- Учителю
- Сабақ жоспары: Қалада. Ауылда. (3 Сынып)
Сабақ жоспары: Қалада. Ауылда. (3 Сынып)
Сабақтың тақырыбы: Қалада. Ауылда. Сұраулық шылаулар.
Сабақтың мақсаты: білімділік: тақырып бойынша сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйрену, сұраулық шылаулардың жалғану ережесін білу.
Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын молайту, ауыз екі сөйлеу дағдыларын тапсырмалар арқылы кеңейту
Тәрбиелік: туған жерін, ауылын, қаласын, көшесін сүюге, ардақтауға баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО стратегиясы, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, іздендіру, сөздік жұмысы, көрнекілік әдістері.
Сабақтың көрнекілігі: тақырып бойынша суреттер, сызбалар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
-оқушылармен амандасу,
-кезекшімен сөйлесу,
-үй тапсырмасын сұрау
-сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
-Балалар, бүгін біз сабақта модуль бойынша өткен тақырыптарымызды қайталау үшін, саяхатқа шығамыз, мынау саяхат қартасымен танысайық, саяхатқа шығу үшін тапсырмаларды орындау керек.
Оқушыларды саяхат -картасымен таныстыру. Біз саяхатқа мына үлкен автобуспен қыдырамыз, Шемонаиханың ауылдарынан шығып, Өскемен қаласына барып қайтамыз.
Өскемен қаласы
Рулиха ауылы
Предгорный ауылы
Первомайка ауылы
Барашка ауылы
Шемонаиха
қаласы
Үй тапсырмасын тексеру.
1-аялдама. Шемонаиха қаласынан шығу үшін аялдаманың аты «Кім көп сөз біледі?»
2-аялдама. «Кел танысайық!» (өзін-өзі әңгімелеу, таныстыру)
3-аялдама. «Мені әңгімеле» (әр оқушы қаласы, ауылы туралы әңгімелейді)
Сергіту сәті:
4-аялдама. «Дұрыс жалғауын тап» дәптермен жұмыс. (Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс жүргізу. Сұраулық шылаулар.)
5-аялдама. «Дұрыс-бұрыс» ойынын өткізу.
Қалада ферма бар.
Ауылда әуежай бар.
Қалада тракторшылар тұрады.
Ауылда ғалымдар тұрады.
Қалада үлкен стадион бар.
Қалада сиыр, қой, ешкі бар.
Ауылда цирк бар.
Ауылда бағдаршам бар.
6-аялдама. «Венн диаграммасын толтыру»
Қалада Ортақ қасиеттері Ауылда
Сабақты бекіту:
- Балалар сендерге бүгінгі біздің саяхат-сабағымыз ұнады ма?
Үй тапсырмасы:
Ауыл, қала туралы диалог құрастыру, жаңа сөздерді қайталау.