- Учителю
- Тәрбие сағаты 'Менің Отаным Қазақстан'
Тәрбие сағаты 'Менің Отаным Қазақстан'
Тәрбие сағатының тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан
Мақсаты:Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, ата мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер.
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Амансыңдар ма , балалар,
Күн сайын өскен саналар,
Талапты бол, талантты
Бүгінгі сабақ елімізге арналар
Біз бүгін «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын өткелі отырмыз.
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан
- Қазақстан жері қандай?
- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.
- Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.
Осындай мемлекетте өмір сүріп жатқан біз бақыттымыз деп айта аламыз ба
Олай болса келіңдер шаттық шеңберіне тұрайық
Шаттық шеңбері
Біз бақытты баламыз
Өсіп өніп аламыз
2030 жылдары
Бізде азамат боламыз деп тілек тілейк
-
Аспанымыз ашық болсын
-
Көк туымыз биік болсын
-
Әке- шешеміз аман болсын
-
Деніміз сау болсын
-
Еліміз тыныш болсын
Осы тілектеріміз қабыл болсын
Ал . ендеше Қазақстан туралы кім өлеңдер, тақпақ тар біледі екен
Мен бастайын
Мұғалім: Қазақстан дейтін менің елім бар
Жатыр алып жарты дүние әлемін
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл далада жылап келіп уанған
Бұл далада коріп алғаш қуанғам
Бұл далада өскен жанда жоқ арман
Оқушылардан сұралады
Сұрақ жауап Кім көп біледі?
Қазақстан қандай мемлекет? - Көп ұлтты, тәуелсіз, егеменді,демократиялық,гүлденген, зайырлы
Қазақстанның рәміздерін ата- көк туымыз, елтаңба, әнұран
Н.Ә. Назарбаев кім?- Президент
Қазақстан неше елмен шектеседі? - 5
1997 жылға дейін Астана қаласы қалай аталды?- Ақмола
Киіз үйдің ең жоғарға бөлігі?- шаңырақ
Қазақстан халқының мемлекеттік тілі- қазақ тілі
Қазақстан халқының ұлттық валютасы- теңге
Елтаңбаның авторы кім? Жандарбек Мәлібекрв. Шота- Аман Уәлиханов
Мемлекетіміздің астанасы қай қала? - Астана
16- желтоқсан қандай мереке?- Тәуелсіздік күні
Ұлттық мереке?-Наурыз
Алтын адам табылған жер- Есік
Тудың авторы-Шәкен Ниязбеков
Әнұранның авторы- сөзін жазған ; Жұмекн Нәжімеденов. Н Назарбаев
Әнін жазған- Шәмші Қалдаяқов
1995 жылы 30 тамызда не қабылданды? - Конституция
Биыл Ата заңымызға неше жыл? - 20
Қазақстан Республикасы қай материкте орналасқан- Еуразия
3 Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер біледі екенбіз?
1Туған жер - тұғырың
Туған ел - қыдырың.
2. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
3. Туған жер - алтын бесік.
4. Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!
5.Отан - оттан да ыстық.
6,Отан от басынан басталады
7.Отансыз адам
Ормансыз бұлбұл
8.Арың үшін алыссаң- өлмейсің
Отан үшін отқа түс - күймейсің
9.Ердің көркі - ерімен
Отан көркі- жерімен
Өлеңдер оқу
Мұғалім :Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр!
Жас ұландар, берік ұста туыңды,
Жарқыратып туған елдің таңбасын. деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз
Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау болыңыздар!
Чапаев жалпы орта білім беретін мектебі
Тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан
( Тәрбие сағаты.)
Мұғалім: Умбетьярова Б Н
2015- 2016 оқу жылы