7


Қазақ тілі пәнінен ОМЖ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Қазақ

















«Қазақ тілі»

пәні бойыншаоқу жоспары

оқыту қазақ тілінде емес мектептерге арналған

(орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында)



1-сынып







































































Мазмұны























«Қазақ тілі» пәні

1-сыныпТыңдалым:

Оқушыларда төмендегі тыңдалым дағдылары қалыптасады:

  • қысқа уақыттық сөйлеуді тыңдап, оны оқу мен ойын барысында қолдана отырып меңгереді;

  • қарапайым әндер мен өлең/ұйқастарды тыңдайды және қайталайды;

  • таныс мәнмәтіндегі жаңа дыбыстар мен сөздердің айтылуы және мағынасын біледі;

  • қарапайым жеке нұсқауларды орындайды;

  • мұғалімнің көмегімен қарапайым құттықтау, пікірлер, сұрақтар немесе нұсқауларға жауап береді.



  • қарапайым әңгімелесу тілін біледі;

  • қимыл немесе көрнекілік арқылы берілген мұғалімнің түсіндірмелеріне ым-ишарат тілін қолдана отырып жауап береді;

  • қарапайым әңгімелер (оқиғалар) мен ұйқастарды тыңдайды және қайталайды;

  • көлемділеу мәнмәтіндегі жаңа дыбыстар мен сөздердің айтылуы мен мағынасын біледі;

  • қарапайым нұсқаулықтарға сүйенеді;

  • құттықтау, пікірлер, сұрақтар немесе нұсқауларға сүйеніп жауап береді.



  • сөйлеушіні зейін қоя отырып, тыңдайды;

  • таныс мәнмәтіндегі басқалардың айтқанына қосылады;

  • әңгімелер, әндер, ұйқастар мен өлеңдерді ажырата біледі және қайталайды;

  • көлемді мәнмәтіндегі жаңа дыбыстар мен сөздердің айтылуы мен мағынасын түсінеді;

  • қарапайым пікірлер мен нұсқауларға өз пікірін білдіре отырып жауап береді.

  • сөйлеушіні зейін қоя отырып, мұқият тыңдайды;

  • қарапайым пікірлер мен нұсқауларға сәйкес өз көзқарасы бойынша сұрақтарға жауап береді;

  • әр түрлі әңгімелер, әндер мен өлеңдерді ажырата біледі және қайталайды;

  • көлемді мәнмәтіндегі дыбыстар мен сөздерді қолданады.

Айтылым:

Оқушыларда төмендегі айтылым дағдылары қалыптасады:

  • қарапайым сөздер мен тіркестердің мағынасын және сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі мен дұрыс айтылуын біледі;

  • жеке сөздер мен сөз тіркестерін қолдану арқылы мағынасын түсіндіре алады;

  • таныс жағдайда тікелей қызығушылық тудыратын мәселелер туралы айтады.

  • қарапайым сұрақ қойып, жауап береді;

  • сөз мағынасын түсінуін сөйлеу немесе қимыл арқылы көрсетеді;

  • күнделікті өмірде болатын жағдайлардан алған әсерлері туралы достарымен еркін сөйлеседі.

  • қарапайым әңгімені мазмұндайды немесе өлеңді жатқа айтады;

  • мазмұндау немесе түсіндіру кезінде кейбір шылаулар, үстеулер және сын есімдерді қолданады;

  • жеткілікті мөлшерде тек қарапайым сөйлеуінен мәтінді түсіну деңгейінің артып келе жатқанын көрсетеді;

  • пәндік сөздіктерді қолданады.



  • тірек сөздерді тақырыпқа сәйкес қолданып, фильм немесе есту құралдары арқылы әңгіме тыңдап, ол туралы қарапайым түрде айта алады;

  • таныс сөздерді қолдана отырып, сұрақ қояды және жауап береді;

  • таза сөйлеуі арқылы мәтінді түсіну деңгейін байқатады;

  • үлкендердің әңгімесін тыңдап, негізгі мәселені анықтай алады.

Оқылым:

Оқушыларда төмендегі оқылым дағдылары қалыптасады:



  • оқу әрекеттеріне қатысады;

  • өз есімдерін біледі, таныс сөздерді таниды және кейбір әріптерді анықтайды;

  • мұғалімнің көмегі арқылы мектеп айналасындағы шартты белгілерді біледі;

  • әріптерді таңбасы мен дыбысталуы арқылы ажыратады;

  • мәтінде мағына болатынын, оқу солдан оңға, жоғарыдан төменге қарай жүргізілетінін біледі.

  • дыбыстардың әріптермен таңбаланатынын және мәтіннің не туралы екендігін болжай біледі;

  • оқу бағдарламасындағы түрлі салалар бойынша қарапайым сөздерді және сөз тіркестерін оқи алады;

  • мәтінді түсіну үшін суреттерге сүйенеді;

  • сөздің бірінші дыбысы мен әрпінің сәйкестігіне мән бере отырып түсінеді;

  • топтық оқуға қызығушылықпен белсенді қатысады.

  • дауыстап оқылған мәтінге ілесе алады;

  • топтық оқуға қатысады;

  • таныс сөздерді оқиды және жаңа сөздердегі дыбыс, әріп, буындардың айтылуын анықтай алады;

  • өлең, әңгімелердегі пікірлерге жауап беру арқылы тілі мен ойын дамытады.



  • таныс сөздердің мағынасын түсінеді;

  • дыбыс, әріп, буындардың өзара сәйкестігін таниды, мұғалімнің көмегі арқылы жаңа сөздерді оқиды;

  • оқу барысында сөз мағынасын талдай алады;

  • үлкендердің көмегімен ақпаратты таңдайды.

Жазылым:

Оқушыларда төмендегі жазылым дағдылары қалыптасады:



  • таныс сөздерді көшіреді және солдан оңға қарай жаза алады;

  • ауызша айтылған немесе суреттер арқылы көрсетілген сөздің мағынасын жазбаша түрде түсіндіріп бере алады;



  • мағынаны танытатын таныс әріптер мен сөздерді айта алады;

  • әріптердің жалпы элементтерін дұрыс жазады;

  • сөз бен сөздің арасын ажыратуды, сөздердің орын тәртібін біледі;

  • үлгі бойынша сөздер мен жай сөйлемдерді көшіріп жазады.

  • қарапайым тыныс белгілерін қолданады;

  • әріптерді сөз бен сөздің арасын ажыратып дұрыс жазады;

  • бірте-бірте жетілдіре отырып,әріптер мен сөздерді жазады;

  • жалпы мағынаны бере алады.

  • білетін әріптерінен жаңа сөздер құрап жазады;

  • назар аударту үшін қажетті сөздік қорын пайдалана алады; мысалы, сипаттауыш сөздерді т.б.;

  • жай сөйлемдерді жазуда бас әріп пен нүктені қолданады;

  • жазуда таныс әңгіме, ән, өлеңдегі сөз тіркестерін мұғалімнің көмегі арқылы қолданады.



Ескерту:

Бөлім - анықталған тақырыпты қамтитын сабақтар жиыны.



Ұ = ұжымдық жұмыс (сыныппен)

Т = топтық жұмыс

Ж = жұптық жұмыс

Ө = өздік жұмыс

ОТ = оқушының тәжірибесі

МК = мұғалімнің көрсетуі

Қ= қалыптастырушы (формативті) бағалау



Орта мерзімді жоспардың «Оқыту ресурстары» бөлігінде мұғалімдерге қосымша ақпарат ретінде ағылшын тіліндегі дереккөздер берілді.

Орта мерзімді жоспарлар



«Қазақ тілі» пәні.Бастауыш мектеп. 1-сынып

1-бөлім: «Өзім туралы»

Осыған дейін меңгерілген білім

Бірінші бөлім үйде/балабақшада алған білімдеріне негізделеді. Оқушылар өзінің бірінші тілінде өзі туралы айта білуі және екінші тілде білімін жетілдіру керек. Олар қазақ тілдеөздері туралы сипаттап айту үшін балаларға арналған әңгіме, өлеңжәне кейбір сөздермен танысады

Контекст

Бұл бөлім мектепке жаңа келген оқушыларға бір-бірімен танысуға мүмкіндік береді.Бөлімді оқыту барысындадыбыстықжаттығуларжүйелітүрдеүнеміөтуікерек. Бөлімді меңгертуде «Жаратылыстану», «Математика» және «Өнер» білім саласы пәндерімен пәнаралық байланыс ұсталынады; тұлғалық және әлеуметтік қалыптасуына ықпал етеді.Бұл бөлімде оқушыларды қызықты рөлдік ойындарды ойнатуарқылы оқу және жазуға көмектеседі.



Қысқаша шолу

Бұл бөлімде оқушылар танысудан бастап, өздерінің киімдері, түр мен түс туралы білетінін айтып, тілдерін дамытады.Олар мектепке келгенде бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу тәсілдерін, өз сезімдерін білдіруді үйренеді, өздеріне,мектептегі және үйдегі күнделікті өмірлеріне байланысты сөздік қорды меңгереді. Олар осы бөлімде әңгіме, өлең және аудиовизуалды мәтіндермен танысады. Қажетіне қарай жеке, топтық және ұжымдық жұмыстарды атқарады. Мұғалімнің интерактивті әдістері оқушылардың сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, ол үнемі қалыптастырушы бағалау жұмысына негізделеді.







Артикуляциялық жаттығулар





el.kz



(МК,Ұ) Мұғалім әрбір дыбысқа, сондай-ақ,сөз ішінде кездесетін қазақ тілінің төл дыбыстарын жасауға қатысатын дыбыстау мүшелерінің қызметін балаларға түсіндіріп, артикуляциялық дыбыстарды анық айтуға жаттығулар жасатады.

Бұл тұста «Кім көп және тез» оқыта үйрену әдісін пайдаланады. Мұғалім қазақ тіліне тән белгілі бір дыбысты айтады, оқушылар сол дыбыс кездесетін сөздерді атауы керек. Әрбір дұрыс айтылған сөз үшін мұғалім оқушыға жұлдызша береді.





Әріптер мен дыбыстарды ажыртатын жаттығу жұмыстарын өткізіңіз. Әр әріпке арналған сурет-кесте болу міндетті.

Дыбыстарды оқушылардың өздеріне іштей, сосын дыбыстап айтқызып, дыбыстау мүшелерінің қызметін нақты мысалдармен түсіндіріңіз. Құрамында қазақ тіліне тән дыбыстарды түрлі ойындар арқылы жаттықтырыңыз. Әрбір жаңа дыбысты/әріпті өткенде, оқытқанда жуан, жіңішке дыбыстар деген грамматикалық ұғымдарға нақты мысалдармен зейінін аудартып отырыңыз. Бұл әдісті жаңа дыбысты /әріпті өтетін алғашқы күнінен бастап үнемі өткізіп отырғаныңыз жөн.



1.1 Тыңдалым тәсілдерін қолдану



1.1.1.1 сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-әрекет жасау)





Сәлемдесу.

Сәлемдесу түрлері.

(МК) Мұғалім «Шеңбер әдісі» ережесімен сәлемдесудің мынадай үлгілерін ұсынады: «Сәлем»,«Сәлеметсіз бе»,«Сәлем, менің атым - ...», «Сәлеметсіз бе, менің атым - ...», «Сәлеметсіздер ме», Қайырлы таң! Қайырлы күн !



(Ұ) Оқушылар шеңбер құрып, кезектесіп ортаға шығып «Сәлем, менің атым - … » деп өз аттарын айтып, орнына барып, көршісіне қолын созады. Осылайша барлық бала өз атын айтып, танысып шығуы керек.Оқушылар жаттығуды өз аттарын ырғақпен шапалақтай отырып қайталайды. Бұл тұста мына жаттығу орындалады: «Сәлем»,«Сәлеметсіз бе» деп жазылған түрлі эмоциядағы (көңілді, көңілсіз, ашулы, мұңлы) смайликтерді көрсете отырып, сәлемдесуді түрлі эмоциядабірнеше рет түрлендіріп қайталатады.



(Ж,Қ) Мұғалім жұпта оқушылар бір-бірімен сәлемдескенде оқушылардың мынадай дағдыларын бағалайды:

  • досымен қарапайым түрде сәлемдесуін;

  • өздерін бірнеше сөзбен сипаттауын;

  • басқаларды тыңдауын.



Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар сәлемдесудің бірнеше түрін айта алады:

Сәлем! Сәлеметсіз бе! Амансыз ба? Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар басқалармен қимылмен, ым-ишарамен немесе қарапайым сөздер мен сөйлемдерді қайталау арқылы сәлемдеседі.

Оқушылардың алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз.

Оқушылар сөздердің айтылуын сіздің бет әлпетіңізден көре алатындай көрсетіңіз. Сонымен қатар бет қимылдарын да келтіріңіз.

Тірек сөздерді ірі әріптермен жазыңыз және оларға сілтемені жиі жасаңыз. Жаңа сөздерді меңгеру үшін қайталау маңызды, сондықтан оқушыларға көбірек дағдылануға мүмкіндік берілуі тиіс.

Оқушылардың тілін дамытуға арналған қосымша жаттығулар:

«Сәлемдесу» тақырыбына қатысты әңгімелер, өлеңдер және ұйқастар айтуға және оларды бірнеше рет қайталауға мүмкіндік беріңіз.

Бұл бөлімдегі тақырыптарды меңгеруге көмектесетін қолайлы жағдай жасаңыз. Мысалы,

  • рөлдік ойындарды ойнату;

  • алғашқы жазуға арналған қаламдар, түрлі түсті қарындаштар, қағаздар, т.б. көрнекі құралдармен қамтамасыз етілген ыңғайлы орынды дайындау.

Бастауыш сыныпқа арналған сергіту сәттері

sc0018.kokshetau.akmoedu.kz/



2.1 Сөздік қорды толықтыру



1.2.1.1 сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін қолдану



2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) және Тілдік нормаларды қолдану

1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру





2.6 Оқылған/тыңдаған материал бойынша ой-пікір білдіру

1.2.6.1 тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) айту



(МК,Ұ) «Сезімді тап» ойыны. Мұғалім ойынның басында оқушылардан адам баласында қандай сезімдер болатынын сұрайды (қуаныш, қорқыныш, үрей, жиіркеніш). Содан соң балаларды бірнеше минут ойландырып, ым-ишара көмегімен белгілі бір сезімді бейнелеуін сұрайды. Қалған балалар ол қандай сезімді білдіріп тұрғанын табу керек.



(МК) Мұғалім «Мен оқушымын», «Мен мектепке келдім», «Мен 1-сыныпқа келдім», «Мен қуаныштымын» деген қысқа фразалар айтқызу арқылы сезімін білдіретін рөлдік ойындар өткізеді.



(Ж) Оқушылар мектепке келген алғашқы күнгі көңіл-күйлерін жұпта пантомимо арқылы көрсетеді.



(Ө) Оқушылар өзінің мектепке келген күні туралы сурет салады. Өз есімін жаза алатын оқушылар суреттің төменгі бөлігіне жазуына болады.

(Т,Қ) Оқушылар бір-біріне суреттер көрсете отырып, қарапайым фразаларды қайталайды.



Мүғалім оқушылардың мына қабілеттерін бағалайды:

  • бірнеше сөздермен өз сезімдерін білдіре алуын;

  • басқалардың айтқанын тыңдай алуын.



Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар өз сезімдерін берілген үлгі бойынша сөз, қысқа сөз тіркесі арқылы айтады.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар өз сезімдерін берілген үлгі бойынша сөз, қысқа сөз тіркесі, сөйлем арқылы қайталап айтады.



Оқушылардың алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз

Тірек сөздерді ірі әріптермен жазыңыз және оларға сілтемені жиі жасаңыз. Жаңа сөздерді меңгеру, сөздік қорларын молайту үшін қайталау маңызды, сондықтан оқушыларға көбірек дағдылануға мүмкіндік берілуі тиіс.

Оқушылардың жетістіктерін көрсету үшін дайын жұмыстардың ең жақсыларын көрсетіңіз және алдағы жұмыстарына үлгі ретінде қалдырыңыз.

Оқушылардың тілін дамытуға арналған қосымша жаттығулар:

«Мектепке алғаш келген кездегі сезімдер» тақырыбына қатысты әңгімелер, өлеңдер, ұйқастар айтыңыз және оқушыларға бұл жұмыс түрлеріне қатысуына, бірнеше рет қайталауына мүмкіндік беріңіз.



www.balakai.kz/



erketai.kz/



5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (термин сөздерді қолданбау)

1.5.1.2 мұғалімнің көмегімен көптік/тәуелдік/ жіктік /септік жалғауларын ауызша тілде қолдану



1.1 Тыңдалым тәсілдерін қолдану



1.1.1.1 сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-әрекет жасау)



Автопортрет

(МК) Мұғалім шаттық шеңбері «Сиқырлы айна» ойынын ойнатады. Оқушылар кезектесіп айнаға қарап тұрып өз-өздерін сипаттайды. Мұғалім сөздер мен сөз тіркестерін анық, түсінікті айтқызады. Мысалы, менің шашым қара, менің көзім қоңыр.



(Ж) Оқушылар айнаға қарап, бір-біріне өздерін қарапайым тіркестермен сипаттап айтып шығады.



(Ө) Әр оқушы өз портретін салады. Өз есімін жаза алатын оқушылардың жазуына болады.



(Т,Қ) Мұғалім топтық жұмыс ұйымдастырып, оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалайды:

  • бірнеше сөзбен өз сезімін білдіре алуын;

  • өзгенің сөзін тыңдауын.



Диффернециация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар өзінің кімге көбірек (анасы, әкесі, әжесі, атасы...) ұқсайтынын жұпта айтады.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар жай сөйлемдерді ауызша қайталайды.













Оқушылардың алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз. Оқушыларға негізгі түс атауларын меңгеруіне арналған жұмыс ұйымдастырыңыз. Жаңа сөздерді меңгерту, сөздік қорларын молайту үшін қайталау маңызды, сондықтан оқушыларға көбірек сөздерді қайталап айтып дағдылануға мүмкіндік берілуі тиіс. Оқушылардың жетістіктерін көрсету үшін дайын жұмыстардың ең жақсыларын көрсетіңіз және алдағы жұмыстарына үлгі ретінде қалдырыңыз

Оқушылардың тілін дамытуға арналған қосымша жаттығулар:

жеке портретке қатысты әңгімелер, өлеңдер, ұйқастар айтыңыз және оқушыларға бұл жұмыс түрлеріне қатысуына, бірнеше рет қайталауына мүмкіндік беріңіз.

Оқушылардың алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз.

Сөздер мен сөйлемдерді қолдану үшін қимыл және ым-ишараны қажетіне қарай пайдаланыңыз.

Әр оқушыға қағаз дөңгелек керек болады. Топтарда сұрақ қою арқылы эмоциялары туралы сөйлесулеріне ықпал етіңіз. Мысалы, Сен қуаныштысың ба?

Жаңа сөздерді меңгеру, сөздік қорларын молайту үшін қайталау маңызды: Сондықтан оқушыларға көбірек дағдылануға мүмкіндік берілуі тиіс. Оқушылардың жетістіктерін көрсету үшін дайын жұмыстардың ең жақсыларын көрсетіңіз және алдағы жұмыстарына үлгі ретінде қалдырыңыз.

Оқушылардың тілін дамытуға арналған қосымша жаттығулар:

сезімдер мен эмоцияларға қатысты әңгімелер, өлеңдер және ұйқастар айтыңыз және оқушыларға бұл жұмыс түрлеріне қатысуына, бірнеше рет қайталауына мүмкіндік беріңіз.





1.3 Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну

1.1.3.1 тыңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегіменсұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация/суреттер/сызбалар таңдау



3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау



1.3.3.1 мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ және т.б.) ажырату



2.6 Оқыған/тыңдаған материал бойынша ой-пікір білдіру

1.2.6.1 тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) айту





4.1 Кейіпкердің атынан мәтін құрастырып жазу

1.4.1.1 суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу





(МК) Мұғалім көңіл-күй ерекшеліктері туралы әңгімелескенде, сыныпқа алдын ала ермексаздан жасалған бет әлпет үлгісін (мысалы, көз, мұрын, ауыз, жақ, бет, құлақ, тіс, ерін, маңдай) көрсетеді.

Артынан көңіл-күйді білдіретін қуанышты, мұңлы, ренжулі, т.б. сөздермен таныстырады. Оқушылардын ермексаздан көңіл-күйді білдіретін бірнеше мүсін жасатып, оларды «Арт кластер» әдісі бойынша берілген сөздермен сәйкестендіруді сұрайды.



(Ө) Оқушылар бір-біріне бет әлпет бөліктерін (мүшелерін) атайды. Мынау - көзі. Мынау - құлағы. Оны дәптерлеріне жазады.



(Ж) Оқушылар ермексаздан түрлі көңіл күйдегі мүсіндер жасайды. Оларға ат қойып, жұбына оның қандай көңіл-күйде екенін ойларын қарапайым сөз, сөз тіркесі арқылы толықтырып айтады. Мысалы, Мынау - қонжық. Мынау көзі. Көзі қара. Мынау мұрны. Ол ренжулі. т.б.

(Т) Мұғалім оқушыларды шаттық шеңберіне дөңгелене тұрғызып, төмендегі әнді бәрі бірге қосылып айтқызады.

Кел,балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек!

Қадірлі боп жүрейік!



(Т,Қ) Мұғалім сол уақытта оқушылардың қажеттіліктеріне сай әрі қарай оқытуға бейімдей топты басқарып, қолдау беріп, төмендегі дағдыларын бағалайды:

  • көңіл-күй ерекшеліктерін білдіретін сөздерді пайдалануын;

  • бет әлпетті сипаттайтын сөйлемдерді құруын:

  • бірін-бірін қызығушылықпен тыңдауын.



(Ұ,Қ) Мұғалім көңіл-күйді көрсететін және өз пікірлерін айтатын бірнеше оқушыларды таңдайды. Басқа оқушылар қимыл/ым-ишара арқылы бірін-бірі бағалайды.

Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар бет әлпетті сипаттайтын сөйлемдерді айтады.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар бет әлпет қатысты сөздерді айтады.

Оқушылардың алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз.

Жаңа сөздер мен бет әлпет үлгісі арасындағы байланысты мұғалімнің көрсетуі маңызды.

Тірек сөздерді баспа әріптермен жазыңыз және оларға сілтемені жиі жасаңыз. Жаңа сөздерді меңгеру,сөздік қорларын молайту үшін қайталап отыру маңызды, сондықтан оқушыларға көбірек дағдылануға мүмкіндік берілуі тиіс.

Оқушылардың жетістіктерін көрсету үшін дайын жұмыстардың ең жақсыларын көрсетіңіз және алдағы жұмыстарына үлгі ретінде қалдырыңыз.

Оқушылардың тілін дамытуға арналған қосымша жаттығулар, бет әлпетке қатысты әңгімелер, өлеңдер, ұйқастар айтыңыз және оқушыларға бұл жұмыс түрлеріне қатысуына,бірнеше рет қайталауына мүмкіндік беріңіз.





1.1 Тыңдалым тәсілдерін қолдану

1.1.1.1 сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-әрекет жасау)



Менің киімім



(МК) Мұалім түрлі киім үлгілерін суреттер, карточкалар арқылы таныстырады.

(Ұ) Оқушылар киім үлгілерінің атауларын кезекпен атап көрсетеді.



(МК) Мұғалім үлгі ретінде киімдердің түстерін атап көрсетеді. Мысалы, қызылқалпақ, көк шалбар, сары жейде, т.б.Содан кейін «Сөзден сөз тіркесіне» оқыта үйрету ойынын жүргізеді. Мысалы, мұғалім көйлек деген сөзді айтады, оқушылар қызыл көйлек, екі көйлек, үлкен көйлек, менің көйлегім т.с.с сөз тіркестерін айтады.

(Ө) Оқушылар киімдерінің суреттерін салады және жаңа сөздерді пайдалана отырып, киімнің атын және түсін атайды.



(Т,Қ) Мұғалім оқушылардың төменгідей дағдыларын бағалайды:

  • киім атауларын қолдануын;

  • түстерін білдіретін сөздерді қолдануын;

  • киім және түстерді білдіретін сөздерді қолданып, сөз тіркесі мен жай сөйлем құруын;

  • бірін-бірін қызығушылықпен тыңдауын.



(Ұ,Қ) Мұғалім бірлесіп жұмыс жасайтын оқушыларды таңдайды. Басқа оқушылар қимыл/ым-ишара арқылы бір-бірін бағалайды.

Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үлгі бойынша жай сөйлем айтады.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар киімдерді жеке сөзбен сипаттайды.





Оқушылардың алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз.

Оқушылардан түрлі киім үлгілерімен таныстыныңыз. Заттардың атаулары жазылған үлкендеу карточка жасаңыз.Киімдердің суретімен карточкалар дайындаңыз. Мысалы, көйлек, шалбар, жемпір, қалпақ, күрте, т.б.

Оқушалардың сөзден сөз тіркесін құрай алу дағдылары қалыптастыру үшін «Сөзден сөз тіркесіне» оқыта үйрету ойынын қолданыңыз.

Киімдер түсі топтары көрнекі болуы тиіс. Оқушылар түс атауларын нақты айту керек. Қажет болса түс атауларын қайталап отырыңыз.

Жаңа сөздерді меңгеру, сөздік қорларын молайту үшін қайталау маңызды, сондықтан оқушыларға көбірек дағдылануға мүмкіндік берілуі тиіс.

Оқушылардың жетістіктерін көрсету үшін дайын жұмыстардың ең жақсыларын көрсетіңіз және алдағы жұмыстарына үлгі ретінде беріңіз.

Оқушылармен тіл дамытуға арналған қосымша жаттығулар,

киімге қатысты әңгімелер, өлеңдер, ұйқастар айтыңыз және оқушыларға бұл жұмыс түрлеріне қатысуына, бірнеше рет қайталауына мүмкіндік беріңіз.





1.3 Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну

1.1.3.1 тыңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегіменсұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация/суреттер/сызбалар таңдау



2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) және тілдік нормаларды қолдану

1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі жауап беру





2.6 Оқыған/тыңдаған материал бойынша ой-пікір білдіру

1.2.6.1 тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) айту



1.1 Тыңдалым тәсілдерін қолдану



1.1.1.1 сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-әрекет жасау)



Менің сәбилік кезім

(Ұ) Мұғалім «Менің сәбилік кезім» тақырыбына қатысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерін айтқызады, оқушылардың сәби кезіндегі әкелген суреттерімен байланыстырып сөйлетеді.



(МК) Оқушылар тақырыпқа қатысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, мұғалімнің көрсеткен постердегі бейнелерге қатысты жай сөйлемдер құрайды. Мысалы,

Мен кішкентай болдым. Менде ойыншық көп болды. Менің қояным болды. Менің қонжығым болды. Менің мәшинем болды.



(Ж) Мұғалімнің көрсеткен үлгілері мен суреттерді пайдалана отырып, оқушылар өзінің сәби кезі туралы жұбына айтады. Мысалы,Мынау - балабақша.Мынау - менің қуыршағым.Мынау - менің мәшинем.



(Ұ,Қ) Мұғалім өзінің сәбилік кезіндегі суреті бойынша сыныппен бөлісетін оқушыларды таңдайды.



(Ж) Жұпта бір оқушы сәбидің қимылын жасайды, ал екіншісі оны тауып, сәйкес сөздермен сипаттайды. Мысалы, сәбидің еңбектеуі, жылауы, күлуі, т.б.



(Ө) Оқушылар өздерінің сәби кезіндегі және қазіргі кездегі суреттерін салады.



(Т,Қ) Мұғалім оқушылардың бірі сурет салып жатқанда, басқа оқушылармен сөздік қорды дамытатын жұмыс жүргізеді және оқушылардың төмендегідей дағдыларына баға береді:

• сәби кезі туралы сөздерді қолдануын;

• тақырыпқа байланысты жай сөйлемдерді айтуын.



(Ө,Қ) Оқушылар сәби кезіндегі, қазіргі уақыттағы суреттерін салып, үлгідегідей жай сөйлемдер құрайды.



Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар сурет бойынша үлгідегідей жай сөйлемді құрайды.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар салынған сурет бойынша сөз/сөз тіркестерін айтады.



Оқушылардың алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз.

Оқушылардан сәби кезіндегі суреттерін әкелулерін сұраңыз.

«Менің сәби кезімдегі» тақырыпқа постер құраңыз. Оған қатысты сөздер мен сөз тіркестерін дайындаңыз.

Жаңа сөздерді меңгеру,сөздік қорларын молайту үшін қайталау маңызды, сондықтан оқушыларға көбірек дағдылануға мүмкіндік берілуі тиіс.

Тақырыпқа сәйкес сөздік қорды дамыту үшін, мүмкіндік болса, бала мен анасын осы іс-шараға алдын ала шақыртыңыз.



Оқушылардың жетістіктерін көрсету үшін дайын жұмыстардың ең жақсыларын көрсетіңіз және алдағы жұмыстарына үлгі ретінде беріңіз.

Оқушылардың тілін дамытуға арналған қосымша жаттығулар, сәби кезіне қатысты әңгімелер, өлеңдер, ұйқастар айтыңыз және оқушыларға бұл жұмыс түрлеріне қатысуына, бірнеше рет қайталауына мүмкіндік беріңіз.





2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) және Тілдік нормаларды қолдану

1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру





2.6 Оқылған/тыңдаған материал бойынша ой-пікір білдіру

1.2.6.1 тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) айту



4.1 Кейіпкердің атынан мәтін құрастырып жазу

1.4.1.1 суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу





3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау

1.3.3.1 мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ және т.б.) ажырату





«Қазақ тілі» пәні. Бастауыш мектеп. 1-сынып

2-бөлім: «Менің мектебім»

Осыған дейін меңгерілген білім

2-бөлім алдыңғы бөлімде меңгерілген білім мен тілдік дағдыларды дамытады. Оқушылар сондай-ақ өздерінің ана тілінде әңгімелер, өлеңдер және мектеп лексикасын білулері керек.

Мәнмәтін

Бұл бөлімде оқушылар сынып мен мектепте өткізген уақыты туралы айтуға қажетті тілдік дағдыларды және 10-ға дейін санауды меңгереді. Бұл бөлім алдыңғы бөлімде меңгерілген сәлемдесу, киім, түстер, сезімдер мен сәбилік кезі туралы жеке ақпараттарға негізделеді. Бұл бөлім барысында дыбыстық жаттығулар үнемі жүргізіліп тұруы қажет. Бөлім «Өнер» саласы және «Дүниетану», «Жаратылыстану» пәндерімен пәнаралық байланыста өтеді. Бұл бөлімде оқыту жағдайлары оқушыларды қызықты рөлдік ойындарды ойнауға, оқу және жазу жаттығуларын орындауға көмектеседі.



Қысқаша шолу







Артикуляциялық жаттығулар - 1-бөлімдегі дыбысты оқыту туралы нұсқаулықты қараңыз.

Бұл бөлімде ә, і, ң, ғ, ү, ұ, қ, ө, һ дыбыстарын дұрыс дыбыстауға арналған жаттығулар ұйымдастырыңыз.







1.1 Тыңдалым тәсілдерін қолдану



1.1.1.1 сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-әрекет жасау)



Сыныптағы мені қоршаған заттар

(МК) Мұғалім сынып бөлмесіндегі заттарға қатысты сөздерді карточкалар арқылы көрсете отырып таныстырады. Сонымен қатар сынып бөлмесінде бар заттарды нұсқау арқылы қайталатады. Мысалы, Мынау - парта. Мынау - орындық. Мынау - қалам. т.б.

(Ұ) Мұғалім сынып бөлмесіндегі заттарды оқушылардың өздеріне дауыстатып қайталатады.

(Ө) Оқушылар Мынау не ?Анау не ? деп деген сұрақтарға жауап жазады.



(Ж, Қ) «Бинго» ойыны. Мұғалімнің қолында сынып бөлмесіне қатысты кезекпен айтылатын сөздер жазылған карточкалар болады. Оқушылардың қолында осы заттар бейнеленген алты карточка бар. Егер айтылған сөз олардың суретіне сәйкес келсе, суреттің үстіне тиісті сөзді қояды. Карточкасын бірінші болып толтырған ойыншы «Бинго!» - деп дауыстап айтып, жеңеді.

Мүғалім оқушылардың төмендегі дағдыларына баға береді:

  • сынып бөлмесіне қатысты сөздерді айту/қолдануын;

  • тыңдауы мен түсінуін.



Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар сынып бөлмесіндегі заттар туралы жай сөйлем құрайды.

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар сынып бөлмесіне қатысты заттарды атайды.

Оқушылардың тілін дамытуға арналған қосымша жаттығулар: сынып бөлмесіне қатысты әңгімелер, өлеңдер, ұйқастар айтыңыз және оқушыларға бұл жұмыс түрлеріне қатысуына, бірнеше рет қайталауына мүмкіндік беріңіз.

Бұл бөлімнің тақырыптарын меңгерту үшін рөлдік ойындарды ойнауға, оқу мен жазу жаттығуларын орындауға жағдайлар жасаңыз.

Оқушыларға төмендегі әрекеттер оң нәтиже береді:

  • мектеп жиһазы мен оқу құралдардың, суреттері мен үлгілерін көрсету.

  • сынып бөлмесіне қатысты рөлдік ойындар ойнау үшін, киімдер, қажетті материалдарды дайындау;

  • әңгімелер айтып, қойылымдар қоюға қуыршақтар мен шағын ойындар дайындау (Lego, Playmobile, қуыршақтар және т.б.)

  • алғашқы кездегі жазуға арналған әртүрлі қаламдар, қарындаштар, қағаздармен жабдықтау.

www.balakai.kz

1.2

Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну



1.1.2.1 күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну



3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну



1.3.2.1 мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну



3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау



1.3.3.1 мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ және т.б.) ажырату



2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) және тілдік нормаларды қолдану



1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру



2.6 Оқыған/тыңдаған материал бойынша ой-пікір білдіру



1.2.6.1 тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) айту







5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау

(термин сөздерді қолданбау)

1.5.1.1

мұғалімнің көмегімен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша тілде қолдану

(Ұ) Мұғалім оқушылардан сыныптағы дыбыстардың қалай дыбысталатынын сұрайды. Мәселен, есікті ашып, жауып, оның қалай сықырлайтынын, сағаттың қалай тықылдайтынын, т.б. түсіндіреді. Осымен байланысты оқушыларды мынадай тіркестердің пайда болуына назар аудартады. Мысалы, есік сықырлайды, сағат тықылдайды, т.б.

(МК) Мұғалім естілген дыбыстар бойынша құралған ұйқастарды (өлеңді) көрсетіп, мәнерлеп оқиды.

Сынып дыбыстары

Балалар күледі.

Есік тарсылдайды.

Сағат тықылдайды.

Қарындыш шықылдайды.

Қағаз сытырлайды.



(Ж) Оқушылар тақтада жазылған сөздерді қатыстырып өз өлеңін құрайды және жұбымен бөліседі.



(Ұ,Қ) Оқушылар өз өлеңдерін сыныптағы оқушыларға кезектесе мәнерлеп оқиды. Оқушылар тыңдап, өз сезімдерін ым-ишарамен көрсетеді.

Мұғалім оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалайды:

  • сөздерді дұрыс және анық айтып, қарапайым өлеңді мәнерлеп айтуын;

  • сынып бөлмесіне қатысты дыбыстарды сипаттауға арналған сөздерді қолдануын;

  • басқаларды тыңдауын.

Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар өзіне таныс бір немесе екі сөзді қосады.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар берілген үлгі бойынша бір немесе екі сөз тіркесін айтады.



Оқушылардың тілін дамытуға арналған қосымша жаттығулар: сынып бөлмесіне қатысты әңгімелер, өлеңдер, ұйқастар айтыңыз және оқушыларға бұл жұмыс түрлеріне қатысуына, бірнеше рет қайталауына мүмкіндік беріңіз.

Бұл бөлімнің тақырыптарын меңгерту үшін рөлдік ойындарды ойнауға, оқу мен жазу жаттығуларын орындауға жағдайлар жасаңыз.

Оқушыларға төмендегі әрекеттер оң нәтиже береді:

  • мектеп жиһазы мен оқу құралдардың, суреттері мен үлгілерін көрсету.

  • сынып бөлмесіне қатысты рөлдік ойындар ойнау үшін, киімдер, қажетті материалдарды дайындау;

  • әңгімелер айтып, қойылымдар қоюға қуыршақтар мен шағын ойындар дайындау (Lego, Playmobile, қуыршақтар және т.б.)

  • алғашқы кездегі жазуға арналған әртүрлі қаламдар, қарындаштар, қағаздармен жабдықтау.

Оқушылардың алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз.

Сабақ басында сөздерді/сөз тіркестерін (зат есім және етістік) тақтаға жазып қойыңыз. Оқушылар есітіген дыбыстары бойынша өз өлең ұйқастарын жазуға мүмкіндік беріңіз.



Олар құрастырған өлеңдері арқылы бірін-бірі бағалайды, бірін-бірін тыңдайды және өз сезімдерін білдіреді.

  • Мұғалім оқушылардың шығарған өлеңдерін диктофонға жазады. Оқушылар оны бос уақыттарында тыңдайды















1.1 Тыңдалым тәсілдерін қолдану



1.1.1.1 сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-әрекет жасау)





Сынып бөлмесінің үлгісі мен сызбасы

(МК) Мұғалім қораптан немесе әртүрлі материалдардан жасалған сынып бөлмесінің үлгісін көрсетеді және соған сәйкес сөздерді үйрену барысында қолданады. Оқушылардан тағы да нені қосуға болатынын сұрайды. Мысалы, парталар, орындықтар, кітаптар. Сөздерді дауыстап айта отырып, үлгіге заттардың аттары жазылған қағаздарды қадайды.



(Т) Шағын топтарда оқушылар мұғалімнің жасаған үлгісіне қарап, сынып бөлмесінің үлгісін жасайды.



(ТҚ) Мұғалім топпен және ұжыммен жұмыс жасай отырып, оқушылардың дағдыларын бағалайды:

  • сынып бөлмесі туралы сөздерді қолдануын;

  • өздері жасаған сынып үлгісі туралы жай сөйлемдерді айтуын.



Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар сынып бөлмесі туралы жай сөйлемдер айтады.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар сынып бөлмесіне қатысты заттарды атайды.

Оқушылардың алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз. Өнермен байланыстырыңыз.

Оқушыларға сынып үлгісін жасауға қажетті материалдар әкелуді тапсырыңыз. Мысалы, қораптар, мата, қағаз. Қораптар, желім, әртүрлі қағаздар, фломастерлер, т.б. материалдарды дайындаңыз.

Үлгі жасауға сынып бөлмесіне қатысты сөздердің атауларын дайындаңыз.

Оқушылардың тілін дамытуға арналған қосымша жаттығулар, сынып бөлмесіне қатысты әңгімелер, өлеңдер, ұйқастар айтыңыз және оқушыларға бұл жұмыс түрлеріне қатысуына, бірнеше рет қайталауына мүмкіндік беріңіз.

Оқушылардың жетістіктерін көрсету үшін дайын жұмыстардың ең жақсыларын көрсетіңіз және алдағы жұмыстарына үлгі ретінде қалдырыңыз.

Оқушылардың алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз.



2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу және тіл нормасын сақтау



1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру



3.2 Мәтін мазмұнын түсіну



1.3.2.1 мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну



2.6 Оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін білдіру



1.2.6.1 Тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) білдіру





(МК) Мұғалім оқушыларға сынып бөлмесінің қарапайым атаулары жазылған сызбаны қалай сызу керектігін көрсетеді.



(Ұ) Оқушылар өздерінің жеке сызбасын сызады.



(Т,Қ) Мұғалім «Сөздер тізбегі» оқыта үйрену ойынын ойнатады. Бір оқушы өздерінің жеке сызбасындағы сөзді атайды, ал екінші оқушы оны қайталап, тағы бір сынып бөлмесіне қатысты сөзді айтады. Осылайша барлық оқушыларды қатыстырады.



(Т, Қ) Мұғалім топпен жұмыс істей отырып, оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалайды:

  • сынып бөлмесіне қатысты сөздерді қолдануын;

  • сызбаны сипаттау үшін жай сөйлемдерді қолдануын.



(Ұ,Қ) Мұғалім өз жұмыстарын көрсететін оқушыларды таңдайды, ал басқа оқушылар ым-ишара арқылы бағалайды.

Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар өз сызбаларын сынып алдында таныстыруда жай сөйлемдерді қолданады.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар сынып бөлмесінің заттарын атайды.

Гуманитарлық ғылымдармен, географиямен байланыстырыңыз.

Сынып бөлмесіне қатысты заттардың атаулары жазылған қағаздар дайындаңыз. Оқушылар өздерінің сызбаларында атауларды қолдану үшін, атаулар жазылған қағаздарды сыныптағы көрінетін жерлерге іліңіз.

Оқушылардың жетістіктерін көрсету үшін дайын жұмыстардың ең жақсыларын көрсетіңіз және алдағы жұмыстарына үлгі ретінде қалдырыңыз.

Оқушылардың тілін дамытуға арналған қосымша жаттығулар, сынып бөлмесіне қатысты әңгімелер, өлеңдер, ұйқастар айтыңыз және оқушыларға бұл жұмыс түрлеріне қатысуына, бірнеше рет қайталауына мүмкіндік беріңіз.













5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау

(термин сөздерді қолданбау)

1.5.1.2 мұғалімнің көмегімен көптік/тәуелдік/ жіктік /септік жалғауларын ауызша тілде қолдану





1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну

1.1.2.1 күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну

Сынып бөлмесіндегі қауіпсіздік



(МК) Мұғалім сынып бөлмесінде қауіпсіз сезінуге арналған суреттерді көрсетеді.

(Т) Оқушылар суреттерден қауіпсіз сезінуге арналған сөздер мен тіркестерін «Арт кластер» әдісі бойынша мұғалімнің көмегімен сәйкестендіреді. Мысалы, қолыңды жу, айналып өт, орындықтарды орындарына қой, сөмкеңді көтер, қайшыны қорабына сал.

Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін дәптерлеріне жазады.





(Ж) Оқушылар өз жұптарымен сынып бөлмесінде қауіпсіздікті сақтау жолдарына қатысты тіркестерді қайталайды.



(Ө) Оқушылар сынып бөлмесіндегі қауіпсіздік тақырыбына сурет салады.



(Т,Қ) Мұғалім шағын топты бөліп алып, оқушылардың төмендегідей дағдыларына баға береді:

  • жеке сөздерді қолдануын;

  • сөз тіркестерін айтуын;

  • тыңдау және түсінуін;

  • жаңа сөздерді қолданып, жай сөйлемдер құруын.



(Ұ,Қ) Мұғалім өз жұмыстарын сыныпта сипаттайтын оқушыларды таңдайды, ал басқа оқушылар тыңдайды және пікірлерін айтады.



Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар қауіпсіздікке қатысты суреттерін жай сөйлемдермен сипаттайды.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар суреттерді сипаттау үшін тірек сөздерді қолданады.

Оқушылардың алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз.

Жеке және тұлғалық-әлеуметтік біліммен байланыстырыңыз.

Оқушылардың жетістіктерін көрсету үшін дайын жұмыстардың ең жақсыларын көрсетіңіз және алдағы жұмыстарына үлгі ретінде қалдырыңыз.





1.3 Хабарлама мазмұнын түсіну



1.1.3.1 тыңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегіменсұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация/суреттер/сызбалар таңдау





3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау



1.3.3.1 мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ және т.б.) ажырату

2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) және тілдік нормаларды қолдану





1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру



2.6 Оқыған/тыңдаған материал бойынша ой-пікір білдіру

1.2.6.1 тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) айту







4.1 Кейіпкердің атынан мәтін құрастырып жазу

1.4.1.1 суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу



5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау

(термин сөздерді қолданбау)

1.5.1.4 мұғалімнің көмегімен сөйлеу барысында сілтеу есімдіктерін дұрыс қолдану

  1. Тыңдалым тәсілдерін қолдану



1.1.1.1 сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-әрекет жасау)



«Мектеп күні» қойылым



(МК) Мұғалім суреттердің көмегімен мектеп күнінің үлгісін жасайды және әрқайсысын сипаттауға қарапайым тілді қолданады.



(Ұ) Мұғалім басы және соңы жазылған алты сөйлемі бар кеспе қағаздарды көрсетеді және оларды мағынасына қарай біріктірулерін сұрайды. Мысалы сөйлемнің басқы бөлігі:

  • Мен мектепте ...

  • Таңертең …

  • Түсте ...

  • Сабақтан соң …

Сөйлемнің соңғы бөлігі, мысалы:

  • ... барамын.

  • ... партама отырамын.

  • …үй жұмысын жасаймын.

  • …ойын ойнаймын.

  • …сурет саламын.



Мұғалім оқушылардың сынып алдында құраған сөйлемдерді таңдайды. Қалған оқушылар мағынасының келетінін / келмейтінін айтады.



(Т) Оқушылар тақтадағы үлгіге қарап, өздерінің мектептегі күндері туралы айтады.



(Ө,Ж) Оқушылар мектептегі бір күнін алты суреттен тұратындай етіп салады және жұбына дауыстап айтып береді.



(Т, Қ) Мұғалім топпен мектептегі күн реті туралы жұмыс жасай отырып, оқушылардың төмендегідей дағдыларын бағалайды:

  • мектептегі күнге қатысты сөздерді қолдануын;

  • қысқа презентацияны тыңдауын;

  • қарапайым реттілікпен әңгімелеуін.



(Ұ, Қ) Сынып оқушылары бір-бірімен мектептегі күн реттілігі жөнінде сөйлеседі. Мұғалім мектептегі күн ретін көрсететін бірнеше оқушыны таңдайды. Басқа оқушылар бір-бірін ым-ишара мен қимыл арқылы бағалайды немесе пікірлерін айтады.



Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар өздерінің мектептегі күні туралы жай сөйлемдерді өздігінен құрайды, содан кейін сынып оқушыларына айтады.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар үлгі бойынша мектептегі бір күн туралы сөйлемдерді қайталайды.

Оқушылардың алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз.

Мектеп күніне қатысты сөздерді және сөз тіркестерін үлкен кеспе қағаздарға жазыңыз (сөйлемнің басқы және соңғы бөлек жазылған).

Жаңа сөздерді меңгеру үшін қайталау маңызды. Сондықтан оқушыларға дағдылануға көп мүмкіндік берілуі керек.

Сабақтың соңында дейін осы тапсырманы тақтада қалдырыңыз. Сонымен қатар оқушылардың жетістіктерін көрсету үшін дайын жұмыстардың ең жақсыларын көрсетіңіз және алдағы жұмыстарына үлгі ретінде қалдырыңыз.

Оқушылардың тілін дамытуға арналған қосымша жаттығулар, мектеп күніне қатысты әңгімелер, өлеңдер, ұйқастар айтыңыз және оқушыларды осы жұмыс түрлеріне қатыстырып, бірнеше рет қайталауына мүмкіндік беріңіз.



1.2

Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну







1.1.2.1 күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну



3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау



1.3.3.1 мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ және т.б.) ажырату



2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) және тілдік нормаларды қолдану



1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру

2.6 Оқыған/тыңдаған материал бойынша ой-пікір білдіру



1.2.6.1 тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) айту



5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау

(термин сөздерді қолданбау)

1.5.1.5 мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру





(МК) Мұғалім сынып оқушыларына шеңбер құрып отыруды сұрайды. Мұғалім ым-ишара арқылы мектептегі күннің бір сәтін көрсетеді. Мысалы, оқушыларды түгендеу, кітап оқу, кітаптарды маркалау және т.б. Мәселен, Мүғалім «Мен не істеп жатырмын?» - деп сұрайды. Оқушылар табулары тиіс.

(Т) «Кім жылдам ойыны» арқылы оқушылардың бір тобы кезекпен сурет салу, кітапты оқу, жазу, тыңдау, ән салу, демалу, т.б. вербалды әркеттерді орындайды, ал екінші топ сол әрекеттердің атауын айтады.



(МК) Мұғалім «Стоп-кадрдың» не екендігін және оны топпен қалай жасау керектігін түсіндіреді. Мұғалім «Сендер мына жерге тұрыңдар, ал сендер қолдарыңа доп ұстаңдар, ...т.б.», деп балаларға орындарын көрсетеді.



(Т) Топтар мектеп күнінен стоп-кадр қойылымын дайындайды.



(Т,Қ) Мұғалімбір топпен жұмыс істеп, оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалайды:

  • сөйлеу және басқаларды тыңдауын;

  • мектептегі күнге қатысты сөздерді қолдануын;

  • оқушыларға не істеу керектігін айту арқылы «стоп-кадр» ойынын жоспарлауын.



(Ұ) Оқушылар кезектесіп өз «стоп-кадрларын» басқа топтарға көрсетеді. Оқушылар көрген «стоп-кадрларының» тақырыбын тауып, ым-ишарамен бағалайды.



Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар өздерінің «стоп-кадрларын» сипаттап басқаларға айтады.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар мектептегі күн туралы жеке сөздер/сөз тіркестерін айтады.





Оқушыларды әр вербалды әрекетке, қимылдарға сәйкес сөздер мен сөз тіркестерді тапқызып, шатаспай айтуға дағдыландырыңыз.



«Драма» әдісі, тыңдалым және айтылым дағдыларын дамыту туралы: :

www.teachfind.com/national-strategies/speaking-listening-learning-working-children-key-stages-1-and-2-%E2%80%93-leaflets-and-p



«Қазақ тілі» пәні. Бастауыш мектеп. 1-сынып

3-бөлім: «Менің отбасым және достарым»

Осыған дейін меңгерілген білім

3-бөлім алдыңғы бөлімдерде меңгерілген білім мен тілдік дағдыларға негізделген. Оқушылар сондай-ақ орыс тілінде үлкен көлемдегіәңгімелер, ұйқастар мен өлеңдерді және қазақ тілінде отбасы мен достар тақырыбына қатысты сөздерді білулері керек.

Мәнмәтін

Бұл бөлімде отбасы мен достары туралы айтуға қажетті тілдік дағдылар меңгеріледі. Бөлім барысында дыбыстық жаттығулар үнемі, жүйелі түрде оқытылуы қажет.Бөлімнің өнермен пәнаралық байланысы бар, әлеуметтік білімінің қалыптасуына мүмкіндік береді. Оқыту мақсаты рөлдік ойындар арқылы жүзеге асады. Бұл бөлім аясында өрт сөндіру станциясына, полиция бөлімшесіне, ауруханаға саяхат немесе осы мекемелердің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастыруға болады.

Қысқаша шолу

Оқушылар «Менің отбасым» тақырыбынан «Маған көмектесетін адамдар» тақырыбына көшу арқылы тілдік дағдыларын «Менің отбасым және достарым» тақырыбы аясында дамытады. Олар осы бөлімде әңгіме, өлең және аудио\бейне мәтіндерімен танысады. Қажетіне қарай жеке, топтық және ұжымдық жұмыстарды атқарады. Мұғалімнің интерактивті әдістері оқушылардың сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады. Ол үнемі қалыптастырушы бағалау жұмысына негізделеді.







Артикуляциялық жаттығулар -

1-бөлімдегі нұсқаулықты қараңыз.

Қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс қоюға арналған жаттығуларды жалғастырыңыз.



1.3.Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну

1.1.3.1 тыңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегіменсұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация/суреттер/сызбалар таңдау



Менің отбасым

(МК) Отбасы мүшелерінің суреттерін көрсетіңіз және оларды атаңыз. Мысалы, ана, аға, ата

(Ұ) Мұғалім ана, аға, ата, іні, апа сөздеріне қатысты «Қызықты тор көз» ойынын ойнатады. Бұл ойынға тор көзді карточкалар жасалады. Карточкалардағы әріптерді (ілгері-кейін, жоғарыдан төмен немесе төменнен жоғары) қалай қарай оқыса да, бір сөз шығуы қажет. Содан кейін олар карточкадағы сияқты осындай сөздерді тез, дұрыс, әріп көп тапса, сол оқушы жеңімпаз болады.



(МК) Мұғалім үлгі ретінде бір отбасының мүшелері туралы айтады. Мысалы,Менің апам/әпкем бар. Оның аты… .



(Ж) Оқушылар жұппен отбасы мүшесі туралы мұғалімнің айтқанын қайталап айтады.



(Ө) Оқушылар таңдап алған отбасы мүшесінің суретін салады және үлгіден бір жай сөйлем айтады. Мысалы: Менің әжем бар. Оның есімі... .



(Т, Қ) Мұғалім «отбасы» сөзіне байланысты сөздік қорын дамыту үшін топпен жұмыс жасайды, бағалайды.

Мұғалім оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалайды:

  • «Отбасы» тақырыбына байланысты сөздерді қолдануын;

  • басқа оқушыларды түсініп тыңдауын;

  • жай сөйлемді қайталауын.



(Ұ,Қ) Мұғалім құраған сөйлемдерді сыныппен бөлісу үшін бір немесе екі жұпты таңдайды. Басқа оқушылар қимыл, ым-ишара немесе қарапайым пікір арқылы бағалайды.



Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар суретке сәйкес жай сөйлемдерді құрайды.



Қабылдау деңгейі орташа оқушылар оқушылар өз отбасы мүшелері туралы сөз тіркестерін айтады.

Оқушының алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз.

Бұл жұмыс буындарды, жеке сөздерді ғана жазып үйретумен басталады.

Отбасы мүшелерінің үлкен суреттері мен олардың атауын білдіретін тірек сөздер дайындаңыз. Мысалы, ана, әке, аға, әпке, тәте, жезде, ата, әже, бөле, жиен іні, т.б.

Тірек сөздерді үлкен анық әріптермен жазыңыз және оларға жиі сілтеме жасаңыз. Осыған байланысты ойындар жүргізуге болады. Мәселен, «Қызықты тор көз» ойының тәртібі: ойынға арналған карточкалар бір-бірлеп тақтаға ілінеді. Оқушылар ондағы әріптерден сөз құрап, көлденеңінен, тігінен, төменнен жоғары қарай немесе көлденеңінен кейін қарай оқып шығады.

Содан кейін олар карточкадағы сияқты осындай сөздерді тез, дұрыс, әріп көп тапса, сол оқушы жеңіп шығады.

Мысалы: а) карточкасына сәйкес: ана, ата, апа, аға, сөздер тапса

Қайталаудың сөздік қорын жаңа сөздермен молайтуға маңызы бар. Сондықтан қайталап айтуға көп мүмкіндік берілуі тиіс.

Оқушылар жетістігін анықтау үшін жақсы дайын жұмыстарды көрсетіңіз және алдағы жұмыстарына үлгі ретінде қалдырыңыз.

Оқушылардың тілін дамыту үшін қосымша жаттығулар:

«Отбасы» тақырыбына байланысты әңгімелер, өлеңдер және ұйқастар айтқызыңыз. Оқушыларға әңгімелерді, ұйқастарды, өлеңдерді қайталауға мүмкіндік беріңіз.

Бұл бөлімді меңгеруге көмектесетін ыңғайлы жағдай жасаңыз:

  • Рөлдік ойындарға арналған киімдері мен қажетті құралдары бар орын дайындау. Мысалы: өрт сөндіру станциясы, полиция бөлімшесі, т.б. Сонымен қатар түрлі қалам/қарындаш/қағаз болуы керек.

  • Отбасы, аурухана, өрт сөндіру станциясы, полиция бөлімшесі, т.б. тақырыптар бойынша кітаптар, тыңдау және визуалды мәтіндері қойылған бұрыш дайындау.

Әңгімелер айтып, қойылымдар қоюға арналған қуыршақтары мен қысқа ойындары бар орын дайындау (Lego, Playmobile, қуыршақтар).

1.2

Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну

1.1.2.1 күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну





3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау

1.3.3.1 мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ және т.б.) ажырату



2.1 Сөздік қорды толықтыру

1.2.1.1 сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін қолдану

2.6 Оқыған/тыңдаған материал бойынша ой-пікір білдіру



1.2.6.1 тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) айту



(МК) Мұғалім отбасы мүшесінің біреуін сипаттап айтады. Отбасы тақырыбына байланысты сөздерді, сын есімдерді пайдалана отырып, «Сөзден сөз тіркесіне» оқыта үйрету ойынын ойнатады. Мысалы, мұғалім ана деген сөзді айтады, оқушылар анам мейірімді, менің анам мейірімді. Мұғалім іні деген сөзді айтады, оқушылар кішкентай, інім кішкентай, менің інім кішкентай; менің ағам ақылды т.с.с сөз тіркестерін айтады.



(Ж) Оқушылар отбасы мүшесін сипаттау үшін үлгіні ауызша қайталайды.



(Ө) Оқушылар отбасы мүшесінің моделін жасайды немесе суретін салады және жай сипаттауға дағдыланады.



(Т,Қ) Мұғалім отбасын сипаттау жұмыстарын дамыту үшін топпен жұмыс жасайды, оқушылардың төмендегідей дағдыларын бағалайды:

  • отбасына байланысты сөздік қорын пайдалануын;

  • басқа оқушыларды тыңдауын;

  • жай сөйлемнің сызбасын сызуын.



(Ұ, Қ) Мұғалім өз жұмысы туралы әңгімелеп беретін оқушыларды таңдайды. Өзгелері қимыл\ым-ишара арқылы бір-бірін бағалайды.



Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар салған суретіне/моделіне қарап, сөйлем сызбасын жасайды және сөйлемді айтады.



Қабылдау деңгейі орташа оқушылар салған суретіне/моделіне қарап, сөйлем сызбасын жасайды.

Оқушының алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз.

Отбасы туралы сөздерді суреттермен байланыстырыңыз.



Отбасы мүшелерін сипаттауға арналған дара сын есімдерді пайдаланыңыз. Мысалы: кішкентай, арық, үлкен, биік, сүйкімді, мейірімді, ақылды, еріншек, ақылды, көңілді. «Сөзден сөз тіркесіне» оқыта үйрету ойыны пайдалануға болады. Бұл ойын арқылы оқушалрдың сөзден сөз тіркесін құрай алу дағдылары қалыптастырылады.

Тірек сөздерді үлкен баспа әріптермен жазыңыз және оларға жиі сілтеме жасаңыз. Сөздік қорды жаңа сөздермен молайтуда қайталаудың маңызы бар, сондықтан қайталап айтуға көп мүмкіндік берілуі тиіс

Оқушылар жетістігін анықтау үшін жақсы дайын жұмыстарды көрсетіңіз және алдағы жұмыстарына үлгі ретінде қалдырыңыз.

Оқушылармен тіл дамытуға арналған қосымша жаттығулар орындаңыз. Мысалы,

отбасына байланысты әңгімелер, өлеңдер, ұйқастар айту. Оқушыларға әңгімелерді, ұйқастарды, өлеңдерді қайталай отырып, қатысуға мүмкіндік беріңіз.

Ақ мамам.wmv

Bakytgul Salykhova2 г. назад 38 521 просмотр

"Ақ мамам" әні. Сөзі Ф.Оңғарсынованікі Әні Айжігіт Асановтікі.

4.1 Кейіпкердің атынан мәтін құрастырып жазу

1.4.1.1 суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу



5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (термин сөздерді қолданбау

1.5.1.2 мұғалімнің көмегімен көптік/тәуелдік/ жіктік /септік жалғауларын ауызша тілде қолдану



1.5 Тыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну



1.1.5.1 қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін білдіру

Менің туыстарым

(МК,Ұ) Мұғалім ата, әже,әке, ана, аға, іні, әпке, қарындас, сіңлі деген отбасы мүшелерінің атауын білдіретін сөздерді қайталатады. Ол үшін «Он сұрақ» әдісін ойнатады. Мұғалім бір оқушыны таңдап алып, оның сөз жазылған стикерді жапсырады. Қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады. Оған жауап не ИӘ не ЖОҚ деп беріледі. Мәселен,

- Сенің ағаң немесе қарындасың бар ма?

- Иә !

- Сенің інің бар ма ?

- Жоқ.



(Ө) Әрбір оқушы отбасындағы адам санына қарай алма алады (яғни алма пішініндегі қағаз бөлігін), оған өз отбасы мүшесінің суретін салады. Оларды отбасы бәйтерекке ретімен орналастырады. Отбасы мүшелері жазылған дайын сөздерді суреттің астына желімдейді.



(Ұ) Бірнеше оқушы өз отбасының бәйтерегі туралы әңгімелейді.



(Ұ,Қ) Мұғалім оқушылар отбасы мүшелері туралы сұрақтар мен жауаптарды талқылайды. Оқушылардың төмендегі қабілеттерін бағалайды:

  • қарапайым нұсқауларды орындауын;

  • қарапайым сұрақтар қою/жауап беруін;

  • отбасы туралы сөздерді қолдануын.



Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар оқытушы үлгісіне сүйене отырып, бір-бірінің отбасы мүшелері туралысұрақ қояды және жауап береді.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылармұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

Оқушының алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз.

Отбасы туралы сөздерді суреттермен байланыстырыңыз.



«Он сұрақ» әдісі арқылы оқушының сұрақтарды түсіну қабілетін тексеріңіз.

Әр оқушыға бәйтеректің суреті салынған жұмыс парағын дайындаңыз.

Отбасы бәйтерегін көрсету үшін үлкен қағаз дайындаңыз. Отбасы мүшелерін көрсету үшін алма пішініндегі карточкалар қажет. Әр оқушыға бірнеше алма керек.

Сұрақтар мен жауаптардың жазбаша үлгісін дайындаңыз.

Дайын отбасы бәйтерегін көрсетіңіз және алдағы оқу кезеңінде отбасына байланысты сөздік қорын қайталауда көмекші құрал ретінде пайдаланыңыз.

Оқушылардың тілін дамыту үшін қосымша отбасы ағашына қатысты әңгімелер, өлеңдер және ұйқастар айту арқылы дамытыңыз.



Оқушыларға әңгімелерді, ұйқастарды, өлеңдерді қайталай отырып, қатысуға мүмкіндік беріңіз.





1.4. Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттарды түсіну



1.1.4.1 мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну



2.1 Сөздік қорды толықтыру



1.2.1.1 сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін қолдану



2.2 Берілген тақырып бойынша ойын жеткізу



1.2.2.1 сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіру



1.3 Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну



1.1.3.1 тыңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегіменсұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация/суреттер/сызбалар таңдау



Менің достарым. Мульфильмді сипаттау.

(Ұ) Мұғалім оқушыларға «Менің достарым» тақырыбында «Сөзден сөз тіркесіне, сөз тіркесінен сөйлемге» әдісі бойынша жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгертеді. Мысалы,

дос, менің досым, менің досымнығ аты... Менің досым жақсы. Менің досым ақылды.Менің досым 1-сыныпта оқиды. Менің досым жақсы оқиды.



(МК) Мұғалім суреттер топтамасына сүйене отырып, мазмұнын қайталап (немесе фильм кадрларын қолданыңыз) және сәйкес жай сөйлемдерді қолданып айтады.



(Ө) Оқушылар «Досың қандай?» тақырыбында ассоциограмма құрайды.

(Ж) Жұппен жұмыс жасау барысында оқушы өз сөйлемдерін қасындағы досына айтып береді.



(Ұ,Қ) Мұғалім сыныпта кезекпен жұптарды сөйлетеді, ал басқа оқушылар оларды тыңдайды (олар ым-ишара немесе пікір арқылы баға бере алады). Оқушылардың достарын сипаттау кезіндегі дағдыларына төмендегідей баға береді:

  • сөздік қорды орынды пайдалануын;

  • басқа оқушылардың сипаттауын түсініп тыңдауын;

  • достарын сипаттауда қолдынылатын қарапайым сөздерді айтуын.



Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар досы туралы пікірлерін айтады.

Қабылдауы деңгейі орташа оқушылар сызба бойынша ауызша сөйлемдер құрайды.

Оқушының алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз.

Мұғалім ұсынатын әңгіменің үлгісі:

«Үйректің аналығы ерекше жұмыртқа табады. Жұмыртқадан ұсқынсыз балапан шығады. Үйректің бақытсыз балапаны.

Құстар оны қаламайды. Ол аққу сияқты көрінеді. Ол қазір бақытты.

Ол өз отбасында». Әңгіме құрастыру үшін қағаз алты бөлікке бөлінеді. Әңгіме құрастыруға балама ретінде фильм үзінділері беріледі. Бұл әдіс блалардың талқылауға белсене араласуы үшін жақсы ынталандыру болады. Жаттығуды орындау алдында мұғалім дайын үлгіні ұсынуы тиіс.

Тапсырманы күрделендіру мақсатында мұғалім «маған ұнайды» және «маған ұнамайды» деген сөз тіркестерін оқушылардың есіне түсіруі керек. Әңгіме барысында оқушылар пайдалану үшін тірек сөздері жазылған кеспе қағаздарын дайындаңыз.

Орыс және ағылшыны тілдерінде ұсынылатын мультфильмдер үйректің ұсқынсыз балапанының өз отбасын тауып бақытқа кенелуі туралы. Бірақ осы мазмұндас басқа ресурстарды да қолдануға болады.

mults.info/mults/?id=466

© Союзмультфильм, 1956 г.

Режиссёр: Дегтярев Владимир



.(8.38 minutes)

www.youtube.com/watch?v=NMLNTIZR620





1.2

Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну

1.1.2.1 күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну



1.5 Тыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну



1.1.5.1 қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін білдіру



3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну



1.3.2.1 мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну



2.5 Тыңдау-көру материалдары негізінде ойын айту

1.2.5.1 қысқа фильмдер мен тыңдалым материалдарының сюжетін өз сөзімен суреттеу



2.6 Оқыған/тыңдаған материал бойынша ой-пікір білдіру



1.2.6.1 тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) айту



(Ұ) Мұғалім оқушыларға фильм үзінділерінен мысалдар көрсете отырып, ондағы басты кейіпкерлердің кім екендігін сұрайды. Мысалы, полиция, өрт сөндіруші, медбике, оқытушы т.б.



(МК) Мұғалім оқушыға рөлдік ойын арқылы бұл адамның қалай көмектесетінін көрсетеді. Негізгі затттар - стетаскоп, өрт сөндіруші каскасын пайдаланады.



(Ж) Оқушылар бізге көмектесетін адамды рөлдік ойынмен көрсетеді.



(Ө) Оқушылар таңдап алған, бізге көмектесетін адамның суретін салады және оларды қарапайым ауызша сөйлемдер арқылы сипаттауды үйренеді.



(Т,Қ) Мұғалім тілдік дағдыларды дамыту үшін топпен жұмыс ұйымдастырады және оқушылардың төмендегідей дағдыларын бағалайды:

  • бізге көмектесетін адамдарға байланысты қарапайым сөзді қолдануын;

  • басқа оқушыларды түсініп тыңдауын;

  • жай сөйлемді сызбамен көрсетуін.



(Ұ,Қ) Мұғалім бізге көмектесетін адамдар суреттерін көрсететін және оларды сипаттайтын оқушыларды таңдайды. Басқа оқушылар бір-бірін бағалайды.



Дифференциация:

Қабылдауы деңгейі жоғары оқушылар берілген суреттер бойынша бір-біріне сұрақтар қойып, жауап береді.

Қабылдауы деңгейі орташа оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

«Бізге көмектесетін адамдар» мамандықтарының атаулары жазылған суреттерді, кітаптар және интернет клиптерін дайындаңыз. Мысалы, полиция, өрт сөндіруші, медбике, оқытушы. Көмектесетін адамдарға қатысты нысандар, киімдер жинаңыз. Мысалы, стетоскоп, қалпақ, дәрігер сөмкесі, т.б.

Оқушының алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз.

Сабақты жеке және әлеуметтік тәрбиемен байланыстырыңыз.

Үлгі ретіндегі сөздер жазылған кеспе қағаздар дайындаңыз. Мысалы:

- Бұл кім?

- Ол бізге қалай көмектеседі?

Адамдар тізімі және таңдауға берілетін жауаптар да керек болады. Мысалы:

Ол қылмыскерлерді ұстайды.

Ол өртті сөндіреді .

Ол бізді емдейді.

Ол бізді жазу мен оқуға үйретеді.

Тірек сөздерді үлкен баспа әріптермен жазыңыз және оларға жиі сілтеме жасаңыз. Қайталаудың сөздік қорды жаңа сөздермен молайтуға маңызы бар. Сондықтан қайталап айтуға көп мүмкіндік берілуі тиіс.

Оқушылардың тілін дамыту үшін, қосымша жаттығулар ұйымдастыру үшін сынып бөлмесінен рөлдік ойынға арналған орын дайындаңыз: дәрігер киімдері, қуыршақтар, заттар, қағаз және жазу қарындашы. Бізге көмектесетін адамдарға байланысты әңгімелер, өлеңдер және ұйқастар айту. Оқушыларға әңгімелерді, ұйқастарды, өлеңдерді қайталай отырып, қосылып айтуға мүмкіндік беріңіз.

Ғажайыпстанға Саяхат www.youtube.com/watch?v=gNVBcuC44vE youtub



4.1 Кейіпкердің атынан мәтін құрастырып жазу



1.4.1.1 суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу



4.4 Каллиграфиялық нормаларды сақтау



1.4.4.1 бас әріптер мен кіші әріптерді санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес бір-бірімен дұрыс байланыстырып, анық, айқын жазу



5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (термин сөздерді қолданбау)

1.5.1.5 мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру



2.6 Оқыған/тыңдаған материал бойынша ой-пікір білдіру



1.2.6.1 тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) айту



Саяхат

(МК,Ұ) Мұғалім сыныпты саяхатқа дайындайды:

  • оқушылардың ауызша сөйлеу тілін дамытатын сөздер мен пайдалы сөз тіркестерін айтықызады;

  • саяхатқа қатысты қауіпсіздік шаралары туралы айтады;

  • саяхатқа байланысты мәтіндері бар кітап, журналдармен таныстырады;

  • оқушыларға саяхат барысында неге көңіл бөлу керек екендігі жайлы айтады.

(Ұ) Сынып топпен ұйымдасқан түрде саяхатқа шығады, әр топтың белгіленген көшбасшысы саяхатта неге көңіл бөлу керектігін, сұрақтар дайындау туралы естеріне салады.

(Ұ) Мұғалім саяхаттан соң, сынып бөлмесіне келгенде жабық және ашық сұрақтар қою арқылы талқылау ұйымдастырады. Мысалы,

- Сендер не көрдіңдер?

- Сендерді не таңғалдырды?

- Сендерге саяхат ұнады ма?



(Ө) Оқушылар саяхатты суреттермен, диаграммалармен және қарапайым атаулармен, сөйлемдер құрастырумен аяқтайды.



(Т,Қ) Мұғалім оқушылар сурет салып жатқанда, олардың төмендегі дағдыларын бағалайды:

    • ойларын суреттер және қарапайым сөз арқылы көрсетуін;

  • сөздік қорын нақты қолдануын;

  • басқа оқушыларды түсініп тыңдауын.



(Ұ) Барлық суреттер, диаграммалар және жазбалар үлкен сынып кітабында жасалады және оны басқа сыныптармен бөлісу үшін арнайы оқу орынында сақтау керек.



Дифференциация:

Қабылдаудеңгейі жоғары оқушылар оқушылар ересек адамның көмегімен саяхат туралы өздерінің ойын аудио құралға жазады және сыныппен бөліседі.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар өз ойын салған суреттері арқылы көрсетеді.





Оқу мақсаттарына қол жеткізуге байланысты қосымша саяхатқа шығуға қолдау көрсетуіңізге болады.

Оқушының алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз .

Сыныппен қызықты орындарға мектеп саяхатын ұйымдастырыңыз. Мысалы, бізге көмектесетін адамдарға байланысты өрт сөндіру стансасы, полиция бөлімшесі, аурухана, кітапхана.

Саяхатқа қатысты суреттер, кітаптар және интернет клиптерін дайындаңыз.

Тірек сөздерді үлкен әріптермен жазыңыз және оларға жиі сілтеме жасаңыз. Қайталау барысында оқушының сөздік қорының жаңа сөздермен молаюына беретін тиімділігі үлкен. Сондықтан қайталауға көп мүмкіндік берілуі тиіс.

Саяхаттан кейін туындайтын оқушы ойын дамыту мақсатында сол әсерлерімен байланыстырып қойылатын сұрақтар жоспарлап, дайындаңыз.Мұғалім және басқа ересек адамдар саяхат кезінде суретке түсіреді, суретті саяхаттан кейін сөйлеу және жазба тілдік дағдыларын дамытуға пайдаланады.

Саяхаттың барлық жазбалары, суреттері мен диаграммаларын жазып қою үшін үлкен сынып кітабын дайындаңыз.

Оқушылардың тілін дамыту үшін қосымша жаттығулар:

бізге көмектесетін адамдарға байланысты әңгімелер, өлеңдержәне ұйқастар шығарып айту. Оқушыларға әңгімелерді, ұйқастарды, өлеңдерді қайталай отырып, қатысуға мүмкіндік беріңіз.

Егер мектеп саяхатын ұйымдастыруға мүмкіндік болмаса, бізге көмектесетін адамды сыныпқа оқушылармен кездесуге, олардың сұрақтарына жауап беруі үшін шақырыңыз.

Жаттығуды күрделендіру мақсатында егер жазу құралы бар болса, оқушылардан саяхат туралы айтуларын сұрап жазыңыз. Бұл жазбаны оқушылар сабақтан бос уақыттарында, тыныш ортада басқа сыныптармен бірлесе отырып тыңдай алады.



3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру

1.3.4.1 мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар (кім? не? қандай? қанша?) қою



5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (термин сөздерді қолданбау)

1.5.1.5 мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру



«Қазақ тілі» пәні. Бастауыш мектеп.1-сынып

4-бөлім: «Бізді қоршаған әлем»

Осыған дейін меңгерілген білім

4-бөлім - алдыңғы бөлімдерде меңгерілген білім мен дағдыларға негізделеді. Оқушылар оқыту тілдерінде қоршаған орта туралы әңгімелер, өлеңдер, санамақтармен таныс болулары керек.

Мәнмәтін

Бұл бөлімде қоршаған орта туралы айтуға қажетті білім мен дағдылар үйретіледі. Жүйелі, арнайы қазақ тілі фонетикасы үнемі оқытылуы тиіс. Бұл бөлім тарих, дүниетану, жаратылыстану жәнеөнер білім саласы пәндерімен пәнаралық байланыста өтеді. Оқушылардың білімді меңгеруіне көмек көрсету үшін қызықты рөлдік ойындар, оқылым және жазылым тапсырмалары керек. Бұл бөлімде экскурсияға шығуға (қаланы аралау, жергілікті дүкенге бару, монумент, ескерткіштерге бару, фермаға немесе ойын-сауық орталығына бару) болады.

Қысқаша шолу







Бөлімде оқушылар тілдік дағдыларын 'Құстар мен жануарлар' деген тақырыптан бастап 'Менің қалам/менің елім' деген тақырыптар аясында дамытады. Оқушылар әңгімелермен, өлеңдермен және көру мәтіндерімен таныс болады. Өз бетімен, топ болып немесе бүкіл сынып болып жұмыс істейді. Оқу үдерісі интерактивті болғаны дұрыс, оның ішінде сөйлеу мен тыңдалым дағдыларына назар аударып, қажетті жерде мұғалім өзі үлгі көрсетіп, сонымен қатар, үнемі қалыптастырушы бағалауды жүзеге асырып отыруы керек.







Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

Оқу ресурстары





Артикуляциялық жаттығулар - 1-бөлімдегі нұсқаулықты қараңыз.

Қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс қоюға арналған жаттығуларды жалғастырыңыз.



«Мен ауылға барамын» www.youtube.com/watch?v=UKrcFg7Sn14&list=PLDbpfoEo8aJx71neznBkQTvhC0GmgfYuh







«Балдырғандар ауылда»

www.youtube.com/watch?v=FS_alOT9trY





«Үш қой» www.youtube.com/watch?v=dPOF_iogQ3U





1.2

Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну



1.1.2.1 күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну



Үй жануарлары



(Ұ) Ой ашар стратегиясы.

1. Мұғалім «Арт кластер» әдісі бойынша жаңа сөздерді сурет мазмұнымен сәйкестендіруді сұрайды.Оқушылар әр жануардың аты мен қалай дыбыстайтынын берілген сөздерден тауып тіркестіреді. Мысалы, Жылқы. Жылқы кісінейді. Сиыр. Сиыр мөңірейді.Қой, ешкі маңырайды. Түйе. Түйе боздайды.

Жылқы - құлыншақ. Түйе - ботақан. Қой-қошақан. Бұзау - ботақан.



2. Мұғалім оқушыларды шеңбер бойына тұрғызып, олардың әрқайсысына белгілі бір жануардың суреті бар кеспе қағаз береді және өздерін сол кейіпкерлер ретінде таныстыруларын сұрайды. Жануардың қалай дыбыстайтынын көрстуін сұрайды. Мысалы,

Менің атым - Құлыншақ. Менің атым -Ботақан. Менің атым - Қошақан.



(Ұ) Сынып болып оқушылар ферманың тіршілігін көрсететін үлкен постерге фриз жасайды. Мұғалім әрбір оқушыға сұрақ қоя отырып, оның сұлбасын сызады. Мысалы:

- Фермада қандай үйлер болуы мүмкін?

- Онда кімдер жұмыс істейді?

- Бұл жерде ағаштар бар ма?

- Қандай үй жануарлары бар?

(Өз ойларын айту үшін суретті карточкалар мен кітаптарды қолдану)

Оқушылар ферманың тіршілігін көрсету үшін әртүрлі ресурстарды қолданады. Мұғалім оқушыларды жануарлар, үйлер, ағаштар т.б. етіп топтарға бөледі.



(Қ) Мұғалім оқушыларды тапсырманы орындау барысында фермаға қатысты сөздік қорын пайдалануға бағыттайды. Олардың қабілетін бағалайды:

  • фермаға қатысты сөздерді қолдануын;

  • пікірін айтуын, сұрақ қоюын және жауап беруін;

  • өзгелерді тыңдауы мен түсінуін.



(Ұ,Қ) Фризді аяқтаған соң сынып оқушылары қарайды және әрбір оқушы кезектесіп өздерінің істегендерін суреттеп береді. Өзгелері тыңдап, жұп болып бағасын береді.

Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар постердегі бейнелерге қатысты сөйлемдер құрайды.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар постердегі бейнелерге қатысты сөздер айтады

Сабақтың мақсатын оқушыларға нақтылап айтыңыз.



Жануарлардың көлемді суреттері бар кеспе қағаздарды даярлаңыз (сурет және сөз).

Плакат және түрлі материалдардан (қағаз, мақта жіп, желім, бояу, жүн ) фриз (әртүрлі заттардан қатырып жасалған бұйымдар) даярлау керек.

Оқушыларға қосымша тапсырмалар:

Фермаға қатысты ертегі, тақпақ, санамақ айтыңыз. Оқушылардың өздерін осы үдеріске қатыстырып, бірнеше рет қайталаңыз.

Оқушылардың білімді меңгеруіне көмек көрсету үшін қызықты рөлдік ойындар, оқылым және жазылым тапсырмалары керек.

Бұл бөлімді меңгеруге көмектесетін ыңғайлы жағдай жасаңыз:

  • фермердің, мал дәрігерінің, хайуанаттар дүкені сатушысының т.б. киімдерімен рөлдік ойындарды ойнайтын орындарды дайындау керек. Оның ішінде сабаққа қажетті жазба жұмыстарына арналған құралдары бар орын да болуы тиіс (қалам, қарындаш, қағаз);

  • ферма, құстар, жануарлар, «Менің туған қалам», «Туған ауылым» тақырыбына байланысты кітаптар/тыңдалым және көру мәтіндері бар арнайы оқу бұрышын дайындау;

  • шағын қойылым қоюға арналған қуыршақтар.



1.1 Тыңдалым тәсілдерін қолдану



1.1.1.1 Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-әрекет жасау)



1.3 Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну















1.1.3.1 тыңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегіменсұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация/суреттер/сызбалар таңдау



1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттарды түсіну



1.1.4.1 мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну



3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау

1.3.3.1 мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ және т.б.) ажырату



3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну

1.3.2.1 мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну





2.2 Берілген тақырып бойынша ойын жеткізу



1.2.2.1 сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіру



(МК) Мұғалімүй жануарларының суретін көрсетіп таныстырудан бастайды. Мысалы:

Мынау - менің мысығым. Оның аты…



(Ұ) Оқушылар шеңберге тұрып, мұғалімнің көрсеткен үлгісімен өз жануарларын таныстыра бастайды.



(МК) Мұғалім жай сөйлем арқылы үй жануарын сипаттау үлгісін көрсетеді. Жануардың түсін атайды.

Мысалы, Менің мысығымның түсі қара.



Осы тапсырманы орындамас бұрын оқушыларға үйлерінен жануарларының суреттерін әкелуді тапсырыңыз.

Оқушыларға оқу мақсатын нақты түсіндіріңіз.

Суреттер арқылы төрт түлік малмен таныстырыңыз.

Жануарларға қатысты сөздер мен сөз тіркестерін көрсетіңіз.

Фотосуреттер қолданыңыз. Тапсырма аяқталған соң, оқушылардың суреттері мен жазбаларын көрсетіңіз.



vse.kz/to/prepod/_bloks/pic/450018-azasha-tapatar-balalara-arnalan/





bilimdiler.kz/balabaksha/4128-tort-tulik-mal.html

2.1 Сөздік қорды толықтыру



1.2.1.1 сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін қолдану



(МК) Мұғалімүй жануарларының суретін көрсетіп таныстырудан бастайды. Мысалы:

Мынау - менің мысығым. Оның аты…



(Ұ) Оқушылар шеңберге тұрып, мұғалімнің көрсеткен үлгісімен өз жануарларын таныстыра бастайды.



(МК) Мұғалім жай сөйлем арқылы үй жануарын сипаттау үлгісін көрсетеді. Жануардың түсін атайды.

Мысалы, Менің мысығымның түсі қара.



Осы тапсырманы орындамас бұрын оқушыларға үйлерінен жануарларының суреттерін әкелуді тапсырыңыз.

Оқушыларға оқу мақсатын нақты түсіндіріңіз.

Суреттер арқылы төрт түлік малмен таныстырыңыз.

Жануарларға қатысты сөздер мен сөз тіркестерін көрсетіңіз.

Фотосуреттер қолданыңыз. Тапсырма аяқталған соң, оқушылардың суреттері мен жазбаларын көрсетіңіз.

Үй жануарлары

azbyka.kz/takyryby-uy-zhanuarlary

Жұмбақтар

www.balakai.kz/publ/zh_mba_tar/zhanuarlar_turaly_zh_mba_tar/10-1-0-202

1.3 Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну



1.1.3.1 тыңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегіменсұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация/суреттер/сызбалар таңдау



(МК)

(Ұ) Мұғалім «Арт кластер» әдісі бойынша жаңа сөздерді сурет мазмұнымен сәйкестендіруді сұрайды. Оқушылар түрлі аңдардың суреті бар кеспе қағаздарды жаңа сөздермен сәйкестендіреді. Мысалы, қасқыр, борсық түлкі, т.б.Мұғалім кеспе қағаздарды көрсетіп, сөзді айтқан соң, оқушылар оны қайталайды.



(Ұ) Оқушылар аңдар туралы түрлі кітаптарды қарап, суреттер мен фильмдер көреді. Олар бір аңды таңдайды.



(МК) Аң туралы сөздерді пайдалана отырып, аңның маскасын қалай жасау керектігін көрсетеді.



(Ө) Әрбір оқушы аңның маскасын жасайды және оны 1-бөлімде үйренген бет әлпетті суреттейтін сөздермен сипаттайды (ауыз, құлақ, көз, мұрын т.б.).



(Т, Қ) Мұғалім оқушылардың жаңа сөздерді қатысымдық әрекетте қалай қолданатынын бағалайды:

  • аңдарды сипаттауын;

  • бет әлпетті сипаттауын;

  • бірін-бірін түсінуін.



(Ұ,Қ) Мұғалім маскалары мен сипаттауларын өзгелермен айырбастау үшін оқушыларды таңдайды. Оқушылар бір-бірін бағалайды.



Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар маска бойынша үлгідегі сөздерді қолдана отырып. жай сөйлемдер құрастырып айтады.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар аңдарды және олардың қасиеттерін берілген үлгі бойынша айтады.







Жабайы хайуандар туралы кітаптар, фильмдер және суреттер жинаңыз. Кеспе қағаздарды сыныпта көрсетіп қойыңыз. Мысалы, барыс, киік, бұғы, марал, піл, жолбарыс, арыстан, керік, т.б.

Сабақтың мақсатын оқушыларға нақтылап айтыңыз.

Оқушыларға үйлерінен жабайы хайуандардың суреттерін, олар туралы фильмдер әкелуді тапсырыңыз.

Маска жасауға қажетті нәрселерді дайындаңыз: дөңгелек пішіндегі қағаздар, қайшы, желім, бояу, қарындаш. Жануарлардың маскасын түрліше жасауға болады, бірақ дөңгелек пішінді қағаздарды қолдану - ең оңай әдіс.

1-бөлімдегі бет-әлпет туралы сөздерді тағы бір қайталатыңыз.

Аңдардың маскасын көрнекті жерге қойыңыз.

  • Оқушылардың бөлімді меңгеруіне қосымша көмек:

    аңдар туралы ертегі, тақпақ, санамақ айтыңыз. Оқушылардың өздерін осы үдеріске қатыстырып, бірнеше рет қайталаңыз.

1Қазақстан Барысы. Қазақша Мультфильм

www.youtube.com/watch?v=f0JwHUg22AE

















2АҚ ҚАСҚЫР. ҚАЗАҚША МУЛЬТФИЛЬМ. www.youtube.com/watch?v=8Noubs3NQPY











Жұмбақтар

teacher-almaty.clan.su/publ/33-1-0-383



«Қызыл кітапқа енген аңдар»видео)

www.youtube.com/watch?v=l6cep_FH-ME

3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру

1.3.4.1 мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар (кім? не? қандай? қанша?) қою



3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау

1.3.3.1 мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ және т.б.) ажырату



3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну



1.3.2.1 мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну



4.2 Тыңдаған/оқыған материалдың мазмұнын жазу



1.4.2.1 мұғалімнің көмегімен оқыған немесе тыңдаған/ тыңдау-көру материалдары бойынша заттардың таныс атауларын жазу



5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау

(термин сөздерді қолданбау)

1.5.1.1 мұғалімнің көмегімен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша тілде қолдану

(Ұ) Мұғалім оқушыларды қаланы/ауылды жаяу аралауға дайындайды:

  • Баратын қызықты жерлер мен ғимараттар бейнеленген және аттары жазылған қарапайым суретті карта. Мысалы, мектеп, әкімшілік ғимараттар, субұрқақтар (фонтан), дүкен, жол, тасжол, кітапхана, мұражай, мешіт, банк т.б.;

  • жол қауіпсіздігі ережелерін алдын ала талқылауын;

  • саяхат барысында нені көретіндігі туралы және нелерге назар аудару керектігін оқушылардың өздеріне айтқызуын.



(Ұ) Сынып қалаға/ауылға саяхатқа шығады.



Келесі тапсырмалар:

(Ұ,Қ) Мұғалім ретті білдіретін сөздерді үйретеді. Оқушыларға суреттер тізбегін салғызып, оны өзіңіз бірінші…., келесі…., содан кейін…, сосын…, соңында… деген сөздермен белгілейді. Сыныпқа көрсетіп, бірін-бірі бағалауды ұйымдастырады.



(Ұ) Мұғалім сыныпта қаланың/ауылдың үлкен картасын жасайды. Оқушылар сурет салады, ғимараттардың және көрікті жерлердің үлгісін жасайды, картаның лайықты жеріне орналастырады.



Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар картаға атауларды белгілейді. Оқушылардың барған жерлері, жүрген жолдары туралы жүйелі әңгімелейді. (таспаға жазып, барлық оқушылармен бөлісуге болады).



Қабылдау деңгейі орташа оқушылар саяхат туралы әңгімелеу үшін үлгідегі сөздер мен сөз тіркестерін қолданады.

Қаланың/ауылдың көрікті жерлерін аралау үшін саяхатты жоспарлаңыз. Қаланың/ауылдың қарапайым картасы болуы міндетті. Қала/ауыл туралы қажетті сөздер кеспе қағаздарда суреттермен қоса беріліп, сыныпта оқушыларға түсіндірілуі керек. Қалалар/ауылдар мен ғимараттар туралы кітаптар оқушыларға жеткілікті болуы қажет.

Сабақтың мақсатын оқушыларға нақтылап түсіндіріп айтыңыз.

Көрікті жерлер мен ғимараттарды мұғалім мен өзге адамдар суретке түсіруіне болады.

Үлкен кеспе қағаздарда реттік мағынаны білдіретін сөздерді көрсетіңіз: бірінші, келесі, содан кейін, сосын,соңында.

Үлкен картаны дайындауға қажетті материалдар болуы керек. Мәселен, қорапша, кеспе қағаздар, қағаз, қайшы, желім, бояу, қарындаш.

Мұғалімге оқушылардың сипаттамаларын жазып алатын құрал қажет.

Оқушылардың бөлімді меңгеруіне қосымша

қала, көрікті жерлер туралы ертегі, тақпақ, санамақ айтыңыз. Оқушылардың өздерін осы үдеріске қатыстырып, бірнеше рет қайталаңыз.

Ғажайыпстанға Саяхат www.youtube.com/watch?v=gNVBcuC44vE youtubе









1.5.1.2 мұғалімнің көмегімен көптік/тәуелдік/ жіктік /септік жалғауларын ауызша тілде қолдану



Kazakh National anthem, with photographs of Kazakh traditions can be found on www.youtube.com/watch?v=12tGtMA4tqk









www.balakai.kz

visitkazakhstan.kz/kk/page/video







«Дүкенге бару» рөлдік ойыны



(Ұ) «Есте сақта және тап» оқыта үйрету ойыны арқылы айнала шеңбер құрып тұрған оқушыларға дүкенде саталылатын заттардың суреті беріледі.Оқушылар берілген суреттердің аттарын табады.



(МК) Мұғалімнің үлгісі:

Мен дүкеннен ... (карточкадағы зат) сатып алдым».

Келесі оқушы осы сөйлемді қайталайды және өз қолындағы затын қосып жалғастырады (кеспе қағаздағы). Ең соңындағы оқушы барлық заттарды жатқа айту керек. Егер ұмытып қалса, оларға көмектесу үшін басқа оқушылар өз карточкаларын жоғары көтереді.



(Т) Рөлдік ойын. Оқушылар «Ойыншықтар дүкені», «Киім дүкені», «Азық-түлік» дүкені болып үш топқа бөлінеді. Сатушы, сатып алушылар болып рөлдік ойын ойнайды. Кай топ жаңа сөздерді көбірек қолданса, сол топ жеңімпаз атанады.



(Ұ,Қ) Әрбір топ өзінің көрінісін қояды және не болып жатқанын түсіндіреді.

Оқушылардың дағдысын бағалайды:

  • дүкенге қатысты сөздерді еркін қолдануын;

  • сөздерді тез қайталауы мен жаттап алуын.

Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар қойылымына тағы да басқа сөйлемдер мен диалог қосады.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар дүкен туралы көріністе үлгідегі сөздер мен сөз тіркестерін қолданады.

Сыныптың бұрышын дүкен ретінде жабдықтаңыз (киім, тамақ, дәрілер, дүкен себеті, касса т.б.).

Дүкендегі заттар (астарында атаулары жазылған) бейнеленген кеспе қағаздарды көрсетіп қойыңыз.

Сабақтың мақсатын оқушыларға нақтылап айтыңыз.

Рөлдік ойынға қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қайталатыңыз, жаңа сөз тіркестерін үйретіңіз. Мысалы, «Азық-түлік дүкеніне» қатысты Сәлеметісіз бе? Бағасы қанша ? 2 кг алама өлшеп беріңізші. Өте дәмді! ... теңге тұрады. Мінекей алыңыз. Рақмет! Сау болыңыз!

«Ойыншықтар дүкеніне» қатысты Сәлеметісіз бе? Бағасы қанша ? Мінекей алыңыз. ... теңге тұрады Маған ұнайды. Рақмет! Сау болыңыз!

«Киім дүкеніне» қатысты Сәлеметісіз бе? Бағасы қанша ? Үлкен екен. ... теңге тұрады Өлшемін айтыңызшы. Мінекей алыңыз. Рақмет! Сау болыңыз!

Сұрақтар мен сөйлемдерді оқушыларға қойылым барысында көмек ретінде үлкен әріптермен плакатта көрсетіп қою керек.

.



1.2

Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну

1.1.2.1 күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну



Менің елім

(Ұ) Мұғалімоқушылардан Қазақстанның қайда орналасқанын сұрайды. Өздері Қазақстанды картадан көрсетеді. Қазақстанның картасына өзі қайда тұратынын көрсету үшін белгі қояды.

(Ж) Оқушылардан өз мемлекеті туралы не білетінін сұрайды. Оқушылар жұптасып сұхбат алады (өзгелерден сұрау)

(Ұ) Мұғалім «Сен маған, мен саған сұрақ-жауап» әдісін қолданады. Қазақстанның Туы туралы сұрайды. Мысалы:

Мемлекеттік Туда нелер бейнеленген? Ту туралы не білесің?

Оқушылар жауап беріп болған соң, мұғалім тудың суретін көрсетеді.

(Ө) Оқушылар әртүрлі түстер мен оюларды пайдалана отырып ту жасайды. Ауызша сипаттайды.

(Т,Қ) Тыңдалым және айтылым тілдік дағдыларын дамыту үшін оқушыларды топпен жұмыс істетеді және бағалайды.

  • Туды сөйлемдердің көмегімен сипаттауын;

  • пішіндер/түстер сөздерін қолдануын;

  • тыңдап түсінуін.

(Ұ,Қ) Оқушылар кері байланыс орнатады. Өзге оқушылар тыңдап бір-бірін бағалайды.

Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар Туды жай сөйлемдермен сипаттайды.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар үлгі бойынша түстер және пішіндерді сипаттайтын сөздерді қолданады.

Тапсырманы орындатпас бұрын оқушыларға Қазақстан туралы кітап, фильмдер, атрибуттарды және суреттер әкелуді тапсырыңыз және өзіңіз де жинаңыз.

Сабақтың мақсатын оқушыларға нақтылап түсіндіріп айтып беріңіз. География пәнімен байланыстырыңыз.

Оқушыларға Қазақстанның үлкен қарапайым картасын көрсетіңіз. Бояулардың түстерін қайталап айтқызыңыз. Туды дайындау үшін қағаз, бояу, қарындаштар, желім дайындаңыз.

Қолдануға болатын сипаттаушы сын есім сөздер: көк, аспанкөк, сары, алтын, дөңгелек, шеңбер, күн, күн шуағы, ою, құс, бүркіт.

Ту дайын болғанда көрінетін жерге қойып, оқушыларға көрсетіңіз.

Оқушылардың бөлімді меңгеруіне қосымша көмек:

Отан, туған ел туралы тақпақ, әңгіме айтыңыз. Оқушылардың өздерін осы үдеріске қатыстырып, бірнеше рет қайталатыңыз

Kazakh National anthem, with photographs of Kazakh traditions can be found on www.youtube.com/watch?v=12tGtMA4tqk









www.balakai.kz



visitkazakhstan.kz/kk/page/video





1.3 Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну



1.1.3.1 тыңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегіменсұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация/суреттер/сызбалар таңдау



1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттарды түсіну



1.1.4.1 мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну

3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру



1.3.4.1 мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар (кім? не? қандай? қанша?) қою



3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау



1.3.3.1 мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ және т.б.) ажырату



2.1 Сөздік қорды толықтыру



1.2.1.1 сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін қолдану



4.1 Кейіпкердің атынан мәтін құрастырып жазу



1.4.1.1 суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау

(термин сөздерді қолданбау)

1.5.1.4 мұғалімнің көмегімен сөйлеу барысында сілтеу есімдіктерін дұрыс қолдану



«Қазақ тілі» пәні. Бастауыш мектеп. 1-сынып

5-бөлім: «Саяхат»

Осыған дейін меңгерілген білім

5-бөлім алдыңғы бөлімдерде меңгерілген білім мен дағдыларға негізделеді. Оқушылар ана тілінде саяхат туралы әңгімелер, өлеңдер, санамақтар және тақырыпқа сәйкес сөздік қормен таныс болулары керек.

Мәнмәтін

Бұл бөлімде тілдік білім мен дағдылар саяхат туралы әңгімелеу үшін қажет. Бөлімде фонетика жүйелі оқытылуы тиіс. Бұл бөлімнің «Өнер» пәнімен байланысы бар. Оқушылардың білімді меңгеруіне көмек көрсету үшін қызықты рөлдік ойындар, оқылым және жазылым тапсырмалары қажет.

Қысқаша шолу

Бөлімде оқушылар тілдік дағдыларын 'Мектепке бару' деген тақырыптан бастап 'Көлік және транспорт' деген тақырыптар аясында дамытады. Оқушылар әңгімелермен, өлеңдермен және көрнекі мәтіндермен танысады. Өздігінен, топ болып немесе ұжым болып жұмыс істейді. Оқу үдерісі интерактивті болғаны дұрыс, оның ішінде сөйлеу мен тыңдалым дағдыларына баса назар аудару керек, алайда жазылым дағдыларын да қолға алып, жазу ретін үйрете бастау керек. Бағытталған оқу және бағытталған жазу - бұл жердегі ең басты педагогикалық әдіс болып табылады, қажетінше мұғалім өзі үлгі көрсетуі керек, сонымен қатар, қалыптастырушы бағалауды үнемі жүзеге асырып отыруы керек.



Оқу бағдарламасына сілтеме



Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

Оқу ресурстары







Фонетика - қазақ тілінің төл дыбыстарын оқыту.

һ, Іі, Ыы дыбыстары мен әріптері.



3.1 Оқу түрлерін қолдану



1.3.1.1 таныс сөздерді тұтас оқу



Мектепке барар жол - оқылым

(Ұ) Мұғалім оқушылардан мектепке күнде қалай жететіндері жайында сұрайды. Үлкен кеспе қағаздар (суреті мен мәтіні бар) көрсетеді. Бірнеше рет қайталап, тақтаға іліп қояды.

(К) Мектепке барудың бір тәсілін қимылмен көрсетеді. Мысалы, жеңіл көлікпен келу. Оқушылар оны табуы керек, сосын мұғалім соған сәйкес кеспе қағазды алып тақтаға іледі.

(Ұ) Оқушылар шеңберге тұрып, кезекпен мектепке барудың жолдарын пантомимамен көрсетеді. Қалғандары оның іс-әрекетін дұрыс тауып, сәйкес карточканы көрсетеді.

(К,Ұ) Мұғалім мектепке бару туралы түрлі кітаптар, суреттер, қысқа фильмдер көрсетеді және сұрақтар қояды. Мысалы, Мәшинемен, автобуспен, велосипедпен саяхатқа шықтың ба?

  • Саған қай көлік ұнайды?

  • Саяхаттың қандай түрлері бар?



(Ж) Кітаптағы идеянытүсіну үшін оқушылар жұптасып кітап оқиды.

(Т,Қ) Мұғалім оқушылар кітаптарды көріп жатқан кезде, бір топпен мектепке бару туралы бір мәтін таңдап алып, бағытталған оқу әдісін жүргізеді. Төмендегідей сұрақтар қоюға болады:

  • Бұл кітап не туралы?

  • Саған қай сурет ұнады?

  • Мына сөздер сендерге таныс па? Маған көрсетіңдер… Бұл нені білдіреді?

  • Кітапты ұнатасың ба? Неліктен?



Мұғалім оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалайды:

  • мәтіннің негізгі ойды анықтауын;

  • мәтін туралы қарапайым сұрақтарға жауап беруін;

  • мәтін туралы басқалардың айтқанын тыңдауын;

  • тірек сөздерді меңгеруін.

(Ұ,Қ) Оқушылар қызықты ойларымен сыныппен бөліседі. Басқа оқушылар сабақтың мақсатына сай бірін-бірі бағалайды.

Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар сыныпта оқыған қызықты кітаптарын талқылайды.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар кітаптарға қызығушылықтарын білдіреді және тірек сөздерді пайдаланып, сурет бойынша сөйлейді .

Қазақ тілінің төл дыбыстары:

һ, Іі, Ыы дыбыстарын және оларды таңбалаушы әріптерімен таныстыру, жазғызу. Бұл жұмыстар әріптер, жеке буындар мен сөздерді жазу арқылы жүргізіледі.

Жазылымды үйрету үш кезеңнен тұрады:

  • 1-кезең: мәтінді оқу және мәтіннің түрімен таныс болу (оқушылар көптеген мәтін түрлерімен таныс болады, оның ішінде фильм.)

  • 2-кезең: жазылымға қажетті идеяларды жинақтау/есте сақтау (драма, рөлдік ойын, өнер, мәтіннің талдауы, сұрақ қою және жауап беру, болжау, әңгіме кітаптар)

  • 3-кезең: жоспарлау, жазу және өңдеу. (Бірлесіп жазу, жазылым барысындағы ойлау, талдау, идеяларды жинақтау үдерісін көрсету, топта жоспарлау, жобалау, жұмысты өңдеу.)

Осы тоқсаннан бастап жазылым кезеңдерін ретімен сақтап оқытылатын болады және жазылым тапсырмалары осы үдеріске мысал бола алады.

Мектепке барудың түрлі жолдарын көрсететін көлемді суреттер дайындаңыз: мен жаяу жүріп барамын, жеңіл көлікпен, автобуспен, велосипедпен, пойызбен және т.б.

Оқушылардың алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз.

Оқушыларға көлік түрлерімен саяхаттау туралы суреттер, әңгімелер, өлеңдер немесе әндер әкелуді тапсырыңыз, сыныпқа көрсетіңіз.

Бағытталған оқыту:

  • Кітапқа кіріспе (Бұл кітап не туралы болуы мүмкін? Біз бұл кітап туралы не білеміз?)

  • Тексеру стратегиясы (топтық оқыту мақсатын және фонетикалық стратегияларды түсіндіріңіз немесе қайталаңыз).

  • Өздігінен оқу (оқушылар өздігінен оқиды немесе мұғалімнің айтуы бойынша суреттерге қарайды).

  • Мәтінге қайта оралып, сұрақтарға жауап беру (кітапты/суреттерді топ болып талқылайды. Олар не түсінді?)

Мұғалім сабақ жүргізе отырып, жеке оқушылардың кітап оқуын тыңдайды.

Бағытталған оқу:

  • Сөздерді танып-білу дағдыларын дамыту;

  • Әріптердің дұрыс дыбысталуын меңгерту;

  • Сөздерді оқу үшін фонетикалық білімдерін қолдану және жаңа сөздерді танып білу.

Суретке қарап, онда қандай оқиға болып жатқанын, не болуы мүмкін екенін талқылау, т.б.





«Алпамыс мектепке барады» к/ф үзінділер көрсету













Ғажайыпстанға Саяхат www.youtube.com/watch?v=gNVBcuC44vE youtub



https://e.edu.kz/

ustaz.kz/

ashyk-sabak.kz/

45minut.kz

bilimkozy.idhost.kz







3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау



1.3.3.1 мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ және т.б.) ажырату

2.6 Оқыған/тыңдаған материал бойынша ой-пікір білдіру



1.2.6.1 тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) айту



3.5

Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу



1.3.5.1 мұғалімнің көмегімен иллюстрациялы шағын мәтіннен қажетті ақпаратты табу



3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру

1.3.4.1 мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар (кім? не? қандай? қанша?) қою



1.5 Тыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну



1.1.5.1 қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін білдіру







1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттарды түсіну



1.1.4.1 мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну



«Мектепке барар жол» - жаңа идеяларды түсіну

(МК) Мұғалім мектепке келу жолын пантомимамен, яғни сипаттау сөздер және сөз орамдары арқылы көрсетеді. Мысалы, орындықты пайдаланып, «Мен мектепке жеңіл машинамен келе жатырмын» деп айтады. Келесі пантомимаға мысалдар: «Мен жаяу мектепке келе жатырмын», «Жолда велосипед теуіп келе жатырмын», «Мен автобуста отырмын».

(Ұ) Оқушылар кезекпен орындықты пайдаланып, мектепке келудің түрлі жолдарын көрсететін пантомима жасайды (автобус, пойыз, жаяу, машина) және басқалардан 'Орындық нені білдіреді?' деп сұрайды.

(Д) Мектепке келу көрінісін көрсететін «стоп-кадр» дайындайды.

(Т,Қ) Оқушылар топпен өздерінің мектепке келуін көрсететін «стоп-кадр» (сурет) дайындайды.

(Ұ,Қ) Әр топ өз «стоп-кадрларын» кезекпен көрсетеді. Өзгелері олардың не бейнеленгенін дұрыс табуы керек.

(Т,Қ) Оқушылар мәшине, автобус, пойыздардың көлемді макетін үлкен қораптардан жасап, жаңа сөздермен сипаттайды. Мұғалім оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту үшін таңдалған бір топпен жұмыс істейді. Олардың төмендегі дағдыларын бағалайды:

  • топта бірігіп жұмыс істей алу, сөйлей алуын;

  • мектепке баруға қатысты сөздік қорын пайдалануын.



Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар сынып алдында өзінің және басқалардың макеттерін сөйлемдерді қолдана отырып сипаттайды.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар басқа оқушылармен сөйлескен кезде, көлікке қатысты кейбір сөздерді пайдаланады.

Оқушылардың алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз.

«Мектепке барар жол» тақырыбына қатысты сөздер көрнекі жерде ілінуі қажет. Сөздер/сөйлемдер осы шақта айтылуы тиіс.

Оқушылар пантомимада қолданатын орындықты дайындап қойыңыз.

«Стоп-кадр» дегенді түсіну үшін 2-бөлімді қараңыз. «Мектепке барар жол» стоп кадрінде көрініс табатын мысалдар:

  • Ата-анасымен қоштасу;

  • Мектеп автобусына міну;

  • Достарымен мектепке жаяу бару;

  • Мектепке келе жату.

Көлік түрлерінің модельдерін жасау үшін үлкен қорап, бояу, қайшы т.б. дайындау.

Бөлімнің тақырыптарын меңгеруге көмектесетін жағдай жасаңыз:

  • Киім киіп, рөлдік ойындар ойнау үшін гараж, автобус сияқты орын, алғашқы жазылымға арналған түрлі қарындаш, қаламмен қамтылған арнайы орын;

    • Автомобиль, мотоцикл, автобус туралы кітаптармен/көрнекі құралдармен жабдықталған ыңғайлы орын;

Оқиғаларды баяндау және қойылым қою үшін қуыршақтар мен шағын-ойындары бар арнайы орын.

For information about guided reading see:

www.teachfind.com/teachers-tv/guided-reading-fiction-and-non-fiction



1.5 Аудиовизуалды материал мазмұнын түсіну



1.1.5.1 қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін білдіру



2.4

Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау



1.2.4.1 шағын мәтінді/ қарапайым оқиғаларды мазмұндау



2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) және тілдік нормаларды қолдану

1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру



2.6 Оқыған/тыңдаған материал бойынша ой-пікір білдіру



1.2.6.1 тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) айту



5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау

(термин сөздерді қолданбау)

1.5.1.5 мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру





2.2 Берілген тақырып бойынша ойын жеткізу



1.2.2.1 сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіру



Мектепке барар жол - шағын есеп жазу

(К) Бірлесіп жазу. Мұғалім, ең алдымен, «Мектепке барар жол» туралы жазылған шағын есептің үлгісін жасайды (алты суреттен тұратын тізбек, астына сөздер, сөз тіркестері мен сөйлемдер жазылған). Жазу кезінде мұғалім өз ойын дауыстап айтып отырады. Сөздерге назар аудара отырып сөйлемдерді оқиды. Мысалы: Мен ата-анаммен қоштасамын, автобусқа отырамын, автобустан түсемін, автобуста отырған достарыммен сөйлесемін, автобустан түсемін, мектеп ауласында ойнаймын, қоңырау соғылған бетте ішке кіремін.



(Ұ) Бірлесіп жазу. Оқушылар ортақ идеялар айтып, пікірлерін білдіреді, ал мұғалім жазады.

Оқушылар алты суреттен тұратын өздерінің мектепке барар жолды бейнелейтін реттілігі сақталған сурет тізбегін салады. Әрбір суреттің астына реттілігін білдіретін сөзді жазады.



(Т, К) Мұғалім осы кезде бір топтың тілдік дағдыларын дамыту үшін бағытталған жазу әдісін қолданады. Оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалайды:

  • ойларының жинақылығын;

  • топта бір-бірін тыңдап, орынды пікір білдіруін;

  • суреттер туралы реттілігі сақталған сөз/сөйлем жазуын.



Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушыларөздігінен сөздер жазады, іс-әрекеттің ретін білдіретін сөздерді орынды пайдаланады. Мысалы, бірінші…, сосын…, соңынан…, содан кейін …, келесі…, ең соңында… .

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар мектепке барар жол туралы үлгідегідей сөздерді көшіріп жазады.





«Көлік түрлері». Оқылым

(Ұ) Мұғалім оқушыларға бірнеше аптаның ішінде көлік туралы суреттер мен жазбалары бар шағын анықтамалық кітап (қажет болса, олардың ана тілінде) дайындайтынын айтады.

(Ұ) Оқушылардан көлік туралы және көлік түрлері туралы не білетінін сұрайды. Көліктің суреттері мен атаулары көрсетілген кеспе қағаздарды көрсетеді. Бірнеше рет қайталатып, көрнекі жерге қояды.

(К,Ұ) Көлік түрлері туралы жақсы кітаптар, суреттер, шағын фильмдер көрсетеді. Көліктердің жақсы жақтарына назар аудара отырып сұрақтар қояды:

  • Анықтамалық неге байланысты жақсы болады? (суреттер, оңай оқылатын мәтін, мазмұн, құрылым)

  • Кітап несімен ұнайды? Сендер анықтамалықты қалай істеуші едіңдер?

  • Өз кітаптарыңда қандай идеялар қолданасыңдар?

(Ж) Оқушылар жұптасып идея алу үшін кітаптарға және суреттерге қарайды.

(Т,Қ) Мұғалім көлік туралы қызықты мәтінді таңдап, бағытталған оқуды жүргізеді. Сұрақтар төмендегідей болуы мүмкін:

  • Бұл кітап не туралы?

  • Саған қай сурет ұнайды?

  • Мына сөздердің қайсысы таныс? Маған көрсетіңдер…Ол нені білдіреді?

  • Кітап сендерге ұнай ма? Неге?

  • Сен бұл анықтамалық туралы не білдің ?

Мұғалім оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалайды:

  • негізгі ойды анықтауын;

  • мәтін туралы қарапайым сұрақтарға жауап бере алуын;

  • мәтін туралы басқалардың айтқандарын тыңдауын;

  • нақты сөздерді тануын.

(Ұ,Қ) Оқушылар қызықты ойларымен бөліседі. Басқа оқушылар сабақтың мақсатына қарай бірін-бірі бағалайды.



Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар өз кітаптарын талқылайды және не туралы жазатынын жоспарлайды.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар үлгі бойынша кітаптағы суреттер жайында сөз қозғайды.

Оқушылардың алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз.

Бірлесіп жазу - бүкіл сыныпқа жазылымды үйретудің бірден-бір жолы. Мұғалім сыныпқа жазылымның үлгісін көрсетеді. Бұл транскрипциялық, мысалы оң немесе сол деген бағытты көрсету түрінде болуы мүмкін. Немесе композициялық, мысалы, қызықты сөздер немесе қызықты сөйлем құрылымдары болуы мүмкін.

Бірлесіп жазу төмендегідей жүзеге асады:

  1. Мұғалімнің көрсетуі: мұғалім оқушыларға қажетті белгіл бір жазылым дағдысын көрсетеді. Мұғалім осы кезде автордың ойында не болып жатқанын дауыстап айта отырып осы дағдыны түсіндіреді.

  2. Мұғалім «хатшы»: мұғалім оқушылардан не жазу керектігі туралы ойларын сұрап, сөз тіркесі немесе сөйлем түрінде жазады.

  3. Мұғалім жеке немесе жұпта тайқтайшаға сөз, сөз тіркестерін, сөйлем құрап отырған балалардан өз ойларын жазуды сұрайды. Бұл мұғалімге құнды ақпарат береді және оқушылардың өздігінен жазуға қаншалықты дайын екендіктерін көрсетеді.

Оқушыларды керекті сөз немесе сөз тіркестерін табуға жетелейтін тіркестер:

  • Бұл идеяға кейін қайтып оралармыз.

  • Бұл идея жаман емес.

  • Табылған сөз!.

  • Табылған ақыл!.

  • Тамаша ойлар!/ Керемет сөздер!

  • Сендер де осыны қолданасыңдар деген үміттемін...

  • Қайсысы дұрыс болмақ?

  • Біз қаламаймыз…

  • Біз «Жазушылар» ретінде оқырманды таң қалдыратын, қызықтыратын жаңа, тың нәрсе ойлап табуымыз керек

  • Қайтадан ойлан.

  • Бұл керемет пікір!

  • Тағы қандай ой бар?

  • Мен неге осыны таңдадым?

  • Мынаны қарайық...

  • Бұл күрделірек...

Әрбір оқушыға алтыға бөлек қағаз дайындаңыз.

Оқушылардың көз алдына мектепке барар жол туралы сөздерді көрсетіп қойыңыз. Сөйлемдер/сөз тіркестері осы шақта жазылуы керек.

Бағытталған жазудың реті:

  • Кіріспе (оқушыларға оқу мақсатын түсіндіріңіз).

  • Есте сақтау (жазылымға арналған ойларды/идеяларды есте сақтау, қайталау).

  • Үлгі жасау/жобалау (мұғалім сыныптағы оқушының қабілетін ескере отырып, жазылымның үлгісін береді).

  • Қолдану/жазу (оқушы өздігінен жазады)

  • Қорғау (өз жазғандарын сыныптағы оқушылармен бөліседі).

Рецензия (пікір) (құрбылары/өздері өз жазғандарын оқу мақсаттарына қарай бағалайды) Бағытталған жазудың мақсаттарын дұрыс таңдаңыз. Мақсат оқушылардың жазу дағдыларын жақсартуда және өздігінен жұмыс істеу қабілетін арттыруда көмегін тигізетіндей болуы керек. Топ ішіндегі жеке оқушылардың қажеттіліктерін ескеріңіз, мысалы:

  • оқуда алға ілгерілеу үшін оқушыларды кедергіні жеңуге ұмтылдыру;

  • оқушыларға жазылым туралы талқылау барысында белсенді қатысуға жағдай жасау;

  • өздеріне деген сенімділіктерін арттыру;

  • үйрену барысында бағалау.

Бағалау ақпараты қабілеттері өзара ұқсас оқушыларға пайдаланылады. Әр топтағы оқушылар саны да, сонымен қатар, әр сыныптаға топ саны да әр түрлі болуы мүмкін. Топ үшін бағытталған жазу оқушылардың қажеттіліктері ескеріліп құрылуы керек. Бұл бөлімде әр топ 4-5 оқушыдан құралғаны ыңғайлы.

Оқушылардың алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз.

Оқушыларға алдыңғы сабақта қолданған көліктің суреттері бар кеспе қағаздарды көрсетіп қайталаңыз (мысалы, машина, автобус, пойыз, ұшақ, кеме)

Алдыңғы сабақта қолданған көлік туралы мәтіндер, ертегілер, тақпақтар және әндер, суреттерді қарастырыңыз.

Бағытталған оқуды үйрету алдыңғы тақырыптағы материалдарда көрсетілген.

Оқушыларға бөлімді меңгеруге көмектесетін қосымша әрекеттер:

Көлік түрлеріне қатысты ертегі, тақпақ, санамақ айтыңыз. Оқушылардың өздерін осы үдеріске қатыстырып, бірнеше рет қайталаңыз.



Liam's first day at school

www.youtube.com/watch?v=-yzRdOvh1TI



www.mescards.com/birthday1/card1_makeyourown.php







4.1 Кейіпкердің атынан мәтін құрастырып жазу



1.4.1.1 суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу



4.4 Каллиграфиялық нормаларды сақтау



1.4.4.1 бас әріптер мен кіші әріптерді санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес бір-бірімен дұрыс байланыстырып, анық, айқын жазу



5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау

(термин сөздерді қолданбау)



1.5.1.2 мұғалімнің көмегімен көптік/тәуелдік/ жіктік /септік жалғауларын ауызша тілде қолдану



5.2 Орфоэпиялық және орфографиялық нормаларды сақтау































1.5.2.3 мұғалімнің көмегімен бас әріппен жазылатын сөздерді (кісі есімдері, жер-су атаулары, үй жануарларына берілген ат) ажырату



  1. Жанрды және мәтін түрін анықтау





1.3.3.1 мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ және т.б.) ажырату



2.6 Оқыған/тыңдаған материал бойынша ой-пікір білдіру



1.2.6.1 тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) айту



www.balakai.kz

3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру

1.3.4.1 мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар (кім? не? қандай? қанша?) қою









Көлік - идеяларды түсіну



1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттарды түсіну



1.1.4.1 мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну



(МК) Мұғалім көліктің бөліктерін білдіретін сөздерді карточкалардың көмегімен үйретеді.

(Ө) Оқушылар таңдаулары бойынша көліктің суретін салады/ бояйды/ моделін құрастырады және оны сыныпқа суреттеп береді.

(Ж) Мұғалім оқушылардың көлік тақырыбына қатысты сөздік қорын молайту үшін жұпқа бөліп, «Өз жұбыңды тап» оқыта үйрету ойынын жүргізеді. Мұғалім әр оқушыға бір-бірден сөз үлестіреді. Барлық оқушылар өздеріне берілген сөздерді дауыстап оқиды. Осыдан кейін оқушылар сөз тіркесін жасау үшін өз жұбын іздейді. Мысалы ұшақ деген сөзді оқыған бала ұшады деген сөзді оқыған баланың қасына барып, екеуі бірігіп, ұшақ ұшады деген тіркесті айтады.



Мұғалім оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалайды:

  • көлік туралы сөздерді қолдануын;

  • үйренген сөздерін қолдана отырып, берілген суретті немесе модельді қарапайым сөйлемдермен сипаттауын;

  • басқа оқушыларды тыңдап, түсінуін.



(Ұ,Қ) Мұғалім бірнеше оқушыға белгілі бір өнер туындысын көрсетіп, сол туралы бір-біріне айтқызады. Басқа оқушылар оларды бағалайды.

Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар өз көліктерін тиісті сөздерді қолдана отырып сөйлемдермен сипаттайды.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар көлікті сипаттауда үлгіде берілген сөздерді қолданады.



Оқушылардың алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз.

Оқушыларға көліктің бөлшектерін көрсететін кеспе қағаздар дайындаңыз. Мысалы, дөңгелек, мотор, руль, жүк салғыш, капот, орындық, т.б.

Тапсырманы орындату үшін желім, бояу, қағаз және қайшы дайындаңыз.

Оқушылардың бөлімді меңгеруіне көмектесетін қосымша әрекеттер:

  • рөлдік ойын, сахналық киімдер кию, көлік жөндеу орталығы ретінде бұрышты безендіру, ойыншық мәшинелер, үзіліс кезінде оқушылар барып ойнай алады;

  • қуыршақтар мен ойыншықтарды пайдаланып, шағын қойылым қою.

Қосымша тапсырма:

мектепке қонақ ретінде таксист, автобус жүргізушісін немесе ТЖО-да (техникалық жөндеу орталығы) жұмыс істейтін маманды шақырып, оқушылармен сұхбат жүргізу. Олар өздерімен бірге суреттер, бөлшектер т.б. алып келіп, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап береді.



Өз жұбыңды тап оқыта үйрету ойыныоқушылардыңсөз тіркестерінің лексикалық мағынасын жаттықтыру мақсатында ойнатыңыз







2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) және тілдік нормаларды қолдану

1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру



1.5Аудиовизуалды материал мазмұнын түсіну



1.1.5.1 қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін білдіру



2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) және тілдік нормаларды қолдану

1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру







Көлік туралы жазу үшін ақпараттар







3.5

Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу



1.3.5.1 мұғалімнің көмегімен иллюстрациялы шағын мәтіннен қажетті ақпаратты табу

(МК) Бірлесіп жазу жаттығулары. Мұғалім көлік туралы ақпарат жазуға мысал ретінде бір сөйлем жазып көрсетеді. Сөйлемдегі әр сөзді жекелей дыбыстап, оқушыларға дауыстап оқып береді. Мысалы, Бұл - спорт мәшинесі.



(Ұ) Бірлесіп жазу жаттығулары. Оқушылар көбірек идея тастап, пікір білдіреді, мұғалім жазып отырады.

(Ө) Оқушылар таңдаған көліктері бойынша шағын кітап дайындайды. Оның әдемі мұқабасы, іші суретке, фотоға толы болуы керек. Суреттерді журналдан немесе интернеттен алады, суреттердің астыңғы жағына міндетті түрде көлік туралы сөздік қорынан алынған сөзді жазады.



(Т,К) Мұғалім тілдік дағдыларды дамыту үшін бағытталған жазу әдісін қолданады. Оқушылар бірін-бірі бағалайды.



Мұғалім оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалайды:

  • кітапқа қажетті, оқырманға қызықты ақпаратты таңдауын;

  • топта бірін-бірі тыңдап, орынды пікір білдіруін;

  • кітаптың мұқабасын безендіруіне, ішін сурет және мәтінмен толықтыруына баса назар аударуын.

(Ұ,Қ) Оқушылар жасаған кітаптарымен өзара алмасады. Оқушылар бірін-бірі бағалайды.



Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар өздігінен тақырыпқа сай сөздерді қолдана отырып, сөйлемдер құрайды.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар өз кітаптарына сөйлемдерді үлгіден алып жазады.







Оқушылардың алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз.

Бірлесіп жазу туралы нұсқаулықты алдыңғы бөлімнен қараңыз. Оқушыларға қағаздан шағын кітапты дайындауды көрсетіңіз. «Мектепке келу» тақырыбы бойынша сөздер мен сөз тіркестерін осы шақта қолдану оқушылардың естеріне түсіріңіз. Бағытталған жазу туралы нұсқаулықты алдыңғы бөлімнен қараңыз.

www.mescards.com/birthday1/card1_makeyourown.php



4.1 Кейіпкердің атынан мәтін құрастырып жазу



1.4.1.1 суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу

5.2 Орфоэпиялық және орфографиялық нормаларды сақтау

1.5.2.2 мұғалімнің көмегімен ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ әріптері кездесетін сөздерді дұрыс айту және жазу



«Қазақ тілі» пәні. Бастауыш мектеп. 1-сынып

6-бөлім: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»

Осыған дейін меңгерілген білім

6-бөлім алдыңғы бөлімдерде меңгерген білім мен тілдік дағдыларға негізделеді. Оқушылар орыс және қазақ тілінде әңгімелер, өлеңдер, санамақтар және сөздік қормен таныс болулары керек.

Мәнмәтін

Бұл бөлімде тілдік дағдылар «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» тақырыбы аясында дамиды. Бөлімде фонетика жүйелі оқытылуы тиіс. Бұл бөлімнің өнер және музыкамен пәнаралық байланысы бар. Оқушылардың білімді меңгеруіне көмек көрсету үшін қызықты рөлдік ойындар, оқылым және жазылым тапсырмалары қажет.

Қысқаша шолу

Оқушылар бұл бөлімде сөйлеуі мен тілдік білімін ертегілер, тақпақтар, санамақтар және шумақтар негізінде дамытады. Оқушылар әңгімелермен, тақпақтармен және визуалды мәтіндермен танысады. Өздігінен, топпен немесе ұжым болып жұмыс істейді. Оқу үдерісі интерактивті болғаны дұрыс, оның ішінде сөйлеу мен тыңдалым дағдыларына баса назар аудару керек, алайда жазылым дағдыларын да қолға алып, жазылымның ретін үйрете бастау керек. Бағытталған оқу әдісі және бағытталған жазу әдісі бұл жердегі ең басты педагогикалық әдістеме болады, қажетінше мұғалім өзі үлгі көрсетуі керек және қалыптастырушы бағалауды үнемі жүзеге асырып отыруы тиіс.





Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

Оқу ресурстары

1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттарды түсіну



1.1.4.1 мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну



Ертегілер елінде: Бауырсақ ертегісі



Кезең 1 Оқылым

(МК) Мұғалім бұл бөлімде «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» тақырыбы аясында тапсырмалар орындайтындарын түсіндіріп, енді әңгімелерді өз сөздерімен мазмұндап үйренетіндіктерін айтады. Сөйтіп өзіңіз «Бауырсақ» ертегісін іс-қимылды қосып, қарапайым тілмен мазмұндап береді.

Ерте ерте ертеде...

Мұғалім ертегідегі негізгі кейіпкерлердің аттарын сұрайды. Ертегіде кездесетін екі уыс ұн табады,қаймақ қосып, қамыр илейді, бауырсақты майға пісіреді, терезе алдына суытып қояды...т.б айтуға қиын келетін тіркестерді суреттермен немесе мульфильмнен қысқаша үзіндісінен көрсетіп мағынасын қимылмен көрсетеді.

(Ұ) Мұғалім оқушыларға бауырсақтың жолда кезіккен аңдармен (қоян, қасқыр, аю, түлкі) болған сұхбаттарын рөлге бөліп ойнатады. «Актерлерге» экспрессивті интонация, бет-әлпеттің мимикасын қолдануды үйретіп, қажетті дауыс мәнері мен іс-қимылдың көмегімен айтқызады.



(Т,қ) Мұғалімнің әңгімені мазмұндау схемасының көмегімен оқушылар шағын топтарда бір-біріне ертегіні мазмұндайды. Оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалайды:

  • әңгімені ауызша баяндауын;

  • іс-қимылды қосымша пайдалана алуын;

  • мұғалімнің ұсынған мазмұндау үлгісін қолдануын.

(Ұ,Қ) Әрбір топ ертегіні сынып оқушыларына мазмұндап береді. Басқа оқушылар тыңдайды, бірін-бірі бағалайды, пікір айтады.



Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар өздігінен мұғалімнің мазмұндау схемасын пайдаланып, ертегіні мазмұндайды.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар басқа оқушылардың іс-әрекет, қимылдарын қайталап, үлгідегі негізгі сөздерді пайдаланады.



Естеріңізде болсын: жазылымның ретін үйрету 5-бөлімнің басында берілген.

Мұғалім төменде берілген мазмұндаудың ретін қолданады:

  • мәтін түрі;

  • іс-қимылды бірнеше рет қайталай отырып мәтінді меңгеру.

Сабақтың мақсатын оқушыларға нақтылап айтыңыз. Ертегі қарапайым мысал ретінде берілген. Әңгімені оқушылардың дағдыларына қарай бейімдеуге болады. Егер де өз ертегіңізді ұсынсаңыз, ондағы оқиға және қолданылатын тіл қайталау ұстанымына негізделетін болсын. Ертегінің сюжеті қайталауларға негізделсе, бұл оқиға оқушылардың есінде жақсырақ сақталады. Ертегінің басты кейіпкері жануарлар немесе аңдар болғаны дұрыс. Ертегіге сәйкес мазмұндау тілін кірістіріңіз, мысалы. Ерте, ерте, ертеде …, ертеңгісін …, бірінші …, келесі …, бірақ- …, өйткені …, кенеттен …, бақытына орай …, өкінішке орай …, содан соң …, сөйтіп …, соңында …, ең аяғында ….

Мазмұндаудың схемасын плакатқа қарапайым салынған суреттер тізбегі ретінде сызып қойыңыз. Оқушылар ертегінің ретін еске түсіру үшін қарайды

Оқушылардың жаттайтын сөздерін көрнекі етіп жазып көрсетіп қойыңыз. Іс-қимылдың мысалдарын келтіріңіз. Себебі оқушылар көбіне іс-қимылдарды тез қабылдайды. Осы қимылдардың барлығын оқушылармен бірге жоспарлаңыз. Олар мұны ұнатады және есінде тез сақтайды. Оқушылардың ертегіні мазмұндағанын камераға түсіріп алып, келесі сабақтарда пайдалануға болады.

kz-en.ru/publ/kazakhskij_jazyk/kazakhskie_skazki/ertegi_repka_shal_an_skazka_na_kazakhskom_jazyke/21-1-0-417

«Шалқан» ертегісі



yvision.kz/post/

«Шалқан» ертегісі (видео)



Ресурстарды қараңыз

«Тазша бала» ертегісінің мазмұны

kaztube.kz/ru/video/91941





2.4

Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау



1.2.4.1 шағын мәтінді/ қарапайым оқиғаларды мазмұндау



2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу

1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру



3.1 Оқу түрлерін қолдану



1.3.1.1 таныс сөздерді тұтас оқу



3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау



1.3.3.1 мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ және т.б.) ажырату



2.6 Оқыған/тыңдаған материал бойынша ой-пікір білдіру



1.2.6.1 тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) айту



3.5

Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу



1.3.5.1 мұғалімнің көмегімен иллюстрациялы шағын мәтіннен қажетті ақпаратты табу



5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау

(термин сөздерді қолданбау)



1.5.1.5 мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру



1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттарды түсіну



1.1.4.1 мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну



«Шалқан» ертегісін мазмұндау - идеяларды есте сақтау.

(Ұ) Сынып оқушылары мұғалімнің мазмұндау схемасын пайдаланып, іс-қимылмен ертегіні мазмұндайды. Бастапқыда мазмұндауды мұғалім өзі бастап береді, ары қарай оқушылар өздері жалғастырады.

(МҰ) Шалқанның түрлі нұсқасын оқушыларға таныстырыңыз (мультфильм, кітап, кино т.б.) және оқушылар өздеріне не ұнағанын/ не ұнамағанын айтады.

(Ұ) Алты оқушы шығып «Шалқан» туралы ертегіні мазмұндау схемасының көмегімен баяндайды. Кейіпкерлер: шал, кемпір, ұл, қыз, ит, мысық және тышқан. «Актерлерге» экспрессивті интонация, бет-әлпеттің мимикасын қолдануды және әр сөзді анық, дұрыс айтуды тапсырыңыз.

(Т,Қ) Оқушылар топқа бөлініп ертегіні мазмұндайды. Әрбір топпен жұмыс жүргізгенде, олардың төмендегі дағдыларын бағалаңыз:

  • сөйлеу/тыңдау/топта жұмыс істеу;

  • қарапайым әңгімені, оқиғаны көрініс арқылы көрсету.

(Ұ,Қ) Топтар өз көріністерін сыныптағы басқа топтарға көрсетеді. Қалғандары пікір айтады (бірін- бірі бағалау).



Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар ертегіні мұғалімнің схемасын пайдаланбай, өздігінен мазмұндайды және көрініс қойғанда импровизация жасайды.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар мұғалімнің мазмұндау үлгісін пайдаланады.

Сабақтың мақсатын оқушыларға нақтылап айтыңыз.

Шалқанның орнына «Мақта қыз бен мысық» ертегісін қолдануға болады

Шалқанның әртүрлі нұсқаларын (кітап, кино, онлайн әңгімелер) дайындаңыз.

«Шалқанды» көрініс ретінде көрсететін арнайы орын дайындаңыз.

Оқушылардың білімді меңгеруіне көмек көрсету үшін қызықты рөлдік ойындар, оқылым және жазылым дағдыларын дамытатын білім ортасы қажет. Оқушыларға көмек көрсету үшін төмендегі әрекеттерді ұйымдастырыңыз:

  • рөлдік ойын, сахналық киімдер кию, көрініс қоятын бұрышты безендіру, ойыншық ит, мысық, тышқан т.б. Үзіліс кезінде оқушылар барып ойнай алады.

  • ертегілер, жұмбақ, тақпақ кітаптары бар арнаулы кітап оқу бұрышы;

  • шағын қойылым қоюға арналған орын. қуыршақтар мен ойыншықтар.









1.5 Тыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну



1.1.5.1 қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін білдіру



2.5 Тыңдау-көру материалдары негізінде ойын айту



1.2.5.1 қысқа фильмдер мен тыңдалым материалдарының сюжетін өз сөзімен суреттеу



2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) және тілдік нормаларды қолдану



1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру



2.6 Оқыған/тыңдаған материал бойынша ой-пікір білдіру



1.2.6.1 тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) айту



5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау

(термин сөздерді қолданбау)

1.5.1.2 мұғалімнің көмегімен көптік/тәуелдік/ жіктік /септік жалғауларын ауызша тілде қолдану





1.5.1.3 сөйлеу барысында мұғалім көмегімен етістіктің шақтарын; бұйрық рай; болымсыз етістікті қолдану



1.5 Тыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну



1.1.5.1 қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін білдіру



«Шалқан» ертегісін жазу

(МК) Қарапайым әңгімені мазмұндау үшін қолданылатын схеманы қалай жазу керектігін көрсетіңіз.



(Ұ) Сынып оқушылары мұғалімнің мазмұндау схемасының көмегімен ертегіні баяндайды, ал мұғалім тек іс-қимылын ғана көрсетіп тұрады.

(Ж) Қабілеттері әртүрлі оқушылар жұптасып «Шалқан» ертегісін мазмұндау үшін схема жазып дайындайды. Олар мұғалімнің схемасына үлгі ретінде сүйенеді.

(Т,Қ) Мұғалім қабілеті жоғарылау оқушылармен бағытталған жазу әдісі бойынша кейіпкерлердің аттарын жазу жұмысын жүргізеді. Оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалайды:

  • ертегіні өз сөздерімен жеткізуін;

  • ертегіні мазмұндауға көмектесетін суреттер тізбегін салуын;

  • басқа оқушылардың мазмұндағанын тыңдап, түсінуін.

(Ұ) Оқушылар кезекпен «Шалқан» ертегісін схемалардың көмегімен баяндайды. Олар ертегіні мазмұндағанда, арнайы ертегі айтатын атайдың киімін киюі немесе арнайы безендірілген орындықта отыруы мүмкін.



Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар

жай сөйлемдерді, кейіпкерлердің аттарын жазады, сипаттайды

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар сызба арқылы сөйлемдер жазады, кейіпкерлердің аттарын жазады.

Ертегілер - қысқа фильмдерді көру

(МҰ) Мұғалім оқушылардан қандай ертегілерді білетінін сұрайды.

(Ө) Оқушылар ертегідегі өздеріне ұнаған бөлімнің суретін салады.

(Т,Қ) Мұғалім топқа нұсқау береді және тілдік дағдыларғына назар аударады. Оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалайды:

  • қарапайым сөздерден тұратын фильм туралы өз ойын айта алуын. Мысалы: «Мен бөденені ұнаттым, себебі…..».

  • фильмнің қызықты үзінділерін мазмұндауын;

  • басқа оқушылардың фильм туралы айтқандарын тыңдауын.

(Ұ,Қ) Оқушылар әңгіменің қызықты бөлімдері бойынша салған суреттерімен алмасады. Бір-бірін бағалап, пікірлерін айтады.



Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар фильмнің мазмұнын айтып береді.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар фильм туралы бір-екі ауыз сөз/тіркестер айтады.



Егер мұғалім оқушылардың алдыңғы сабақтағы ертегінің көрінісін бейнетаспаға жазып алған болса, соны берілген тапсырманы орындамас бұрын көрсетуге болады.

Сабақтың мақсатын оқушыларға нақтылап айтыңыз.

«Бағытталған жазуды» қолдану үшін 5-бөлімдегі мәліметке сүйеніңіз.

Әрбір сөйлемді жазбас бұрын дауыстап оқып, жазып болған соң, қайтадан оқыңыз. Ертегіні мазмұндауға қажетті сөздер мен тіркестерді қолданыңыз.



Қалауына қарай орындайтын тапсырма: оқушылар ертегіні мазмұндап жатқан кезде, бейнекамераға жазыңыз, кейін басқа сыныптарға, ата-аналар жиналысында көрсетіңіз.



Ертегі мәтінін жазуда қажетіне қарай кейіпкерлер бейнесін, кейбір сөздердің суреттерін пайдалану арқылы да жүргізуге болады.



«Түлкі мен бөдене» - www.youtube.com/watch?v=ItD6n_7MK4Y



2.6 Оқыған/тыңдаған материал бойынша ой-пікір білдіру

1.2.6.1 тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) айту



2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) және тілдік нормаларды қолдану



1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру



3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру

1.3.4.1 мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар (кім? не? қандай? қанша?) қою



4.1 Кейіпкердің атынан мәтін құрастырып жазу



1.4.1.1 суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу



Ертегілер - қысқа фильмдерді көру

(МҰ) Мұғалім оқушылардан қандай ертегілерді білетінін сұрайды. Таңдаған ертегіні көрсетеді. Мысалы: «Түлкі мен бөдене».

(Ө) Оқушылар ертегідегі өздеріне ұнаған бөлімнің суретін салады.



(Ұ,Қ) Оқушылар әңгіменің қызықты бөлімдері бойынша салған суреттерімен алмасады. Бір-бірін бағалап, пікірлерін айтады



Мұғалім оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалайды:

  • қарапайым сөздерден тұратын фильм туралы өз ойын айта алуын;

  • фильмнің қызықты бөлімдері туралы мазмұндауын;

  • басқа оқушылардың фильм туралы айтқандарын тыңдауын.



Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар фильмнің мазмұнын айтып береді.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар: фильм туралы бір-екі ауыз сөз/тіркестер айтады.





Сабақтың мақсатын оқушыларға нақтылап айтыңыз.

Оқушыларға ертегі кітаптар алып келуді тапсырыңыз. Сыныпта әртүрлі халық ертегі кітаптары мен фильмдерінен көрме бұрышын ұйымдастырыңыз. Салынған суреттерді көрме бұрышына апарып қойыңыз.



«Түлкі мен бөдене» - www.youtube.com/watch?v=ItD6n_7MK4Y









Cat and Fox fairy tale (11 mins 36 secs):

www.youtube.com/watch?v=rAoL4 Identifying literary norms Guu77Q

Сапаолимпиадасыказахмультфильми

5.2 Орфоэпиялық және орфографиялық нормаларды сақтау



1.5.2.1 әріп пен дыбысты ажырата білу, төл дыбыстарды дұрыс айту



3.5

Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу



1.3.5.1 мұғалімнің көмегімен иллюстрациялы шағын мәтіннен қажетті ақпаратты табу



3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну



1.3.2.1 мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну

1.5 Тыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну



1.1.5.1 қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін білдіру



Ертегі кейіпкерлері

(Ұ) Оқушыларға кітаптан, фильмнен түрлі ертегі кейіпкерлерін көрсетеді және олардан кім екенін табуды сұрайды. Орыс және қазақ тіліндегі ертегі кейіпкерлерінің атын көрнекі жерге жазып қояды.

(Ө) Оқушылар ертегі кейіпкерлерінің суретін салады және әр кейіпкердің астына аттарын жазып қояды.

(Т,Қ) «Бағытталған оқу» әдісін жүргізеді. Сұрақтар:

  • Кітап не туралы?

  • Кейіпкерлерді таныдың ба?

  • Қай сурет ұнады?

  • Қай сөздер сендерге таныс? Маған көрсетіңдер…Бұл нені білдіреді?

  • Кітапты ұнатасың ба? Неге?

Мұғалім оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалайды:

  • кейіпкерлерді тануын;

  • мәтін бойынша қарапайым сұрақтарға жауап беруін;

  • мәтін туралы басқа оқушылардың айтқандарын тыңдауын;

  • жаңа сөздерді қолдануын.



Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар ертегі кейіпкерлерін сипаттау сөздерін жазады.

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар ертегі кейіпкерлері бойынша берілген сұрақтарға жауап береді.

Қазақ халық ертегілерінің кейіпкерлерін бейнелейтін бейнетаспа көрсетіңіз (кейіпкері - әйел адам ). Егер бейнетаспа табылмаса, суретті кітаптарды көрсетуге болады.

Сабақтың мақсатын оқушыларға нақтылап айтыңыз.

Фильмді көру барысында тоқтатып, кейіпкерлер туралы сұрақ қойыңыз.

Кейіпкерлердің аттары жазылған суреттерді көрнекті жерге қойыңыз.

Бағытталған оқу бойынша 5-бөлімге қараңыз.



www.balakai.kz/publ/audioertegiler/4

Examples of illustrations in Russian fairy tales (9 mins 44 secs) can be found at;

www.youtube.com/watch?v=WRgE1uZaquA . Similar Kazakh examples should be used.



Examples of female heroines in Russian fairy tales (2 mins 28 secs):

www.youtube.com/watch?v=20YmehJu3kk

. Similar Kazakh examples should be used.







www.balakai.kz

2.6 Оқыған/тыңдаған материал бойынша ой-пікір білдіру

1.2.6.1 тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) айту



2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) және тілдік нормаларды қолдану



1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру



3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру



1.3.4.1 мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар (кім? не? қандай? қанша?) қою



4.1 Кейіпкердің атынан мәтін құрастырып жазу



1.4.1.1 суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу

3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау



1.3.3.1 мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ және т.б.) ажырату



Қазақстан туралы өлең оқу және сөйлем/өлең құрастыру

(МК) Мұғалім оқушыларға қарапайым өлең/тақпақ айтып береді және оқушылардың өздерінің білетін өлеңдерін сұрайды. Тақырыпқа сәйкес бірнеше өлеңдерді таныстырады және оқытады. Оқушылардан «Өлең ұнады ма? Не туралы?» деп сұрайды.

(Ұ) Оқушылар оны іс-қимылмен қоса қайталап, жаттап алулары керек.

(МК) Мұғалім «Қазақстанның кең байтақ даласы» тақырыпта таудың баурайында жылқылардың бейнеленген суреттердің көмегімен өлең жазып көрсетеді. Оқушылардан суреттегі бес заттың атауын сұрайды. Мысалы, жылқылар, тау, шөп, аспан т.б. Осы зат есімдерді флипчартқа жаздырады.

(Ж) Оқушылар берілген үлгі бойынша сөйлем/өлең құрастырады және жанындағы құрбысына айтып береді.



(МК) Мұғалім оқушыларға зат есімдерді сипаттайтын сын есімдерге мысал келтіруді тапсырады. Мысалы,

  • ақбоз ат

  • асқар тау

  • көк шөп

  • самал жел

  • керемет шабандоздар

Сосын оқушыларға осы сөз тіркестерінің қасына етістіктерді жазғыздырады. Мысалы,

  • ақбоз ат шабады;

  • асқар таулар көрінеді;

  • көк шөп жайқалады;

  • самал жел соғады;

  • шабандоздар жарысады.

Соңында құрастырылған сөйлемді/өлеңді ұжым болып оқиды.



(Т,Қ) Мұғалім қабылдау деңгейі орташа оқушылармен жеке жұмыс істеп, олардың төмендегі дағдыларын бағалайды:

  • сурет бойынша зат есімдерді атауын;

  • зат есімге сын есімді тіркестіре алуын;

  • етістіктерді тіркестіре алуын;

  • сурет бойынша сөйлем/өлең құрастыруын.

(Б,Қ) Оқушылар жазған сөйлем/өлеңдерімен өзара алмасады, бір-бірін бағалап, өз пікірлерін білдіреді.



Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар өздігінен сөйлем/өлең шығарады және оны мәнерлеп оқиды.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар суретті сипаттау үшін жекелеген сөз тіркестерін ғана қолданады.

Сабақтың мақсатын оқушыларға нақтылап айтыңыз.

Оқушыларға үйден халық ауыз әдебиетінен алынған өлең алып келуді тапсырыңыз.

Ж.Молдағалиевтің, Қ.Мырзалиевтің өлеңдерін жаттатуға болады.

Ол өлеңдерді плакатқа жазып, көрнекі жерге іліп қойыңыз.

Оқушылардың шабытын ояту, өлең жазуға ынталандыру үшін Қазақстанның көрнекті жерлерін бейнелейтін суреттер іліп, фондық музыка қойыңыз.

Сонымен қатар, оқушыларға Қазақстан туралы фильмнен үзінділер көрсетуге немесе өздеріне сурет салғызып, сол бойынша сөйлем/өлең жазғызуға болады.

Келесі мысал: (көк аспан мен заңғар таулар фонында тасқа қонып отырған бүркіттің суреті)

Кәрі қыран қарап отыр,

Көк аспанға көзін тігіп....





www.balakai.kz/publ/le_der_ta_pa_tar/tu_an_zher_turaly/16

adebiportal.kz/catalog/section/balalar-debiet/?show=books&PAGEN_1=2

3«Қазақ елі» сериалы kaztubekz

4Атамекен Қазақстан

kaztubekz



5«Открывая Казахстан» бейнеклиптер.



Қосымша ағылшын тілінде ақпарат: lingoberryjam.com/2012/01/15/simple-poem/. A similar example of Kazakh poetry should be used.

Kazakh folk melody with pictures of Kazakhstan(5 mins 32 secs)

www.youtube.com/watch?NR=1&v=IwHlG59goVQ&feature=endscreen



vse.kz/to/prepod/_bloks/pic/450018-azasha-tapatar-balalara-arnalan/

3.5

Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу



1.3.5.1 мұғалімнің көмегімен иллюстрациялы шағын мәтіннен қажетті ақпаратты табу



3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну



1.3.2.1 мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну

2.2 Берілген тақырып бойынша ойын жеткізу



1.2.2.1 сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіру



4.2 Тыңдаған/оқыған материалдың мазмұнын жазу

1.4.2.1 мұғалімнің көмегімен оқыған немесе тыңдаған/ тыңдау-көру материалдары бойынша заттардың таныс атауларын жазу

сақтау





4.4 Каллиграфиялық нормаларды сақтау



1.4.4.1 бас әріптер мен кіші әріптерді санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес бір-бірімен дұрыс байланыстырып, анық, айқын жазу



5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау

(термин сөздерді қолданбау)

1.5.1.1 мұғалімнің көмегімен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша тілде қолдану



5.2 Орфоэпиялық және орфографиялық нормаларды сақтау



1.5.2.3 Мұғалімнің көмегімен бас әріппен жазылатын сөздерді (адамдардың есімдерін, жер-су аттарын, үй жануарларына берілген атауларды) дұрыс жазу





«Қазақ тілі» пәні. Бастауыш мектеп. 1-сынып

7-бөлім: «Тағам және сусын»

Осыған дейін меңгерілген білім

7-бөлім алдыңғы бөлімдерде меңгерген білім мен дағдыларға негізделеді. Оқушылар бірінші тілінде және қазақ тілінде күнделікті өмірде қолданатын тамақ және сусын туралы әңгімелер, өлеңдер, санамақтармен таныс болып сөздік қорын кеңейту керек.

Мәнмәтін

Бұл бөлімде тілдік дағдылар «Тағам және сусын», «Біз ішетін тамақ», «Жемістер мен көкөністер» тақырыбы аясында дамиды. Жүйелі, арнайы фонетикалық білімдер бөлімде жүйелі оқытылуы тиіс. Бұл бөлім өнер және музыкамен пәнаралық байланысқа ие. Оқушылардың білімді меңгеруінекөмек көрсету үшін қызықты рөлдік ойындар, оқылым және жазылым тапсырмалары керек. Бұл бөлімде оқушылардың алған білімдерін қайталауға және бекітуге аса көңіл бөлу қажет.

Қысқаша шолу

Оқушылар бұл бөлімде тілдік білімдерін «Тағам және сусын» оның ішінде «Ас мәзірі» және «Жемістер мен көкөністер» тақырыптары негізінде дамытады. Оқушылар әңгімелермен, өлеңдермен және визуалды мәтіндермен таныс болады. Өз бетімен, топ болып немесе бүкіл сынып болып жұмыс істейді. Оқу процесі интерактивті болғаны дұрыс, оның ішінде сөйлеу мен тыңдалым дағдыларына баса назар аудару керек, алайда жазылым дағдыларын да қолға алып, жазылымның ретін үйрете бастау керек. «Бағытталған оқу» және «Бағытталған жазу» ең басты педагогикалық әдістеме болады, қажетті жерде мұғалім өзі үлгі көрсетуі керек, сонымен қатар, үнемі қалыптастырушы бағалауды жүзеге асырып отыруы керек.





Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

Оқу ресурстары

1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттарды түсіну



1.1.4.1 мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну



«Кешке арналған айрықша ас мәзірі» - оқылым

(МК) Бөлім көңілді кешке арналған ас мәзірін құрастырудан (жазудан) басталады. Мұғалім оқушыларға ас мәзірінің не екенін түсіндіріп алады.

(Ұ) Мұғалім тамақ түрлерінің суреттерін көрсетеді және оларды өзі атап, соңынан оқушыларға бірнеше рет қайталатады.

(МК) Оқушыларға құнарлы тамақ, ас мәзірі туралы кітаптарды көрсетеді.

(Ж) Жұптасып кітаптағы суреттерді қарайды және өздеріне не ұнап, не ұнамағаны туралы айтады, себебін түсіндіреді.

(МК) Мұғалім тамақ, сусын туралы қызықты мәтінді таңдап, топпен бағытталған оқуды жүргізеді. Сұрақтар төмендегідей болуы мүмкін:

  • Мына кітап не туралы?

  • Саған қай суреттер ұнады?

  • Мына сөздердің қайсысын оқи аласың? Көрсет... Ол нені білдіреді?

  • Саған кітап ұнады ма? Неліктен?

Мұғалім оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалайды:

  • негізгі ойды табуын;

  • мәтін бойынша қарапайым сұрақтарға жауап беруін;

  • мәтін туралы басқа оқушылардың айтқандарын тыңдауын;

  • жаңа сөздерді меңгеруін.



(Ұ,Қ) Оқушылар сыныпта қызықты ойларымен бөліседі. Басқа оқушылар бірін-бірі бағалайды.



Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар оқыған кітаптары туралы сыныптастарымен ой бөліседі.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар кітаптағы суреттер жайлы әңгімелейді.

Сабақтың мақсатын оқушыларға нақтылап айтыңыз.

Оқушыларға тамақ, сусын, ас мәзірі туралы кітап, суреттер, бейнеклиптер әкелуді тапсырыңыз. Қызықты өлеңдерді/мәтіндерді оқушылардың назарына ұсыныңыз.

Тамақ түрлері бейнеленген суретті кеспе қағаздарды дайындаңыз. Мысалы, нан, бауырсақ, ірімшік, құрт, аскөк, жұмыртқа, бәліш, жеміс-жидек, салат, сүт, балмұздақ, май, шай, сорпа, қытырлақ нан, шоколад, өрік, мейіз, балық. Кеспе қағаздарды сыныпта оқушыларға көмек ретінде көрнекті жерге қойыңыз.

Бағытталған оқу туралы 5-бөлімнен қараңыз.

Оқушылардың тақырыпты меңгеруіне көмектесетін қосымша әрекет:

Сыныпта рөлдік ойын алаңын ұйымдастырыңыз, кафе ретінде безендіріңіз. Ол жерге дастархан жайылған үстел, орындықтар қойыңыз. Ас мәзірін жазатын қағаз және қарындаштар қойыңыз. Ойыншық тамақ, ыдыс-аяқ орналастырыңыз. Оқушыларға «кафеге» жиі баруға және онда ойнауға мүмкіндік беріңіз. Жиі қолданылатын сөз тіркестері жазылған кеспе қағаздарды оқушыларға көрсетіп қою керек. Мысалы, келген қонақтармен сыпайы амандасу, тапсырыс қабылдау. Менің көмегім қажет пе? Міне, ас мәзірі. Тапсырыс беруге дайынсыз ба? Маған ... керек еді. Ас болсын! Рақмет. Шотты әкеліп бересіз бе? Қайырлы таң! Кеш жарық!

kz-en.ru/publ/kazakhskij_jazyk/kazakhskie_skazki/ertegi_repka_shal_an_skazka_na_kazakhskom_jazyke/21-1-0-417

«Шалқан» ертегісі



yvision.kz/post/

«Шалқан» ертегісі (видео)



Ресурстарды қараңыз

«Тазша бала» ертегісінің мазмұны

kaztube.kz/ru/video/91941





2.4

Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау



1.2.4.1 шағын мәтінді/ қарапайым оқиғаларды мазмұндау



2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу

1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру



3.1 Оқу түрлерін қолдану



1.3.1.1 таныс сөздерді тұтас оқу



3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау



1.3.3.1 мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ және т.б.) ажырату



2.6 Оқыған/тыңдаған материал бойынша ой-пікір білдіру



1.2.6.1 тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) айту



3.5

Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу



1.3.5.1 мұғалімнің көмегімен иллюстрациялы шағын мәтіннен қажетті ақпаратты табу



5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау

(термин сөздерді қолданбау)



1.5.1.5 мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру



1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттарды түсіну



1.1.4.1 мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну



«Кешкі ас мәзірі» - идеяларды есте сақтау

(МК) Сынып оқушылары шеңбер құрып отырады және мұғалім «Менің сүйікті асым...» деген үлгіні көрсетеді. Оқушылар кезекпен өздерінің сүйікті асы туралы айтады.



(Т) Оқушылар кешке арналған тағамдардың суреттерінен коллаж жасайды.



(Ж) Оқушылар жұп болып коллаж жасайды және жасаған коллаждарын сипаттайды.



(МТ) Мұғалім топпен жұмыс істеу барысындағы оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалайды:

  • үлгіде берілген тамақ туралы сөздерді қолдануын;

  • тамақтың сипаттамасын сөйлемдер арқылы таныстыруын;

  • басқа оқушылармен өз ойларын бөлісуін;

  • басқалардың ойын тыңдап, түсінуін.



Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар: тамақ туралы сөйлемдер құрайды.

Қабылдау деңгейі баяу оқушылар:

үлгідегі тамақ туралы сөздер

мен тіркестерді пайдаланады.







Кешкі ас мәзірін құрастыру



(Ұ) Сынып оқушылары шеңбер бойымен отырып, «Менің ұнататын /ұнатпайтын тағамым» деп, кезекпен кеспе қағазда жазылған тағамдарды атап мысал келтіреді.



(МК) Мұғалім оқушыларға тағы бір рет ас мәзірін көрсетіп, ерекшеліктеріне назар аудартады. Ас мәзірінің үлгісін сыныпқа ұсынады. Мұғалім оқушылардың ой-өрісін дамыту үшін «Жеңілдетілген анықтама» блиц ойынын ұйымдастырады. Шарты: мұғалім «Ас мәзірінде» қандай тағамдар бар екенін (бауырсақ, кеспе, құрт) және олардың қандай екенін ащы, тұщы, тәтті, т.б. сипаттап беруін сұрайды. Мысалы, кеспе дәмді, құрт ащы, т.б.



(Ж) Оқушылар жұптасып ас мәзірін құру барысында қандай тағамдарды жазатындарын талқылайды. Олар дәптерлеріне тағамның суретін салып, астына аттарын жазады.



(МҰ) Мұғалім кейбір оқушылардан ас мәзірі бойынша пікірлерін айтуды сұрайды.



(Ө) Оқушылар қажет болса кеспе қағаздарды қолданып, кешке арналған ас мәзірін дайындайды.



(Т,Қ) Мұғалім бағытталған жазу әдісін қолданады.

Мұғалім оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалайды:

  • әдемі мұқабамен, дұрыс/сауатты жазылған тамақ тізімдерінен тұратын ас мәзірін даярлауын;

  • топта бір-бірін тыңдауын, сөйлесуін, орынды пікір айтуын;

  • үлгі бойынша қарапайым тағамдар тізімін жазуын.



(Ұ,Қ) Ең жақсы орындаған оқушылар дайындаған ас мәзірін басқа оқушыларға көрсетіп, түсіндіреді. Оқушылар бірін-бірі бағалайды.



Рефлексия. Мұғалім түрлі смайликтер таратады. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы білдіреді.



Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар әсем безендірілген ас мәзірінің мұқабасын, тамақты сипаттайтын сөйлемдерден тұратын қызықты ас мәзірін дайындайды.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар тамақ туралы жазу үшін үлгідегі сөздер мен тіркестерді пайдаланады.

Сабақтың мақсатын оқушыларға нақтылап айтыңыз.

Кеспе қағаздар көрнекі жерде тұруы тиіс.



Коллажға арналған материалдар дайындаңыз (желім, бояу, суреттер т.б.).



Идеяларды есте сақтаудың тағы бір жолы - көрініс қою. Бастапқыда мұғалім бір топты алып, көңілді кештің өтуін бейнелейді: достарды қарсы алу, тамақ жеу, сусын ішу, ойын ойнау. Соңынан балалар өздері кештің импровизациясын жасап дамытады.

Сабақтың мақсатын оқушыларға нақтылап айтыңыз.

Оқушыларға тағамдар бейнеленген кеспе қағаздарды тағы бір рет көрсетіңіз.

Мұғалімдер оқушыларға ас мәзірінің үлгісін беруіне болады.

Бағытталған жазу әдісі туралы 5-бөлімнен қараңыз.

Осы бөлімнің соңында сыныпта оқушылар үйренген сөздерін қолдануы үшін көңілді кеш ұйымдастыруға болады.















1.5 Тыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну



1.1.5.1 қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін білдіру



2.5 Тыңдау-көру материалдары негізінде ойын айту



1.2.5.1 қысқа фильмдер мен тыңдалым материалдарының сюжетін өз сөзімен суреттеу



2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) және тілдік нормаларды қолдану



1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру



2.6 Оқыған/тыңдаған материал бойынша ой-пікір білдіру



1.2.6.1 тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) айту



5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау

(термин сөздерді қолданбау)

1.5.1.2 мұғалімнің көмегімен көптік/тәуелдік/ жіктік /септік жалғауларын ауызша тілде қолдану





1.5.1.3 сөйлеу барысында мұғалім көмегімен етістіктің шақтарын; бұйрық рай; болымсыз етістікті қолдану



1.5 Тыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну



1.1.5.1 қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін білдіру



Жемістер мен көкөністер - оқылым

(МК) Мұғалім оқушыларға карточкаларды көрсете отырып, жеміс-жидектер мен көкөністердің аттарын қайталатады. Яғни,

«Қайталай ғой» оқыта үйрету ойыны арқылы үйретеді. Ойын шарты: бір оқушы қандай да бір көкөністі атайды, ал екінші оқушы оны қайталап, тағы бір көкөніс атауын қосады. Үшінші оқушы екеуін қайталап, үшінші сөзді қосады. Осылай ойын 6-7 сөзге дейін жалғасады.



(Ұ) Оқушылар көкөніс туралы ертегі бейнероликті көреді.



(МК,Ұ) Мұғалім көкөністер, жемістер туралы түрлі кітаптар, суреттер көрсетіе отырып, төмендегідей сұрақтар қояды:

  • Анықтамалық кітапты жақсы көрсететін не нәрсе? (мысалы, суреттер, оңай оқылатын мәтіндер, мазмұн, жоспар)

  • Қандай ертегі кітабын ұнатасың?



(Ө) Оқушылар көрген фильмдері бойынша сурет салады, сыныпта мұғалімнің берген сөздерін пайдаланып суреттерін түсіндіреді.



(Т,Қ) Мұғалім жемістер және көкөністер туралы қызықты мәтінді алып топпен бағытталған оқуды жүргізеді. Сұрақтар төмендегідей болуы мүмкін:

  • Бұл кітап не туралы?

  • Саған қай суреттер өте ұнайды?

  • Мына сөздердің қайсысын оқи аласың? Көрсет... Ол нені білдіреді?

  • Саған кітап ұнады ма? Неліктен?



Мұғалім оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалайды:

  • негізгі ойды табуын;

  • мәтін бойынша қарапайым сұрақтарға жауап беруін;

  • мәтін туралы басқа оқушылардың айтқандарын тыңдауын;

  • жаңа сөздерді меңгеруін.



Сабақтың мақсатын оқушыларға нақтылап айтыңыз.

Жемістер мен көгөністер бейнеленген карточкаларды көрсетіңіз. Мысалы, алма, апельсин, банан, өрік, бұршақ, қызанақ, т.б.

Жеміс немесе көгөніс туралы фильмдер: Джек және Бұршақ, Ханданың ғажайыбы

Көгөніс пен жеміс туралы суретті кітаптар, суреттер, фильмдер көрсетіңіз.

«Бағытталған оқу» әдісі туралы 5-бөлімнен қараңыз.

Оқушылардың меңгеруіне көмек көрсететін жағдайлар,

рөлдік ойын алаңы, жеміс-жидек, көгөніс дүкені.

«Түлкі мен бөдене» - www.youtube.com/watch?v=ItD6n_7MK4Y



2.6 Оқыған/тыңдаған материал бойынша ой-пікір білдіру

1.2.6.1 тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) айту



2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) және тілдік нормаларды қолдану



1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру



3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру

1.3.4.1 мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар (кім? не? қандай? қанша?) қою



4.1 Кейіпкердің атынан мәтін құрастырып жазу



1.4.1.1 суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу



«Жеміс-жидек және көгөністер» -идеяларды есте сақтау

(МК) Мұғалім алдыңғы сабақта көрсетілген фильмге импровизация (қойылым) жасайды.



(Ұ) Оқушылар өздері импровизация жасап, онымен бөліседі және бір-бірін бағалайды.



(Т) Өсімдік тұқымын қалай егу керектігін және күн сайын қалай күтім жасау керектігін жазатын күнделік жүргізеді. Оның қалай өсіп жатқанын сипаттау үшін күнделіке жазады және суретін салады. Оқушылар тақырыпқа қатысты сөздерді қолданады.



(МК) Көгөніс және жемістер суреттері атауы жазылған кеспе қағаздарды таратады. Оқушылар жемістер мен көгөністерді кесіп, бояуға батырып суреттер жасайды. Өзі қолданған жеміс немесе көгөніс жайлы айтып береді.



Сабақтың мақсатын оқушыларға нақтылап айтыңыз.

Айтылған ертегіге, фильмге байланысты кітаптар, суреттер жинақтаңыз.Топ ішінен бір көшбасшыны тағайындаңыз. Өсімдік отырғызатын ыдыс, тұқымдар дайындаңыз. Бұл тапсырманың биология пәнімен байланысы бар.





«Түлкі мен бөдене» - www.youtube.com/watch?v=ItD6n_7MK4Y









Cat and Fox fairy tale (11 mins 36 secs):

www.youtube.com/watch?v=rAoL4 Identifying literary norms Guu77Q

Сапаолимпиадасыказахмультфильми

5.2 Орфоэпиялық және орфографиялық нормаларды сақтау



1.5.2.1 әріп пен дыбысты ажырата білу, төл дыбыстарды дұрыс айту



3.5

Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу



1.3.5.1 мұғалімнің көмегімен иллюстрациялы шағын мәтіннен қажетті ақпаратты табу



3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну



1.3.2.1 мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну

1.5 Тыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну



1.1.5.1 қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін білдіру



Жеміс және көгөністер жазылым

(МК) Алдыңғы сабақтағы фильмді қайта көріп болған соң, оқушылар көргендері бойынша бес-алты жай сөйлем құрайды.

(Ж) Бір-біріне фильмнің мазмұнын бес-алты жай сөйлеммен айтады.

.

(Т,Қ) Мұғалім «Бағытталған жазу» әдісін қолданады. Оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалайды:

  • өз ойын жинақтауын;

  • топта бір-бірін тыңдау, ой-пікір білдіруін;

  • үлгі бойынша сөйлем құрауын.

(МК,Қ) Мұғалімнің ұсынысымен жұмыстарын жақсы орындаған оқушылар сыныптың басқа оқушыларына көрсетіп, түсіндіреді. Оқушылар бірін-бірі бағалайды.



Рефлексия. Мұғалім түрлі смайликтер таратады. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы білдіреді.



Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар бес-алты сөйлемді өз беттерімен ешкімнің көмегіне сүйенбей құрайды. Олар бірінші…., келесі…., содан кейін….., сосын…., соңында…. деген ретті білдіретін сөздерді қолдана алады. Бірін-бірі бағалауды ұйымдастырады.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар фильм туралы пікірлерін жай сөйлемдер арқылы білдіреді.

Бағытталған жазуды үйрету бойынша нұсқаулық толығырақ 5-бөлімде.



www.balakai.kz/publ/audioertegiler/4

Examples of illustrations in Russian fairy tales (9 mins 44 secs) can be found at;

www.youtube.com/watch?v=WRgE1uZaquA . Similar Kazakh examples should be used.



Examples of female heroines in Russian fairy tales (2 mins 28 secs):

www.youtube.com/watch?v=20YmehJu3kk

. Similar Kazakh examples should be used.







www.balakai.kz

2.6 Оқыған/тыңдаған материал бойынша ой-пікір білдіру

1.2.6.1 тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) айту



2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) және тілдік нормаларды қолдану



1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру



3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру



1.3.4.1 мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар (кім? не? қандай? қанша?) қою



4.1 Кейіпкердің атынан мәтін құрастырып жазу



1.4.1.1 суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу

3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау



1.3.3.1 мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ және т.б.) ажырату



Қазақстан туралы өлең оқу және сөйлем/өлең құрастыру

(МК) Оқушыларға қарапайым өлең/тақпақ айтып беріңіз және оқушылардың өздерінің білетін өлеңдерін сұраңыз. Тақырыпқа сәйкес бірнеше өлеңдерді таныстырыңыз және оқытыңыз. Оқушылардан «Өлең ұнады ма? Не туралы?» деп сұраңыз. Олар оны іс-қимылмен қоса қайталап, жаттап алулары керек.

(МК) Қазақстанның кең байтақ даласы, мысалы, таудың баурайында жайылып жүрген аттар бейнеленген суреттің көмегімен өлең жазып көрсетіңіз. Оқушылардан суреттегі бес заттың атауын сұраңыз, мысалы, аттар, таулар, шөп, аспан т.б. Осы зат есімдерді флипчартқа жазыңыз.

Оқушыларға зат есімдерді сипаттайтын сын есімдерге мысал келтіруді тапсырыңыз. Мысалы:

  • ақбоз ат

  • асқар тау

  • көк шөп

  • самал жел

  • керемет шабандоздар

Сосын оқушыларға осы сөз тіркестерінің қасына етістіктерді жазғызыңыз мысалы:

  • ақбоз ат шабады;

  • асқар таулар көрінеді;

  • көк шөп жайқалады;

  • самал жел соғады;

  • шабандоздар жарысады.

Соңында құрастырылған сөйлемді/өлеңді ұжым болып оқиды.

(Ж) Оқушылар берілген үлгі бойынша сөйлем/өлең құрастырады және жанындағы құрбысына айтып береді.



(Б,Қ) Оқушылар жазған сөйлем/өлеңдерімен өзара алмасады, бір-бірін бағалап, өз пікірлерін білдіреді.



Мұғалім оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалаңыз:

  • сурет бойынша зат есімдерді атауын;

  • зат есімге сын есімді тіркестіре алуын;

  • етістіктерді тіркестіре алуын;

  • сурет бойынша сөйлем/өлең құрастыруын.





Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар: өздігінен сөйлем/өлең шығарады және оны мәнерлеп оқиды.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар: суретті сипаттау үшін жекелеген сөз тіркестерін ғана қолданады.

Сабақтың мақсатын оқушыларға нақтылап айтыңыз.

Оқушыларға үйден халық ауыз әдебиетінен алынған өлең алып келуді тапсырыңыз.

Ж.Молдағалиевтің, Қ.Мырзалиевтің өлеңдерін жаттатуға болады.

Ол өлеңдерді плакатқа жазып, көрнекі жерге іліп қойыңыз.

Оқушылардың шабытын ояту, өлең жазуға ынталандыру үшін Қазақстанның көрнекті жерлерін бейнелейтін суреттер іліп, фондық музыка қойыңыз.

Сонымен қатар, оқушыларға Қазақстан туралы фильмнен үзінділер көрсетуге немесе өздеріне сурет салғызып, сол бойынша сөйлем/өлең жазғызуға болады.

Келесі мысал: (көк аспан мен заңғар таулар фонында тасқа қонып отырған бүркіттің суреті)

Кәрі қыран қарап отыр,

Көк аспанға көзін тігіп....



www.balakai.kz/publ/le_der_ta_pa_tar/tu_an_zher_turaly/16

adebiportal.kz/catalog/section/balalar-debiet/?show=books&PAGEN_1=2

6«Қазақ елі» сериалы kaztubekz

7Атамекен Қазақстан

kaztubekz



8«Открывая Казахстан» бейнеклиптер.



Қосымша ағылшын тілінде ақпарат: lingoberryjam.com/2012/01/15/simple-poem/. A similar example of Kazakh poetry should be used.

Kazakh folk melody with pictures of Kazakhstan(5 mins 32 secs)

www.youtube.com/watch?NR=1&v=IwHlG59goVQ&feature=endscreen



vse.kz/to/prepod/_bloks/pic/450018-azasha-tapatar-balalara-arnalan/

3.5

Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу



1.3.5.1 мұғалімнің көмегімен иллюстрациялы шағын мәтіннен қажетті ақпаратты табу



3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну



1.3.2.1 мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну

2.2 Берілген тақырып бойынша ойын жеткізу



1.2.2.1 сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіру



4.2 Тыңдаған/оқыған материалдың мазмұнын жазу

1.4.2.1 мұғалімнің көмегімен оқыған немесе тыңдаған/ тыңдау-көру материалдары бойынша заттардың таныс атауларын жазу

сақтау





4.4 Каллиграфиялық нормаларды сақтау



1.4.4.1 бас әріптер мен кіші әріптерді санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес бір-бірімен дұрыс байланыстырып, анық, айқын жазу



5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау

(термин сөздерді қолданбау)

1.5.1.1 мұғалімнің көмегімен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша тілде қолдану



5.2 Орфоэпиялық және орфографиялық нормаларды сақтау



1.5.2.3 Мұғалімнің көмегімен бас әріппен жазылатын сөздерді (адамдардың есімдерін, жер-су аттарын, үй жануарларына берілген атауларды) дұрыс жазу













«Қазақ тілі» пәні. Бастауыш мектеп. 1-сынып

8-бөлім: «Дені саудың -жаны сау»

Осыған дейін меңгерілген білім

8-бөлім алдыңғы бөлімдерде меңгерілген білім мен дағдыларға сүйенеді. Оқушылар бірінші тілде және қазақ тілінде күнделікті өмірде қолданатын тамақ және сусын туралы әңгімелер, тақпақтар, санамақтар және сөздік қормен таныс болулары керек.

Мәнмәтін

Бұл бөлімде тілдік дағдылар «Дені саудың -жаны сау»тақырыбы аясында дамиды. Бөлімде фонетика үнемі жүйелі оқытылуы тиіс. Бұл бөлімнің өнер және музыка пәндерімен байланысы бар. Оқушылардың білімді меңгеруіне көмек көрсету үшін қызықты рөлдік ойындар, оқылым және жазылым тапсырмалары дайындалуы қажет. Бұл бөлімде оқушылардың меңгерген білімдерін қайталауға және бекітуге жақсы көңіл бөлу керек.

Қысқаша шолу

Оқушылар бұл бөлімде тілдік білімдерін «Дене және денсаулық» тақырыбы аясында дамытады. Оқушылар әңгімелермен, өлеңдермен және визуалды мәтіндермен танысады. Өздігінен, топпен немесе ұжым болып жұмыс істейді. Оқу үдерісі интерактивті болғаны дұрыс, оның ішінде сөйлеу мен тыңдалым дағдыларына баса назар аудару керек, алайда жазылым дағдыларын да қолға алып, жазылымның ретін үйрете бастау керек. Бағытталған оқу және бағытталған жазу - бұл жердегі ең басты педагогикалық әдістеме болып табылады. Мұғалім керек жағдайда өзі үлгі көрсетуі керек. Сонымен қатар, үнемі қалыптастырушы бағалауды жүзеге асырып отыруы керек.





Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

Оқу ресурстары





Фонетика бойынша білім -

5-7-бөлімдерде толығырақ беріледі.







1.3 Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну



1.1.3.1 тыңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегіменсұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация/суреттер/сызбалар таңдау



«Дене мүшелері» - оқылым

(МК) Мұғалім адамның дене мүшелерін білдіретін жаңа сөздерді суретті кеспе қағаздар арқылы көрсетеді.



(Ұ) Оқушылар мұғаліммен бірге бірнеше рет қайталайды.



(Ж) Оқушылар жұптасып, дене мүшелерінің суреттерімен атауларын сәйкестендіру ойынын ойнайды.



(МК) Әндете отырып дене мүшелерін көрсетеді: бас, иық, тізе және бақай, көз, құлақ, ауыз және мұрын.

(Ұ) Оқушылар әнді іс-қимылмен бірнеше рет қайталайды, әр айтқан сайын қимыл жылдамдықтарын арттыра түседі.



(МК,Ұ) Мұғалім дене мүшелері туралы жақсы фильм, кітаптар көрсетеді, оқушыларға төмендегідей сұрақтар қояды:

  • не ұнады? неліктен?

  • не туралы жазылған?

  • оның ертегі кітаптан айырмашылығы қандай?



(Ж) Оқушылар жұптасып, дене мүшелері туралы кітапты мұқият қарайды.



(Т,Қ) Мұғалім дене мүшелері туралы қызықты мәтінді таңдап, топпен бағытталған оқу әдісін жүргізеді. Сұрақтар төмендегідей болуы мүмкін:

  • Мына кітап не туралы?

  • Саған қандай суреттер ұнайды?

  • Мына сөздердің қайсысын оқи аласың? ... көрсет, ол нені білдіреді?

  • Саған кітап ұнады ма? неліктен?

Мұғалім оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалайды:

  • негізгі ойды табуын;

  • мәтін бойынша қарапайым сұрақтарға жауап беруін;

  • мәтін туралы басқа оқушылардың айтқандарын тыңдауын;

  • жаңа сөздерді меңгеруін.



(Ұ,Қ) Оқушылар қызықты ойларымен сыныппен кері байланыс жасайды. Бір-бірін бағалайды.



Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар жаңа сөздерді пайдалана отырып, өздері оқыған қызықты кітаптары туралы ойларын шағын сөйлемдер арқылы білдіреді.

Қабылдау деңгейі орташа оқушыларға: кітаптағы суреттер жайлы әңгімелеу үшін жаңа сөздерді пайдаланады.

Сабақтың мақсатын оқушыларға нақтылап айтыңыз.

Адамның дене мүшелеріне қатысты кеспе қағаздар дайындаңыз (үлкен және кішкентай): бас, иық, тізе, бақай, қол, бет, аяқ, кеуде, саусақ т.б.

Адамның денесі бейнеленген постер/плакат дайындаңыз, оқушылар өздерінің сөздік қорын арттыру тапсырмасын орындау барысында дене мүшелерінің аттарын жазып, сол суретте тиісті жерге қояды.

«Бас және иық...» (немесе соған ұқсас) әнін үйретіңіз. Әннің мәтінін оқушыларға көрсетіп қойыңыз.

Оқушыларға «Менің денем» тақырыбына сай кітаптар, суреттер әкелуді тапсырыңыз. «Менің денем және дәрігерге бару» тақырыптарында әдеби емес шағын кітаптар құрастырыңыз.

Бағытталған оқуды үйрету бойынша нұсқаулық толығырақ 5-бөлімде.

Оқушыларға қосымша тапсырмалар:

Дене мүшелеріне қатысты ертегі, өлең, санамақ айтыңыз. Оқушылардың өздерін осы үдеріске қатыстырып, бірнеше рет қайталаңыз.

Оқушылардың білімді меңгеруге көмек көрсетуі үшін қызықты рөлдік ойындар, оқылым және жазылым дағдыларын дамытатын білм алу ортасы керек. Оқушыларға келесі тапсырмалар қызық болуы мүмкін:

  • сахналық костюм және декорациясы бар сыныптағы арнайы бұрыш, рөлдік ойын орындары. Мысалы, дәріхана, дәрігерлік пункт - оқушылардың жазылым дағдысын қалыптастыратын орындары болып саналады.

  • Аурухана, денсаулық туралы кітаптар/тыңдалым мәтіндері және көру мәтіндері бар арнайы ыңғайлы кітап оқу орны /бұрышы

  • шағын қойылым қоюға, ертегілер оқуға арналған қуыршақтар мен ойыншықтар.



www.balakai.kz/publ/ma_al_m_telder/densauly_as_d_m_sergektik_tazalyk_turaly/12-1-0-535

мультик о здоровье

irina2108211 год назад 2 873 просмотра

vzlet12345.ru смотрим мультик о здоровье.







жұмбақтар

www.balakai.kz/publ/zh_mba_tar/adam_zh_ne_ony_dene_m_sheleri_zhajly_zh_mba_tar/10-1-0-741









www.youtube.com/watch?v=yR5kuA3W71c



1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттарды түсіну



1.1.4.1 мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну



2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) және тілдік нормаларды қолдану



1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру



3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну



1.3.2.1 мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну



3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау



1.3.3.1 мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ және т.б.) ажырату



3.5

Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу



1.3.5.1 мұғалімнің көмегімен иллюстрациялы шағын мәтіннен қажетті ақпаратты табу



3.1 Оқу түрлерін қолдану

1.3.1.1 таныс сөздерді тұтас оқу





1.3 Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну



1.1.3.1 тыңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегіменсұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация/суреттер/сызбалар таңдау



«Дене мүшелері» - (идеяларды есте сақтау)



(МҰ) Мұғалім адамның дене мүшелері туралы әнді оқушыларға айтқызады. Әр айтқан сайын оқушылар іс-қимыл мен ырғақтарын жылдамдата түсуі керек. Дене мүшелерінің суреттері салынған кеспе қағаздарды көрсетеді.



(Ж) Оқушылар жұптасып, адамның денесі бейнеленген постерге дене мүшелерінің аттарын сәйкестендіреді.



(МК) Мұғалім дене мүшелерін көрсету үшін дыбыстық белгілерді пайдаланады. Мысалы, төрт рет қолын шапалақтайды, саусақты үш рет сыртылдатады, екі рет аяқпен тарсылдатады. Сол кезде оқушылар дене мүшелерінің атауын көрсетулері тиіс. Мысалы, Қол! Саусақ! Аяқ!



(Ұ,Қ) Топтар өздерінің дыбыстық белгілері туралы ойларымен бөліседі.



(Т,Қ) Мұғалім оқушылардың топпен жұмыс істеу барысында олардың төмендегі дағдыларын бағалайды:

  • дене мүшелерін атауын;

  • басқа оқушыларды тыңдауын;

  • дыбыстық белгілерді пайдалануын.



Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар дене мүшелерінің көмегімен жасалатын іс-қимылды сипаттай алады. Мысалы, «Мен төрт рет қол шапалақтадым»,.

Қабылдау деңгейі баяу оқушылар

дене мүшелерін үлгі бойынша атайды.

«Бас және иық» (немесе соған ұқсас) әнін үйретіңіз

Оқушылардың есіне алдыңғы сабақтағы адамның денесі бейнеленген постер/плакатта дене мүшелерінің аттарын жазып жапсыру тапсырмасын еске салыңыз.

Сонымен қатар, тіс щеткасы, қолғап, аяқ киім секілді заттардың суреттерін әкеліңіз, оқушыларға олардың да атауларын үлкен постерде лайықты орынға қоюды тапсырыңыз.

Оқушылардың тақырыпты меңгеруіне арналған қосымша тапсырма:

  • тапсырмаларды әуенмен орындау;

  • мұғалім түрлі кеспе қағаздарды көрсеткенде, оқушылар суретке сәйкес дене мүшесін қимылдатуы, қозғалтуы керек. Мысалы, қол (бұлғау), аяқ (жүгіру), саусақ (нұсқау).

Оқушылар қимыл-қозғалыс жасайтын орын дайындаңыз.

«Бас және иық...» (немесе соған ұқсас) әнін үйретіңіз,

Мұғалім оқушылардың орындайтын тапсырмасына үлгі дайындап көрсетуі керек. Үлгі көрсету оқушыларды нәтижеге жетуге жетелейді.

Сыныпқа алдыңғы сабақтарда қолданған дене мүшелері туралы постерді, суретті карточкаларды пайдалануға кеңес беріңіз.

Бағытталған жазу әдісін үйрету бойынша нұсқаулық 5-бөлімде толығырақ берілген.











www.youtube.com/watch?v=yR5kuA3W71c



1.2

Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну



1.1.2.1 күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну



1.5 Тыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну



1.1.5.1 қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін білдіру



1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттарды түсіну



1.1.4.1 мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну



2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) және тілдік нормаларды қолдану



1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру



5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау

(термин сөздерді қолданбау)



1.5.1.2 мұғалімнің көмегімен көптік/тәуелдік/ жіктік /септік жалғауларын ауызша тілде қолдану



«Менің денем» - ақпараттық постер (сөздер жазылған суреттер)



(Ұ) Дене мүшелеріне қатысты сөздерді, тақырыпты бекіту үшін тақырыпқа сәйкес ән немесе өлең айтудан басталады.



(МК) Мұғалім «Менің денем» деген дене мүшелерінің атаулары қоса берілетін үлкен постер жасайтындарын түсіндіреді. Постердің үлгісін көрсетеді, тақырыбын жазады және дененің суретін салады, оған үйренген сөздерді жазып, дене мүшесіне жапсырып қояды (стикерлерді пайдалану қажет) және сол сөздердің мағынасын айтады.



(Т) Оқушылар топпен «Менің денем» атты постер дайындайды.



(Т,Қ) Мұғалім «Бағытталған жазу» әдісін қолданады.



Мұғалім оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалайды:

  • постерде үлгі бойынша тақырыпқа сай сөздерді қолдануын;

  • топта сөйлеу/тыңдау, тақырыпқа сәйкес пікір білдіруін;

  • тақырыбы, суреттері мен атаулары берілген постерді таныстыруын;

  • постерде көрсетілген дене мүшелері туралы бір немесе екі жай сөйлем жаза алуын.



(Ұ,Қ) Мұғалім бірнеше оқушыға постерді таныстыруды тапсырады, басқа оқушылар бірін-бірі бағалайды.



Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар ешкімнің көмегінсіз постерлерде тақырыпқа сай сөздерді пайдаланып сөйлем жазады.

Қабылдау деңгейі баяу оқушылар

дене мүшелерінің аттарын жазып, постерде қажетті орынға қояды

Сабақтың мақсатын оқушыларға нақтылап айтыңыз.

«Бас және иық...» (немесе соған ұқсас) әнін үйретіңіз.

Мұғалім оқушылардың орындайтын тапсырмасына үлгі дайындап көрсетуі керек. Үлгі көрсету оқушыларды нәтижеге жетуге жетелейді.

Сыныпқа алдыңғы сабақтарда қолданған дене мүшелері туралы постерді, суретті карточкаларды пайдалануға кеңес беріңіз.

Бағытталған жазу әдісін үйрету бойынша нұсқаулық 5-бөлімде толығырақ берілген.

Азбука здоровья - Скажи микробам "НЕТ"!

TVSmeshariki9 мес. назад 197 636 просмотров

Сезон 2008Серия 3 Азбука здоровья



4.1 Кейіпкердің атынан мәтін құрастырып жазу



1.4.1.1 суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу



4.2 Тыңдаған/оқыған материалдың мазмұнын жазу

1.4.2.1 мұғалімнің көмегімен оқыған немесе тыңдаған/ тыңдау-көру материалдары бойынша заттардың таныс атауларын жазу

1.5 Тыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну



1.1.5.1 қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін білдіру



Ауруханаға бару

1-кезең Оқылым

(МК) Мұғалім оқушыларға емханаға бару/ дәрігерге көріну туралы әңгіме құрайтындарын айтады. Оқушылардың үйлерінен әкелген дәрігерге барғаны туралы кітаптарын, суреттері мен фильмдерін талқылайды. Оқушылардың көмегімен әңгіме жоспарын құрайды.



(Ұ) «Сөздерден әңгіме құра» тәсілімен сыныптағы барлық оқушыдан әңгіме жоспарында берілген сөздерді пайдалана отырып, әңгіме құрауды сұрайды. Оқушылар берілген сөздерден тақырыпқа қатысты әңгімені ретімен құрайды.



(Ұ,Қ) Әрбір топ әңгімені сыныпқа мазмұндайды, басқа оқушылар тыңдап, өз бағасын береді



Рефлексия. Мұғалім тақтаға бүгін сабақтың өтілу барысын сипаттайтын суреттер іледі. Оқушылар өзіне ұнаған суреттің тұсына желімқағаздарды жапсырады.



Мұғалім оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалайды:

  • ауызша мазмұндауын;

  • іс-қимылды қолдануын;

  • мұғалімнің әңгімені мазмұндау жоспарын қолдануын.



Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар әңгімені мазмұндау жоспарына сүйене отырып, өздігінен әңгімені мазмұндайды.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар: кейбір негізгі сөздерді айтады және басқа оқушылардың іс-қимылын қайталайды.

Ауруханаға бару туралы бірнеше қызықты мәтіндер дайындаңыз. Мысалы: Топси мен Тимнің дәрігерге баруы.

Сабақтың мақсатын оқушыларға нақтылап айтыңыз.

6-бөлімде берілген әңгімені ретімен мазмұндау әдісін пайдаланыңыз:

Әңгімені мазмұндау жоспарын (схемасын, қарапайым суретті тізбек) дайындаңыз. Оқушылар әңгімедегі оқиғалар ретін есте сақтауы үшін оған сүйенуі керек.

Әңгімені ретімен мазмұндау әдісіне мысал:

Бір күні мен анаммен дәрігерге бардым.

Менің мазам болмады, себебі құлағым қатты ауырды.

Бірінші біз күту бөлмесінде отырдық.

Сосын дәрігер менің құлағымды арнайы құралмен тeксерді.

Кейін, ол менің тәуір болып кетуім үшін дәрі ішуім керектігін айтты.

Соңында мен дәрі ішіп, тез сауығып кеттім.

Әңгімені есте сақтауға қажетті жаңа сөздер мен іс-қимылды жоспарлаңыз. (мысалы, Қою курсивпен берілген сөздер секілді). Мысалы:

  • Бір күні: сұқ саусағы жоғары

  • Келесі: екі саусағы жоғары

  • Сосын: екі қолын алға айналдыру

  • Соңында: алақанын көрсету.

Мұғалім көрсетілетін іс-қимылды оқушылармен бірге жоспарлайды, олар бұл әрекетті ұнатады, сондықтан естерінде тез сақтайды.

Мұғалім оқушылардың әңгімені мазмұндауын бейнетаспаға жазып алып, кейінгі сабақтарда пайдалануына болады.

Топси мен Тим дәрігерге барды

(5мин.31 сек)

www.youtube.com/watch?v=U2K7zQfYn-4



Том мен Тим ауруханаға барды (4 мин.32 сек.)

www.youtube.com/watch?v=LdhJN535WE



vzlet12345.ru денсаулық туралы мультфильм www.youtube.com/watch?v=AicsNk5zHgo







1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттарды түсіну



1.1.4.1 мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну



2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау



1.2.4.1 шағын мәтінді/ қарапайым оқиғаларды мазмұндау



1.3 Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну



1.1.3.1 тыңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегіменсұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация/суреттер/сызбалар таңдау



3.1 Оқу түрлерін қолдану

1.3.1.1 таныс сөздерді тұтас оқу



3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру

1.3.4.1 мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар (кім? не? қандай? қанша?) қою



1.3 Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну





1.1.3.1 тыңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегіменсұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация/суреттер/сызбалар таңдау



Дәрігер қабылдауында - ролдік ойын



(Ұ) Сынып оқушылары «Дәрігерге бару» туралы әңгімелерін мұғалімнің әңгімені мазмұндау жоспары мен іс-қимылын пайдалана отырып, мазмұнын айтып береді.



(МҰ) Мұғалім сыныптан үш оқушыны дәрігерге бару туралы әңгіменің көрінісін көрсету үшін ортаға шығарады. Басқа оқушылар әңгімені тек мазмұндап береді. Қажетті кейіпкерлер: бала, ана, дәрігер. Олар рөлдік ойын барысында тиісті интонация мен тыңдаушыны сендіретін қажетті іс-қимыл көрстеулері керек.



(Т, Қ) Оқушылар төрт топқа бөлінеді және әр топ дәрігерге бару көрінісін қояды, сонымен қатар топтан бір оқушы шығып, осы әңгіменің мазмұнын айтады.



Мұғалім оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалайды;

  • топта жұмыс істеу, сөйлеу, тыңдауын;

  • шағын әңгімені іс-қимылмен мазмұндауын;

  • шағын әңгіменің көрінісін қоюын.



(Ұ,Қ) Топтар бір-біріне көріністерін көрсетеді және бір-бірін бағалайды.



Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар әңгімені жоспарға сүйенбей, іс-қимыл арқылы мазмұндайды. Көріністерін бір-екі ауыз сөзбен толықтырады.

Қабылдау деңгейі баяу оқушылар әңгімені мұғалімнің жоспарының көмегіне сүйене отырып мазмұндайды.



Сабақтың мақсатын оқушыларға нақтылап айтыңыз.

Оқушыларға көрініс қоятын ыңғайлы орын дайындаңыз.

Оқушылардың білімді меңгеруіне көмек көрсету үшін қызықты рөлдік ойындар, оқылым және жазылым дағдыларын дамытатын білім алу ортасы қажет. Оқушыларға төмендегі тапсырмалар қызық болуы мүмкін:

  • сахналық костюм және декорациясы бар сыныптағы арнайы бұрыш, рөлдік ойын орындары, дәріхана, дәрігерлік пункт, қалам мен қағаз.

  • аурухана, денсаулық туралы кітаптар, тыңдалым мәтіндері, көру мәтіндері бар арнайы ыңғайлы кітап оқу аймағы-бұрышы

  • шағын қойылым қоюға, оқуға арналған ертегілер, қуыршақтар мен ойыншықтар.





1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттарды түсіну



1.1.4.1 мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну



2.2 Берілген тақырып бойынша ойын жеткізу

1.2.2.1 сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіру



2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) және тілдік нормаларды қолдану



1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру



3.1 Оқу түрлерін қолдану



1.3.1.1 таныс сөздерді тұтас оқу







Дәрігер қабылдауында - әңгіме жазу





2.4

Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау



1.2.4.1 шағын мәтінді/ қарапайым оқиғаларды мазмұндау





(Ұ) Оқушылар мұғалімнің әңгімені мазмұндау жоспарын пайдалана отырып, дәрігерге бару әңгімесін мазмұндайды. Мұғалім тек қана іс-қимылдарды қадағалайды.



(МК) Мұғалім әңгімені мазмұндау жоспарын (схемасын), жазудың үлгісін көрсетіп, әңгімені мазмұндайтын бірнеше жай сөйлем жазып көрсетеді.



(Ж) Мұғалімнің жоспарын нұсқаулық ретінде пайдалана отырып, оқушылар бір-біріне әңгіменің мазмұнын өздері жазған жоспардың көмегімен айтады.



(Т,Қ) Мұғалім бағытталған жазу әдісін қолданады. Сөйлемдегі тыныс белгілер мен жаңа сөйлемнің бас әріптен басталатынын оқушылардың естеріне түсіндіреді.

Мұғалім оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалайды:

  • оқиғаны мазмұндауға қажетті суретті тізбек салуын;

  • әңгімені өз сөзімен баяндауын;

  • әңгіменің мазмұнын өз сөзімен жазуын;

  • тыныс белгісін дұрыс қолдануын;

  • басқа оқушылардың айтқанын тыңдап, түсінуін.



(Ұ) Оқушылар кезекпен өз жоспарларына сүйеніп, әңгімені мазмұндайды. Олар әңгімені мазмұндағанда арнайы ертегі айтатын атаның киімін киюі немесе арнайы безендірілген орындықта отыруы мүмкін.



Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар әңгіменің мазмұндау жоспарын жазады немесе өздері әңгіме жазады және жазған әңгімелерін қажетті интонациямен мазмұндап береді.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар әңгімені мұғалімнің жоспарына сүйене отырып, ауызша мазмұндайды және суретпен береді.

Егер мұғалім оқушылардың әңгімені мазмұндауын бейнетаспаға түсіріп алған болса оны қолдануға болады.

Сабақтың мақсатын оқушыларға нақтылап айтыңыз.

Әрбір сөйлемді жазбас бұрын дауыстап оқып, жазып болған соң қайтадан оқыңыз. Әңгімені мазмұндауға қажетті сөздер мен тіркестерді қолданыңыз.



Егер мүмкіндік болса, оқушылар әңгімені мазмұндап жатқан кезде бейнетаспаға жазыңыз, кейін басқа сыныптарға, ата-аналар жиналысында көрсетесіз.



Бағытталған жазу әдісін үйрету бойынша нұсқаулық 5-бөлімде толығырақ берілген.



vzlet12345.ru

денсаулық туралы мультфильм



www.mescards.com/birthday1/card1_makeyourown.php</<font face="Times New Roman, serif"> мәтінді компьютермен оқушыға жаздыра аласыз



4.1 Кейіпкердің атынан мәтін құрастырып жазу



1.4.1.1 суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу



4.2 Тыңдаған/оқыған материалдың мазмұнын жазу



1.4.2.1 мұғалімнің көмегімен оқыған немесе тыңдаған/ тыңдау-көру материалдары бойынша заттардың таныс атауларын жазу



5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау

(термин сөздерді қолданбау)

1.5.1.1 мұғалімнің көмегімен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша тілде қолдану



1.5.1.4 мұғалімнің көмегімен сөйлеу барысында сілтеу есімдіктерін дұрыс қолдану





Қысқа мерзімді жоспар



Сабақ жоспары



Сабақты жоспарлаудан бұрын орта мерзімді жоспарды қараңыз. Сабақ жоспарын ұсынылған үлгі негізінде әзірлеуге болады.Пән:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Күні:

Сынып:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)



Сабақ мақсаттары

Сабақ мақсаттарын анықтап алыңыз. Олар оқу мақсаттарымен (ОМ) бірдей болуы немесе ОМ ұзақ мерзімді сипатта болса, нақты осы сабаққа бейімделген болуы мүмкін (ОМ қол жеткізу үшін бірнеше сабақ қажет болған жағдайда)

Барлық оқушылар:



Көптеген оқушылар:



Кейбір оқушылар:

Жетістік критерийлері

Формативті (қалыптастырушы) бағалау (ФБ) бойынша мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулықтар құжатынан таңдап алынған ОМ үшін жетістік критерийлерін көшіріп алыңыз.

ФБ үшін таңдап алынбаған ОМ үшін жетістік критерилерін өзіңіз құрастырыңыз.

Тілдік мақсаттар



Тілдік емес пәндер үшін құрастырылады.



Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз



Пәнге тән лексика мен терминология:



Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:



Құндылықтарды дарыту





Осы сабақта балалардың бойына сіңіруге арналған кіріктірілген оқу бағдарламасындағы құндылықтар мен ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтарды көрсетіңіз.

Құндылықтарды дарыту … арқылы/көмегімен жүзеге асады (іс-әрекетті және/немесе тақырып мазмұнын сипаттау).

Пәнаралық байланыстар

Ықтимал пәнаралық байланысты әріптесіңізбен талқылаңыз немесе дереккөздерге жүгініңіз.

Сабақта пәнаралық кіріктірілу қалай жүзеге асырылатынын көрсетіңіз (іс-әрекет және/немесе мазмұн арқылы)

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта оқушылар қандай АКТ дағдыларын дамыта алатынын көрсетіңіз

Бастапқы білім



Оқушылар бастапқыдан нені біледі немесе осы сабақ алдында олар нені білуі керек? (негізгі ұғымдар, фактілер, формулалар, терориялар)

Бұрыннан бар білімді қалай белсендендіре аласыз?

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы



Сабақ басында:

- оқушылардың зейінін шоғырландыруға

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ ОМ анықтап алуға

- оқушылардың «жақындамfу аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтауға

көңіл бөлу қажет



Сабақтың ортасы



Сабақ мақсатына орай бар білімдерді қалыптастыру мен дағдыларды дамытуға бағытталған іс-әрекет.

Іс-әрекет барысында ақпаратты талдау және өңдеу, зерттеу, практикалық жұмыс, проблемалық жағдаяттарды шешу арқылы оқушылардың бойында білім мен дағдылар қалыптасады және дамиды



Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет



Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады



Саралау -оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілет іжоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы





Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары



Сабақ бойынша рефлексия



Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы баға





Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:



2:



Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:



2:



Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал