7


  • Учителю
  • Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналған математика сабағы

Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналған математика сабағы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналған математика сабағы

Сабақтың тақырыбы: 5 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды 5 санын қосу және азайту ережесімен таныстыру.
Білімділік: 5 санын қосу және азайту тәсілдерімен қосудың және азайтудың кестелік жағдайларын, екі амалдан тұратын есептеулермен таныстыру. Ұлы Отан соғысы жайында мағлұматтар бере отырып, білімін тереңдету.
Дамытушылық: Оқушылардың ізденуін, ойлауын оқығанын іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру. Ойын есептер арқылы оқушылардың логикалық ой - өрісін ойлау қабілеттерін дамыту. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке, еңбекшілдікке, ұқыптылыққа, шапшаң ойлап есептей білуге дағдыландыра отырып, нәтижеге жете білуге, Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, топтық жұмыс, фронтальды сұрақ
Сабақтың көрнекілігі: мультимедия, кеспе қағаздары, Ұлы Жеңіс күніне арналған суреттер.

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру.

Оқушыларды соғыс кезінде қолданылған қару - жарақтардың түрлері бейнеленген пазлдардың көмегімен 3 топқа бөлемін.
Психологиялық дайындық.

Балалар, біздің құрастырған пазлдарымыздан нені байқап отырсындар. Бұл нелердің бейнесі , әрине бұл соғыста қолданылған қару - жарақ түрлері. Ал биыл осы Ұлы Отан соғысының неше жылдық мерекесін тойлағалы отырмыз. (Балалардың жауабы)

- Әрине әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні. Олай болса бүгінгі математика сабағымыз Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналады. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Төрт жыл бойғы қанды қырғыннан кейін, қырық бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты. «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады. Осынау сөздер соғыстан қаза тапқандар ескерткішіне де қашалып жазылған. Ендеше, бүгінгі сабағымызды

«Ер есімі - ел есінде» деген ұранмен бастағым келіп отыр.
Өткен сабақты еске түсіре отырып, жаңа сабаққа дайындық жасау.
- Олай болса балалар жаңа құрастырған пазлдарыңның әрқайсысына түрлі тапсырмалар берілген екен. Сол тапасырмаларды орындап, бірінші болған топтар өз жауаптарын бері тиіс. Белсенділік пен шапшаңдық танытқан топтарды мен мынадай медальдармен марапаттап отырамын. Бұндай медальдар соғыс кезінде «Ерлігі үшін» берілсе, бүгінгі сабақта мен бұл медальдарды «Жақсы білімі үшін» беретін боламын.

«Миға шабуыл» стратегиясы

  1. Геомертиялық фигуралар көрсетіледі оқушылар атауын айтуы тиіс.

а) нукте, сәуле

ә) бұрыш, түзу сызық

б) кесінді, қисық сызықтар

2) сандардың құрамын толықтыру

а) 6

ә) 7

б) 8

3) Мәндері бірдей өрнектерді оқы

10 8 5 2

3+2

4+4

10-2

7-5

6+4

10-5

3+5

4-2


Жаңа сабақ







  • Балалар біздер мына жұлдызшаны көріп отырмыз . Жұлдыздың неше бұрышы бар? Жұлдызшамыздың айналасындағы фигуралар жай фигуралар емес, әрбір фигурада бес- бестен он тапсырма бар. Осы тапсырмаларды қатесіз орындасақ шеңбер пішіндес фигураның артында «Ұлы тұлғалардың » портреттерін көреміз. Ал мына шеңбердің ішінде тұрған қызыл жұлдызды соғыс кезінде әскер қатарында болған, соғысқа қатысқан, соғыс кезінде тылда қызмет еткен адамдар таққан екен. «Қызыл жұлдыз» ол - қарапайым еңбек адамдарын қорғаушы Қызыл Әскердің белгісі болған. Оның ортасындағы балға мен орақтың суреті қарапайым ауылдың шаруа адамымен , қаладағы еңбек қолының өз Отанын, жерін, еркі мен бостандығын сақтап қалуда қасық қанын аямай қорғауы үшін одақтасуы дегенді білдіреді.

  • Олай болса осы санының таңбасын әдемі көркем етіп жазайық. Себебі бүгінгі сабағымыздағы тапсырмалардан мүддірмей өту үшін осы бес санының таңбасын жиі қолданатын боламыз.

Көркем жазу минуты

Қолға қалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз 5 (дәптерге орындау).

  • Олардың кім екенін білгілерің келсе бірінші тапсырмадан бастап орындайық.

1) 1+5=6

2) 2+5=7

3) 3+5=8

4) 4+5=9

5) 5+5=10


1) 10-5=5

2) 9-5=4

3) 8-5=3

4) 7-5=2

5) 6-5=1

1 тұлға. Қазақ арасында осы соғыста ерекше қаһармандық танытқан батырдың бірі әрі бірегейі - Бауыржан Момышұлы. Б.Момышұлы соғыс кезінде 207 рет шайқасқа қатысып, 2 рет ауыр жараланды. Басшалық тарапынан бірнеше рет Кеңес Одағы батыры атағына ұсынылады. Бірақ, атақ кешіктіріле береді. Еңбекқор Б.Момышұлы мойыған жоқ. Ол 37 дәптер күнделік жазған батыр, бейбіт өмірдің қаруы қаламды алып қазақ және орыс тілдерінде көптеген кітаптар жазады. «Артымызда Москва» кітабы Кубаның бүкіл әлемге белгілі басшысы Фидель Кастроның сүйіп оқитын кітабына айналды. Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысында ұрыс жүргізу әдістері үлгі ретінде қабылданып, Кубаның әскери академиясында оқытылды.

