7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Ғажайып дүниетану Мақсаты: Айналадағы дүние туралы түсінік беру Дамытушылығы: Оқушылардың білім-біліктілігін арттыру, дүниетанымын кеңейту. Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға,

Сабақтың тақырыбы: Ғажайып дүниетану Мақсаты: Айналадағы дүние туралы түсінік беру Дамытушылығы: Оқушылардың білім-біліктілігін арттыру, дүниетанымын кеңейту. Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға,

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Ғажайып дүниетану

Мақсаты:Айналадағы дүние туралы түсінік беру

Дамытушылығы: Оқушылардың білім-біліктілігін

арттыру,дүниетанымын кеңейту.

Тәрбиелілігі:Табиғатты қорғауға,

аялауға,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер

Барысы: 1.Ұйымдастыру:Сабаққа әзірлік.

2.Жаңа сабақты хабарлау.

Айналадағы дүниенің барлығын табиғатқа жатқызамыз.Сол табиғат сырларын танып, білуді дүниетану пәнінен үйренеміз.Адамның қайдан пайда болғанын,олардың сана-сезімдерінің дамуы, сана арқылы түрлі бұйымдарды жасау ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.

Табиғаттың өлі және тірі дүниелері туралы білу.Адам,өсімдіктер, жануарлар тірі табиғат, себебі олар көбееді,өседі, өледі.Өлі табиғат тау, тас, аспан әлемі, топырақ,су, ауа т.б.Оларда тіршілік болмайды.

Планеталар туралы білімдіде, жердің күнді айналуы,жыл мезгілдерінің өзгеруі,табиғат құбылыстары туралы білімді осы пәннен үйренеміз.

Әй, табиғат! Шеберсің-ау, шеберсің.

Көрмегенді көрсетерсің, берерсің.

Ұлан-ғайыр байлығыңды місе етпей,

Ашкөзденген адамдарға не дерсің!

Айың анау, Күнің анау,Жер міне,

Ау, Адамдар!Жетпей жатыр енді не

Табиғатқа таласпаңдар, ағайын,

Асырайды ол сені, елді де.

Қорытынды:


Сабақтың тақырыбы:Табиғаттағы ағаштар.

Мақсаты: Ағаштар туралы мағлұмат беру.

Дамытушылығы:Білім-біліктілігін,дүниетанымын кеңейту,

сабаққа қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелілігі:Ағаштарға қамқор болуға, оларды күтіп,

баптауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Суреттер

Барысы:1.Ұйымдастыру:Сабаққа әзірлік.

2.Жаңа сабақты хабарлау.

Табиғаттағы ағаштар сан алуан.Ата заңымыздың 38 бабында табиғатты қорғау туралы айтылған.Осы табиғаттың бір бөлшегі ағаштар. Олардың өмір сүруі көп жылдық болып табылады.Ағаштың діңі, тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі болады.Өмір сүру ұзақтығы 500 жылға дейін барады.Жеміс ағаштары жеміс береді.Қазақстандағы ормандардың пайдасы зор.

Шырша-500 жыл

Емен-2000 жыл

Қарағай-350 жыл

Балқарағай-850 жыл

Қайың-150 жыл

Шегіршін-400 жыл

Шетен- 80 жыл

Көктерек-100 жыл

Ағаштың адам қажеттілігіне пайдасы мол.Қағазды, үй жиһаздарын, дәрі-дәрмектер т.б.алуға болады.Оданда басқа ыстықты қайтарады,желден қорғайды,қарды тоқтатады.Құр-

ып кету каупі бар ағаштарды «Қызыл кітапқа» енгізген.

Бекіту:Сұрақ-жауап тәсілін пайдалану.

Ұлттық тәрбие,қадір-қасиеттер-біздің асыл мұрамыз.

Қазіргі кезде білім беру ісінеде, жеке тұлғаны жетілдіріп, ой-санасын дамытып, қалыптастыру барысында білім берудің ұлттық, педагогикалық негізін анықтау керек.

Әр халықтың ұлттық-тарихи дәстүрі, оның адамзаттық білім берудегі мәдениеті мен диалектикалы білімі осы оқу-тәрбие үрдісіне тікелей байланысты.

Қазақ халқы-елін, жерін, оның табиғи, мәдени байлығын, өнері мен тілін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтап, қорғап, рухани-адамгершілік тағылымдарын ұрпағына мұра етіп қалдырған.Сондықтан, оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын бағдарламалар, оқулықтар, ди-

дактикалық материалдар, ұлттық психологиялық ерекшеліктер ескеріле отырылып, жасалуы керек.

Ата-бабаларымыз ұлан байтақ елін, байлыққа толы жерін ғасырлар бойы қорғап, халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін ел қамын ойлаған батырларын, халқының сөзін сөйлеп, ел қамын жеген білімпаз шешендерімен билерін мақтан еткен. Шежіреге толы Отанымызды қорғау, шешен де өткір тілімізді, дәстүрімізді сақтау, оны зерттеп

білу- азаматтық парыз.Әр ұлттың өзіне тән ғасырлар бойы қалыптасып, ұрпақтан- ұрпаққа жалғасын тауып келген

ұлттық психологиялық ерекшеліктің болғаны.Сондықтан барлық халықтың мақсаты өзінің ұрпағына тәрбие беруде күнделікті айналысатын шаруашылығын, шұғылданатын кәсібін ұлттық психологиялық арнада ұйымдастырып және рухани- адамгершілік тәрбиесімен ұштастыра білген.

Адамгешілік тәрбиесі- көзқарасты,мінез-құлық дағды-

лары мен әдеттері,адамгершілік сезімді, ұлттық сананы,

қарым-қатынасты дамытуда бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бір бөлігі.

-Ұлттық дәстүрлер арқылы оқу-тәрбие үрдісінде адам бойында рухани мәдениетті қалыптастыру.


-Ұлттық дәстүрлер арқылы адамның психологиялық

ерекшеліктерін зерттеп, дамыту.

-Салт-дәстүр негізінде, ұлттық психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, рухани- адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеу.

Ұлттық дәстүр арқылы психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, дүниедегі бағалы рухани байлықты жеке тұлғаға дамыту.Халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан

тәлім-тәрбиесі, ұлт қаһармандарының өмірі мен ерлік істерінің тарихы, даналық сөздері-адамгершілік тәрбие беруде үлкен рөл атқарады.Олар ұлттық- жауынгерлік мектебінің негізін салған.

Ұлттық ерекшелігімізге байланысты мақал-мәтелге,

шешендік сөзге, ұлттық ойындарға, салт-дәстүрге,өлең,

жыр, тыйым сөздер, болжамдар т.б. баймыз.Осы ұлттық

құндылықтарымызды ұрпаққа жалғастыру біздің міндетіміз.

Осы құндылықтарды балаға жеткізуде ата-ана рөлі зор.

Ата-аналар үшін қарым-қатынас өнерін меңгерулері бала-

лардың ашық әңгімеге шақыруларына, олардың сырларын, құпияларын сақтай алуларына байланысты болады. Өз ба-

баларына сеніммен қарап, берген уәделерінде тұру, бала

жүрегіне сенімділікті пайда етеді.Осылай біз бала жүрегіне ұлттық тәрбиені құя аламыз.Ең бірінші қазақ тілінде сөйлеу

Екіншіден Отанымызды сүю,салт-дәстүрімізді ұмытпау,

үлкенді сыйлау,амандасу,әдепті болу тағы басқалар.


Қорыту:

Қасиетті астың шежіресі


Мақсаты: наның дастарқанға қалай келетіні ,оған көптеген

адамдардың еңбек сіңіретінін түсіндіру.

Білімділік:қасиетті тағамымыз нанды қадірлеуге,қастерлеу-

ге үйрету.

Тәрбиелік:еңбек адамдарын сыйлай білуге,нанды үнемдей

білуге,жинақылыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік:суреттер, наннің түрлері,мақал-мәтелдер, ұн, . бидай.


Тәрбие сағатының барасы :

1.Ұйымдастыру кезеңі:Сабаққа әзірлік.

2.Кіріспе бөлім.

Ардақты нан , ана мінез асыл нан

Жеп үйренген жаным сүйіп жасымнан.

Бір күлшеңді мың есе артық дер едім,

Бар дүниенің інжу, гауһар тасынан.


«Ас адамның арқауы».Нан адам өмірінің өзегі. Жерге шыр етіп түскеннен нансыз тұра алмайсың.Нан жарқыраған алтын емес,бұрқыраған ақша емес.Бірақ нанға баға жетпейді.

Нанның 200-ден астам түрі бар.Қазақ халқы да ұннан неше түрлі нан пісірген.Ақ, қара, сары, қоңыр, бөлке, қалаш, тоқаш, сәйке, үзеңгі, бұрама, шиыртпақ, бәліш, бәтер, қаттама, көмбе, бауырсақ, күлше, жаппа, таба нан-

дар жатады.

Елімнің құдіретін асырап тұрған, менің де, сенің де,он-

ың да мерейін үстем ғып тұрған-Ол нан!

Ән: «Қазақы дастарқаным».


-Балалар,нан неден алынады? Бидайдан.

Олай болса бидайды ортаға шақырамыз.


Бидай: Мен өстім биік,

Күн көзін сүйіп.

Масағының ішіне,

Алтын дәнін түйіп.

-Бидайдан не аламыз?

Нан туралы тақпақтар айтылады.

1921-1922 жылдары ашаршылық кезінде халық бір үзім нанға зар болды.Қыста қардың, жазда жауынның болмауы құрғақшылықты әкелді. Ал құрғақшылық ашаршылақты әкелді.1921 жылдың күзінде 20 млн. астам адам аштыққа тап болды.Мал жаппай қырылды.Халқымыз осындай қиын кезеңдібасынан өткізді.Сол кезде Қазақстанда 2832000 адам аштыққа ұрынды.

Қаңғып қалған балаларға ерекше назар аударылды. Оларды аман алып қалу үшін арнайы коммисия құрылды.

Ержанова Жадыраның тақпағын тыңдаймыз.

Нан туралы мақал-мәтелдер айту:

Республикамызда астықтың мол екендігін біз Елтаңбамыздағы масақтың суретінен бәлеміз.Біз оны мақтанышпен айта аламыз.

Кезекті Нағашбай Аружанға береміз.

«Менің Қазақстаным» әні.

Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар.Нанда адамның еңбегі мен ары бар. Нан өмірдің ана сүті, арқауы.Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.

Қорытынды.

№6 орта мектеп

Ұлттық тәрбие,қадір-қасиеттер-біздің асыл мұрамыз.

(тәрбие сағаты)


Өткізген:Жиенбаева Э.


2013-2014 оқу жылы.

№ 6 орта мектеп..

Қасиетті астың шежіресі.

Өткізген:Жиенбаева Э.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал