7


  • Учителю
  • Разработка по букварью 'М дыбысы мен әрпі'

Разработка по букварью 'М дыбысы мен әрпі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Тексерілді»

Директордың оқу-

ісі жөніндегі орынбасары:

________ Ысмайыл Бағила


Қысқа мерзімді жоспар Сыныбы: 1 «А»

Сабақтың тақырыбы: Мм дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты Мм дыбысы мен әрпін таныту. М дыбысының үнді дауыссыз дыбыс екенін және сөз ішінде келетін орнын, буын, сөз соңында дыбысталу ерекшелігін таныту.
Мм дыбысы бар сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасап, сөз, сөйлем құратып шығармашылық іскерліктерін қалыптастыру. Оқушыларды ұжымдық сыйластыққа, бір - бірін қадірлеуге, оқу құралдарын ұқыпты ұстауға, адамгершілік қағидаларды ұстана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың нәтижесі: Өздігінен талдауға , жинақтауға, ой қорытуға жаттығады, креативті белсенділіктері артады.

Сабақтың түйінді идеялары: Оқушылардың тіл мәдениетін дамыту, ұлтжандылыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге тәрбиелеу

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Миға шабуыл, «Серпілген сауал» әдісі, «Джигсо» әдісі, рефлексия «Бағдаршам»

Уақы-ты

Сабақ-тың кезеңде-рі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау

Қолданылатын ресурстар


2-мин.


















2-мин.

2-мин

3-мин



5-мин.


Кіріспе

1.Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

1.2. Психологиялық дайындық.

- Оқушылар, көңіл-күйіміз қалай?

-Сабағымызды бастамас бұрын, бәріміз шеңбер болып тұрамыз.

-«Бар ма, жоқ па?» ойыны арқылы менің айтқандарымның дұрыстығына келіссеңдер,онда қолдарыңды көтеріп «Иә!» деп, ал келіспесеңдер, қолдарыңды төмен түсіріп «Жоқ!» деп жауап беріңдер.

-Өзенде балықтар бола ма?

-Бұзауда қанат бола ма?


-Әтештің құйрығы бола ма?


-Жылқының мүйізі бола ма?

-Мысықтың мұрты бола ма?

-Әңгіме әнмен айтыла ма?

1.3.Топқа бөлу.

Гүлдердің түсті күлтешелерін тарату арқылы топқа бөлу.



1.4.Топтық ереже, топ басшы сайлау, таныстыру.


2.1.Өткен сабақты пысықтау:

- Балалар, үйге қандай тапсырма берілді? Сұрақ жауап.


2.2Ереже жаттау:"Серпілген сауал " әдісімен ережені сұрау.

-Дыбыс дегеніміз не?

-Әріп дегеніміз не?

-Т дыбысына мысал келтір;


Мұғаліммен амандасады.


Оқушылар шеңбер болып бір-бірінің қолдарынан ұстасып, тұрады. Жүргізушінің сұрақтарына қол қимылдары арқылы жауап береді.



Оқушылар өздері алған гүл күлтешелерінің түстерін алып, топтарына жиналады, бүтін гүл шоғын құрастырады.

Оқушылар 3 топқа бөлінеді.

«Қызғалдақ» тобы

«Түймедақ» тобы

«Жауқазын» тобы



Топ ережесін құрып, ережені сақтайды,топ басшы сайлайды.




Топ мүшелері бір-бірінің айтқан мысалдарын тыңдайды.


Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында допты лақтырамын, жауап бере алмаса ұпай саны қосылмайды, білмей қалған жағдайда өз тобындағы бір оқушыға береді, ол да жауап бере алмаса, жауап балы төмендей береді.

Бірін-бірі бағалау



Топтық бағалау, бірін -бірі бағалау.




Топ аттары жазылған қиықшалар, желім,

Топ аттары жазылған парақтар



Бағалау парақшасы.



Доп,смайлик

2-мин.









Танысты -рылым



Миға шабуыл

3.Оқушыларға күннің жадын жазған соң, электронды оқулықпен таныстыру.




Сынып оқушылары бүгінгі сабақ тақырыбын көреді.



Өзін-өзі бағалау бағалау.

Ноутбук

6-мин.
























2-мин.














4-мин.






4-мин.






















Негізгі бөлім


4.1.М дыбысы мен әрпі туралы түсінікті «Джигсо» әдісі бойынша оқушылар оқып, топта өз тақырыптарын қорғайды.


Үш топқа тақырыптың үш бөлігін бөліп беремін. Топ оқып болған соң, өз тақырыптарын қорғайды.А) Сөз жұмбақ шешейік:
1. Қыздар алқасы (м) оншақ
2. Үй жануарларын бір сөзбен не дейміз? (м) ал
3. Көйлек неден тігіледі? (м) ата
4. Киім тоқылатын ақ ұлпа? (м) ақта
Сөзжұмбақ шешуіндегі сөздерді буынға бөліп айтып, бірінші дыбыстарына мән беріп қарайық.
Мон - шақ, мал, ма - та, мақ - та сөз басында Мм дыбысы естіліп тұр.
Олай болса, барлығымыз хормен М деп дыбыстап көрейік.
Мм дыбысы ауыз қуысынан кедергіге ұшырап қысылып айтылады. Олай болса, Мм дауыссыз үнді дыбыс.
Мм әрпін баспа, жазба түрін таныстырып, ауада жазу
Ә) Сурет бойынша жұмыс: (Оқушыларға әңгімелету)
Моншақ
Бұл - моншақ. Қыздар моншақты әсемдік үшін тағады.
Комбайн
Бұл - комбайн. Комбайн мақта алқабында мақта орды.
Мақта
Бұл - мақта. Мақтадан киім тоқылады.
Оймақ.
Бұл - оймақ. Оймақты іс тіккенде қолданады.
Б) Оқулықпен жұмыс:
- Бағанда берілген сөздерді оқыту
- Мәтінмен жұмыс: «Тамақ»
Тамақтың адам үшін маңызын ұғындыру.
В) Сөздік жұмыс:
Мол - көп
Мақал - нақыл сөз
Оймақ - іс тіккенде саусаққа киетін бұйым.
Қармақ - балықшы құралы
Г) Дәптермен жұмыс:
Мм әрпін жазу

4.2. Сергіту сәті.

Оқушылар әуен ырғағымен бой сергітеді.

«Көңілді күй»

4.3..Оқулықпен жұмыс

Әр топқа үш сөзден бөліп орындайды.

Топта бірлесе отырып жаңа тақырыпты бір-біріне әңгімелеп , мысалдар келтіріп түсіндіріп береді, ол тақырыпты қорғайды.





.

Оқулықтан тапсырма жұмысын жасайды.

Берілген тапсырмаларды

Жазбаша тақтада талдау жасап орындайды.

Әр топтан топ басшы шығып, шарт бойынша орындайды.


Топ жұмысын орындап болады. Жұмыс жауабы оқушылар бір-бірінің жұмысын тексереді.

Топтық бағалау

Бірін-бірі бағалайды

Топтық бағалау.


Постер, түсті қалам, стикер.

ноутбук



Үлестірмелі парақша



А-4 парақшада

Үлестірме.


3-мин.











3-мин.











3-мин.












1-мин.

3-мин

Қорытын-ды

5.Топтастыру стратегиясы.



6.Бекіту сұрақтары:



7.Бағалау: Сабақ барысындағы жұмыстануы бойынша, сабақ критерийлеріне байланысты оқушылармен кеңесе отырып бағалаймын, бағаға түсініктеме беріп, жетілу жолдарын айтамын.


8.Үйге тапсырма 39-40 бетті оқу

9. Рефлексия:


Кері байланыс «Бағдаршам» Қызыл- түсінген жоқпын.

Сары- әлі де түсінген жоқпын, сұрағым бар.

Көк- барлығы түсінікті.


Оқушылар алған білімдерін жинақтайды, топтастырады.

Тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылайды.


Оқушылардан бағалау парақшасын алып, қорытынды бағасымен бағаланады.


Үй жұмысын жазып алады.





Стикерге бүгінгі сабақ жайлы өзінің ой-пікірін жазады.




Бірін-бірі бағалау.

Топтық , өзін-өзі бағалау.

Постер, түсті қалам, стикер.







Смайликтер,



Стикер, плакат, түрлі- түсті қағаздар.

Бастауыш сынып мұғалімі: Байжаркинова Шарипа Абдешқызы

Мерзімі: 05 10 .2015ж.

Сабақтың өзіндік талдауы


Сәтті тұсы « Мм дыбысы мен әрпі» тақырыбындағы сабағым өз мақсатына жетіп, күтілетін нәтижелер жүзеге асырылды деп ойлаймын. Сабақ басталмас бұрын оқушыларға жағымды ахуал орната отырып, гүл жапырақтарының түстерін таңдатып,әркім өз түстерін бір-бірімен бірлесе отырып гүл шоғын құрап, үш топқа бөлінді.Үй жұмысы сұралып, ережені пысықтау «Серпілген сауал»әдісі арқылы топтар бір-бірінедоп лақтыра отырып, сұрақтарға жауап берді. Оқушыларға мултьфилм «Мақта қыз бен мысықты» көрсете отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын шығарып алды.

Негізгі бөлімде «Джигсо» әдісі арқылы жұмыс жасау негізінде жаңа материалды өздеріне меңгеруге бағыт сілтедім. Формативті бағалаудың түрлі стратегияларын қолдану арқылы білім алушылар өздерін және өзара бағалауды жүзеге асырып отырды. Интербелсенді тақтадан бейнеролик көрсету арқылы сергіту сәті ұйымдастырылды. Оқулықпен жұмыс жүргізіліп, дәптермен жұмыс жасалды.Оқушылар сабақтан алған білімдерін пысықтау мақсатында шығармашылық диктант жазды.Кейін тапсырма смайликтер арқылы бағаланды.

Қорытынды бөлімде оқушылардың білімін жинақтау әрі бекіту мақсатында топтастыру стратегиясы арқылы ойды жинақтап, бекіту сұрақтары пайдаланылды. Оқушылар топты бағалады. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін «Бағдаршам»арқылы рефлекция берді.

Сәтсіз жағы сабақта 7 модульді ықпалдастыру үшін 35 минут уақыт аздық етеді. Сондықтан да сабақ барысында топтастыруға алған тапсырмам артық болды, өйткені бекітуге қайта сұрақ қойып, тағы да қайталанд ы. Сондай-ақ, рефлекция парақтарын түсіндіру үшін оқушыларға уақыт жетпей қалды.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал