7


  • Учителю
  • Ертегілер бастауыш сынып оқушыларға арналған сабақ

Ертегілер бастауыш сынып оқушыларға арналған сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

"Ертегілер елінде"



/1-2 сынып оқушыларына арналған кітапханалық сабақ./

Кітапханалық сабақтың мерзімі :

</ Сабақтың мақсаты: Ертегіні түсініп оқуға,жүйелі баяндауға машықтандыру, дұрыс сөйлеуге төселдіру, мәнерлеп оқуға үйрету. Міндеттері: 1.Білімділік : Ертегілер арқылы балалардың ой-қиял ұшқырлығын күшейтіп, мінез -құлқын,ерік - жігерін қалыптастыру. 2.Дамытушылық : өз ойын толық ,анық жеткізе білуге дағдыландыру, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын байыту. 3.Тәрбиелік:аңқаулықтан,қатыгездіктен,жағымпаздықтан бойын аулақ ұстауға, тәрбиелеу, ақылды болуға, тапқыр шешім қабылдай білуге үйрету. Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,энциклопедиялық,баяндау,мәселелік оқыту. Сабақтың көрнекілігі: арыстанның суреті,тірек сөздер,кітаптар. Сабақтың барысы мынадай. I.Алғашқы ұйымдастыру бөлімі. Кітапханашының кіріспе сөзі.Қазақ фольклорындағы ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі-ертегілер.Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тараған мол мұра.Оның осы дәуірге дейін жетуі ертекшілермен тығыз байланысты.Халық арасында үлкен беделге ие болған ертекшілер ертегіні шебер орындаған,жаңадан ертегілік сюжетті тудырып,толықтырып отырған.Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі мен арман-тілегін,қиялын,даналығын,ғасырлық өмір тәжірбиесін көреміз. Балалардан қандай қазақ ертегілерін білетіндігін сұрау,толықтыру,көрсету.

II.Негізгі бөлім. 1.Балалар,сендер арыстан мен түлкі туралы не білесіңдер?Олар қандай аңдар? Арыстан-өте күшті жыртқыш аң.Оны аң патшасы деуге болады.Ол жасырынып,сездірмей шабуыл жасау дегенді білмейді."Ал аңдар,мен жем іздеуге шықтым,сақ болыңдар" ,-дегендей қаһарлы дауысымен белгі береді. Түлкі- айналаның бәрін тіміскілеп "тексеріп шығуға" құмар аң.Оның дыбысшылдығы, иісті алыстан сезіп,жауын тез көріп қалатын қасиеті бар.Жауының иісін алыстан сезеді де,алдын-ала жасырынып қалады. Ертегінің өзіне тән жанрлық ерекшелігін ескеріп,баяндалу стилін сақтай отырып,"Арыстан мен түлкі" ертегісін қызғылықты,тартымды етіп әңгімелеу. 2.Сұрақ-жауап.Ертегі ұнады ма ? Несімен ұнады?Түлкінің жауабынан оның қандай аң екенін байқадыңдар? 3.Негізгі түйінді тапқызу. Ертегінің тақырыбын басқаша тағы қалай атауға болады?"Ақылды түлкі" ,"Ақыл-ажалдан құтқарады" т.б. 4.Ертегі-сюжет. Үңгірде жатқан ауру арыстанның суреті көрсетіледі. -Арыстан қайда жатыр? -Балалар,енді арыстанның аңдарды айламен аулап жатқанын көз алдымызға елестетіп көрейік. -Қандай аңдар көңілін сұрауға келді ? -Балалар,сендердің көз алдарыңа арыстан қандай аң болып елестеді ? (айлакер,қатыгез,ашулы) 5.Мәселелік сұрақ. 1.Ауру арыстан аңдарды үңгірге қалай кіргізді ?(берірек кел,түлкіжан). 2.Аңдардың арыстанға жем болуына не себеп болды ? (аңқаулығы,қорқақтығы). 6.Қорытынды жасату. -Түлкіні аман алып қалған қандай қасиеттер? (ақылы,байқағыштығы,тапқырлығы) -Тағы қандай қасиеттер аңдарды қауіп-қатерден сақтайды ?

III.Қорытынды бөлім. -Балалар,түлкіні біз ақылды,тапқыр дедік.Бірақ,ертегіден оның бойында ұнамсыз қасиеттің бар екенін де аңғарамыз.Сендер соны байқадыңдар ма ? Түлкінің бойындағы ұнамсыз қасиет-жағымпаздық.Бұл қасиет-өте жаман қасиет.Осындай қасиеті бар адаммен дос болу да қорқынышты.Сондықтан мұндай қасиеттен аулақ болыңдар. Еретегі-терапия. Ақыл мен тапқырлыққа жағымпаздық қарама-қарсы.Сондықтан түлкіні бойындағы жаман қасиеттен арылту үшін емдейік.Әр оқушыға ЖАҒЫМПАЗДЫҚ деп жазылған карточка үлестіріледі.Олар ортаға қойылған қорапқа "Жағымпаздық-жаман қасиет." деп карточканы бүктеп салады. Енді түлкі мен арыстанның әңгімелесетін жеріндегі түлкінің сөзін өзгертіп,сахналайық.Оқушы ертегі мазмұнын кітапта берілген мәтін бойынша немесе өз жанынан толықтырыпайтады.Бірақ ертекшіге қойылатын талаптар ескеріледі. Жас оқырмандарға кітаптарды үйге жазып беріп,ертегіні мәнерлеп оқуды тапсыру.





ШҚО.Семей,Знаменка ауылы

Машенова А.А.-кітапханашы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал