- Учителю
- Сынып сағаты Ата салтым-Қазынам
Сынып сағаты Ата салтым-Қазынам
</<span>Сабақтың тақырыбы: Ата салтым - қазынам.
Сабақтың мақсаты:
1.Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің
халықтың салт-дәстүрлерімен сабақтастығын түсіндіру.
2.Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: Қазақтың ұлттық киімдері, төсеніштері, бесігі және т.б
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Қонақтар шақырылып , бөлме іші безендіріліп , үнтаспадан күй орындалып тұрады.
Кіріспе :
Мұғалім: Құрметті ұстаздар! Қай заман болсын адамзат алдында
тұратын басты міндет - адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп
өсіру. Бұл міндетті әр халық салт-дәстүріне орай іске асырады. Яғни
әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық
салт-дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген.
Бүгінгі тәрбие сағатының негізгі бөлімі мақсаты халқымыздың салт-
дәстүрлері туралы оқушыларымызға түсіндіріп, бойларына сіңіру .
Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп.
Ендеше біздің бүгінгі Ата салтым - қазынам - атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.
1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум , халқым менің,
Ардақта ата-дәстүр салтыңды елім.
Мереке басы болсын берекенің ,
Игі еңбектің жемісін бәрің жегің (Мейіржан)
2-жүргізуші: Салем ,анам,алтын күн ,
Сәлем ,қарты халқымның!
Уақытыма риза боп,
Бақытыма шалқыдым. ( Наргиза)
1-жүргізуші: Туғаннан соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең
Жұрт айтады надан деп. (Мейіржан)
2-жүргізуші: Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Кең даланың ежелгі
Қазақ деген халқымыз
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз- дей келіп тәрбие сағатымызды бастаймыз. (Наргиза)
-Иә , Наргиза
Олай болса - І бөлім (Мейіржан)
«Екеуі бірге» Дәстүрді білесің бе?
1-оқушы: (Әнуар)
Шілдехана - сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің әр түкпірінде бұл рәсім әр қалай өтеді. Сол күні баланы шілде суына шомылдырып, сыңғырлаған тиындар салады, балаға денсаулықпен бірге байлық та тілейді. Шілдехана өткізілетін күні ана әбден сорпаланып өзінің шілде терін шығаруы тиіс.
2-оқушы: (Мадина)
Қырқынан шығару - бөбек дүниеге келген соң 40 күннен соң оның
алғаш рет шашы мен тырнағы алынып, бесікке салу рәсімі
орындалады.
40-күннің өзі ананың бой көтеріп, денсаулығы түзелген кезде болады.
Жалпы осы уақыт ішінде ананың да, баланың да денсаулығы өте мықты
күтімді қажет етеді. Анаға кіндік шеше көмек беруі тиіс. Бұл
дастархан басына тек әйел адамдар келіп қатысады.
3-оқушы: ( Нұрсейіт)
Есімін атау (ат қою) - бұл рәсім ұлағатты кісіге жүктеледі.
Қазақ аттарының көптігі басқа халықтардан ерекшелігі. Қыз
балалардың есімдері олардың көркемдігі. Ат қою «көз тимесін» деген
оймен қойылады. Ат таңдалғаннан кейін баланың құлағына 3 қайтара
айтылады.
4-оқушы: ( Ринат)
Итаяғына салу- бұл дәстүр, ырым. Жас келіншек бір ауылға қыдырып барғанда, не есік көруге шақырғанда әйелдер не үлкен әжелер оған «итаяғына» сал деп сақина,күміс, жүзік сияқты заттар береді. баланы шаранасынан жуатын суға яғни «шілде суына» әлгіндей күміс жүзік, сақина, күміс түйме сияқты заттарды ыдысқа салып жіберіп, нәрестені жуады. Жуып болғаннан кейін әлгі заттарды сол жердегі әйелдер ырым қылып бөлісіп алып, мәз мейрам болып тарасады.
5-оқушы: ( Өсержан)
Бесікке салу - бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларыналып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесікті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді, сумен бала шыланады, ыдыстары отырғандарға таратылып беріледі.
6-оқушы: Орынай
Баланың «ит көйлегі» жүгіртіледі, яғни тәтті дәм толтырылған кішкене дорба иттің мойынына көйлегімен байланады да жүгіртіледі, соңынан қуып жеткен бала дорбаға ие болады.
7-оқушы: ( Қарақат)
Бесіктің түбегі орналасқан жерден кішкене бұршақ тәрізді
тоқаштар өткізіліп, оны «тыштырма» деп айтады. Осы жерде жиналған
аналар бесік жырларын айтады.
Бесік жырының сөздері естияр балалардың ой-қиялына жыр етіп, ананың
мейір-шапағатын арттырады. Ондай отты жырларды балалар да жаттап
алу керек.
8-оқушы: (Нұрай)
Тұсау кесер - бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің
басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы
жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің
тұсауын ата-ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол
болсын» деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем
үстімен жүргізеді.
Тұсау кесер жырлары айтылады.
9-оқушы: (Орынай)
Атқа мінгізу- Бала тәрбиесіне байланысты салт дәстүрдің бірі ұл баланы атқа мінгізу . Алдымен ағаштан ашамай ер жасалған.Соны жуас құнанға ерттеп, баланы мінгізіп байлап қойған. Тізгінді балаға ұстатып,бір адам құнанды жетектеп ауылды айналдыра жүргізіп, үлкендерге сәлем бергізген.
10-оқушы: (Серік)
Тоқым қағу - өзінің бәсіре атына ашамайын ерттеп мінген бала алғаш үйінен алысқа шыққан кезде тоқым қағар тойы жасалады.
11-оқушы: (Аружан)
Қыз ұзату- «Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру» ата ананың тілегі әрі парызы. Соның ішінде қыз ұзату үлкен той, думан әрі қызық. Бұл күні ата - ана қуанады, әрі жылайды. Қуанатыны қыз өсірді және оны құтты жеріне қондыруы, жылайтыны әрине қимастық көңілі.
12-оқушы: (Динара)
Сыңсу- «Халқымызда тұрмыс салт жырларының ең көп тарағандарының бірі сыңсу». Ұзатылған қыз өз босағасынан аттанар алдында ағайын туғандарын аралайды. Былайша айтқанда қоштасады.
1-жүргізуші: Ашық болсын күніміз,
Ашылады нұрымыз
Бай тұлғалы өңірде
Айтылады жырымыз (Наргиза)
2-жүргізуші: Ата бабаң ардақты ,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты-деп, қазақ халқында ырымдар мен тиымдар, салт дәстүр түрлері өте көп. Солардың ішінен біз балаға ат қою, ит аяғына салу, бесікке салу, және тыштырмай жасау рәсімін тамашалайық. (Мейіржан)
Ендеше ІІ бөлім: Көрініс: (Мейіржан )
Олай болса оқушыларымыз дайын болғанша Наргизадай мың бұралған қыздарыңыздың биін тамашалаңыздар.
Көрініс: 1.балаға ат қою , 2.ит аяғына салу, 3.тыштырмай жасау. 4.бесікке салу. (Мейіржан)
1. Әй балам кішкентайды әкел. Сол кезде баланы әкеледі. Қарағым құтты болсын . Бауы берік болсын. Мен бүгін балама мына атамызға ат қойдырайын деп отырмын. Ал атасы менің немереме ат қойып жіберіңіз! Иа ,шырағым балаға ат қою маған берілген екен мен балаға (Жамбыл )
деп ат қоямын- деп 3- рет айқайлайды . Сенің атың Жамбыл ,Жамбыл ,Жамбыл
Мә ,енді сен ит аяғына сал- деп береді. Екіншісі суға түсіреді . Содан соң үшіншісі тыштырмай жасап, бесікке салады. Үстіне жеті киім жауып бесік жыры айтылады. Содан кейін баланы шешесіне береді.
(Саяжан, Нұрай, Алтынбек, Мерейлім, Мадина)
Хор: Қазағымның дәстүрлері-ай.
осы кезде слайдтан Қазағымның дәстүрлері-ай. әні айтылады , оған оқушылар қосылып айтады.
1-жүргізуші:
Біздер бұрын көрмеген. (Мейіржан)
Салт -дәстүрім өлмеген,
Үйренеміз дәріптеп
Заманымда өрлеген
2-жүргізуші:
Егемен болмай ел болмас
Етек-жеңі кең болмас,
Терезесі тең болмас,
Енді қазақ кем болмас. -деп бүгінгі «Ата салтым - қазынам » атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. (Наргиза)
Хор: Қазағым әні.