- Учителю
- Урок Сөйлем мүшелері
Урок Сөйлем мүшелері
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері.
Сабақтың мақсаты:
Тұрлаулы мүшелер сөйлемдегі ой-пікірдің негізі, тірегі болатындағы, ал тұрлаусыз мүшелердің негізгі ойды толықтап,анықтап, пысықтайтындығын естеріне түсіру.
Сөйлемнен тұрлаулы олардың байланысын тапқызу арқылы ойларын дамыту.
Сабақтың барысы:
Кіріспе бөлім.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушыларды сөйлемнің мүшелері туралы жауап алынады.
1-2 жаттығулар нұсқауы бойынша орындалады.
Суреттер бойынша екі сөзден тұратын бірнеше сөйлем ойластыр.
3-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жаз.Әр сөйлемдегі сөйлем мүшелеріне сұрақ қой.
Сабақты қорытындылау.
«Адасқан сөздер» дидактикалық ойыны . Шарты тақтаға сөздердің орындары ауысқан сөйлемдер жазылады. Оқушылар сөздерді ретімен қойып, сөйлемдерді көшіріп жазады.
-
Атты әкесіне Қаныш әңгімені болған.
-
Жаңбыр айналды ақ жауынға
-
Асау ұрды толқындар жағаны.
Ү/ж: 4-ж, 65 б.