7


  • Учителю
  • 'Білім бағында' әліппемен қоштасу ертеңгілігі

'Білім бағында' әліппемен қоштасу ертеңгілігі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

"Білім бағында" әліппемен қоштасу ертеңгілігі.

Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы қабілеттерін көрсету, шығармашылығын дамыту. Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру.
Оқушылардың ата-ана, Отан, ел алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу.

Музыка:

Айсәуле:

----- 2014 жыл.Қыркүйек айы.Қол бұлғап шақырған аяулы мектеп анаға да қызыға қарайтынбыз

------ Иә,көңіліміз алып-ұшып өзімізді бейне бір ашық аспанда армансыз ұшып жүрген құсқа теңедік.

-------Елімізді көркейтер,болашақтың көктемі болуды армандадық. .

(Оқушылар алма жинап,ағаштарға іліп жүреді.



Музыка үнімен:

Атасы немересін жетектеп келе жатады.

(5-6 ата-ана балаларын ертіп мектепке қарай келе жатады.


Автор:
Жеті жасар баласын,
Жетпісте шал жетектеп.
Келе жатыр көшеде,


ҚАНАТ:

« Ата,ата қайда әлгі мектеп»-

Атасы:


Балам,балам, жақсы бол,
Міне,сенің мектебің.
Сабағыңа зейін сал
Ақылды бол тентегім.


Қанат:
Қыркүйекте келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып,
Қарсы алды ұстаз мейіріммен
Қадамымды құп алып.


1.Есбол «.Сәлем сөздің анасы» демекші армысыздар,ұстаздар,ата-аналар.

2.Торғын «.Бір күн таныстыққа қырық күн сәлем» дегендей біз осы қай жерде тұрмыз?

3.Абылай «Мектеп білім ордасы»демекші біз»Жаңа Ғасыр»білім бағында тұрмыз ғой.

4.Мұғалім:

Армысыздар,ата ұрпақтың жалғасы,

Армысыздар,жаңа атқан таң нұры.

Әліппемен қоштасатын бүгінгі,

Тамашалап көріңіздер балғынды.

Бүгін сіздер бізбен бірге «Білім бағындасыздар»




5. Білгішбек:

Ой, қандай керемет! Ойларың да,бойларың да өсіп Әліппемен қоштасуға жиналып қалғансыңдар ма?

Достар,

Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен:


Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті- Әліппе



Музыка ырғағымен Әліппе келеді.


Әліппе:



Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата-ана!



Достарым,бүгін мені қалай таңқалдырасыңдар!



1-оқушы:

Нұрмұханбет:


Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.



2-оқушы:

Аяжан:


Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!


3-оқушы:

Арайлым:


Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.


4-оқушы:

Даниал:


«Әліппе» даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы.



Ән: "Ұстазым" Аяжан,Абылай


Әліппе:- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар



Ән: »Ананың тілі» Томирис, Толғанай.


Ана тілі: Томирис
-
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.

Білгішбек:

Достарым,осы сендер қандайсыңдар?

----Талабы биік таудаймыз.

---- Көп оқимыз

-----Біз шеберміз.

-----Ақылдымыз.

----Үлкенге ізеттіміз.

---- Кішіге қамқормыз

-----Мың бұралған бишіміз

.
Би: Айсауле, Мөлдір,Нурикамал,Нурила,Айсана,Аяулым.Аяжан,Айша.

Білгішбек:

Биік тауға қарасаң көңілін өседі,жасыл желекке қарасаң жүзін жарқын болады.Бұлақ көзің ашып жүр ,балаң қайырымды болады.

Көрініс:Қария мен бала


Бала: Ата, ата, арман деген не?


Қария: Арман дегеніміз - ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, . Арманына адаспаған жетеді,


Қария: Дос табу оңай ма?

Бала: Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.


Қария: Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың.


Қария:Үйдегі алтын қазығың кім?

Бала :Ата, үйдегі алтын қазық - бала


Қария: Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық - ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана - ақылшың, әке - қамқоршың, ағаң - қорғаушың, інің - сүйенішің, қарындасың - қанатың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем


Қария: Өмір сүру үшін не қажет?

Бала :Ата өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет


Қария: Жоқ балам, адамның өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су - тіршілік, от - өмір, тұз - дәм, қыз - сән, ақыл өмірдің нәрін береді.


Қария:Адамға ақыл беретін кімдер?

Бала : Ата, ана тілі ғой ақыл беретін


Қария: Жоқ, балам, адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы. Ата-ана ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады.


