7


ӘДебиеттік оқу ' Әже' 2-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Сабақтың тақырыбы : Әже

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға Ф. Оңғарсынованың өмірі, шығармашылығы жөнінде білім беру. «Әже өлеңінің мағынасын түсіндіру.

2.Мазмұны ұқсас тақырыптарды меңгере отырып , ананың ортақ қасиетін анықтауға шақыру , әженің әлдиі мен ананың махаббаты жөніңдегі түсініктерін кеңейту, ойларын дамыту.

3. Әжелерін ардақтап, аналарын қадірлеуге баулу.

Сабақтың типі :білім мен әрекет тәсілдерін жалпылау жүйелеу сабағы

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдістері:сұрақ - жауап, талдау, топтастыру , түртіп алу стратегиялары.

Сабақтың көрнекілігі : Ф. Оңғарсынованың портреті , үлестірмелі карточкалар, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы

  1. 1. Ұйымдастыру кезеңі

(Психологиялық ахуал )

Қонақ күту салтымыз,

Оқып - біліп жатырмыз .

Келген қонақ сіздерге,

Сәлем бердік жалпымыз .

Бір , екі , үш

Сынып іші тып - тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.

Мұғалімнің сөзі.Балалар адам әр түрлі сезімді басынан кешіреді . Қуаныш, қорқыныш, қайғы, бақыт . Біз өзіміздің сезімімізді мимика, сөз, көз жасымыз, күлкіміз арқылы жеткіземіз .Әркім өзінің бақытты сәті тууын армандайды . Ал сендердің ең бақытты сәттерің болды ма?

--- Иә ,әрине болды .

---- Онда сендердің бақытты сәттерің алдарында . (дей келе)

Бүгінгі сабағымыз

«Жұлдызды сәт» ойыны төңірегінде құрылмақ .

Ойынымыз бірнеше кезеңнен тұрады .Әр топ басшылары сайланады . Әр топтың басшылары сендердің бүгінгі сабаққа қатысқандарың туралы балдық жүйемен белгілеп отырады . Ал, ең сонында мына қорапшада сендерді тосын сый күтіп тұр . Кім көп бал жинаса сол оқушының бақытты сәті болмақ .

  1. Өткен тақырыппен жұмыс

Ойынымыздың бірінші кезеңі .

«Өзінді --- өзің таны »

Өткен тақырыпты қалай білетінімізді тексереміз .

- Үйге қандай тапсырма берілді ?

- Ф. Онгарсынованың «Жылу « өлеңін жатқа айту .Сурет бойынша

« Анашым »тақырыбында эссе жазу .

- Поэзия минуты

(2-3 оқушыдан өлеңді жатқа сұрау)

Әр топтан бір оқушыдан жазған эсселерін оқыту .

3. Жаңа сабақ

2 кезең «Ой толғаныс »

  1. Жаңа тақырыпқа дайындық жұмыс

Ата-аналар туралы мақал-мәтелдер айту .

Соның ішіндегі .

Күннің шуағы жылы ,

Ананың құшағы жылы .

Мақалдың мағынасын ашу

-Өте жақсы балалар .

-Қане ,енді мына сөзжұмбақты шешіп жіберейік .

н

Ә

р

л

і

Ж

ы

л

ы

ә

ж

Е


1. «Құнарлы»сөзін басқаша тағы қалай атауға болады .

2. Ананың құшағы қандай ?

3.Көп нүктенің орнына сөз қой . . . - асқар тау.

Ондай болса бүгінгі сабақта аналардың анасы Ф. Оңғарсынованың « Әже» өленімен танысамыз .

- Өткен сабақта Ф. Оңғарсынованың өмір жолдарымен танысқан болатынбыз .

--- Ал кім айтып жібереді ?

-Ф. Оңғарсынова кім ?

1.Ф. Оңғарсынова 1939 жылы 5 желтоқсанда Атырау облысы , Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында дуниеге келген .

2.1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл әдебиеті факультетін бітіріп , Балықшы ауданының Еркін қала қазақ мектебінде ұстаздық еткен .

3. Алғашқы өлендері баспасөз беттерінде 1958 жылдан баста п шыққан .

4. 20- дан астам өлендер жинақтары ,очеректері , тандамалы шығармалары, « Біздің Камшат» повесі аудармалары баспалардан жарық көрді .

5. 1970 - 1978 жылдары « Ақжелкен « журналының бас редакторы болып еңбек етеді .

6.Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен , «Парасат» «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған .

7.Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты болған халық жазушысы .

5.Сергіту сәті

« Ақ әжем» әнін айту .

6.Енд і кітабымызды ашып (132 б) Ф. Онгарсынованың «Әже» өлеңіне назар аударамыз .

Мен оқыған кезде ақын қолданған сөздерге назар аударып көркем сөздердің астын сызып отырамыз . /түртіп алып/

1.Мұғалімнің оқуы

2.Оқушыларға тізбектей оқыту .

7. Сызбаны толтыру /Әр топқа жеке-жеке беремін/

Ақын қолданған көркем сөздер

Мағынасы

Ашынып

ренжіп ,ашуланып

Асырып

мақтап ,шаттанып

  1. Шығармашылық кезең .Әр топқа жеке - жеке тапсырма беремін.

1 топқа / Тест тапсырмалары

  1. Айдай анам деген сөз қай мәтінде келтірілген ?

а) Б. Момышүлы «Ұшқанұя»

ә) Ф. Оңғарсынова « Әже»

б) Ф. Оңғарсынова « Жылу»

2. «Әжетайым « деген сөз қай мәтінде кездеседі ?

а) Ж. Смақов « Апаның тілін алса егер»

ә) Ф. Оңғарсынова « Әже»

б) Ж. Смақов « Айтшы ,Әжетай»

3. « Бәрі таппаған ақылды кәрі табады » деген нақыл сөзге құрылған шығарманы ата .

а) Ертегі « Мысық пен тышқандар»

ә) С. Көбеев « Шал мен балалар»

б) С. Көбеев « Атасы мен немересі»

2 топқа

«Әже» сөзін топтастыру

әже

3 топқа

Ұйқасқа берілген сызбаны пайдаланып өлен жолын жалғастыру .

Әже

Мен ұйықтарда айтады

Ертегісін әндерін ,

Біздің үйде бар асыл , Әжетайым ол менің .

Әр топтан бір оқушы шығып жұмыстарын қорғайды .

5 . Бағалау .Әр топ жетекшілері жүйелік балдарын хабарлайды . -Ал енді балалар біз бағана сабақтың басында бүгінгі сабақта ең жоғарғы бал жинаған оқушымызға , әр топқа қандай сый бар екен, мына қорапты ашып көрейік .

6. «Жүректен -жүрекке»тілек айту

Үй тапсырмасы: «Әже» өлеңін жаттау




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал