- Учителю
- Математикалық сайыс 2 сынып
Математикалық сайыс 2 сынып
«Математика әлемі» сайысы
Сабақтың мақсаты:1. Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған
білімдер пысықтау
2. Мұндағы сөз жұмбақтар, ребус, математикалық есептер , логикалық
тапсырмалар шешу арқылы логикалық ойын дамыту.
3. Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін
жеткізе білуге қалыптастыру. Оқушылардың ауызбіршілікке
ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: танымдылық ойын сайыс.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ойын сайыс
Сабақтың көрнекілігі: Сөз жұмбақ, ребус, логикалық есептер карточкалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
- Құрметті оқушылар мен ұстаздар 2 сыныптар арасында өтетін «Математика әлемі» атты сайысқа қош келдіңіздер! Сайысымыздың негізгі мақсаты сөз жұмбақтар шешу, ребустар шығару , логикалық тапсырмалар орындау арқылы алған білімдерін тексеру.Әр сынып мүшелері топқа ат қояды. Сайысқа жақсы қатысып, көп ұпай жинаған оқушыға марапаттау ұсынамыз.
Сайыс бөлімдері:
-
Сөз жұмбақ
-
Математикалық бейнелі сөз
-
Ұшқыр ой
-
Кім жылдам?
-
Логикалық тапсырма
-
Топқа ат таңдау
2 А - Ойшыл
2 Ә - Қиялшыл
2 Б - Зерек
2 В - Ұшқыр
2 Г - Алғыр
2 Д - Тапқыр
-
Сөз жұмбақтар.
-
«Метр»
-
«Сағат»
-
«Қосу»
-
«Шаршы»
-
«Минут»
-
«Ондық»
-
Математикалық бейнелі сөз.
-
Қосынды
-
Азайту
-
Метр
-
Шеңбер
-
Кесінді
-
Ұшбұрыш
-
Ұшқыр ой
-
Кім жылдам? Шаршы салынған қағаздар берілген. Тапсырмасы: шаршыдан 2 үшбұрыш, 2 төртбұрыш шығатындай етіп, 2 сызықпен бөлу керек.
-
Логикалық есептер. Шапшаңдыққа берілген.
Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (30 қаз)
Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек ,
10 үйрек тығылды
10 үйрек жығылды.
Қалғаны неше үйрек?(60)
11 түйе, 5 жылқы,
2 сиыр, 1 ешкі.
2 қоян, 3 түлкі
Болды сонда нешеуі?(23)
Табақта 55 алма
Қолымда 5 алма,
Айтшы сонда
Болады неше алма? (60)
Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? ( балықтар ұшпайды)
Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны - 10. Аулада неше бұзау мен тауық бар? (2 бұзау, 1 тауық)
Қорытынды:
Сонау - сонау алысқа, жүзсін десең кемелер,
Тылсым - сырлы ғарышқа ұшсын десең денелер,
Жасау үшін бәрінде математика - ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл.
-
Осымен балалар сайысымыз аяқталды. Ұпай санын санап, жеңіске жеткен топтарды мақтау қағазымен марапаттау.
-
1 орын 2Г сыныбы Алғыр тобы
-
2 орын 2В сынып Ұшқыр тобы
-
3 орын 2Д сынып Тапқыр тобы