Бала:Түсіндім,ата.Енді мен ақылды боламын.

Қария: Жүр, балам.Енді екеуіміз серуендеп қайтайық.



Ән:" Гүлдерайым" Д ариға



Би: Торғын

" Күз вальсі"халықаралық спорттық би байқауының 1-орын жүлдегері.



Нурикамал:

5.Сан жақсылар оқыған,

Құтты екенсің мектебім.

Оқығаның тоқыған

Құт мекенім,мектебім.



6 .Адижан:

.Бастап сызық,иректен,

Бар әріпті үйреткен.

Икемі аз қолымда,

Сүйемелдеп сүйреткен.

Дариға :

7.Мектеп -үлкен анашың,

Баураған барлық баласын,

Тәртіппен алсаң білімің,

Өмірден жол табасың.

Нүрилә:



8.Ол не? деген сұраққа,

Бұл не? деген сұраққа.

Жауап табу үшін мен,

Келдім саған, мектебім.



9.Ән:»Мектебім»Даниал,Нұрмұхамед,Айдын,Айшуақ,Арайлым,Айша



10 Айгерім:

.Далада ағып жатқан бұлақ,тау-тастан шығып жатқан бастау,сусағанның шөлін

қандырып,ыстықтағанның ыстығын басады.

11 Айсұлтан:

.Иә,--Айгерім, алыс жолдан шаршап жеткен кісі бұлақтың басында жай тауып,ағаш

көлеңкесін саялап демалады емеспе?



12. Мөлдір:

Ал,ол үшін бұлақ та ,бастау да таза,суы мөлдір,әрі салқын болуы керек қой.



13 Ерсұлтан:

.Иә, достар,.білім деген бастаудың көзін ,бұлақтың жолын ашып берген Әліппеге мың алғыс.

Ән : «Рахмет,саған Әліппе» Мөлдір,Айгерім. ( соңына қарай әліппе кетеді(



1.Айшуақ:

.Бабалар мұрасы

Аталар мирасы

Бар байтақ даласы,

Біз қазақ баласы.

2 Аяжан:

.Әкелер түлеткен,

Ағалар гүлдеткен.

Бар ауыл баласы,

Біз қазақ баласы.

3.Ерасыл:

Дәстүрді сақтаған,

Жадына жаттаған.

Жеті ата бабасын,

Біз қазақ баласы.



4. Торғын:

.Көксеген келді күн,

Тәуелсіз ел бүгін.

Бар Отан анасы,

Біз қазақ баласы.



Ән: «Мен қазақтың қызымын» Адина

5.Омар:

.Халықтық салт нұсқа,

Сөз сайыс айтысқа.

Бар ынта таласы

,Біз қазақ баласы.

6 Амирлан:

.Оқу да,өнер де,

Үздік те,шебер де,

Ұрпақтар жалғасы,

Біз қазақ баласы.

7. Абылай:

.Бабалар мұрасы,

Аталар мирасы.

Құлпыртар даласын

Біз қазақ баласы.



8. Толғанай

.Ежелгі жерінің,

Егемен елінің.

Отаны анасы

Ертеңгі панасы

Біз қазақ баласы.



9. Айша:

.Жерінде бабасының

Еліңде атасының

Көңілінде әжесінің

Қолында анасының

Жолында ағасының

Тапқан өз жарасымын

Біз қазақ баласымыз.

10. Есбол :

Бұтағы бабасының

Ұрпағы атасының

Шуағы әжесінің

Тұяғы әкесінің

Тілегі анасының

Біз қазақ баласымыз.



Ән: «Здраствуй,Столица» Адина,Аружан, Аяулым ,Нурәли,Амирлан,Адижан,Айсултан

1 Айсауле: Бағбан болсаң бақ өсір,



2Торғын : Бағбан -ол ұстаз,



3Адина : Біз, Шәкірттер сол бақтың жемісі емеспіз бе?



4 Білгішбек: Көзің ашқан бұлағың -шәкіртің, жақсы істерін-шырағың, ал жасыл бағым -мектебім.Достарым,мен сендерге ақ жол тілеймін,қанаттарын талмай көк аспанда самғаңдар.

Соңы: Ән: « Ақ көгершін» Ерхан



Алматы қаласы Әуезов ауданы "Жаңа Ғасыр" №175 гимназия

Сыныбы: 1 "М" сынып

Сынып жетекшісі: Канапьянова Асылгүл Сламбековна



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал