7


  • Учителю
  • Өрнектің мәнін табуды, өлшем бірліктерді түрлендіру,

Өрнектің мәнін табуды, өлшем бірліктерді түрлендіру,

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың мақсаты: Оқушының білімін пысықтау,

Сабақтың міндеттері:

Білімдік: Өрнектің мәнін табуды, өлшем бірліктерді түрлендіру,

салыстыруды меңгерту

Дамытушылық: ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын арттыру, ойлауын,

танымдық қабілетін, белсенділігін, шығармашылық

қабілетін арттыру.

Тәрбиелік: Математика сабағына қызығушылықтарын арттыру,

тапқырлыққа, зейінділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, оқулық, қазақ ертегілері.

Сабақтың барысы.

І Алғашқы ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Қызығушылығын ояту

  • Оқушылар, сіздерге ертегі оқыған ұнайды ма?

  • Ең сүйікті ертегің қандай?

  • Басқа қандай ертегілерді білесіңдер?

  • Ендеше, бүгін мен сендерге бір ертегіні көрсеткім келеді. Назар аударыңыздар.

ІІ Негізгі бөлім

Интерактивті тақтада қазақ халқының жаңа нұсқадағы «Бауырсақ» ертегісі ұсынылады. Оқушылар ертегінің бір бөлігімен танысады.

Оқушылар төрт топқа бөлініп отырады. Берілген тапсырмаларды топ болып орындайды.

  • Оқушылар, ертегідегі оқушыларға жоғалған Бауырсақты табуға көмектесеміз бе?

  • Ендеше Қоянның есептерін шығарып көрейік.

  • Өте жақсы, оқушылар. (Ертегіні көруді жалғастырамыз).

  • Енді, оқушылар, біз Қасқырдың тапсырмаларын орындауымыз керек.

  • Өте жақсы, оқушылар. (Ертегіні көруді жалғастырамыз).

  • Енді, оқушылар, біз Аюдың тапсырмаларын орындауымыз керек.

Сергіту сәті

«Бауырсақ» әніне оқушылар топ болып билейді.

  • Өте жақсы, оқушылар. (Ертегіні көруді жалғастырамыз).

  • Енді, оқушылар, біз Түлкінің тапсырмаларын орындауымыз керек.

  • Өте жақсы, оқушылар. (Ертегіні көруді жалғастырамыз).

ІІІ Қорытындылау

Осылайша, бауырсақты қу түлкіден құтқарып, Ата мен Әжеге жолықтырады.

  • Оқушылар, сізге «Бауырсақ» ертегісің жаңа желісі ұнады ма?

  • Ендеше, әрқашан әділдіккке жақ болып жүріңіздер. Әділдік жолында еш аянбаңдар, сол кезде сендер де өз мұраттарыңа жетесіңдер.

ІV Үйге тапсырма беру

№4, №6 40 - бет

V Бағалау

Смайликтер арқылы оқушылардың білімін бағалау.


Айдарова Раушанның математика пәнінен өткізген сабаққа өзіндік талдауы

Күні: 06.02.2015

1. 3 «А» сыныбында барлығы 29 оқушы. 8 үздік, 8 екпінді. Математика пәні бойынша сапасы 58%, үлгерімі 100%.

2. Сабақтың тақырыбы: Қосындыны санға көбейту

3. Берілген сынып үшін оқытылатын тақырыптың күрделілігі және оның қиындық дәрежесін орташа.

4. Сабақтың міндеттері:

Білімдік: Өрнектің мәнін табуды, өлшем бірліктерді түрлендіру,

салыстыруды меңгерту

Дамытушылық: ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын арттыру, ойлауын,

танымдық қабілетін, белсенділігін, шығармашылық

қабілетін арттыру.

Тәрбиелік: Математика сабағына қызығушылықтарын арттыру,

тапқырлыққа, зейінділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

5. Сабақтың типі білімді бекіту сабағы

Сабақтың көрнекілігі интерактивті тақта, слайд, оқулық, қазақ ертегілері тиімді қолданылды. Көрнекіліктерді оқушының жас ерекшелігін ескере отырып таңдадым.

6. Пәннің ішінде және пәнаралық байланыс жүзеге асырылды. Бір кезеңнен екінші кезеңге өту барысында байланыс болды.

7. Сабақтың құрылымын нақты белгіледім. Сабақтың әр бөлігіне жұмсалатын уақыт мөлшерін белгіледім. Сабақ барысында оқушылар белсенді болды(қабылдауы, түсінуі, танымдылық қызығушылықтың оянуы). Шығармашылық ойлауды дамыту мақсатында логикалық тапсырма пайдаландым. Мұғалімнің іс әрекеті мен оқушы іс - әрекеті дұрыс ұйымдастырылды деп ойлаймын.

8. Сабақтағы сәтті және сәтсіз жерлерін белгілеу.


_________________________________________________________________________

9. Оқушылардың білім, білік, дағды деңгейін смайликтер арқылы бағаладым. Өз бағаларын тақтадан көріп, сабаққа деген қызығушылығы одан әрі артты.

Қорытынды: Мен бұл сабақтың танымдық мағынасын ғана емес, сонымен бірге ертегіні пайдаланып, тәрбиелік жағын да көрсеткім келді. Оқушыларөтілген материал бойынша өз білімдерін көрсете білді. Сабақ қанағаттанарлық деңгейде.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал