- Учителю
- Тәрбие сағаты: 'Менің Отаным - Қазақстан' (1-4 сынып)
Тәрбие сағаты: 'Менің Отаным - Қазақстан' (1-4 сынып)
Тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан.
Мақсаты:
-
Білімділік: Балаларға Қазақстан Республикасы туралы білім беру.
-
Дамытушылық: Тіл байлығын молайту, өз ойын жеткізу, қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін дамыту.
-
Тәрбиелік: Оқушыларды отаншылдыққа, туған жерін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: тәрбие сағаты
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік.
Көрнекіліктер: Қазақстанның мемлекеттік рәміздері, суреттер, отан туралы мақал-мәтелдер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Қазақстан Респуликасының гимні орындалады. (аудиозапис қосылады.)
Гимннің сөзін жазғандар: Жұмекен Нажімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.
Бір шаңырақ астында,
Қазақстанда тұрамыз.
Бірге сайран құрамыз,
Бір үйде біз тұрамыз.
Құт, береке - шаңырақ,
Орын алған ол төрде.
Билігім өз қолымда-
Еркіндігім- Елімнің!
ІІ. Негізгі бөлім
Әрбір республиканың өз ерекшелігін білдіретін гимні, туы, елтаңбасы болады. Біз оны рәміздер деп атаймыз.Осы рәміздер туралы жеке-жеке түсінік беріп өтейін.
- Мынау - біздің туымыз. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды.Көк аспандай көгілдір,ортасында күн,астында бүркіт ұшып келе жатыр.
- Мынау - елтаңбамыз.Елтаңбада шаңырақ, күн сәулесі, қос пырақ, бес бұрышты жұлдыз, «Қазақстан» деген жазу бар.
- Балалар,біздің Отанымыздың астанасы қай қала ?
- Астана қаласы
- Ел бөбегі бүлдіршін жас баламыз,
Астанамыз Астана - бас қаламыз.
- Балалар, үлкен мерекелерде туымыз көтеріліп, әнұранымыз орындалады. Рәміздерімізді үлкен де, кіші құрметтеп жоғары ұстауы тиіс. Ал әнұранды біз білеміз. Сендер елтаңба мен туды әрқашан қастерлеуге тиіссіңдер. Қазақстан республкасының рәміздері туралы кім тақпақ біледі?
1-оқушы: Көк туымыз бетінде,
Қыран бүркіт қанатты.
Сол қырандай еркіндеп,
Біз өсеміз талапты.
2-оқушы: Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.
3-оқушы: Елтаңбасы елімнің ,
Қандай әйбат әдемі
Тұнығындай көңілдің ,
Ортада аспан әлемі
4-оқушы: Құт береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.
- Біз Қазақстанда тұрамыз, демек, Отанымыз - Қазақстан. Халқымызда « Отан отбасынан басталады» деген мақал бар.Сендер үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын азамат боласыңдар.
Сұрақ - жауап ойыны. Шарты: Байтеректің суретін сұраққа жауап беру арқылы құрастыру.
- Отан деген не? Қалай түсінесіңдер?(Отан деген менің үйім,туған жерім. Менің жүрегім Отан деп соғады.)
Отан деген -Атамекен,
Отан деген - Туған жер.
Отан - ана, Отан -үлкен,
Қазақстан - туған ел.
-Балалар тақтада қандай сурет бейнеленген?
-Байтерек қай қаламызда орналасқан? (Астана)
«Астанаға саяхат» презентация.
- Балалар, Қазақстан Республикасының ел басшысы кім? (Нұрсұлтан Назарбаев атамыз).
Егеменді елдің басты белгісі - тіл. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып саналады. Қазақ тілі - біздің ана тіліміз.
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.
ІІІ. Қорытынды.
-Балалар, сендер отан туралы жан - жақты білетіндеріңді көрсеттіңдер.Енді Отан туралы мақал-мәтел айтайық.
Отан - оттанда ыстық.
Отан - елдің анасы,
Ел - ердің анасы.
Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас.
- Міне, балалар, өміріміздің жалғасы,еліміздің қорғаны, тірегі болыңдар.
Абай атамыз айтқандай «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта ,бар қалан» деп, бүгінгі бүлдіршін балаларымыз сендер қоғамымызға кірпіш болып қалана берсін деген тілекпен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.