7


  • Учителю
  • ҚАзақстан (әдебиеттік оқу 3-сынып)

ҚАзақстан (әдебиеттік оқу 3-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: №110 мектеп-лицейіБерженбаева АсемкулӘдебиеттік оқу(ашық сабақ)2-сыныпТақырыбы: Қазақстан.Қасым АманжоловМақсаты:Білімдік:- «Қыран қанатты»ақын өмірінен мағлұмат беру.- өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын меңгеріп, тақырыбы менидеясын ашабілуге,өлеңді теориялық жағынан та
предварительный просмотр материала

Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті

№110 мектеп-лицейі Берженбаева Асемкул

Әдебиеттік оқу (ашық сабақ) 2-сынып

Тақырыбы: Қазақстан. Қасым Аманжолов

Мақсаты: Білімдік: - «Қыран қанатты» ақын өмірінен мағлұмат беру. - өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын меңгеріп, тақырыбы мен идеясын аша білуге,өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету.

Дамытушылық: шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілеттерінің дамуына , тіл байлығының артуына ықпал жасау

Тәрбиелік: отансүйгіштікке,сөз өнерін бағалап,туған жерді қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: білім жетілдіру, жеке қабілетті дамыту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: интерактивтік,сұрақ-жауап,топтастыру.

Пәнаралық байланыс: дүниетану,қазақ тілі

Сабақтың жоспары:

  1. Психологиялық дайындық

  2. «Жұлдызым жоғары» / үй тапсырмасын тексеру,бекіту

  3. «Ол ақын еді» /поэзиялық сәт

  4. «Ұлы тұлға» /Жаңа тақырыпқа кіріспе

  5. «Жаңа толқында» /жаңа тақырыппен жұмыс

  6. «Сұхбат» / мәтін бойынша сұрақ-жауап

  7. «Бірге ойланайық!» /бекіту

  8. «Тілек» /Рефлексия

Сабақтың барысы:

  1. Психологиялық дайындық

-Саламатсыңдар ма, балалар! Қане,қонақтарымызбен амандасып жіберейік. -Сабағымызға келгендер, Сәлем бердік,бәріңе. Ізгілікке сенгендер, Сәлем бердік бәріңе! (Бір-біріне қарап:) Сәтті өтсін сабағымыз,

Ашық болсын қабағымыз!

- Мен де сендердің қабақтарыңның ашық болуына тілектеспін! Рахмет,балалар отыра қойыңдар.

Ендеше,сөз асылын,тіл тазалығын сезінетін әдебиеттік оқу сабағымызды бастайық.

-Үйге қандай тапсырма берілді?

2. «Жұлдызым жоғары» Үй тапсырмасын тексеру,бекіту

- Үй тапсырмасын тексеру мақсатында «Жұлдызым жоғары»ойынын ойнаймыз. Әр сұраққа жауап берген сайын өз жұлдызымызды жарқыратып жағып отырамыз.

Сабақтың тәртібін сақтап,қол көтеріп қана жауап береміз.

Сонымен бірінші сұрақ:

1.Өткен сабақта кім туралы оқыдық?

2.Қайрат кім? Ол қандай адам?

3.Қорқу,сескену сөздерін Қайрат қалай түсіндіреді?

4.Қорқақтық деген сөзді қалай түсіндіреді?

Енді,ізденіс жұмыстарына кезек берейік. -Қайрат туралы тағы не білеміз?

-Желтоқсан құрбандарынан тағы кімдер туралы білесіңдер?

Жарайсыңдар,балалар, барлығың жабыла көмектесіп,ең жарық,ең жоғары жұлдызды жақтыңдар.Бұл жұлдыз кімнің жұлдызы екенін көрейік,

(тақтада Қайраттың суреті шығады.)

-Бүгінгі сабақтың ең жарық жұлдызы ,ең биік жұлдызы Қайраттың жұлдызы екен. Қане, жұлдызының бес тармағына Қайраттың бес қасиетін тізіп шығайықшы? батыр

халық қаһарманы Отансүйгіш



қайсар рухты ақын

3. «Ол ақын еді» Поэзиялық минут

-Ия,балалар,ол ақын да еді.Оның түрмеде қорқып,сескенбестен,алда тұрған асыл міндеттерді жүзеге асыруға үндейтін жігерлі ,жүрек тебіренісіне толы жазған өлеңдерінен үзінді тыңдап көрейік.

4. «Ұлы тұлға» /Жаңа тақырыпқа кіріспе

-Балалар,бүгін біз тағы бір отансүйгіш ақынмен танысамыз.Ол , халқымыз «Қыран қанатты» деп баға берген Қасым Аманжолов аталарың.

Қасым Аманжолов 1911 жылы қазіргі Қарағанды облысы,Қарқаралы ауданында дүниеге келген.Осы кезге дейін танысқан басқа авторларымыз сияқты ол да мұғалімдік мамандықты таңдаған ақын.Сонымен бірге, ол өзге тілде жазылған шығармаларды қазақ тіліне шабыттана аударатын аудармашы да болған.

Ол-1941-45 жылдары өткен Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер ақын.1955 жылдың 18 қаңтары күні ұзаққа созылған аурудан кейін қайтыс болады.

5. «Жаңа толқында» Жаңа материалмен танысу

-Қазір, осы Қасым атамыздың «Қазақстан» деген үлкен шығармасынан үзінді оқып,танысамыз.

1. Магнитафоннан «Қазақстан» өлеңі тыңдалады.

-Өлең ұнады ма,балалар?

-Не туралы айтылған екен?

2.Іштен оқыту

-Ұнаса,енді өзіміз оқып шығайық.Қолдарыңа карандаш алып,түсініксіз сөздердің астын сызып отыруды ұмытпаңдар.

3.Сөздік жұмысы

Балқаш -Балқаш өзені маңындағы өндірісті қала(картадан көрсету)

Қас тағдырдың қиқаңы- қиындықтың ауыртпалығы

Т.б. оқушылар таныс емес деп тапқан сөздермен жұмыс жасау.

4.Кітаппен жұмыс

Әр шумақты әр балаға кезекпен оқыту.

Сонымен,өлеңге талдау жасап жіберейік,тақтадағы үлгі бойынша дәптерге орындаймыз.Айя тақтада орындайды. 6. «Сұхбат» Мәтін бойынша жұмыс -Қалай ойлайсыңдар, ақын бұл өлеңде не туралы айтқысы келген?

(Қазақстан жерінің кеңдігін,қайнаған еңбекті,қасиетті жерін, халықтың кеңпейілділігін,еркіндігін мақтан еткен.)

-«Бақытты қазақ баласы»деп өлеңнің қай шумағын атауға болады?

-Кім маған мәтіннен ақынның қуанған,шаттанған көңілін білдіретін өлең жолдарын тауып оқып береді?

-Ақын неге қуанып тұр,неге шаттанып тұр деп ойлайсыңдар?

7. Топтық тапсырма. «Бірге ойланайық» Тақырыпты бекіту

1.-Оқулықтарыңның 99-бетіндегі 5-жаттығуға көңіл аударайық.

Өлеңде ақын қолданған қандай сөздерді төмендегі сөздермен тіркестіруге болады?

... жеріміз, ... қазақпыз ... намысы, Азат ... құл ... , ... жанбыз

2.-Осы сөз тіркестерді Қазақстан сөзімен байланыстырып сөйлем құрап көріңдерші?

(Қазақстан біздің қасиетті жеріміз.Қазақстан кең далалы.т.с.с)

-.Ал,енді осы,Қазақстан сөзін қандай сөзбен алмастырып айтуға болады, тауып көрейікші?

(Отан,туған жер,атамекен...)

Осы тарауда бірнеше ақындарымыздың өлеңдерімен таныс болғанбыз. Кәне кім айтады? (өлеңдер оқу)

3.Тренинг «Сіз білесіз бе?»

-Балалар, қазір мынадай ойын ойнаймыз: Мен қасымдағы көршіме: «Сіз білесіз бе?» деп бастап,бүгінгі сабақтан үйренген бір ғана жаңалығымды айтамын. Ол өзінің көршісіне айтады.Осылайша ,бәріміз «Қазақстан»,Қасым Аманжолов,Қайрат Рысқұлбеков туралы білген жаңалықтарымызды айтып шығуымыз керек.

Бағалау.

Үйге тапсырма: «Қазақстан»өлеңін жаттау.

8.Рефлексия

Бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал