- Учителю
- Сауат ашу пәнінен 'Қ дыбысы мен әріпі' тақырыбына ашық сабақ
Сауат ашу пәнінен 'Қ дыбысы мен әріпі' тақырыбына ашық сабақ
Сыныбы: 1 а
Пәні: сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Қ дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:оқушыларға Қ дыбысы мен әріпі туралы түсінік беру және
Қ дыбысы бар сөздерді оқи білу дағдысын қалыптастыру, кеспе әріптерден жаңа сөздер құрап жазуға, оқуға дағдыландыру.
Дамытушылық: оқушыларға сөздердің мағынасы түсіндіру арқылы олардың сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік : Қ әріпінің ережесін сақтай отырып, таза, ұқыпты жазуға баулу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап,ойын элементтерін пайдалану
Сабақтың көрнекілігі:Кеспе әріптер, суреттер, дидактикалык материалдар,
презентация.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды партаға дұрыстап отырғызу.
Психологиялық дайындық
Арайлап таң атты,
Алтын шапақ тарапты.
Қайырлы күн балалар !
Қайырлы күн ұстаздар !
Ой шақыру-Дыбыс дегеніміз не? -Әріп дегеніміз не?
2. Үй тапсырмасын тексеру.
-Балалар, өткен сабақта қандай дыбысты өттік ?
-О дыбысын
-О дыбысы қандай дыбыс?
-Дауыссыз дыбыс.
"Буыннан сөз құрау" ойыны:
лақ Қа ла
нат
Жауабы: Қала Қанат Қала.
Жаңа сабақ:
Жұмбақ шешу
Алты қырлы,
Алтын сырлы Қарындаш
Қарындаш сөзі қай дыбыстан басталып тұр?
-Қ дыбысынан.
Қ-деп айтайық.
-Қ дыбысы қандай дыбыс?
-дауыссыз дыбыс.
-Қ-ден басталатын сөз ойлайық
Оқулықпен жұмыс:
Дыбыстық ,буындық талдау.
Қала-екі буыннан, 4 әріп,4 дыбыстан тұрады,
2 дауысты, 2 дауыссыз дыбыс.
Хормен оқыту
Қала Қара Қола Қалақ Қалта Қонақ
Дәптермен жұмыс
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Салақтықты тастайық,
Әдемі етіп жазайық.
Ойын "Қол шапалақтау"
Шарты: Егер айтылған сөздің ішінде Қ дыбысы болса, онда қол
шапалақтайсыңдар, егер Қ дыбысы жоқ болса, онда қол
шапалақтамайсыңдар.
Алақан,қошақан, қарақат,Қуат,Қайрат,мысық,тақта,қарақат,Қаратау,Қапшағай ,ақпан,қуат
Оқулықпен жұмыс.
Оқушыларға тізбектей оқыту.
Жазу дәптермен жұмыс.
Жазу дәптеріндегі Қдыбысының бас әріпін жазу.
Тапқышбектің тапсырмасы: Суреттен әңгіме құрастыру:
Ойланайық: Үлгі бойынша нүктелердің орнына керекті буынды қой:
Буыннан адам құрау
Қанат Қайрат Қуат Қорлан Қарлығаш
Қорытынды : - Бүгінгі сабақтан не білдіңдер?
- Қ дыбысымен әріпімен таныстық.
- Қ дыбысы - дауыссыз дыбыс.