшін, өзім жүрген ортаның деңгейінде болу үшін... күндіз-түні бірдей еңбектену, өмір бойы оқу, қажырлы, қайратты болуым керек. Мұнда әрбір сағат қымбат...Тәрбиелі адамдар ''адамның жеке басын құрмет тұтады, сондықтан кешірімді, биязы, кішіпейіл, көнгіш келеді... Олар жоғалған резеңке,не балғаға күйіп-піспейді; бірге тұрған адамына жақсылығын айтып көлгірсімейді, ал одан кетіп бара жатып, сізбен бірге тұруға болмайды,- деп айтпайды. Олао айқай шуды да, суықты да,күйіп кеткен қуырдаққа бола да үйге келген бөтен адамның көзінше кейімейді,кешірімді келеді...
...Олар ақ көңіл, өтірік айтудан оттан бетер қорқады. Тіпті түкке тұрмайтын нәрселерге байланысты өтірік айту дегенді білмейді. Жалған сөз тыңдаушының жанын күйзелтеді, сөздің қадірін кетіреді . Олар босқа көп сөзге салынбайды, үйінде қандай болса, көшеде де сондай болып көрінеді, кішкентайларға зәрін төкпейді... біреу арнайы сұрамаса, өз бетімен ешкімге сырын айтпайды...
...Олар біреудің жаны ашысын, аясын деп, өздерін кемсітпейді. Басқаның жан дүниесінің нәзік жерінетимейді, оған жауап ретінде аяғанды, аялағанды қаламайды. Олар ''мені жұрт түсінбейді!'' демейді,...өйткені мұның бәрі жалған, ескі, сасық, арзан әсерге негізделген...
...Олар абыржымайды. Атақтылармен танысу секілді жалған беделге,жылтырауыққа жоламайды... Ұсақ-түйек есепті ұнатпайды, жүз сомдық папкасын ұстап жүгірмейді, басқалардың жібермеген жерге өзін кіргізіп жібереді деп мақтанбайды...''
Жеке тұлға үлгісі..
ІІ. Мен қандай адаммын.
Ақ қағазға «Мен қандай адаммын» деп жазып, мына сұрақтарға жауап беру керек:
-
Менің өмірім, кемшіліктерім мен жетістіктерім.
-
Отбасы әсері: ата-анам, ағам, іні-қарындасым, апам.
ІІІ. «Өзіңді ғана емес, өзгені де таны»
Ұлы ойшылдардың тарбие тағылым туралы сөздері.
Абай: Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген
нәрселерден озады. Дүниеде жалғыз қалған адам-өлгені. Қапашылықтың
бәрі соның басында. Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек
-қазақтың төресі сол... Еңбек -қуаныш, жалқаулық айырылмас азап.
Адал еңбекпен мал іздемек - ол арлы адамның ісі... Өзің үшін еңбек
қылсаң,өзі үшін оттаған хайуанның өзі боласың, адамшылыңтың қарызы
үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың... Егер ісім
өнсін десең, ретін тап... Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан
бала артық.... Адамшылықтың алды- махаббат, ғаделет сезім...
Махаббат - әуелі адамның адамдығы, ғылым деген нәрсемен
байланысты... Нәресте анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады.
Біреуі- ішсем, жесем, ұйықтасам- бұлар тән құмары. Екіншісі- білсем
деген, не көрсе, соған талпынып... көзі көрген, құлағы естігеннің
бәрін сұрап тыныштық көрмейді- мұның бәрі жан құмары... Мен егер
закон қуатықолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды
деген кісінің тілін кесер едім... Кімде - кімнің әділеті жоқ болса,
оның ұяты да жоқ.... кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы жоқ.... Ұят
деген адамның өз бойындағы адамшылығы... Нысап, ұят- бұл ғаделеттен
шығады ... Жасанды кішіпейілділік-жақсы қасиет емес...
Кішіпейілділіктің жетімсіздігі- ақылдың жетімсіздігі... Егер де
естілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе , болмаса
жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен- өзің есеп ал. Сол
алдағы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен...өзің
өкінбестей қылықпен өткізіпсің бе. Жоқ болмаса, неғып өткізгеніңді
өзің де білмей қалыпсың... Әрбір хақиқатқа тырысып, ыждағатығымен
көзің жетсе, соны тұт, өлсең айырылма. Өзің құрметтемеген нәрсеге
өзгеден қайтіп құрмет күтесің... Әрбір мақтан біреуден асамын деген
күншілдікті білдіреді... Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің
дұшпаны... Талапсыздық, жігерсідік, ұятсыздық, кедейлік-бәріосыдан
шығады... Әрбір жалқау кісі-қорқақ....надан, арсыз келеді... өзін
-өзі өзгешелікпен артық көрсетпек адамдықтың, құнын, гүлін
бұзады... Надандық - ғылым- білімнің жоқтығы
Күллі адам баласын қорқылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек,әуелі-надандық, екінші-еріншектік, үшінші-зұлымдық....Залымдық-адам баласының дұшпаны...Қулық саумақ. көз сүзіп, тіленіп адам саумақ-өнерсіз иттің ісі...Адамның баласыныңең жаманы-талапсыздық... Ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен
білмек үшін үйренбек керек ... Дүниенің ғылымын білмей қалмақтық-бір үлкен зарарлы надандық... Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тез қолға түседі... Мал жұтайды, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады... Адам ата-анадан туғанда есті болмайды; естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе , дүниедегі жақсы жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі есті де болады... Кімде-кім сырттан естіп-білу, көріп білу секілді нәрселерді көбейтіп алса-ол көп жинағаны барадам.
Ақылөссе, бұл түпсіз терең жақсылықты сүймектіктен өсер... Әрбір жаман кісінің қылығына күлсең,оған рахаттанып күлме,ыза болғаныңнан күл. Ызалы күлкі-өзі де қайғы. Кімде-кім үйреніп жетпей жатып үйренгенін қойса, оны құдай ұрды... Сөз танымасқа сөз айтқанша, өзіңді танитын шошқаны бақ... Уайымсыз салғырттық-дәулеттің, ақылдық артың дұшпаның... Адам өзі тапқан өнерлерін күнде тексерсе, күнде өседі. Көп заман тексермесең,тауып алған өнеріңнің жоғалғандығын және өзіңнің ол мезгілдегіден бір басқа адам болып кеткеніңді білмей қаласың...
Шәкерім(1858-1931 )
Адамшылдық
Кісіге адамшылдық неге керек?
Адамдық-өзге айуаннан артық,демек!
Ит талаған төбеттен қалай дейсің,
Аямай әл келгенін жұлып жемек.
Мейірімсіз қасқырда да күшті өмір бар,
Артылған жерің қайсы онан бөлек?
Үнемі сен жеріңді қайдан білдің?
Бұл дүние кезек берер істі өңгелеп.
Онан қорқып, обырлық қоймасаң да,
Адам боп, хайуаннан болсаңшы ерек!
Жалмағанша, жәрдемің тигізшеңші,
Жығылған жылағанға болып көмек.
Мархабатты теріс деп кім айтады?
Адамшылықты сол дейді тамам зерек.
Мейірім-жақсы, зұлымдық жаман дейсің.
Қасқырлыққа қайтесің құр дөңгелеп,
Жаны ашып жәрдем қылмай өткен адам,-
Өсіп, өніп құлаған бір бәйтерек.
Шәкәрім:
...Ары бар,ақылы бар,мейірімі бар,махаббаты бар адамның бірін-бірі жеп,талап,қырып өсуі мүмкін емес.
Осы үшеуінің басы қосылса,адам жақсы өмір сүріп,бірімен-бірі тату тұруында сөз жоқ.Бірақ осы айтылғандарға қарсы,жолдан қосылған,адамның бойында біржола сіңісіп,біте қайнасып қалған күшті, зиянды жау нәрселер,әдеттер де бар.Олар;нәпсі,өзімшілдік,мақтан.Бұлардан ұшы-қиыры жоқ жаман әдеттер туа бермек.Мысалы,зорлық,алдау,мансапқорлық,малқұмарлық,рақымсыздық,мейірімсіздік,қанішерлік,тағы басқалар.Бұлай болғанда осы жаман ңдеттерден құтылудың айласын іздеу керек.Ең алдымен барлық адал еңбек ететін жолға салу керек.Ол үшін көптің қалауымен әкімшілік басына арлы,ақылды адамдарды қойып,сол адамдардың бұйрығы,ақылы бойынша туған, туашақ адамдарды,жастарды қазына қарауына алуға заң шығаруға керек те,ол заңды бұзғандарды жазалау керек.Оларға еңбек өнерін үйрету керек,онымен қабат оқу білімге жетілдіру қажет.Жоғарғы айтылған жаман әдеттерді жоюға бұлар жеткіліксіз болғандықтан,сол адал еңбек,білім үйренумен қабат''ар білім''деген білім оқытылуға керек.Бұл ғылымда ақылды адамдар ойластырып,пән ретінде жазып,нәпсіні жойып,адам бойында жеке ардың қожа болып қалу жағын көздеу керек.Адам бойындағы нәпсі кеселі кетсе,өзгерісі оңай...
-
«Харизматикалық лидер»
Егер оқушы өзіне өз ортасын, айналасын дағылардың көңілін аудары білсе ол харизматикалық лидер деп аталады.
Ол үшін оқушы жан-жақты білімді, өзіне сенімді болуы керек.
Лидер таңдап оған оқушылар сұрақ қояды.
Қорытынды: оқушы өзінің өмірге дайындығын тексеріп. Өзі де тыңдап, өзгені де тыңдатуға дағдыланады.
V. «Мейірім».
Жақсы сөз жаныңды жадыратады. Ендеше өзгелерге жақсылық сыйлап көрелік. Көңіліңіз қалаған адамды таңдап, бағалайтын қасиетіңізді айту.
Қорытынды: «Жақсының жақсылығын айт нұры тассын».
VI. Қорытындылау: Есте сақта. Көнекөз аталар мен әжелер сол ерте заманғы тәлім- тәрбие сөздері:
«Кімде болса өзіңнен жасы үлкендерге жол бер, әдептілік көрсет.
Кім де болса өзіңнен жасы кішіге, күш қуаты төменге мейірімді бол.
Кемтарларға жәрдем істе, қарайла. Ешкімге зұлымдық жасама.
Хайуанаттарға соқтықпа, ренжітпе.
Ешкімнің айыбын басқаға өсектеме.
Адамның айыбын шын пейіліңмен ғана оңашада өзіне айтып түсіндір. Мүмкін болғанынша ол адамды сол айыпты істен құтқарып ал, түзу жолға сал.
Сен сәбисің. Біреуге үйретем дегеннен гөрі үйренуге, одан бір ғибрат алуға тырыс.
Көпшілік арасында басқаға реніш туғызатын, соқтықпалы сөз айтпа.
Өз айыбыңды тексеріп алмай, басқаны айыптау ақылсыздық деп біл.
Бір адамнан естіген оқшау хабарға ақылыңа салып ойланып барып сен.
Оқыған кітаптарыңнан өзіңе пайдалы, тағылым алатын жерін жадыңа тоқып ал.
Өзіңе қарап кісі алма, сөзіне қарап кісіні ал.
Өзіңе зиян келгелі тұрса да шындықтан тайма., оның ақыры қайырлы болады.
Қандай мұратың болса да өз еңбегіңе сен, басқаға телмірме.
Ғылым үйренуден басқа үшін кісіге жалынба.
Қиын істі орындаудан қорықпа, батыл бол.
Бір жақсы адамды көрсең , соған ұқсауға тырыс.
Әрбір ойнайтын ойыныңды ата-анаңнан жасырма, олар қостамаған ойынды ойнама».
VІІ. Үйге: тыйым сөздер, мақал-мәтелдер жазып к