- Учителю
- Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары 'Қобыланды батыр'
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары 'Қобыланды батыр'
Пәні: әдебиеттік оқу
Сыныбы: 3 «В»
Сабақтың тақырыбы: Қобыланды батыр.
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың жаңа таңырыпты меңгеруін ұйымдастыру. Қазақ батырларының шайқастағы ержүректіліктерін елестете отырып, кейіпкер әрекетін талдауға мүмкіндік беру.
Сабақтың міндеті:Жыршының айту мәнеріне салып, мәнерлеп оқу арқылы өлең құрастыруға шабыттандыру.Өз Отанына деген мақтаныш сезімдерін ірін тәрбиелеу арқылы болашақ Отан қорғаушы екенін сезіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Қобыланды батыр, қазақ батырлары суреттерінің топтамасы.
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңінде оқушылардың сабаққа әзірліктерін байқап шығу.
Қызығушылығын ояту
Батырлар суреттерінің топтамасы бойынша «Галереяға саяхат ұйымдастыру.
Бұл суретте кімдер бейнеленген?
Олай ойлауларыңа не себеп болды?
Қандай ерекше белгілеріне қарап айтуға болады?
Сабағымыздың тақырыбы кім туралы болмақ?
Нені білгіміз келеді? Неге үйренуіміз керек?
Бұл суреттерден кімдерді тани алдың?
Қазақ батырлары жайлы не білесің?
Білемін
Білгім келеді
Білдім
Жұпта ой бөлісу.Кестенің бірінші бөлігін толтыру.
Батырлар жайлы көбірек білгілерің келе ме? Өздеріне ұнаған, таныған батырлардың есімін атай отырып топтарға бөліну.
Бүгін алдымыздан батырлар жеңіп шығуы тиісті бірнеше қамал шығады. Бірінші қамалымыз - алдында орындаған кестем.Жұмыс барысында бірнеше қамал кездеседі. Кім мүдірмей шықса, сол топ жеңімпаз болады.
Мағынаны тануБатырлар жайлы біраз мәлімет біледі екенсіңдер. Қобыланды батыр жайлы оқушылардың білетіндерін байқау.Бұл - екінші қамал.Қобыланды батыр.Бұл - үшінші қамал.«Түртіп алу» әдісі бойынша жырдан үзіндіні оқу.
V - келісемін, білемін;«-» - келіспеймін ;«+» - жаңа нәрсе ;? - түсініксіз
Әркім өзі түсініп, елестете, түртіп отырып оқып шығады.
Оқушылар жұмысының қорытындысын тыңдау, түсініктеме беру.
Жырдан үзіндіні таспадан тыңдау.
-
Қандай әсер алдыңдар?
-
Өздерің оқығаннан айырмашылығы бар ма?
-Яғни, балалар, жырды оқу да, түсініп, сезіне отырып,тыңдау да - бір өнер. Болашаңта сендердің де араларыңнан жақсы жыршы, термешілер шығатынына сенемін.
Мәтін соңындағы сұрақ-тапсырмаларды орындау.
Сергіту сәті. Жырдағы батырлардың шайқасын қимыл қозғалыспен көрсету.
«Қанжарменен қармасты,Семсерменен серместі.Кестенің екінші топтамасын толтыру.
Ойтолғаныс:
Қобыланды батырды сипаттау кестесін толтыру. Әр сипаттауға түсініктеме беру. (Мысалы: ержүрек десе, оның ержүректілігін өлеңнің қай тұсынан аңғардың?)
Бұл - төртінші қамал. Қобыланды батыр батыл,намысшыл.
Кестенің үшінші бөлігін толтыру.«Бүгінгі сабақтан не білдім?»Талқылау арқылы орындау.
- Қобыланды батыр жырын оқи отырып қазақ батырларын көз алдыңа елестете алдың ба?
Үйге тапсырма:Алшағыр хан мен Қобыланды батыр арасындағы шайқас немен аяқталғанын білгің келсе, осы жырды мектеп кітапханасынан алып, жалғасын оқып келу.
Оқушылардың жауаптарын бағалау: мақтау,мадақтау,бағаларын сараптау