- Учителю
- Математикадан сабақ жоспары '10 санынан азайту' 1 сынып
Математикадан сабақ жоспары '10 санынан азайту' 1 сынып
Қ.Нұржанова,
Ынтымақ негізгі жалпы білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
Ынтымақ ауылы,
Ертіс ауданы,
Павлодар облысы
Сабақтын тақырыбы: 10 санынан азайту
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: 10 санын азайту тәсілімен таныстыру; қосу кестесі туралы білімдерін, есептерді шығару дағдыларын бекіту.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ауызша есептеу дағдыларын, ойын арқылы логикалық ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, бірлесіп жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтын түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер, сандар қатары.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын әдістері.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз еңбектену.
Барлығымыз жұмыла,
4 пен 5-ке қол жеткізу.
-Балалар, мен сендерге қазір жұмбақ жасырамын.
Жұмбақ жасыру
Қабат-қабат қапталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін. /Кітап/
Кітаптарың дайын ба?
Ұшымен қазық,
Тор көзді жазық.
Үстіне өттім,
Асыл сөз жазып. /Дәптер/
Дәптерлерің дайын ба?
Денесі бар шыбықтан ,
Темір тұмсық құдықтан.
Сусын алып ішеді,
Ойы із боп түседі. /Қалам/
Қаламдарың дайың ба?
2.Үй тапсырмасын сұрау.
-132 бет №4 есепті дәптерлерінен тексеріп шығу.
-Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
Енді сандар қатарын қайталап жіберейік. 1..3...4...6...8...10; 10...8....6....4....2...0;
Карточкамен жұмыс
5+4 7+2 9+0 9-5 9-8
6+3 8+1 9-4 9-3 9-9
-Жаңа сабақтың тақырыбын криптограмма арқылы ашу.
Н
а
Н
З
Н
Ы
А
А
с
А
й
т
10
У
6
7
8
10
4
5
9
11
2
3
12
13
1
14
Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз 10 санынан азайту.
Сабақтың мақсатын хабарлау: Балалар біздің қазіргі сабағымыздың мақсаты қандай? /Жаңа сабақты түсініп, меңгеру. Және тәртіпті, ұқыпты болуға дағдылану/
3.Жаңа сабақ.
"Кім жылдам?" деген ойын арқылы мен сендерге тақырыпты түсіндіремін.
5+ = 10 2+ =10 4+ = 10 9+ = 10 7+ =10
10- = 9 10- =8 10- = 7 10- = 6 10- =5
Ары қарай түсінікті болу үшін №1 орындайық. Азайғышы 10 болатын айырмаларды жаз дейді бізге және оның мәндерін табу керек екен.
10-1=9 10-3=7 10-5=5
10-2=8 10-4=6 10-6=4
№2 10-10=0
№3 геометриялық тапсырма.
Сергіту сәті
Ұзын құлақ, сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпандап
Көжегі екен өзінің
№4 Сөз есеп шығару.
Шарты Шешуі: 10-3=7
Қозы -10
Лақ-?,3-еуі кем Жауабы: Лақ 7
Бұзау-5 ? артық Шешуі: 5-2=3
Құлын-2 Жауабы: 3-і артық
Кел, ойнайық!
10-5 Сөре! 10-6
10-4 10-7
10-3 10-8
10-2
10-1 10-9
10-8 10-3
Мәре!
№5 Мәні бірдей айырмаларды жеке бағанға теріп жаз.
7-3=4 8-2=6 6-3=3
6-2=4 7-1=6 5-2=3
9-5=4 9-3=6 4-1=3
4.Қорытынды.
-Бүгін қандай тақырыппен таныстық?
-Сендерге сабақ түсінікті болды ма?
1)"Құлпынай теріп алайық" ойыны арқылы біз бүгінгі түсінгенімізді көрсетеміз.
2) Әр араға өз гүлін табуға көмектесейік.
5.Үйге тапсырма беру.
Карточкалар беру
6.Бағалау.
Оқушыларды бағалау.