7


  • Учителю
  • Зерттеу жұмысы 'Біз отбасымызбен кітап оқимыз'

Зерттеу жұмысы 'Біз отбасымызбен кітап оқимыз'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Зерттеу жұмысы









Біз отбасымызбен кітап оқимыз



Орындаған:Жексембаева Айсулу

Тексерген:Бейсенбина.Г.К.



Мазмұны

1.Кіріспе.

Кітап оқудың адамға пайдасы.



2.Негізгі бөлім.

Біз отбасымызбен кітап оқимыз.

Кітапхана туралы не білеміз?

3.Қорытынды.



Кітап оқудың адамға пайдасы.

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан - ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл - ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир. Кітап оқу адамға өте пайдалы. Кітапты адам көп оқыса тілі оңайырақ жаттығып кетеді. Кітап -алтын қазына. Кітапты көп оқыған адам білімді болады. Мысалы кітаптарда көптеген жақсы мақалдар жазылған.Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей.Еңбектің наны тәтті,жалқаудың жаны тәтті және тағы басқалары.Сол арқылы кітаптан көптеген ақылды білімді үйренуге болады. Өкінішке орай көркем әдебиетке деген өз бетімен балалардың қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген ғалам торабын , компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз. Кітапты көп адамдар оқымайды. Бала кітап оқып, ойын қорытудың орнына теледидардан дайын өнімдерді көруге бейім. Мұның барлығы балалардың кітап оқуына үлкен кедергі келтіреді. Ал ата - аналар тым жұмысбасты. Баланың теледидар қарауын белгілі бір уақытқа ғана шектеп, кітап оқуына арнайы көңіл бөліп, қадағалап отыруға олар уақыт таппайды. Мақсатымыз - кітап неге оқылмайды деген сауалдың жауабын жан - жақты іздеу. Қазақ балаларын қазақ әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын бірлесіп табу. Кітапқа деген баланың қызығушылығын арттыру.



1

Біз отбасымызбен кітап оқимыз.

Біз отбасымызбен кітап оқығанды жақсы көреміз.Мен,анам,әкем,және әпкем төртеуіміз кітап оқығанды жақсы көреміз. Біз әңгімелерді,ертегілерді,хрестоматияларды бірге оқимыз.Үйде мен және әпкем екеуіміз кітапты оқығанды жақсы көреміз.Біз әпкем екеуіміздің бірге оқыған әңгімелеріміз қызыл телпек,түймеқыз,қызғыш құс,қайырымды түлкі,бай мен жарлы баласы,тәкаппаршылық,талаптың пайдасы,таза бұлақ,бақша ағаштары,ақылшы торғай,қасқыр,түлкі,бөдене,қара бұлт,аю және бөрене,шал мен балалар,арыстан мен тышқан,көксерек,жеңіс жырын сайрандар,алыптар туралы ертегі,көз тоймайтын ит,қожа,ер анна және тағы басқалары.Отбасымен оқыған әрине қызықты.Мен отбасымен кітап оқығанды жақсы көремін.Мысалы мен айгөлектерді оқимын,анам көп бетті кітаптарды оқығанды жақсы көреді,себебі анам кіші кезінен бастап кітаптарды оқыған.Әкем 777жұмбақтар,мақалдарды оқығанды жақсы көреді.Әпкем болса орысша,қазақша және ағылшынша кітаптар оқиды.Мен кітапты әр жексенбі сайын оқимын,сабақтан келген бетте де оқимын.

2014-2015оқу жылдарындағы оқыған кітаптар

Аты

Кітап саны

кітаптың аты

Айсұлу

5

Көксерек М.Әуезов,бай мен жарлы баласы Ы.Алтынсарин,молда алдында С.Көбеев,менің атым Қожа Б.Соқпақбаев,су перісі

Қ.Байғобылова.


Әкем

2

М.Миттчел Унесенные ветром Детектиф Д.Кин.

Анам

3

« Қан мен тер» А.Нурпеисов. «Талисман удачи» М.Мақатаев. «Жылап қайттым өмірдің базарынан» Н.Правдина.


Әпкем

4

«Бақыт құсы» С.Қалиұлы «Приключения незнайки и его друзей».Н.Носов.

«Фантазеры» Н.Носов.

«Слоненок» Р.Киплинг.








2

Кітапхана туралы не білеміз?

Әлемдегі ең үлкен Отырар Александрия кітапханалары туралы естідік пе?Отырар кітапханасы 1000-1200жыл шамасындай уақыт дүниежүзіндегі ең үлкен кітапхана болып тұрған.Алысты арбамаламай-ақ,өзіміздің республикамызға тоқталсақ,1939жылы А.Пушкин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасы,қазіргі Ұлттық кітапхана ашылған.Ал,өзіміздің кітапхана туралы не білеміз?Ашылғанына биыл бес жыл толатын аудандық орталық жайлы осы мекеменің директоры Зәбира Оразғалимен сұкбаттасқан болатынбыз.Алдымен республикалық бюджеттен ақша бөлінеді.Мемлекеттік тапсырыспен келетін кітаптар облысқа түседі,сосын аудандарға таратылады.Жылда жаңа кітаптар түсіп тұрады.Жергілікті бюджеттен де ақша бөлінеді.Мысалы,біз ашылған кезде 1млн.теңгедей ақша бөлінді. Қысқаша айтқанда, кітап-білімнің бұлағы,тәрбие құралы. Кітапхананың өзі-ақпарат орталығы. Кітапсыз кітапхана да,білім де болмайды. Менің ойымша кітап-адамның рухани азығы. Оның ішінде махаббат та,тәрбие де,тарих та,мәдениет те, ата-бабаларымыздыңжолы да бар. 60-70жылдары қазақтың ән-күйі,биі,әдебиеті дамыған кезең деп түсінемін. 2005жылдан бері қарай қазақтың бұрынғы көне кітаптары қайтадан шығарылып жатыр.

3

Қорытынды

Кітап- білім бұлағы. Кітап- білімнің қайнар көзі. Онсыз, яғни кітапсыз өмір сүру XXI ғасырда мүмкін емес екендігі мәлім. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетелейді. Әр адам кітаптың бетін ашқан сайын оның әлемнің тылсым табиғаттың жаңа құндылықтарды үйренеді . "Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол" деп текке айтылмаған. Кімде де болса білімділікке сәл-пәл болсада құштарлығын дамытуға көмектеседі. Кітап оқыған адамның шетте калмасы анық. Қазіргі заманның техниканың дамуына байланысты "кітапханалардың болашағы жоқ" деген сөздің қисыны келмейді. Себебі, компьютер адамның денсаулығына, әсіресе көзіне зиян. Егер кітапхана болмаса бізден көз қалама. Сондықтанда болашақ адамның өз қолында - кітапхананың әлі де болса маңызы бар екенін айтқым келеді. Сондықтан сыныптастарыма, достарыма кітап оқиық, кітапханаға барайық деп жиі айтып отырамын.



4
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Кәрішалова К. Кітапхана жаңа ғасыр мәденитетінде (балалар әдебиеті проблемалары)// Саясат. - №3. - 2006. - 28-29б.
2. Дүтбаева Н. Кітап неге оқылмайды: себеп пен салдар// Қазақ әдебиеті. - 2009. - 30 қаңтар. - 1-3б.


5



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал