7


Сауат ашу 'Х дыбысы мен әрпі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

1 сынып. Сауат ашу

Тақырыбы: Хх дыбысы мен әрпі

Мақсаты: 1. Білімділік.

Хх дыбысы мен әрпін таныстыру, х әрпі бар

сөздерді дұрыс оқып, сауатты жаза білуге үйрету.

Кітап туралы ойларын, хат тасушы мамандығы

бойынша түсініктерін кеңейту.

2. Дамытушылық.

Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, тапқырлық,

ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік.

Кітапты күтіп ұстай білуге, кітапханашы, хат тасушы

мамандық иелерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.



Сабақ типі: жаңа сабақ

Сабақ түрі: дамытпалы

Сабақ әдісі: ізденушілік, танымдық сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, жеке,

жұптық, ұжымдық жұмыс формалары.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика, күнделікті өмірмен

байланыс.

Көрнекілігі: теледидар, таспа, компьютер, суреттер, кеспе әріптер,

үлестірме қағаздар.

Барысы:

І Ұымдастыру кезеңі.

- Балалар, қазір қандай сабақ болғалы тұр?

- Әліппе сабағында біз не істейміз?

- Олай болса мына тақтадағы сөздерді оқиықшы: «Қайталау - оқу анасы»

- Бұл сөздерді қалай түсінесіңдер?

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

- Сабақты қайталаудан бастайық. Ол үшін мына үйдің тұрғындарын атап шығайық. (киіз үйдің ішінен шыққан әріптерді жарыса атау я, ю).

- Бұл дыбыстар туралы не білеміз? (қосарлы дауысты дыбыстар, жеке тұрғанда буын құрайды)

- «Жарыс» сөзіне қатысты қандай тапсырма беріліп еді? («Жарыс» мәтінін оқыту). Сұрақтармен қорыту. (тірек сөздер арқылы ойларын сұрау)

- Мәтін не туралы?

- Жарысқа қатысқан аю қандай бұрыс әрекет жасады?

- Аю неге мәреге бірінші болып келді?

- Жеңіске жету үшін осылай арадан қашып, жеңімпаз атану қажет пе?

Сергіту сәті. Теледидардан жаңалық есту. №32 орта мектептің ашылуы.

ІІІ Жаңа сабақ.

  • Теледидардан не көрдіңіздер?

  1. Балалардың сөзінен хабар, тарих сөздеріне түсінік беру.

1 желтоқсан елімізде Елбасы күні .

2. Хх дыбысына тоқталу - дауыссыз дыбыс, араб, парсы тілінен енген әріп.

3. Жазылуы - Хх, баспа түрі - Хх.

Жұмбақ: Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Жүрмейтұғын жолы жоқ. (хат)

(Дәл осы сәтте мектеп хатшысы келіп хат әкелу керек.)

  • Бізге кім келді? Хатшы бізге не әкелді?

  • Хат әкелді. Хатты не арқылы жазамыз? Тағы да қалай жазуға болады?

  • Компьютер арқылы хат жазуға болады. Оны интернет арқылы жазуға болады.

Компьютердегі х әрпі бар сөздерді оқыту. Ол туралы білетіндерін сұрау.

  • Хат тасушы адамды кім дейді? (Пошташы)

  • Пошташылар күнделікті 46 000 адамдарға хат тасиды, поштаға барған 1500-2000 адамдарға қызмет көрсетеді екен. Олар суық, ыстық күндерге қарамай елдің көптен күткен хаттарын тасиды екен. (Дәл осы сәтте сыныпқа мектеп хатшысы кіріп келеді). Ал, енді, осы хатпен танысайық:

  • х әріптері бар сөздермен жұмыстар жүргіземіз, жарыса отырып орындайық;

Жекелей жұмыс.

1-қатар - тақтадағы берілген сөздерді оқиды, пойызға буын санына сәйкес салады;

(1терезелі - 1 буынды, 2 терезелі - 2 буынды, 3 терезелі -3 буынды)

2-қатар - сызба (торкөздер) бойынша осы сөздерді орналастыу қажет;

(сөзде неше әріп болса, сонша торкөзге орналастыру қажет)

3-қатар - саяхат сөзіне дыбыстық талдау жүргізеді

(дауысты, дауыссыз дыбыстар, буын, оның түрлері)

Ұжымдық жұмыс: топтастыру, сөздердің мағынасын сұрау.

Ем дәрі шебер







Ас дәм ұста кітап

Тексеру, бағалау.

  • Біздің мектебімізде кітапхана бар. Кітапханада жұмыс істейтін қызметкерлерді кім дейді? (кітапханашы)

  • Бізде қонақта кітапханашы Галина апай мен Нина апайларымыз келіп отыр. Сол кісілерге сөз берейік (кітапханашылар кітапхананадан келіп кітап жаздыртып алуларын, кітапты сақтаудың ережесін айтып береді).

  • Кітапханадан кітап алу үшін жақсы оқи білу керек. Ол үшін мына мәтінмен танысып, өзіміздің қалай оқитынымызды көрсетейік.

Мәтінмен жұмыс.

  1. Мұғалімнің мәнерлеп оқуы. Оқушылардың тізбектей оқуы.

  2. Сөздік жұмысы: кітапханашы - кітапхана қызметкері

  3. Тірек сөздермен жұмыс: кітапхана, кітап.

  • Кітап туралы не білесіңдер? Ол үшін не керек? Кітап туралы мақалдар білесіздер ме?

Дәптермен жұмыс. Жұптық жұмыс.

  • Балалар, біз қалай оқығанымызды көрсетсек, енді қалай жаза алатынымызды көрсетейік. (Ауада жазу арқылы Х әрпінің жазылуын көрсету, оқулықтағы сөйлемді жаздырту, өзара тексерту: Х, х, Мен кітапханаға бардым.

IV. Қорыту.

Ойын « Кім тапқыр?». Шарты: біздің сыныптағы балалардың атынан қонақтардың ішінен х дыбысы аттарын табу.

  • Жарайсыңдар! Бүгін қай дыбыспен таныстық?

  • Х әрпі сөздің қай жерлерінде кездеседі?

  • Кітапты көп оқып, болашақта сіздерден ақылды, білімді ел азаматы шығып, осындай президенттік сайлауға түсетін үміткерлер қатарында болуларыңызға тілектеспін!

V Үйге тапсырма. «Кітапхана» мәтінін оқу. Аталарыңа, әжелеріңе хат жазып келу.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал