7


  • Учителю
  • Дүниетану Су – тіршіліктің қайнар көзі

Дүниетану Су – тіршіліктің қайнар көзі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Су - тіршіліктің қайнар көзі.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: тәжірибелер арқылы судың қасиеттерін меңгерту оқушыларға судың қасеттерін таныстыру. Адам өміріндегі қажетті жағдайлардың бірі су екенін, сусыз тіршілік жоқ екенін ұғындыру. Оқушыларға судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелеу. Жергілікті жердегі су айдындарымен таныстыру. Суды үнемдеп пайдалануға және судың барлық ерекшеліктері туралы сипаттау..

2. Дамытушылық: оқушылардың байқағыштығыш, пәнге қызығушылығын арттыру, өз ойларын жүйелі түрде қорытуын дамыту. Оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: қоршаған ортаны аялауға, ұқыптылыққа және үнемдеушілікке тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру. Қазіргі кезде адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат-ананы қорғап,аялауға үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу өнері, музыка

Әдіс-тәсілдер: дамытпалы ойын, практикалық әдіс, инсерт әдісі

Сабақтың көрнекілігі: тәжірибелік құралдар, компьютер, суреттер,

Сабақтың барысы: І. Мотивациялық-бағдарлау кезеңі.

Мақсаттық бағыттау. 1. Психологиялық дайындық.

«5» болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Өнер, білім көп оқып,

Өсе берсін санамыз.

2. Сабақтың бағыт-бағдарымен таныстыру.

Оқушының білім, білік, дағдысының өзектілігін анықтау.

Үй тапсырмасын тексеру.

• Су туралы оқушылардың хабарламалары: ғаламтордан, энциклопедиялардан, анықтамалардан алған мағлұмат.

• «Табиғаттағы су» ертегісі, «Судың үш күйі» ертегісі, «Су - тіршілік көзі» ертегісі. ІІ. Операциялық-орындаушылық кезең.

Жаңа тақырып бойынша жұмыс.

«Дәмі де жоқ, түсі де жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ» Бұл не? Су.

Ендеше бүгінгі сабағымызда тақырыбымыз жалғасады: қазір біз суға түрлі тәжірибелер жасау арқылы сынап көреміз, оның қасиеттерін анықтаймыз.

Тірі ағзалар өмір сүру үшін ауа қажет. Ауа қандай қажет болса, су да сондай қажет.

Сұрақ: Қатты қапырық ыстықта шөлдеген адамға не керек?

Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Ағзалар денесі 30-дан 90 пайызға дейін судан тұрады. Адам су ішпей 6-7 күнге шыдауы мүмкін. Адамға ауа қандай қажет болса, су да сондай қажет.

Су туралы ассоциация

● Су - сұйық зат.

● Аспаннан жауын түрінде түседі.

● Күн суытқан кезде су қатты күйге айналады.

● Су буға айналады, ұшып кетеді

● Бу - мөлдір,түссіз газ.

Жер бетінде ең көп таралған зат- су. Глобусқа қарасаң жер шарының төрттен үш бөлігі көгілдір түске боялған. Ол-су: мұхиттар, теңіздер, көлдер, өзендер.

Табиғатта су сұйық, қатты және газ тәріздес бу күйінде кездеседі. Егер күн салқындап, температура нөл градустан төмен түссе, су сұйық күйден қатты күйге , яғни қар мен мұзға айналады.

-Кішкене табақшаға су құйып, бетін ашық қалдырсаң, бірнеше күннен кейін, оның босап қалғанын көресің. Табақшадағы су қайда кетті? Ол із-түссіз жоғалып кеткен жоқ, бір күйден екінші күйге ауысты. Сұйық күйден бу күйіне өтіп, ауамен араласты.

- Ал балалар, ойланып көрелік, су табиғатта қандай күйде кездеседі?

-Үш күйі бар (сұйық, қатты, бу) жауаптарын жұмбақ шешу арқылы жазады.

1) Жылт-жылт етеді, жылғалардан өтеді (судың сұйық күйі)

2)Өзі судан жаралған, бірақ судан қорқады (мұз , қатты күйі)

3)Көзге көрінгенмен, ұстасаң қолға ілінбейді (газ, бу күйі)

Сергіту сәті

6.«Ойлайық та ойнайық»

Берілген өлеңнің ұйқасын табу

Су дегенің немене?

Достым білгің ------- ме?

Су --------- баласы,

Су - ------- анасы.

Сусыз - ----------

Жоқ болса

Дейміз оны

---------- жұмса!

Дәптермен жұмыс

Судың үш күйі болады: Қатты,сұйық,бу.

Халық педагогикалық үзінділер:

Есіңе сақта

Суды босқа төкпе.

Сумен ойнама.

Бұлақ көрсең көзін аш.

Судай таза бол.

Судан таза, сүттен ақ.

(оқушылардың пікірлерін тыңдап толықтыру).

Су неліктен ластанады?

Суды қалай қорғаймыз?

III Қорытынды.

- Судың үш түрлі күйі.

- Су қандай жағдайда буға айналады?

- Қандай температурада су сұйық күйден қатты күйге айналады.

Бағалау

</<font size="4">Үйге тапсырма:

1) «Су қалай ластанады?» эссе жазып келу

2) Оқулықтың 27 бетін оқу, әңгімелеу



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал