7


Тақырыбы: «Дауыссыз л мен р»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Кульмагамбетова Р.С. №18 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі. Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау облысы Қазақ тілі 2 сынып





Тақырыбы: «Дауыссыз л мен р»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дауыссыз л мен р әріптерінің айтылуы мен жазылуы туралы түсінік беру. Жаттығулар орындай отырып, сауаттылыққа үйрету.Сөздік қорларын дамыту.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: деңгейлік тапсырма

Көрнекілігі: дидак.материал

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныбымыз тап-таза,

Бор да дайын тақтада.

Ойымызды жинақтап,

Отырайық партаға.

ІІІ. Жаңа сабақ

Қызығушылықтарын ояту

Мынау доға -

Қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп? ( Л )

«Раушан» десе бірінші,

«Ара» десе екінші,

Бұл қай әріп екенін,

Біреу айтып берсінші (Р)

-Жұмбақ жауаптары қандай әріптер?

-Демек бүгінгі сабағымыщдың тақырыбы да л ,р дыбыстары туралы болмақ. -Л, р дыбыстары қандай дыбыстар?

-Құрамында л, р дыбыстары сөздерді мысалға келтір. Қандай қорытынды жасайсың?

л,р дыбыстары үнді дауыссыздар

Бұл дыбыстарды айтқанда үн шығарып , созып айтуға болады.

ллллллллллллл

ррррррррррррр

Сондықтан үнді дауыссыздар дейміз. Л,р үнді дыбыстары барлық буындарда қалай естілсе, солай жазылады. Л,р дыбыстары сөздің басында келсе, алдыннан ы,і, ұ естілгенімен олар жазылмайды.

Л, р дыбыстарының сөз басында айтылуы

ылақ іреніш

ылас ырақмет

ылай ұрұқсат

Сөз басында келген л, р дыбыстарының жазылуы

лақ реніш

лас рақмет

лай рұқсат

1 деңгей

1 тапсырма

Л және р әріптерінен басталатын сөздерді бөлек-бөлек топтастыр.

лашын,лақ,рұқсат, раушан, радио, рас, лас, рақат, лақтыру,ренжу, разы, рет, лай.

2 тапсырма

Көп нүктенің орнына р,л әріптерінің тиістісін қой

та..а, а..на, ана..,па..та, а..ға,а..а,А..атау, а..тау, ша..,шаға...а

2 деңгей

3 тапсырма

Көп нүктенің орнына жақшадағы сөздердің дұрысын қой.

1.От (лаулап, ылаулап) ....... жанды.

2.Ләйләнің әдептілігіне үлкендер......(риза, ыриза) болды.

3.Оны (іренжіткім, ренжіткім) ......келмеді.

4 тапсырма

Ребусты шеш. Ребустың жауабындағы сөзді қатыстырып сөйлем құра.

3 деңгей

5 тапсырма

Мақалдағы қарамен жазылған сөздерге дыбыстық талдау жаса

Ақылды қария,

Ағып жатқан дария

ақылды- 3буын 6 әріп 6 дыбыс

а-дауысты жуан

қ-дауыссыз қатаң

ы-дауысты жуан

л-дауыссыз үнді

д-дауыссыз ұяң

дария-3 буын 5 әріп 6дыбыс

д-дауыссыз ұяң

а-дауысты жуан

р-дауыссыз үнді

и-дауысты жіңішке

я-дауысты

6 тапсырма

Сөзжұмбақты шеш. Бос торкөздерге л, р әріптерінен басталатын сөздер тауып жаз.л

Р

Шығармашылық тапсырма

1.Бір сөздің құрамында л және р дыбыстары кездесетін сөздер ойлап жаз.

2.Оларды қатыстырып сөйлем құра

Мысалы: марал, құрал, арал, Орал, Райгүл, Руслан

Райгүл мен Руслан екінші сынып оқушылары.

Алақай, ертең Орал қаласына жол жүреміз!

IV. Бекіту

Тест

1.Үнді дауыссыздарды белгіле

А)с, н, ң Б)в, г,в, ғ

Ә)к, қ, п В)м, р, у +

2.Құрамындаға дыбысы мен әріпі сәйкес келмейтін сөз.

А)алма Б)кітап

Ә)лагерь + В)доп

3.Дұрыс жазылған сөзді белгіле:

А)лайық+ Б)лаиқ

Ә)лайқ В)лаиық

4.Қай сөйлем дұрыс құрастырылмаған?

А)Асан ағашты суарды Б)Марат доппен+

Ә)Ғарышкер ғарышқа ұшты В)Көктем келді.

5.Үнді дыбыстан аяқталған сөзді көрсет

А) қал+ Б) лақ

Ә) раушан В) радио



Ү.Үйге тапсырма 123-жаттығу Бағалау.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал