- Учителю
- Г дыбысы мен әрпі. docx
Г дыбысы мен әрпі. docx
Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Г дыбысы мен әрпін таныстыру, г әрпі бар сөздерді дұрыс оқыту, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету.
Дамытушылығы: Г дыбысын білдіру арқылы оқушылардың тіл байлығын, ой - өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, жинақтылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: суреттер, буындар, сөздер, слайд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру :
Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
Сабаққа зейіндерін аударту.
Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем беріп сіздерге
Бас иеміз біз.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау :
«Кім кінәлі» өлеңін жатқа сұрау
- Өткен сабақта қандай әріппен таныстық?
1. Ү дыбысынан басталатын адам аттарын ата
2. Үйрек деген сөзді кім жазып көрсетеді?
3. Үкі деген сөзде неше дыбыс бар?
4. Үкі деген сөзге сөйлем құра
5. Ү қандай дыбыс?
- Балалар, сұрақ - жауап арқылы нені құрастырдық?
- Гүл құрастырдық.
- Барлығың гүл деп айтып көрейікші.
- Гүл сөзінде неше дыбыс бар?
- Гүл деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
ІІІ. Жаңа сабақ :
Жұмбақ шешу
Аралар бар бал жинайтын,
Үзуге адам қимайтын
Аналарға сыйлайтын,
Бұл немене балалар (гүл)
Оқушыларға гүл суретін көрсету.
- Балалар, олай болса біз бүгін «Гүл» дегенде келетін Г дыбысымен танысамыз.
«Г» дыбысы мен әрпін көрсету. «Г» әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.
Оқулықпен жұмыс:
- Бағандағы сөздердің мағыналарын түсіндіре отырып, хормен буынға бөліп оқыту.
- «Ақ көгершін» өлеңін мәнерлеп оқу. Мағынасына тоқталып өту. Авторы Н.Баймұхамедов туралы мағлұмат айту. Оқушыларға әуенін тыңдату.
Сергіту сәті:
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
Дәптермен жұмыс :
- Г әрпінің элементтерімен таныстыру.
- Тақтаға үлгі көрсету.
- Ауада жазып көрсету.
ІҮ. Сабақты қорыту :
Ойын «Буындардан сөз құра»
Ше , шін , кө , ге , іл , гер , гіш , өшір буындары арқылы сөздер құрату.
Ү. Үйге тапсырма : «Ақ көгершін» өлеңін мәнерлеп оқу , көгершіннің суретін салу ;
ҮІІ. Бағалау , мадақтау : Оқушыларға сабаққа белсенді қатысқаны үшін мадақтап , гүл шоқтарын табыс ету.
Мұнайлы ауданы «№3 орта мектебі» КММ
Ашық сабақ
Тақырыбы:
Г дыбысы мен әрпі
Өткізген: Бижанова К
Сыныбы: 1 «Ғ»
2015-2016 оқу жылы
Ү