- Учителю
- Сөздік қорын молайтады, ойын толық жеткізуге дағдыланады, іскерлігі мен зейінін қалыптастырады
Сөздік қорын молайтады, ойын толық жеткізуге дағдыланады, іскерлігі мен зейінін қалыптастырады
| Пән мұғалімі Абдрахманова Күләй Солтанқызы | |
Күні : 20.05.2013ж | Пәні: Дүниетану Сыныбы: 1"б"
| |
Тақырып | Қала. Қаладағы және ауылдағы көлік түрлері. | |
Сілтеме | 1сынып дүниетану «Атамұра» баспасы, 2011ж | |
Жалпы мақсат: | Білімділік: Көліктің халық шаруашылығындағы, адам тұрмысындағы алатын орнын ұғындыру. Қала және ауыл көліктері туралы түсінік беру. | |
Шағын міндеттер: |
| |
Оқу үрдісінің технологиясы | Сабақтың түрі: жаңа білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыру сабағы Сабақ формасы: топтық форма. Сабақтың әдістері: топтық жұмыс, жұптық жұмыс, АКТ, бірлесе отырып оқу Көрнекіліктер: интерактивті тақта, алты қалпақ, жол белгілері Бағалау: критерий бойынша, бағалау парағы
| |
Күтілетін нәтижелер | Сөздік қорын молайтады, ойын толық жеткізуге дағдыланады, іскерлігі мен зейінін қалыптастырады | |
Сабақтың барысы | Мұғалімнің іс әрекеті | Оқушының іс әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі
| «Әсем тілек сыйлайық» атты шаттық шеңберге тұрғызу | Бір-біріне тілек айтады |
Топқа бөлу | Түстер бойынша топқа бөлу |
|
Үй тапсырмасын тексеру, қорыту | «Ыстық орындық» стратегиясы Үй тапсырмасы бойынша жабық сұрақтар айтылады. 1. Ауыл тұрмысы туралы не айтар едің? 2. Ауылда қандай жұмыс түрлері бар? 3. Ауыл адамдары алысқа қалай қатынайды? 4. Ауылда қандай маман иелері жұмыс істейді? 5. Олар ауыл тұрғындарының қандай мұқтаждарын өтейді? - Бағалау критерийі «5» 1 - 4 тапсырманы қамтыса «4» 1 - 3 тапсырманы қамтыса «3» 1 - 2 тапсырманы қамтыса Үй тапсырмасын орындауы |
Оқушыға әр топтан оқушылар сұрақтар қояды |
Жаңа сабақ Ашық сұрақтар
| - Балалар сендер қайда тұрасыңдар? - Қалада. - Балалар, сендер жаңа қаланың бір шетінен екінші шетіне көліктердің тұрақты қатынайтынын айттыңдар. Ол қандай көліктер? - Бүгін тез арада Алматыға жетуің керек, қалай жетесің? - Теңіздің арғы бетінде бір елге баруың керек, қалай жетесің? 4 - слайд. Ауыл көшесінде атпен, түйемен, трактормен, ат арбамен, ат шанамен жүк тасып бара жатқан көрініс. Ауыл көшесіндегі жүк және жеңіл машиналар суреті. Түсіндіру. 101 -өрт сөндіру машинасы 102 - полиция машинасы 103- жедел жәрдем машинасы 104 - газ тасу машинасы |
(автобус, троллейбус, жеңіл машиналар)
(ұшақпен) (кемемен). |
Сергіту сәті | Бап, бап, бап дейді, | Орындарынан тұрып хормен қимыл келтіре отырып айтады. |
Оқулықпен жұмыс
Жұппен жұмыс, топпен жұмыс | Топты рольге бөлу, топ басшысы топ мүшелерін бағалайды.
І топ. Сұңқар. Қала тақырыбы ІІ топ. Тұлпар. Қала көліктері туралы ІІІ топ. Қыран. Ауыл көліктері туралы ІҮ топ. Сырапшылар. Үш топтың тапсырмасын қалай орындағанын сараптайды. Мәтінді жұппен, топпен оқу. Рольдерге бөлініп орындау |
Рольдерге бөлінеді Топ басшылары топ мүшелерін бағалау. Әр топ топқа берілген тапсырмаларды рольге бөле отырып орындайды |
АКТ | Ауыл және қала көліктерінің суреттерін топтастыру | Интерактивті тақтада берілген көлік түрлерін топтастырады |
Бағалау | Балалар, сендер көліктің түрлерін білдіңдер. автомобиль көліктерінің басқа көліктерден қандай айырмашылығы бар? Мысалы: су көліктері, теміржол көліктері, әуе көліктерінен. | Автомобиль көліктерімен үйге дейін жетуге болады. Ал әуе, су көліктері үйге дейін жеткізбейді, ары қарай үйге жету үшін машинаға немесе автобусқа мінуге тура келеді. |
Үйге тапсырма | Мәтінді оқу, «Менің қалам» тақырыбында сурет салу |
|
Рефлексия | Бағдаршамның түстеріне стикер жапсыру |
|