7


  • Учителю
  • Математика 'Көбейту және бөлу'

Математика 'Көбейту және бөлу'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тексерілді

Мектеп директорының

оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары_________

С.К.Дарбаева

«____»_________2015жыл

Математика. 4-класс.

Сабақтың тақырыбы: Көбейту және бөлу. 46 • 20, 920 : 20

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды санды көбейтіндіге көбейту және бөлу тәсілдерін түсіндіру. Дамытушылығы: жазбаша көбейту мен бөлу дағдыларын қалыптастыра отырып алғырлыққа, тапқырлыққа, дұрыс есептеуге, өз бетімен жүйелі қорытынды жасауға дағдыландыру, логикалық ойлау белсенділігін дамыту. Тәрбиелігі: оқушылардың топпен жұмыс істеу дағдысын ұқтыру, ұйымшылдыққа, жолдастық көмек көрсетуге баулу.
Әдіс тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап.
Көрнекіліктері: көбейту және бөлуге арналған карточкалар, т. б карточкалар.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық:

Пайдасы тиіп Отанға,

Риза болсын халқымыз.


Кілең бестік аламыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Топқа бірігу үшін мен сендерге мына фишка беремін. Қолдарыңа қандай түсті фишка тиеді, сондай түспен партаға келіп отырамыз.

бағалау парақшасымен таныстыру; Мен сіздерге бағалау парақшасын беремін, сол бойынша өздеріңді бағалап отырасыздар.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: № 9 есеп, 125-бет

ІІІ.Ой ашар: "Кім жылдам?″ ойыны

  1. Автобус 45 км/сағ жылдамдықпен 90 км жол жүрді. Ол қанша уақыт жолда болды? t=90 км : 45 км/сағ = 2 сағ

  2. Жаяу адамның жылдамдығы 5 км/сағ. Ол 2 сағатта қанша қашықтықты жүріп өтеді? s= 5 км/сағ • 2 сағ = 10 км

  3. Велосипедші 48 км жүруі тиіс. Осы қашықтықты 2 сағатта жүріп өту үшін ол қандай жылдамдықпен жүруі керек? v= 48 км : 2 сағ = 24 км/сағ

  4. 80 мен 60-тың көбейтіндісі неге тең? 400 бен 25-тің бөліндісі неге тең? 23 пен 20-ның көбейтіндісі неге тең?

ІV.Көркем жазу: 4 6 2 0

- Ал, балалар, осы сандардан қандай екі таңбалы сан құрастыруға болады?

- Осы 46 және 20 сандарынан өрнек құрастыр.

Оқушы: 46 • 20

- Мұны, бекер сұрап отырған жоқпын. Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болмақ?

Оқушы: Бүгін біз екі таңбалы санды көбейту және бөлуді өтеміз.

Мұғалім: Дұрыс, бүгінгі сабақтың тақырыбы: көбейту және бөлу 46 • 20, 920: 20.

Қазақтың ұлттық ойындары туралы насихаттай отырып, математикалық білімімізді тексереміз.

Қазақтың ұлттық ойындары туралы мәлімет беру.

1. Топпен жұмыс (тақтада орындау).

1-тапсырма. Санды көбейтіндіге көбейту және бөлу тәсілін түсіндір:

46•20=46•(2•10)=46•2•10=92•10=920

920:20=920:(10•2)=920:10:2=92:2=46

2-тапсырма. Түсіндіре отырып, ауызша есептеп шығар: «Аударыспақ» ойыны.

І топ ІІ топ ІІІ топ

27 • 30 = 17 • 50 = 16 • 60 =

810 : 30 = 850 : 50 = 960 : 60 =

23 • 40 = 12 • 80 = 11 • 90 =

920 : 40 = 960 : 80 = 990 : 90 =

2. Өзбетімен жұмыс. 4-тапсырма. « Қыз қуу» ойыны.

І топ ІІ топ ІІІ топ

86 • 90 = 1440: 40 = 4680 : 60 =

36 • 40 = 78 • 60 = 2040 : 30 =

7740 : 90 = 68 • 30 = 56 • 70 =

VI.Сергіту сәті.



VII.Өз бетімен жұмыс. 5- тапсырма. Есепті шығар. «Ақ сүйек» ойыны.

Шешуі: 520•2= 1040( км)

520 + 1040 = 1560(км)

Жауабы: Екі қаланың арақашықтығы 1560 км

VIII.Қалдықпен бөлуді орындау. 7-тапсырма (1, 2, 3 топтар). «Арқан тартыс» ойыны

7749 : 90 7759 : 90 7770 : 90

IX. Өрнекте, көрсет! 8-тапсырма (1,2,3 топтар)

Х. Шығармашылықпен жұмыс. 9-тапсырма. Теңдеулерді шешу. «Тоғызқомалақ» ойыны

Х+ 150 • 3=1080 х•(16:8)= 80

Х+ 450=1080 х• 2=80

х=1080-450 х= 80:2

х=630 х=40

630+150•3=1080 40•(16:8)=80

1080=1080 80=80

Жауабы: 630 Жауабы: 40



Сабақты бекіту.

Бүгінгі сабақта біз не істедік? Саған қайсы тапсырма қиын болды?

Үй тапсырмасы: №6, 126-бет. Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау. Оқушылар күнделіктеріне жазады.

Бағалау. Бағалау парақшасымен жұмыс.Бағалау парақшасын толтырады.









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал