7


  • Учителю
  • Бастауышым бастамам, бар білімді бастаған.

Бастауышым бастамам, бар білімді бастаған.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тақырыбы: Бастауышым бастамам, бар білімді бастаған.Мұғалімнің сөзі: Міне бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып бір жылға тағыда есейгелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Бастауышым бастамам, бар білімді бастаған.

Мұғалімнің сөзі: Міне бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып бір жылға тағыда есейгелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

«Талаптарыңа нұр жаусын!» деп «Бастауышым бастамам, бар білімді бастаған» - атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздармен оқушылар, ата-аналар мен ақ жаулықты апалар!

2-жүргізуші: Бүгінгі «Бастауышым бастамам, бар білімді бастаған» ертеңгілігіне қош келіпсіздер. Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Гүлнұр:

Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!

Аида:

Армысыздар әжелер мен аналар

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар

Саят:

Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!

Аида:

Армысың сен , алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр- алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын ,

Мектебіме арналады бұл әнім!

Уәзір:

Жар саламыз. Жар саламыз.

Білімстан шаһарының падишасы жарлық етеді.

Кімде кім білімнің адам үшін керемет сарқылмас қазына екенін

дәлелдесе өзінің патшалығының жартысын сыйға береді.Дәлелдеуге кез келген адам қатысуға болады.

Ал, дәлелдей алмаса падиша басын алады.


Уәзір:

Дат , тақсыр.

Хан:

Датың болса айт.

Уәзір:

Хан ием білімнің сарқылмас қазына екенін дәлелдеуге бір топ өрендер келіп тұр.

Хан:

Келген өрендер таныстырылсын!


Гүлнұр:Білімімен үлгі болған сыныпқа,

Отырмайды ойланбастан тынып та.

Тоғжан ,Әлібек өнегелі,өнерлі.

Арасында достарының беделі.

Аида:

Абдуқадыр,Венера сондай салмақты,

Сабақ оқудан бір талмапты

Әр іске де жауапты екенін сезінумен

Кімге болса да ол ардақты

Саят:Келеді сонау қашықтан

Мектепке әр кез асыққан

Батима,Әділет ақ көніл,

Көңілі дария тасытқан

Гүлнұр:Қуаныш көп болуда сүйікті елде

Ақылды адам - бәрінен биік пенде.

Назерке,Жанар болашағың жарқын болсын

Жұлдызың болсын әр кез биіктерде.

Аида:

Ертенгі күнін ойлайтын,

Бес алам деп қалмайтын ,

Аршыл біздің Бекжан мен Дільназ

Жалқаулыққа бармайтын

Саят:

Айтар сөзім, тілегім бар.

Көп жинап білім деген тірегіңді ал.

Ақбота,Жалғас сендердің жүздерің жылы,

Кең дархан сәбидей пәк жүрегің бар.

Гүлнұр:Мынау менің сезгенім,

Олар-сыныптың озаты

Өзінің де,өзгенің

Саят,Назира болар панасы.

Аида:Жыр оқып тарихтың ол танытқан

Кітап оқып білімін де дамытқан

Адель,Мұхаммед сыныбымыздың озаты,

Білімін ол болаттай ғып қорытқан

Саят:

Сахнада ойнаса таңқалдырады,

Өлең оқыса жүректі жандырады.

Облыстық олимпиада жүлдегері, атағы бар.

Аида,Гүлнұр артқа өз ізін қалдырады.


Гүлнұр:Ал біз ақын боламыз

Сусылдаған қаламымыз

Дейді біздің Аида, Жанерке

"Таудан асқан талаптары"


Аида:Сыйлап сәлем береді.

Үлкендерді көргенде

Ләйлә сыныпта

Ізетті деп біледі


Саят:Күні бойы тыңбаған,

Үлкендері сыйлаған

Сабырлы Нұрғали, Әсем

Ұқыптылыққа бойлаған

Гүлнұр:

Еңбекқор, әзілкеш бойында бар,

Қате ісі әрқашан мойындалар.

Әр ісіне жауапты Алдияр,Әйгерім

Арманың болашақта орындалар.

Аида:

Бос жіберме ешқашан уақытыңды,

Аялай біл ақылың жақұтыңды.

Айбек , Арайлым ел сыйлар азамат боп,

Болашақтан табарсыңдар бақытты.

Саят:Би билейді талмайды,

Әсем әнін арнайды.

Біздің нәзік Салидат пен Лаураны

Барлық бала тыңдайды

Гүлнұр:

Диана ,Гүлнұр адал жүрек, ақкөңіл қыз,

Сыйлаймыз жақсы қыз деп сіз бен біз

Өнері бар бойында тұнып тұрған,

Жолың болсын қашанда кішкене қыз.

Аида:

Ақерке,Дариға, мінезі бар жанға жайлы,

Ешкімді еш уақытта алдамайды.

Күліп жүр өмірде дәл осылай

Қиындыққа кездессең болма қайғы.

Саят :Мен инженер боламын,

Жерден алтын табамыз

Деп жүр біздің Аңсар

"Алтыннан мектеп саламын"


Салидат: Шашу, шашу, шашайық.

Адель: Ақ сандықты ашайық.

Назира: Бұл мереке, бұл тойдың.

Диана: Бастаңғысын жасайық!

Төрт оқушы да қазақтың ұлттық киімін киген.

(Ортада әже шашу шашады.)

Назерке: Өсті міне, бойымыз.

Өсті міне, ойымыз.

Қуанышқа ортақпыз

Барлығы хормен: Құтты болсын тойымыз!

Гүлнұр: Той құтты болсын, халайық!

Саят: Тойларыңыз тойға ұлассын!

«Қазақ биі»

Аида:

Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Менің әкем де , анам да ағаларымда, енді мен де мектептен тәлім алудамын.

Гүлнұр: Дұрыс айтасың Аида! Бұл мектептен қаншама азамат білім алып,өмірде өз орындарын таба білген.

Аида : Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық

Гүлнұр:

Білімімен үлгі болған сыныпқа

Отырмайды ойланбастан тынып та

Әлібек біздің өнегелі, өнерлі.

Арасында достарының беделді.

Аида Ж :

Мектеп деген білім кені , жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға.

Мектеп деген даналардың мекені.

Ділназ:

Мектебім- білім берер алтын ұям.

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

Алдияр:

Мектеп - үйім , ұстазым менің - ата- анам,

Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.

Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.

Тамырланып , сан тарапқа тараған.

Ақерке:

Біліміңді аяма
Ата-анадай аяла
Мектеп ана болмаса
Бала құшақ жаяма.

Гүлнұр: Мектебім- сүйікті мектебім,

Бауырыңда түлеймін , көктеймін.

Сен - бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,

Өзіңнен нәр алып көктедім.

Айбек:

Аяулы менің мектебім

Өзіңде өткен көктемім.

Өзіңенен алар әлі де.

Арманым асқақ көп менің

Назира «Мектебім»

Хан: Жеткіліксіз жетеді, тоқтатыңдар. Уәзір әкет.


Оқушы: Жоқ хан ием мен дәлелдеймін. Білім беру жолындағы ұстаздың ерен еңбегі сонда қайда кетеді?

Гүлнұр:

« Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Саят?

Саят:

Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім - мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

Аида:

Дұрыс айтасың Саят, ғылым иесі ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.

Саят :

Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,

Ұстаз -ғалым толастатпас мәңгі ісін.

Тыншымайтын асыл жандар аяулы,

Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.

Лаура:

Әлі есімде мектепке келгеніміз,

Келгеніміз сыныпқа енгеніміз.

Жасқаншақтап ,таңырқап тұрған шақта,

Өзің болдың ұстазым сенгеніміз!

Әсем:

Ұқсаттың ба сіз бізді балаңызға,

Ұқсатып ек,біз сізді анамызға.

Жақын тарттың,біртіңдеп бауыр бастық,

Жүргеніңді ұнатып арамызға.

Жанерке:

Кеп-кешегі тосырқау қайда қалған,

Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.

Мейірің бе,ұстаздық жүрегің бе,

Жан дүниесін баланың жайлап алған.

Дари ға:

Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,

«А»әрпін алғаш сенен бастадым.

Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,

Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.

Жалғас:

Жүзің жылы,құшағын кең

Сенен түлеп ұшамын мен

Өзің берген біліміңмен

Биіктерге ұшамын мен.

Әлібек :

Жүрегімде ұстаз берген сабағы,

Өн бойыма тамырланып тарады.

Ұмытпаймын салған жолын ақылын,

Барлығы хормен:Мәңгі,мәңгі,мәңгі есімде қалады.

Хормен:

Мектеп - кеме,білім-теңіз.

Барар жерге тез жетеміз.

Адаспаймыз ұлы жолда ,

Ұстаз берген білім қолда.

Ұлы ұстаз Салидат

Гүлнұр:

Арманым болып аңсаған,

Мәңгілік қалдың мекендеп.

Өзіңе арнап ән салам,

Ардақтап сізді өтем деп.

Хор «Ұстазым»

Әйгерім:

Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны,

Айқара есік ашып тастағаны.

Бір мереке думан боп осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.

Енді,міне сағымдай боп өте шықты.

Төрт жыл уақыт аз ба екен,кім біліпті,

Ұстаз ана жасапты мына бізден,

Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

Венера:

Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,

Менің де көкейімде із қалыпты.

Ұстаттың қағаз ,қалам қолыма өзің,

Ерінбей үйреттің де әр әріпті.


Қоссаңдар бірді екіге үш болады-

Деуші едің,-біліммен күш толады.

Алғыр бол,әдепті бол,сабырлы бол,

Ақылмен іс істесең іс болады.


Беруші ең бізге айтып өлең,тақпақ,

Таласып алушы едік біздер жаттап.

Өзіңіз баға қойған күнделікті,

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.


Арайка : Күлімдеген, күнім деген
Қамқор болған, ұстазым
Жаны жайсаң
Жайдарлы жан
Ұғындырған сөз сырын


Аида: Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.

Гүлнұр:

Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

Аида:

Иә, міне сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.

Гүлнұр:

Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа ?

Ләйлә :

Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.

Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.

Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,

Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

Әділет:

Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,

Ақылға келе алмадық ерте көніп.

Бойымыз бірте- бірте үйренісіп.

Мектептің ережесін үйрендік кеп.

Аңсар:

Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырларым,

Азық болар , мәңгі талай жылдарға.

Бекболат:

Бастауышым- бал бұлағым ,

Алдым сеннен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын.

Нұрғали:

Бастауышым- балбұлағым

Лаулап жанған шам шырағым.

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшар тау қыраның.

Жанар :

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым- бал бұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

Хор:«Сыныптастар, құрдастар»

Оқушы:

Хан ием Абай, Ыбырай,Шәкәрім сияқты белгілі тұлғалар білімнің адам өміріне қажеттілігін айтып дәлелдеп кеткен. Соның бір дәлелі

Аудандық ,мектепішілік «Жырлайды жүрек» , «Абай, Шәкәрім» оқулары, «Ана тілім-ардағым» мәнерлеп оқу сайысында жүлделі орын алған өрендерге құлақ салыңызшы.

Абай «Ғылым таппай мақтанба» Әлібек

Шәкәрім «Адамдық борышың» Назира

Ыбырай «Өнер білім бар жұрттар» Ділназ

Абай «Көзімнің қарасы» Әйгерім

Ана тілім күмбірле сарайымда Гүлнұр

М.Мақатаев «Қазақстан» Аида

Көрініс «Торғай »

«Жаса,қазағым» Бекжан

Аида:

Міне біздің өрендер осындай.Тағыда жетістіктерге тоқталсақ

«Өмір - мен сені сүйемін» презентациясының облыстық байқауына қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.

Гүлнұр:

Облыстық жас зерттеушілердің шағын ғылым академиясының

ІІ дәрежелі дипломымен Бақтиярова Назира марапатталды.

Облыстық «Таным-2012ж» облыстық рейтингтік олимпиадасының жеңімпаздары Абилкасимова Аида және Мұхтарова Гүлнұр


Саят:Республикалық «Бастау» математикалық турнирде ІІІ дәрежелі дипломмен Амангелді Тоғжан марапатталды.


«Балалық шаққа саяхат» Д.Искакова

Оқушы:

-Дат, тақсыр

-Датың болса айт.

-Елбасымыздың бастауыменен « Тілдің үш тұғырлығы » бағдарламасы бойынша білім алудамыз.Біздің өрендердің үш тілді қалай меңгергендігін өзіңіз бағалаңыз.


Аида: Әрине, мектеп - ұстаз, бұл екі сөз бір-бірін жалғастырып, бір мағына беріп тұрғандай! Біз 4 жыл ішінде тек өз ана тілімізде ғана емес, өзге тілдерді де үйрендік.

Гүлнұр: Иә, сол тілдердің бірі, ол - орыс тілі,ағылшын тілі

Тоғжан: Мы то раз помним звонок весёлый,

Что прозвинял нам первый раз.

Когда вошли с цветами в школу,

В самый лучший класс.

Ділназ: В каждом доме, в каждой хате,

В городах и на селе.

Начинающий читатель

Держит книгу на столе.

Книг заветные страницы,

Помогают людям жить.

И работать, и учиться.

И отчизно дорожить.

Бекболат: Слышишь, песенку ручья,

Это - Родина твоя.

Слышишь голос соловья,

Это - Родина твоя.

Школа, где твои друзья,

Это - Родина твоя.

Спасибо, Вам, родные педагоги,

За всё, за всё, чем дороги вы нам

За этот взгляд, то ласковый, то строгий,

За то что мы на правильной дороге

Своим стремлением и делам.

Среди немеркнующих профессий

На вечность предявляющих права,

Учителям, как вдохновенным песням,

Жить на Земле, пока Земля жива!

«Вместе весело шагать»

Келесі орындалар әніміз - сіздердің құрметтеріңіз үшін, орыс тілі және ағылшын пәні мұғалімдері!

Хор «Чему учать в школе».

Би «Калинка малинка» 4Б

Диалог 4 Ә/ағылшынша/

Маленкая страна Салидат

«Өзбек» биі

1-бастауыш:

Ұстаздардың ұлағатты сөзінен,

Өмір бойы таусылмас нәр аламыз.

Ұстаздардың мейірімді көзінен,

Бізге деген жылылықты табамыз.-дей келе бізге сабақ берген ұстаздарға жылы лептерімізді білдіреміз.

Жанерке:

Кемшілікті кезінде,

Кесіп айтар өзіне.

Өнеге мол өзінде,

Өсиет көп сөзінде.

Көңілінің хошын-ай

Көп шәкірттің досындай,

Жүрсін апай осындай.

Назерке:

Үйренеміз жалықпай,

Ағылшын тілін шарықтай.

Тіл сындырып,ән айтып,

Шаттанамыз қалықтай,

Гүлбарам апай тәлімі

Сәулелісін шашқан жарықтай.

Қадір:

Сөз сөйлесе жарқын-ақ,

Күніміздей жарқылдап.

Қызық өтіп сабағы,

Өсіреді ой сананы.

Біздермен ойнап - күледі,

Сырымызды біледі.

Ләйлә апай қашанда,

Қамқор болып жүреді.

Әсем:

Баулыған әрбір өренді,

Жәмила апай өнерлі.

Өз ісінің шебері,

Әр сөзі мәнерлі.

Қызықтырып өмірге,

Бізді үйретіп келеді.

Мінезі сондай сабырлы,

Сізге ұқсағым келеді.

Адель

Кейде жайлы мінезіне қызығасың,

Кейде ашусыз мінезіне табынасың.

Күліп жүрер үнемі Жанна,Шұға апайлар

Жан жүрегін қашанда ұғынасың.

Салидат

Көрмеген артық күліп, артық жүріп,

Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті ғып.

Қоштасамыз біз бүгін, Асхат ағай

Шәкірттердің алғысын айтып тұрып.


Аида Білімнің байыбына барып терең,

Қарлығаш,Аягөз апайлар бастап еді әліппеден.

Жаны асыл Айгүл ұстазымызға да мың бір алғыс,

Бастаған тәрбиесін алып келем.

Нұрғали:

Оқытты ұстаз - анамыз

Өсті білім санамыз,

Білгіш ер боп өсетін,

Біз бақытты баламыз.

Бойымызда бұлан күш,

Еркін өскен ұланбыз.

Оқу-білім үйреткен,

Ұстаздарға мың алғыс!

Хор :Ұстаздарға мың алғыс!

Хан:

«Жақсы мұғалім - мектептің жүрегі» - деп бекер айтылмаған. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Ендеше ұстаздарыңнан алған білімдеріңді көрсетіңдер.

Қазақ тілі

Математика

Ана тілі

Аида

Бар білгенің аямаған,

Өз гүліндей аялаған

Мың рахмет ұстаздарға

Қамқор әкем,аяулы анам

Төрт жыл бойы нұрын төккен,

Аттандырған ақ тілекпен

Ұстаз үмітін ақтаймыз деп

Хормен : Серт береміз шын жүректен!

Ақбота:

Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,

Ғылым сырын түсіндім,мақтанамын.

Осы сырды үйреткен төртінші сыныбым.

Түстей болып міне бүгін артта қалдың.

Хан:

Иә,керемет!Шынымен білімді, өнерлі өрендер екенсіңдер.Осы апайларыннан алған білімдеріңді енді өмірлеріңе азық ете біліңдер. Білім таусылмайтын мәңгілік дария.Сусынына қанған сайын іздене бересін,ал оның көзі ешқашан бітелмейтінін сендер бүгін маған дәлелдеп бердіңдер.

Хор: «Бастауышпен қоштасу»

Хан:

Құрметті жас өрендер бастауыштың білім баспалдығын аяқтап,шынайы білімнің тереңіне бойлауға бет алдыңдар ізденіңдер, талмаңдар бүгінгі өнерлерін сол біліммен еңбектің ширегі деп таниық. «Болашақтың шаһарына» қадам бастыңдар .Қадамдарын құтты болсын.


Марапаттау рәсімі /Дипломмен мараппаттау/

Арайка:

Туған елдің жырын жырлап ғарыштан,

Қазағыммен бүкіл әлем танысқан.

Келешегі кең өрісті, кемелді.

Жайна мәңгі - Қазақстан - Гүлстан

Жанар:

Өткен ұйқыбасып, қайғы алған ел,

Бүгінгі жұлдыз ұшып, ай барған ел.

Жасай бер, о қазағым, қазыналы,

Жүз ұлттың Отанына айналған ел.

Батима:

Өткен ғалам ғайып боп, сызы қалған,

Өсіп келеді менің елім Ғажапстан.

Әлем танып, қадамын алға басқан.

Жырға айналды бүгінде, Қазақстан.

«Жаса,Қазақстан» Әділет , Мұхаммед

«Сәлем саған туған ел» Адель

«Қазақтай ел қайда?» Бекжан

«Гүлжазира Қазақстан» Адель,Тоғжан, Аида

Көрініс

Гүлнұр: Иә, қасиетті тіл, сөз шеберлігіне не жетсін?

Аида: Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады деген. Ендеше туған тіліміз, ана тіліміз туралы тақпақ өлеңдерге кезек берейік.

Лаура:

Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың, елдігің.

«Домбыра» Адель


Жанерке: Ана тілім - қасиетім, дарыным,

Көз жеткісіз көк жиегім жарығым.

Бұл дүниенің терең тылсым сырларын,

Өзің ғана арқылы тек таныдым.

Гүлнұр: Бас иіп, шексіз алғысымызды ақ жаулықты аналарға және қадірлі әкелерге білдіреміз.

Аида: Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған - ата-ана. Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар.

Саят: Құрметті ата-аналар, біз сіздерге алғысымызды білдіре отырып келесі өлең шумақтарын жолдаймыз.

Әділет:

Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген-

Адель:

Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.

Ақылды балаларың оны білген.

«Әкелер» Қ.Абибулла

«Ана.Әке » Д.Камалиева

Бекжан:

Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!

Гүлнұр:

Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.

Білім алып, тер төгем , еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

«Ана»В.Дүйсенбекова

«Анашым,қамқоршы» Ж.Ахметова

«Тойға тілек» Лаура,Ділназ

«Айгөлек» Әйгерім,Жанар

«Қара жорға» биі

«Күнге табыну» Адель

«Атамекен» Алдияр,Аида, Нұрғали,Әділет


Гүлнұр: Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе

Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,

Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,

Сіздерге арнап айтатын тілегін де- дей отырып сөз кезегін ұстаздарымызға береміз!


1-жүргізуші: «Шөлдеген адамға бір жұтым су берген адам жұмаққа барады» деген сөз бар. Мұғалім жеткіншек ұрпаққа берген мол білімі, тәлім-тәрбиесі, үлкен жүрегі, мейірімі, уыстап жұтқызған өмір шербеті - тіршілік зәмзәмі.

2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Біздің бойымызға сіңірген ерен еңбектеріңізге оқушылар атынан мық бір алғысымызды білдіреміз.

1-жүргізуші: Ал енді 4сынып түлектерінің орындауында «Жаңаарқа» вальсін тамашалаңыздар.

Қоңырау үні күмбір қағып, тынады үндер

Зымырап өтер-кетер бала күндер.

Тұрады шәкірттерін шығарып сап,

Көз жасын жасыра алмай мұғалімдер.

Өтті сенде қызық шағым.

Бастауышым - балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын!

Қош бол, қош бол,

Сүйікті бастауышым!


Ұстаз тілегі:

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,

Тек сәттілік - шәкірттерім ертеңіңе.


Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,

Аластайтын жаныңды күз көңілден.

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.


1-жүргізуші: Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

2-жүргізуші: Жұлдызыңды жақ! Бұл сөз тек сіздерге арналады, түлектер!

Ұстаздарыңыз, мектебіңіз соған тілекші. Жолдарыңыз босын, түлектер!

Аттанарда ұрпағым бақ жолына,

Түссін деп тура нақ жолына,

Арнайы ақ матадан жол төседік,

Ырым ғып түлектердің Ақ жолына!

(Ақ жолмен түлектер шығарып салынады)




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал