- Учителю
- ҚАзақ тілінен сабақ жоспары 'мәтіннің жоспары' 3 сынып
ҚАзақ тілінен сабақ жоспары 'мәтіннің жоспары' 3 сынып
Қ.Нұржанова,
Ынтымақ негізгі жалпы білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
Ынтымақ ауылы,
Ертіс ауданы,
Павлодар облысы
Сынып: 3 Пән: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің жоспары
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Мәтін туралы алған білімін әрі қарай жетілдіру; мәтіннің сөйлемнен айырмашылығын анықтай білу; мәтін құрастыру, оған тақырып таңдай білу дағдыларын арттыру, мәтінге жоспар құрып үйрету.
Дамытушылық: Тіл дамыту, ауызекі сөйлеуге, тақырыпқа байланысты сөйлеуге, тақырыпқа байланысты сөйлеуге дағдыланыру.
Тәрбиелігі: Көркем, сауатты жазуға, білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, ойын.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың крнекілігі: карточкалар, мазмұнды суреттер, оқулық, плакат.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
- Қалдарын қалай?
- Көңіл күйлерін қалай?
- Күздің ауа райына қарамастан біздің көңіл-күйіміз әрқашан көңілді және көтерінкі.
- Бүгін нешесі балалар?
- Аптаның қай күні?
- Қаламдарымызды, қарындаш, өшіргіш т.б. заттарымызды шығарамыз да, маған қараймыз барлығымыз.
2. Үй тапсырмасын қайталау.
- Үй тапсырмасына не берілді?
- Оқушылардан жауап алынады.
Перфокарточкамен жұмыс
Гау...ар, жи...аз, ...оккей, ...абар, ...алық, қа...арман, ...ат, ....айуанат.
Өткен тақырып бойынша тест.
1. Мәтінді көрсет.
А) б
Ә) Бала
Б) Қыс. Қар жауып тұр. Ағаштар ақ көрпеге оранған сияқты. Төңірек түгел аппақ қар.
2. Мәтіннің неше түрі бар?
А) 2
Ә) 3
Б) 4
3. Мәтін дегеніміз не?
А) Бірнеше сөйлемдерден құралады. Бір-бірімен мағына жағынан байланысып тұрады.
Ә) Бір сөйлемнен тұрады. Заттың атын білдіреді. Кім? Не? Деген сұраққа жауап береді.
Б) Бір сөйлемнен тұрады. Заттың санын білдіреді. Неше? Нешінші? Деген сұрақтарға жауап береді.
4. Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтіннің қай түрі?
А) сипаттау
Ә) әңгімелеу
Б) пайымдау
5. Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтіннің қай түрі?
А) Әңгімелеу
Ә) Сипаттау
Б) пайымдау
6. Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтіннің қай түрі?
А) пайымдау
Ә) сипаттау
Б) әңгімелеу
3.Жаңа сабақ.
- Жаңа сабақты сөзжұмбақ арқылы шешу.
Мәтіннің жоспары. Мен жаңа сендерден тест алу арқылы мәтін туралы білімдерінде тексеріп алдым.
-Енді бүгінгі жаңа сабағымызға көшейік. Мәтіннің жоспары болады. Мәтіннің тақырыбы болады, мәтін бөлімдерден құралады. Әрбір бөлім абзац деп аталады. Мәтіннің басталуы, негізгі бөлімі және соңы болады. Және оның 3 түрі бар. Енді оған қоса несі болады екен? Жоспары болуы керек. Ең бірінші әр нәрсені істегенде жоспарлап аламыз ғой, мындада солай.
-
Мәтіннің жоспарын құру үшін біз ең біріншіден мәтіндегі абзацтардың санын анықтап аламыз.
-
Әр абзацтағы тірек сөздерді табу.
-
Абзацтың тірек сөзін немесе оның негізгі мағынасын бір сөйлеммен жазу. Біз осы арқылы жоспарды құрамыз.
Қызығушылықты ояту. "араласып кеткен оқиғалар" ойынын ойнайық. Мес туралы мәтінді партаның бетіне қиып, карточка ретінде беру.
Кітаппен жұмыс. 49 беттегі 1-жаттығуды орындау.
-
Сергіту сәтін жасау.
2-жаттығу. Сөйлемдерді қалпына келтіріп жазу.
Ақселеу деген мәтін беру. Мәтінді түсініп оқып, оған жоспар құру.
3-жаттығуды орындау.
-
Сабақты қорытындылау.
-Сабағымызды қорытындылау үшін "Балық аулау" ойынын ойнайық. Тапсырмалары: Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерді орнына қой. Өз бөлменді сипаттап айтып бер.
-
Мәтін оқы, неше бөліктен тұрады екен анықта?
-
Мен 3-сыныпта оқимын. Бізге Айман апай сабақ береді. Бұл мәтіннің қай түрі? (Әңгімелеу)
-
Біздің оқитын сыныбымыз кең, жарық. Төбесі биік, қабырғалары аппақ. Бұл қандай мәтінге жатады? (сипаттау)
- Біз сыныпты таза ұстаймыз. Өйткені, ол - біздің екінші үйіміз Мұны балалардың бәрі жақсы түсінеді. (пайымдау)
Сонымен бүгін қандай тақырыппен таныстық. Мәтінге жоспар құру ай мекен? Оны қалай құраймыз? Несіне қараймыз ең бірінші қайда қараймыз?
6.Үй тапсырмасын беру. Әр оқушыға карточкалар тарату.
7.Бағалау.
Тест.
1. Мәтінді көрсет.
А) б
Ә) Бала
Б) Қыс. Қар жауып тұр. Ағаштар ақ көрпеге оранған сияқты. Төңірек түгел аппақ қар.
2. Мәтіннің неше түрі бар?
А) 2
Ә) 3
Б) 4
3. Мәтін дегеніміз не?
А) Бірнеше сөйлемдерден құралады. Бір-бірімен мағына жағынан байланысып тұрады.
Ә) Бір сөйлемнен тұрады. Заттың атын білдіреді. Кім? Не? Деген сұраққа жауап береді.
Б) Бір сөйлемнен тұрады. Заттың санын білдіреді. Неше? Нешінші? Деген сұрақтарға жауап береді.
4. Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтіннің қай түрі?
А) сипаттау
Ә) әңгімелеу
Б) пайымдау
5. Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтіннің қай түрі?
А) Әңгімелеу
Ә) Сипаттау
Б) пайымдау
6. Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтіннің қай түрі?
А) пайымдау
Ә) сипаттау
Б) әңгімелеу