2 тұлға. Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылдың 30 сәуірде тікті.

3 тұлға. Ата-анасынан ерте айрылған Мәншүк жастық шағын да тәрк етті. Алматы медициналық институтында оқып жүрген шағында жау жақтан ескен соғыстың ызғарлы желі жас қайыңның жапырағындай жайқалған бойжеткенді жұлып түсіреді. Халқына төніп тұрған қауіпке жаны шыдамай, дамыл таппастан әскерге өзі сұранып, жоғарыға мынадай өтініш жазады: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз». Ел үшін қан төгіп, жан беріп жатқан отандастарына қалай да өз жәрдемін бергісі келген ниетпен, 1942 жылдың тамыз айында «Қызыл армия» қатарына алынды.

4 тұлға. 1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Бірақ біраз уақытқа дейін оның алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-білігін іс жүзінде көрсетуіне рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды қалайтынын жазады. Өзі оқыған қаласының құрсауда қалғаны оны қатты алаңдататын еді.

1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап, 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты).

5 тұлға. Хиуаз Қайырқызы Доспанова (қазір ) дүниеге келген. Әкесi Қайыр - балықшы, анасы Меруерт - мұғалiм болып еңбек еткен.

Ұшқыштық өмір жолын аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді. , , Хиуаз... Олардың есімдерін тек ғана емес, кезіндегі халықтары да жақсы біледі. Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Хиуаз Доспановаға Жарлығымен Халық қаһарманы атағы берілген болатын. қаласында 86 жасында дүниеден озды.

  • -Балалар мына өрнектерден не байқадыңдар?

  • -Қосынды мен айырманың мәні неге тең болды?

  • -Олай болса, бүгін біз 5 санын қосу және азайтуға тоқталамыз.

  • -2-ні қосқанда бір сан

  • -3-ті қосқанда екі сан

  • -4-ті қосқанда үш сан аттап қосамыз.

  • -5-ті қосқанда төрт сан

  • 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

  • Жарайсындар балалар! Елі үшін жанын аямай, қасық қаны тамғанша Отанын қорғаған аға- апаларымыз туралы көптеген мағлұматтарды біле отырып 5 санын қосып және азайтып үйрендік.


Оқулықпен жұмыс

Деңгейлік тапсырмалар.

1 деңгей

№1.Қосылғыштардың бірі 5 болатын қосындыларды жаз және мәндерін тап.


+5=5 +5=6 +5=7 +5=8 +5=9 +5=10

Азайтқышы 5 болатын айырманы жаз және мәндерін тап.


-5=0 +5=1 -5=2 -5=3 -5=4 -5=5

5-ті қосқанда 4 сан аттай отырып қосады. Ауызша түсіндіріледі.

3. 0,5,10,

0,5,0

2 деңгей Жасыл және көк кесінділердің ұзындықтарының айырмасын қызыл кесіндінің ұзындығымен салыстыр

Шешуі:9см-3см =6см


5см>4см


3 деңгей 5 есеп 126 бет

Айда 9 оюдың суретін салды. Олардың 5 бояды. Ол тағы неше оюды бояуы керек.

Шарты:

Салды:9

Бояды 5

Сұрағы: бояуы керек?

Шешуі: 9-5=4

Жауабы: 4 ою бояуы керек

Сергіту сәті:

  • Олай болса сол ызғарлы да суық соғыс заманында сарбаздардың рухын көтеріп, жандарына жылулық сыйлаған әндер көп болды. Сонын бірі «Бейбіт күн тілегі» әнін бәріміз бірге орындайық.


Ой тұжырым

1)Шығармашылық есеп

Асқар, Талғат және Дәулет бір сыныпта оқиды;Олардың біріншісінің әкесі-дәрігер,екіншісінікі-мұғалім,үшіншісінікі-ұшқыш. Асқардың әкесі ұшқыш емес, Талғаттың әкесі мұғалім де, дәрігер де емес. Дәулеттің әкесі дәрігер емес. Кімнің әкесі қандай қызмет істейді?

Асқардың әкесі- дәрігер

Талғаттың әкесі - ұшқыш

Дәулеттің әкесі -мұғалім


Қорыту:

«Кім тапқыр?» ойыны

Алма бағы жайнаған,

Қызыл алма айналам.

Алдым үзіп екеуін,

Тағы да алдым үшеуін

Алдым сонда нешеуін (5 )


Бір-бірімен жарысқан,

Бір аю, бір арыстан.

Екі қоян, үш түлкі,

Бәрі нешеу ойлан сен? (7)


Көлден ұшты жеті қаз
Қайтып қонды екі қаз
Қонбады оның нешеуі
Қане кім тез шешеді (5)

Беспайда бар бес іні
Естайда бар екі іні
Қоссаң 5 пен 2 - ні
Неше екен шешуі (7)


Көлден ұшты 8 қаз

Қайтып қонды 3 қаз

Қонбады оның нешеуі

Кәне, кім тез шешеді? (5)


Үйге тапсырма:

5 саны туралы не білеміз? Шығармашылық тапсырма

Бағалау

Қорытынды:

Оқушылар 5 санын қосу және азайту тәсілдерімен қосудың және азайтудың кестелік жағдайларын, екі амалдан тұратын есептеулермен танысты.Оқушылардың ойлауын оқығанын іс жүзінде қолдана білуге дағдыланды. Ойын есептер арқылы оқушылардың логикалық ой - өрісін ойлау қабілеттері пәнге деген қызығушылығы артты.Ауызша, жазбаша есептеу дағдылары жетілдіру жұмыстары жүргізілді.






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал