- Учителю
- ҚЫсқа мерзімді сабақ жоспары 'Құқық әлеміне саяхат'
ҚЫсқа мерзімді сабақ жоспары 'Құқық әлеміне саяхат'
Павлодар облысы. Май ауданы. Қаратерек ауылы. Пән мұғалімі: Қарлығаш Байтемировна Досымханова
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Тақырыбы: Құқық әлеміне саяхат
Сынып. 4 «А»
Пәні: Дүниетану
Өткізу күні: 13.03.2015 ж
Мақсаты: Қазақстандағы бала құқығы туралы түсінік беру
Міндеттері. 1. ҚР Конституциясымен таныстыруды жалғастыру.
2.Өзінің елінің алдында құқығын білетін және міндеттерін орындайтын жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Құрал жабдықтар: А-3 қағазы, маркерлер мен бағдаршам түстері бейнеленген дөңгелектер,оқулық.
Әдіс-тәсілдер: СТО; серпілген сауал; ойлан, бірік, бөліс; ЖИГСО; топпен жұмыс,постер қорғау; диалогтық оқыту, 5 сұрақ; пікір айту.
Күтілетін нәтиже: Қазақстандағы бала құқығы туралы түсінік алады.ҚР Конституциясы мен танысады, құқығы мен міндеттерін біледі.
Жұмыс кезеңдері
Уақыт
Мұғалімнің іс-әрекеттері
Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру түрі
Бағалау
Қолданылатын модуль
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын
пысықтау
2 мин
5 мин
Психологиялық ахуалды қалыптастыру.
Шаттық шеңберін құру, бір -біріне сәттілік тілеп, өлең айту.
Оқушылардың қызығушылығын ояту «Сурет» арқылы топқа бөлу.
«Серпілген сауал» ситуациясы бойынша доп лақтыру арқылы,үй тапсырмасының дайындығын тексеру
Шаттық шеңберін құрады.
Бір -біріне сәттілік тілеп, мына өлеңді айтады:
Қайырлы таң, достым!
Қайырлы күн болсын!
Бүгінгі күн сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестіктер болсын!
«Сурет» арқылы 6 баладан 2 топқа бөліну.
Үй тапсырмасының дайындығын дәлелдеп, сұраққа толық жауап береді.
Ұжыммен
Жұппен
Керемет!
ОЖТ
СТО
ОЖЕСО
Білу
3 мин
Жазылған сөздерді топтарға беру арқылы (бап, заң,құқық,) жайлы не білетіндерін «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі арқылы топта талқылау.Тақырыпты ашу.Сабақ мақсатын анықтау.
Сөздерді топта талқылайды, әр топтан бір оқушы шығып айтады.
Тақырыпты ашады, мақсатын анықтайды.
топпен
Шапалақ
ОЖТ
СТО
Түсіну
5 мин
Мәтінмен жұмыс ЖИГСО әдісін қолдану
Мәтінді оқу, жұпта бір -біріне өз сөздерімен айту.
Мәтінді оқып, ЖИГСО әдісі арқылы талдайды.
жұппен
СТО
Қолдану
Сергіту сәті
10 мин
1 мин
Постер жасау және қорғау.
«Көңілді сергіту сәті» әуенмен орындалады.
Постер жасайды және қорғайды.
Топпен сергіту сәтін жасайды
топпен
Ұжыммен
Бағдаршам түстері арқылы бағалау
СТО
ОБжК
ОЖЕСО
ОүБжОБ
Талдау
10 мин
«5 сұрақ» әдісі бойынша қалай? және неге? сұрақтарына жауап беру арқылы жаңа тақырыпты қаншалықты игергенін анықтау.
1.- Заңды кім шығарады?
2.- Заңды неге шығарады?
3.- Сенің қандай құқығың бар?
4.- Сен міндеттеріңді қалай орындап жүрсің ?
5.- Адамдар заңды неге орындауы тиіс деп ойлайсың?
«5 сұрақ» әдісі бойынша қалай? және неге? сұрақтарына жауап беру арқылы жаңа тақырыпты қаншалықты игергенін дәлелдейді.
Жеке
Бармақпен бағалау
ОЖТ
СТО
ОБжК
ТжДО
ОүБжОБ
Жинақтау
4 мин
Пікіріңді айту арқылы тақырып бойынша алынған сұраққа жауап беру
-Сен қалай ойлайсың, неге адамның қағам алдында құқықтары ғана емес, міндеттері де бар деп ойлайсың?
Әркім сұрақ бойынша өз пікірін білдіреді.
Жеке
Шапалақ
ОЖТ
СТОү
ТжДО
Бағалау
5 мин
Смайликтер арқылы бағалау.
Оқушылар бүгінгі сабақты смайликтер арқылы бағалайды.Смайликтерін тақтаға жапсырады
Жеке
Смайликтер
ОүБжОБ
Үйге: Тақырыпты түсініп оқып, сұрақ бойынша дайындалу.