7


  • Учителю
  • Ашық тәрбие сағаты: 'Әдепті болып өсе біл'

Ашық тәрбие сағаты: 'Әдепті болып өсе біл'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: Әдепті болып өсе біл.

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке баулу. Адам бойындағы

ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін

бойына дарыту. Жаман әдеттерден аулақ болуға, әдепті болып өсуге

тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Мақал - мәтелдер, суреттер, кітаптар, сөзжұмбақтар.

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. Кіріспе сөз. Мұғалім сөзі.



Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше өтпек. Себебі, қонаққа ұстаздар келіпті.

Бүгін біздер «Әдепті болып өсе біл» атты тақырыпта ой қозғап, жақсы әдет пен жаман қылықты салыстыра отырып, әдепті болып өсуге үйренеміз. Адам бойында жақсы да, жаман да қасиеттер кездеседі. Адам бойындағы жақсы қасиеттерін көрсете білу керек, ал жаман қылықтардан бойымызды аулақ ұстауымыз қажет. Ал балалар, біздің бойымызда жақсы қасиеттер бар ма?

  • Әрине, бар.

  • Олай болса, сол жақсы қасиеттерімізді, әдептілігімізді ұстаздарға көрсете аламыз ба?

  • Иә.

  • Жарайды, міне бүгінгі сабағымыздың мақсаты да осы. Бәріміз адамгершілікке, әдептілікке, сыпайлылыққа , еңбексүйгіштікке тәрбиелену. Бүгінгі сабағымыздан тек жақсы жағын, әдепті болып үйренетіндей тұстарын бойымызға сіңіру.

  • Енді тақтаға назар аударайық.



Еріншек Тәртіпсіз Мақтаншақ Кішіге қамқор болу Амандаса білу

Жақсы әдет

Жаман қылық

Тіл Жақсы

алғыш оқу

Ұйымшыл Үлкенді

Өсек Өтірік Жалқау болу сыйлау

  • Ал осы әдеттердің қайсысын боймызға сіңіреміз?

  • Әрине, жақсысын.

  • Балалар, біздер әркез жаман әдеттерден аулақ болуға, өсек - өтірік айтпауға, еріншек, жалқау болмауға тырысуымыз керек. Әрқашан біздің бойымызда үлкенді сыйлау, сыпайылық, еңбексүйгіштік сияқты жақсы қасиеттер болу керек.

  • Жаттаған өсиет, мақал - мәтелдер білеміз бе?

  1. Әдепті бала - арлы бала,

Әдепсіз бала - сорлы бала. ( Нұрлан)

  1. Жаманға айтқан ақылың,

Далаға атқан оқпен тең. (Аружан)

  1. Татулық - табылмас байлық. (Нұрбол)

  2. Әдептілік, ар - ұят,

Тұрпайы мінез, тағы жат. (Әділет)

  1. Сыпайылық жоқ жерде,

Сыйласу да жоқ. (Жұмагүл)

  1. Кішіпейілділік кішілік емес, кісілік. (Ақниет)

  2. Әдепті бала өсірсең,

Ауылдың абыройы. (Сағыныш)

  1. Әдептілік белгісі -

Иіліп сәлем бергені. (Аяужан)

  1. Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен. (Мерей)

  1. Мақтаншақтық - жаман әдет. (Әсем)

  2. Үлкенге құрмет,

Кішіге ізет. (Нұрзада)

  1. Ұқыптының тоны тозбас,

Ұқыпсыздың ісі оңбас. (Абылай)

  1. Сіз деген - әдеп,

Біз деген - көмек. (Элеонора)

  • Балалар, бізге ақылдылықты, адалдықты, кішіпейілділікті, шыншылдықты кім үйретеді?

  • Мұғалім, ата - ана , үлкендер.

  • Ал енді ақылды, әдепті балалар қандай болу керек? Сол туралы тыңдайық.

  • Ата - ананың тілегі,

Адам болып өскенің.

Адамдықтың тірегі,

Адал болып өскенің. (Асхат)

  • Әдептілік дегенің,

Әрқашанда керегің.

Әсемпаздық дегенің

Әуре - сарсаң керегің. (Нұрдаулет)

  • Тәртіпті бала сүйеніш,

Төбең бір көкке жетеді.

Тәртіпсіз бала күйініш,

Төмендеп басың кетеді. (Бекарыс)

  • Ұрыншақ бала жанынан,

Ұрыс пен керіс айқай - шу.

Ұстамды бала маңынан,

Ұнамды қылық байқайсың. (Аида)

  • Шындықты сақтаймыз,

Шыншылдықты жақтаймыз.

Шаршы топ алдында,

Шығарып мақтаймыз. (Бағдаулет)

  • Сыйласып сәлем беремін,

Көршілерді көргенде.

Ізетті деп білемін,

Үйге қонақ келгенде.

Әдепсіз деп сөкпесін,

Анама айтып өкпесін. (Арухан)

  • Атам менің қашанда,

Кішіпейіл бол дейтін.

Ақыл сөзі санамда,

Мақтанбауды жөн көрем. (Мөлдір)

  • Әжем менің қашанда,

Әділетті бол деген.

Ақыл сөзі санамда,

Жүрем әділ жолменен. (Аружан)

  • Әкем менің қашанда,

Мейірімді бол деген.

Ақыл сөзі санамда,

Жасы үлкенге жол берем. (Нұрлан)

  • Анам менің қашанда,

Болшы дейтін тіл алғыш.

Үлкендерден содан да ,

Алып жүрем кіл алғыс. (Нұрбол)

  • Ұстаздарым қашанда,

Ынтымақшыл бол дейтін.

Бірлік болса адамда,

Шын бақыт қой ол дейтін. (Әділет)

ХОР: Мен әдепті баламын.

  • Су құйдым да құманмен,

Қолына мен әкемнің.

Содан кейін оған мен,

Орамалын әпердім. (Ақниет)

  • Үлгілі бала,

Бақшаны суарып.

Келеді су алып,

Самаурын қайнатып,

Үйде де, түзде де.

Қылығы өнеге.

Ұстазы бізге де,

Ұнайды ол неге? (Жұмагүл)

  • Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса.

Сыйлы болмақ өзі де,

Үлкен болған кезінде. (Сағыныш)

  • Қарсы ал ерте күн көзін,

Төсегіңді жина өзің.

Асықпай іш тамақты,

Жалама аяқ - табақты.

Пышақты ұста оң қолмен,

Нанды үгітпе, қадірле.

Қабығымен бәрін же.

Саусағыңды сормағың,

Салдыр - салақ болмағын. (Аяужан)

  • Салма аузыңа инені,

Үзбе жұлып түймені.

Ашуланбай долданып,

Жауап бергін ойланып.

Құр бекерге қылтима,

Болмашыға бұртима. (Мерей)

  • Іштарлыққа жол берме,

Бақталастық білдірме.

Мақсат қоймай алдыңа,

Қыдырып құр қаңғыма. (Әсем)

  • Сыйла үлкен кісіні,

Қамқорлыққа ал кішіні.

Сақта көше тәртібін,

Бағдаршамның ал тілін.

Әдет қыл бұл ісіңді,

Тазалап жүр тісіңді. (Абылай)

Көрініс: Нан қадірі.

Авторы: Аулада балалар ойнап жүр. Үйінен қолына нан ұстап жүгіріп шыққан Асхат нанын жерге лақтырып жіберді де, ойынға қосылып кетті.Оны көрген:

Аружан: Асхат нанды неге жеге лақтырып тастайсың?, - деп көтеріп алды.

Асхат: Жеп болдым ғой, біздің үйде нан көп.

Аружан: Асхат бұлай етуің дұрыс емес. Нан көп деп, тойынған соң лақтырып тастауға болмайды. Ол - әдепсіздік. Наннан үлкен ас жоқ. Нанның қиқымын да тастауға болмайды.

Авторы: Иә, дұрыс Аружан. Біздер асханаға күнде барамыз. Стол үстінде күнде нан тұрады ,үйімізде де дастархан басында нан болады. Нанды лақтырып тастауға болмайды, нанның қиқымын да тастамау керек. «Нан болса - ән болады» , - дегендей нанды қастерлеу біздің міндетіміз.

Нан қиқымын шашпаңдар,

Нанды аяққа баспаңдар.

Жинап алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

  • Міне, нанды жерге тастау да әдепсіздік. Еш уақытта нан қиқымын аяққа басуға болмайды. Нан бізге оңай еңбекпен келмейді. Нансыз өмір болмайды. Біздер әруақытта іні - қарындастарымыздға осылай үйретуіміз керек.

  • Мұғалім сөзі:

  • Адамзат баласының дамуы, өркениеттің алға жылжуы адамдар арасындағы қарым - қатынасқа байланысты. Ізгі ниеттен алыс жүріп, адамгершіліктің қарапайым қағидаларын білмейінше асыл қасиеттерді қалыптастыру мүмкін емес.

  • Амандасу бейбіт пейілдің, достық, ықыластың белгісі. Әдепті болып өсуде сәлем беріп, амандасудың да орыны ерекше. Сәлемдесу де - әдептілік белгісі. Үлкен адамға сәлем беру - кіші адманың міндеті.

  • «Сәлем - сөздің анасы, Білгені жөн әр қазақтың баласы» - дегендей әр халықтың өмір сүруіне, салт - дәстүріне байланысты сәлемдесу әдептері де әртүрлі болады. Сол сәлемдесу түрлеріне назар аударайық.

  1. Күншығыс елі жапондықтар бір - біріне иіліп, екі қолын қусырып, басын шұлғып белін бүгіп жымия күледі. (Асхат)

  2. Ауғандар алдымен қолын маңдайына тигізіп, иба жасап, иіліп сәлем береді. Бұл басымыз аман болсын дегені. (Элеонора)

  3. Ертеде қытайлар өз қолын өзі қысып амандасқан. Қазір «Бүгін тамақтандыңыз ба?», «Қарныңыз тоқ па деп?» деп сұрайды. (Аида)

  4. Тибеттіктердікі тіпті қызық. Бір - бірімен амандасқанда оң қолымен бас киімін алып, сол қолымен құлағының артын ұстап, тілдерін шығарады екен. (Мөлдір)

  • Мұғалім: Ал, бізде ше?

  • Жігіт пен атаның сәлемдесуін көрсету.

Жігіт: - «Ассалаумағалейкум» ата? ( Бекарыс)

Ата: - «Уағалейкумсалам, балам.» (Бағдаулет)

Жігіт: - Деніңіз сау ма? Аман - есенсіз бе? (Бекарыс)

Ата: - Құдайға шүкір, балам. Тәңірдің берген ырыздығын жеп жүріп жатырмыз. (Бағдаулет)

  • Қыз бен әженің сәлемдесуін көрсету.

Қыз: - Армысыз , әже! (Арухан)

Әже: - Бар бол, балам! (Нұрзада)

Қыз: - Үй - іші, бала шағаңыз аман ба? (Арухан)

Әже: - Тәңірге тәуба, барлығы күйлі - қуатты, аман - есен. (Нұрзада)

  • Мұғалім сөзі:

  • «Ассалаумағалейкум» - бұл сөз «Алланың нұры жауысын!» деген сөз. Амандасудың кең тараған түрі, біз аталарға осылай сәлем береміз.

  • «Уағалейкумсалам!» - саған да «Алланың нұры жаусын» деген сөз. Бұл сәлемді алу.

  • «Армысыздар!» - амандасудың кең тараған түрі. Көпшілікпен амандасу.

  • «Сәлеметсіз бе?» - бұл амандық сұрау. Сәлем беру.

  • Қол беріп амандасу - шынайы, ізгі ниетті білдіреді. Имандылық қағидасы бойынша қол беріп, амандасқанда бетті бөтен жаққа бұрып, немесе теріс қарап, амандасуға болмайды. Көзге қарап амандасу керек. Қыз баланың қол беруі міндетті емес.

  • Төс қағыстырып амандасу ер жігіттердің, батырлардың шынайы достығын білдіреді. Бір - біріне сенетін жігіттер ғана осылай амандасады.

Амандасу адамгершіліктің, әдептіліктің бір белгісі. Амандасқанда адам қазақ салтында оң алақанын жүрегінің үстіне қойып, басын изейді. Не болмаса қол беріп амандасады. Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді» деген әдеп бар. Жасының үлкендігін міндет етпей, алыс жол жүріп келген немесе ауылға алғаш ат басын тіреген адамға үлкен адамдар өзі келіп сәлем береді екен. Енді ақсақал мен жігіттің мақал - мәтел айтысына кезек берейік.

  • Ақсақал: (Ақәділ)

  • Ассалаумағалейкум! «Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді» демекші, қалың қалай, балам?

  • Жігіт: (Дәурен)

  • «Келгенше қонақ ұялады, келгесін үй иесі ұялады» демекші, келіңіз, төрге шығыңыз. Қонақ болып кетіңіз.

  • Ақсақал: (Ақәділ)

  • «Қонағын сыйласа төрге шық» дегендей төрге шығайын.

  • Жігіт: (Дәурен)

  • «Жат асына қарайды, дос басына қарайды» деуші еді аталарымыз, асқа отырыңыз.

  • Ақсақал: (Ақәділ)

  • Ойбай - ау, «Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылқасын»

  • Жігіт: (Дәурен)

  • «Досыңның асын қасыңдай іш» демекші ала отырыңыз.

  • Ақсақал: (Ақәділ)

  • Ой, рақмет! «Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам» дейді ғой. Алла разы болсын.

  • Жігіт: (Дәурен)

  • «Жылқы кісінегенше, адам сөйлескенше» осылай таныс біліс болу да бір ғанибет қой, ата.

  • Ақсақал: (Ақәділ)

  • «Мыңның түсін танығанша, бірдің атын біл » дейді атам қазақ. Есімің кім болады, балам?

  • Жігіт: (Дәурен)

  • Есімім - Дәурен. «Көрген жерде ауыл бар» дегендей келіп тұрыңыз.

  • Ақсақал: (Ақәділ)

  • «Қонақта кел демек бар, кет демек жоқ» дейді. Қой қайтайын.

  • Жігіт: (Дәурен)

  • «Қонағыңнан алтын алма, алғыс ал» демекші, жолыңыз болсын.

  • Ақсақал: (Ақәділ)

  • «Алтыға дейін бала ерке, алпыстан кейін шал ерке» деуші еді аталарымыз, сөзімді көңіліңе ауыр ала көрмеңіз.

  • Жігіт: (Дәурен)

  • «Кәрі, кәрінің сөзі дәрі» дегендей, о не дегеніңіз.

  • Ақсақал: (Ақәділ)

  • «Таз таранғанша той тарқар» қайтайын.

  • Жігіт: (Дәурен)

  • «Бір ауылда мың туысың болғанша, әр ауылда бір туысың болсын» дегендей келіп тұрыңыз.

  • Енді мына суреттерге қарайық. (Әңгімелеп кету)

  • Автобус ішіндегі бала.

  • Жаман жолдас.

  • Әжеге көмек.

  • Құстарға қамқорлық.

  • Мұғалім сөзі:

  • Міне, әдептілік туралы айта берсек өте көп. Әдептілікке ұқыпты болу, таза жүру де жатады. Таңертең бір мезгілде оянуға дағдылану, кітап және басқа заттарымызды бір орынға қою қажет. Сонда керек нәрсемізді оңай тауып аламыз. Бір жерге барарда үйден әлдеқашан ертерек шығу керек. Кешігіп келгеннен, кешікпей 2-3 минут бұрын келген жақсы. Ол да әдептілік. Жолдасыңнан бір нәрсе алатын болсаң ұмытпай уақытында қайтарып беру. Қолыңнан келмейтін істі орындаймын деп уәде бермеу қажет. Ал уәде берсең қайткенде де орындау керек.

  • Ұқыпты оқушы мен ұқыпсыз оқушылар қандай болады екен. Сол туралы тыңдайық.

  • Ілгек, түйме жұлынып,

Кешке дейін алысар.

Әркімге бір ұрынып,

Құспен, малмен жарысар. (Нұрдаулет)

  • Дәптер, сөмке бәрі де,

Дал - дұл болып жыртылған.

Сия төгіп бәріне,

Шимай салған сыртынан. (Аида)

  • Анау бала, қолын қара.

Кір қожалақ қап - қара.

Тырнақ өскен, шашы көптен

Алынбапты - ау, масқара! (Бағдаулет)

  • Тазаланып тұру керек,

Ерте мен кеш жас бала.

Кір - кір боу елден ерек,

Мүлдем ұят, мүлдем ұят масқара! (Әсем)

  • Нан болмаса бағыңның кетері бар,

Нанмен ғана өмірдің өтері бар.

Жолда жатса егерде бір үзім нан,

Арланбай - ақ сен оны көтеріп ал. (Мөлдір)

  • Оқулықты мектебің,

Берер саған теп - тегін.

Білмейсің - ау сен бірақ,

Қаншама еңбек кеткенін. (Аяужан)

  • Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе.

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке. (Жұмагүл)

  • Көрген кісі дәптері,

Кір демесін.

Мыжырылмай шеттері,

Таза болсын беттері. (Асхат)

4. Сабақты қорытындылау.

- Балалар, бүгін не туралы ой қозғадық?

- Әдептілікті кімдерден үйренеді екенбіз?

- Біздер бойымызға қандай қасиеттерді дарытуымыз керек?

- Үлкен кісілермен қалай сөйлесеміз?

- Мектепте, сыныпта оқушы қандай болуы керек?

5. Сабақты аяқтау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал