- Учителю
- Қарсы мәндес сыны есім
Қарсы мәндес сыны есім
Сабақтың тақырыбы: Қарсы мәндес сын есім.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: сын есім туралы алған білімдерін кеңейту, қарсы мәндес
сын есім туралы түсінік беру.
Дамытушылық: ойлау ,есте сақтау қабілеттерін дамыту,сөздік қорын
Молайту,сөйлем құрау дағдысын жетілдіру.
Тәрбиелік: сауаттылыққа , ұқыптылыққа, ізденімпаздылыққа, өз бетімен жұмыс істеуге , әдемі жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: мақал-мәтел , оқулық сәкестендіру тесті т.б.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,СКТТ.
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа әзірлеу.
Бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр,барлығымыз орнымыздан тұрып сәлемдесейік.Хормен: Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау міндетіміз.
Сәлем бердік сіздерге ,
Басымызды иіп бәріміз.
Психологиялық дайындық : Мақсатымыз білім алу ,
Міндетіміз еңбек ету,
Еңбектену арқылы 4 пен 5-ке қол жеткізу.
II. Үй тапсырмасын сұрау: 434-жаттығудың орындалуын тексеру.
Заттың түсін,көлемін,дәмін білдіретін сын есім тауып жазу.
Сын есімдерді қатыстырып сөйлем құрау.
III. Өткен сабақты бекіту: « Кім тапқыр?» ойыны арқылы сәйкестендіру тестін орындау.
Сәйкестендіру тесті: ұзын оқушы
қалың алма
қызыл бала
ұқыпты сынып
жарық ағаш
тәртіпті орамал
IV. Сергіту сәті:
Көктемгі жаңбыр себелеп,
Алдымнан жел еседі.
Көп іздеген балалар,
Білімді болып өседі.
V. Жаңа сабақ:
5.1.Жаңа тақырыпты мақалдардың мағынасын түсіндіру арқылы түсіндіремін.
Батырдың өмірі қысқа , даңқы ұзақ.
Үйрен жақсы әдептен,
Жирен жаман әдеттен.
-Осы мақалдардың ішінде бір - біріне қарсы мәндес сын есім сөздер бар ма?
(Қысқа- ұзақ, жақсы- жаман).
Ереже: мағыналары бір -біріне қарсы сын есімдерді қарсы мәндес сын есім дейміз. Мысалы: алыс- жақын,қалың- жұқа,жуас -қатал,кең- тар.
VI.Сергіту сәті:
VII.Оқулықпен жұмыс:
Жаттығулардың орындалу жолдарын түсіндіремін.
436-жаттығу. «Ұшқыр ой» ойыны арқылы орындау.
Жұмбақты оқы,шешуін тап. Ақ шапанын үстінен
Алты ай бойы шешпейді.
Қара шапан үстінен
Алты ай бойы түспейді.
437-жаттығу. «Кім тапқыр?» ойыны арқылы орындау.
Берілген сын есімдерге қарсы мәндес сыңарларын тауып жаз.
Аласа - биік, жақсы - жаман, қиын - оңай, жарық - қараңғы, мейірімді - мейірімсіз, қымбат - арзан.
Сын есімдерді қатыстырып сөйлем құра.
438-жаттығу. «Кім зейінді» ойыны арқылы орындау.
1.Үлкен кісі бастар,кіші кісі костар.2Жақсы бала- қуаныш,жаман бала-өкініш.3.Қант тәтті болады,бұрыш ащы болады.4.Жақсы бала ойлағыш,
жаман бала тойлағыш.
439-жаттығу. «Кім жылдам?» ойыны арқылы орындау.
Сөздерді оқы,қарсы мәндес сын есімдерді жұптап жаз.
Салқын- жылы, ақ- қара,тәтті- ащы,жас- кәрі,кіші- үлкен,сулы- құрғақ.
Сын есімдерді қатыстырып бірнеше сөйлем қарап жаз.
441-жаттығу. Ауызша орындау.
443-жаттығу. «Кім зейінді?» ойыны арқылы орындау.
Жел,қар сөздерінің әрқайсысына қатысты бірнеше сын есім тауып жаз.
Үлгі: ала бұлт, қою бұлт, қара бұлт.
Ауа райы туралы шағын әңгіме жаз.
444-жаттығу. «Кім ойлы?» ойыны арқылы орындау.
Берілген сын есімдердің қарсы мәндес сыңарларын тауып жаз.
Терең- сайыз,ыстық- суық,адал- арам,жуас- қатал,жұмсақ- қатты,жуан- жіңішке.
Осы сөздердің ішінен бірнеше сөз алып фонологиялық талдау жасау.
Қатал Жұмсақ.
1 . жуан буынды сөз 1.жуан буынды сөз
2. қа- тал. 2. жұм-сақ
т.б б.б. б.б. б.б. 3.қа болып бір жағдайда 3 . жұм болып бір жағдайда
тал тасымалданады. сақ тасымалданады.
4.Қатал. 4.Жұмсақ.
VIII.Сабақты бекіту.
-Бүгінгі сабақтан не алдық?
-Білім.
-Қандай жұмыс түрлері болды?
-Сәйкестендіру тесті,жаттығулар орындадық,фонологиялық талдау жасадық,
жұмбақ шештік,сөйлем құрадық. т.б.
-Көңіліміз қандай?
-Жақсы.
-Сезіміміз қандай?
-Тамаша.
VIV.Сабақты қорыту. « Кім тез айтады?» ойыны арқылы қорытамын.
-Қарсы мәндес сын есім сөздер айту.
-Ереже айту.
X.Үйге тапсырма беру. 442-жаттығу.134-бет.
XI.Бағалау.