7


  • Учителю
  • Урок ана тілі 'Шопан еңбегі. Саққұлақ'1 сынып

Урок ана тілі 'Шопан еңбегі. Саққұлақ'1 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мұғалімнің аты-жөні

Сердалинова Гульмира Химиевна

«Жезқазған қаласының білім бөлімінің №11жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Пәні: ана тілі

19.01.2016 жыл

Сынып : 1 «Ә»

Сабақтың тақырыбы:

Шопан еңбегі. Саққұлақ.

Мақсаты:

Оқушылардың қысқы шопан еңбегі. Саққұлақ туралы түсініктерін іске асыруына жағдай жасау.


Күтілетін нәтиже:

-оқушылар тұтас сөзбен жүгірте оқуын жетілдіре отырып, мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын үйренед,

-қысқы шопан еңбегінің ауырлығы туралы түсінік береді,

-сауатты жазу дағдылары қалыптасады.
-дауысты дыбыстар туралы алған білімдерін қайта жаңғыртады,
-нақты мәселелерді шешу үшін, әр түрлі көз қарастарды білдіруде және сыни ойлауда білімдерін қолданады

- рефлексияға қатысады, өзін және өзінің сыныптастарын бағалай алады

Бағалау:

-өзін-өзі бағалау

-сыныптастары бағалау

-топтық бағалау

Табыс жолдары:

критерийлер арқылы табысты оқытуға қол жеткізу

Оқулық:

Алматы «Атамұра»2012 «Ана тілі» оқулығы (авторлары: Ш.Әуелбаев, Ә. Наурызбаева, Р. Ізғұттынова, А. Тәжімбетова)




Сабақ барысы/мұғалім жазбасы:

Уақыт

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

Бағалау түрлері

Ресурстар

Формативтік

Жиынтық

5 мин

Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру.


Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Түрлі-түсті қима қағаздар

3 мин

Үй тапсырмасын «екі шеңбер»

стратегиясын қолдану

- Дыбыс дегеніміз не?
- Дыбыстар айтылуына қарай нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыстарды ата.
ә). Сөздік диктант:
Айгүл,Гүлнұр,Гүлсім (Дауысты дыбыстардың астын сызу).

Мәтін бойынша оқушыларға сұрақтар қойып, толық жауап алу.
- Өлеңдегі еңбек түрлерін ата. (Гүл өсіру, кесте тігу, сабаққа дайындалу).
- Еңбек туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?
- Осы өлеңді оқи отырып, қандай ой түйдіңдер?

- Дыбыс дегеніміз не?
- Дыбыстар айтылуына қарай нешеге бөлінетінін айтады.
- Дауысты дыбыстарды атайды

Мәтін бойынша оқушыларға сұрақтар қойып, толық жауап береді.
- Өлеңдегі еңбек түрлерін атайды.

(Гүл өсіру, кесте тігу, сабаққа дайындалу).

Мақал-мәтел айтады.


Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

Әр топ өздеріңе тиісті сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

Бас бармақ


Бармақ

3 мин

Кіріспе Ашық сұрақ қою.

Слайдпен жұмыс. (қасқыр мен боранның даусы).

- Балалар, қысқы табиғат көрінісін кім сипаттап береді?

Қысқы көрініс



күн суық далада шөптер

жоқ қалың киім киеді

малдар қорада тұрады үйге от жағады қысқа дайындалады
Қыста күн суық болады. Далада шөптер жоқ. Адамдар қалың киім киеді.Малдар қорада тұрады. Үйге от жағады.Барлық адамзат қысқа дайындалады.


Бас бармақ


Инт.тақта

Бармақ

2 мин

Балалар бүгінгі сабағымыз не жайында болады деп ойлайсыңдар?


-Бүгінгі сабақ тақырыбы біздің топтың шешімі бойынша қыстағы шопанның еңбегі жайлы

Бас бармақ


Бармақ

1 мин

Менің мақсатым сендерге: Сіздерге жұппен,топпен жұмыс жасауға жағдай жасау.

-Біздің мақсатымыз адамның еңбегін бағалау,қиын болса да соны жеңіп шығу


1мин

Сергіту сәті

(Бейне ролик).Балапан биі

Балалар балапан биін билейді.


10+16мин

Шопан еңбегі жеке-жеке оқыту,жұппен оқу,топқа салу.

Мынандай критерийлер арқылы түсіндіру;

1-топ

- Қыстағы шопан еңбегі дегеніміз не деп ойлайсыңдар?

-Неліктен?

- Боран қайтеді?

- Алыстан не естіледі?

2-топ

- Иттер неге шабалана үреді?

- Шопан ата не істейді?
- Мылтықты не үшін атады деп ойлайсыңдар?

- Тағының ұлығаны неге бәсеңдеді? -

3-топ

-Шопан ата неге көз ілмеді?

- Шопан атаның еңбегі қандай?
-Шопандардың көмекшісі иттері қандай көмек көрсететіні туралы өлеңнің мазмұнына сүйене отырып әңгімелету


Сөздік жұмысы: (Слайдпен көрсету)
қыстау - малшылардың қыста отыратын жері;
отар - қойлар;
иесін ес тұтқан иттер - иесін арқалану, иесі шыққанына масаттану;
шабалана - қатты үру;
тағы - жабайы, жыртқыш аңдар;
кәсіп иесі - мамандық;
қайыспайды - қорықпайды;
көз ілмеді - ұйықтамады.


Отар - бірге бағып- күтуге арналған қой тобы. Бір отардағы қой саны жасына, жынысына, басқа да ерекшіліктеріне байланысты алты жүз бен мыңның арасында болады. Үлкен фермаларда, шаруашылықтарда қойларды саулық, тұсақ, тоқты, ісек, қошқарлар отарына бөледі.



1-топ

Қыстың күні шопан еңбегі малды бағып қағу,оларды жыртқыштардан корғау.Боран ұлиды,соғады.

Алыстан қасқырлардың дауысы естіледі?

2-топ

Иттер оарды айналып, мазасыздана үреді,себебі қасқырлардың дауысы естілген соң деп ойлаймын.

Тағының ұлығаны мылтық атылған соң ғана ұлығаны бәсеңдеді.

3-топ

Шопан ата малдарды күзеткеннен көз іле алмады.

Шопан атаның еңбегі өте ауыр.

Шопанның көмекші иттері малды күзетуге көмектесті.


Сөздік жұмыстарды балалар бірге отырып талдайды.Бір-біріне түсіндіреді.


Отар не екенін айтады.

Топтар бірін-бірі бас бармақпен

бағалайды

Баббс бармақ

1 мин

Дәптермен жұмыс.

1-топ.

Шопан ең қиын да ауыр кәсіп иесі.

2-топ.

Шопан атаны нағыз батыр десе болады.

3-топ

Еңбектің наны тәтті.
Жалқаудың жаны тәтті.

Жаңылтпаш жаттау

Бұл қар-

Сүр қар,

Сұр қар-

Кір қар.

Үстіне аунама,

Үстіңді бұлғама.

Саққұлақ деген не?

Оның қандай пайдасы бар.


Дауысты дыбыстардың астын сызады.


Жаңылтпашты өз беттерімен жаттайды.


Саққұлақтың пайдасы туралы айтады.

5 мин

Кері байланыс

- Бүгінгі сабақта не үйрендік? Не білдік? Сендердің еңбектерің не?

-бүгінгі сабақ мен үшін жақсы өтті.


басбармақ

стикерлер





«Жезқазған қаласының білім бөлімінің №11 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ




Дайындаған:Бастауыш сынып мұғалімі

Сердалинова Г.Х



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал